ai_kz_01-10@mail.ru
ЯССАУИ ХИКМЕТТЕРІНІҢ КӨКШЕТАУ НҰСҚАСЫ, ОНЫҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация: мақалада ғасырлар бойы Көкшетау қазақтарының арасында ауызша
айтылып келіп, қағазға түскен бұл Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмат»ының»
қолжазба нұсқа зерделенеді. Түркітануда Яассауи дастанының кез келген көшірмесі ғылыми
жаңалық екендігін, ал өңірімізде табылған бұл нұсқаның отандық ғылым ғана емес, жалпы
түркітану саласы үшін ерекше маңызға ие болып отырғаны тілге етіледі. Нұсқаның ең
маңызды, басты құндылығы ғасырлар бойы Көкше өңірі қазақтарының рухани даму
жолында қызмет еткендігі дәлелденеді.
Тірек сөздер: әдеби ескерткіш, ойшыл, даналық, хикмет, дастан
Ислам дәуірі әдебиетінің ірі өкілі, сопылық-мистикалық ағымның негізін қалаушы,
ақын, кемеңгер ойшыл – Қожа Ахмет Яссауи. Өміріне қатысты нақты деректер әлі де
белгісіз. Нақтырақ айтсақ, 1166 жылы қайтыс болған, ал туған жылы белгісіз. Есімінің
алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау,
ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Оның бізге жеткен
төл мұрасы – «Диуани хикмат» атты әдеби ескерткіш. Оғыз-қыпшақ тілінде жазылған бұл
туынды 149 хикметтен тұрады. Соның 109 хикметі өзінікі дейді ғалымдар. Негізінде ақын өз
бәйіттерінде:
Құл Қожа Ахмет әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
105
Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен, - деп даналық сөздерінің
4400 екендігін ескерткен[1,261]. Бірақ, «даналық сөздердің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі
нұсқасы ХV ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген, ал ең толық нұсқасы – Қазан
басылымы болып табылады [2, 189]. Түркі халықтарына ортақ мұралардың жазылуы – сол
кезеңдегі мемлекеттің қиын жағдайларға, өлкелер арасындағы алауыздық пен соғыстарға
байланысты. Мысалы, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның «Құтты білік» дастаны Қарахан
мемлекеті ішіндегі уәлаяттар мен өлкелердің әкімдері билік үшін қырық пышақ болған
кезінде жазылған. Сол сияқты, Ахмет Яссауидің «Даналық кітабы» мұсылман қауымының
рухани дағдарысқа ұшыраған кезеңінде жазылған. Қожа Ахмет Яссауи сол дәуірдің басты
мәселесі – имансыз халықтың көбеюінде екенін көре білді.
Қожа Ахмет 63 жасқа толғаннан кейін, «пайғамбар жасына жеттім, бұдан әрі өмір сүруім
күпірлік» деген оймен жер астын қаздырып, Аллаға құлшылық ететін бір кісілік жертөле
мешітін салдырады. Бұл жер асты мешітін жергілікті халық араб сөзімен «халуат» деп
атаған. Халуатта ғұмыр кешкен он жылдың ішінде Ахмет Яссауи өзінің «Диуани хикмет»
деп аталатын циклды өлеңдерін жазған. «Диуани хикмет» сөзі «хикметтер жинағы» деген
мағына береді. «Диуан» әсіресе түркілер арасында көп тараған [3]. «Бақара» сүресінде
«Аллаһ қалаған адамына хикмет береді. Аллаһ кімге хикмет берген болса, оған мол игілік
тарту еткені. Тек ақыл иелері ғана мұны түсіне алады» – делінген [4]. Ғалымдардың кейбірі
хикметті: «Уахидың ғайры мәтлусы, яғни пайғамбарымыз хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) сөздері» [5], – деп түсіндірген. Ахмет Яссауи өзінің өлеңдерін Алладан
келген аян деп білген.
Ғалым Досай Кенжетай: «хикмет» сөзі тілдік тұрғыдан алғанымызда,
«ақыл», «парасатты сөз», «дін ілімі», «ең шынайы ілім арқылы ең шынайы болмысты тану»
деген мағыналарды білдіреді деген[6, 5].
Кемеңгер ойшылдың дүние қызығынан безуін «Құтты біліктегі» Одгүрмішпен
салыстыруға болады. Одгүрміш тәркі дүние жолына түскен дәруіш болып, тау кезіп кеткен.
Бес күндік пәни өмірдің күйбең тіршілігіне қайтып оралғысы келмеген ол, патша
сарайындағы жоғары лауазымнан, абырой-атақтан, дүние-мүліктен бас тартады.
«Даналық кітабында» негізінен төрт нәрсе мадақталады. Олар: «шариғат» - ислам заңдары
мен әдет-ғұрпының жинағы, «тариқат» - сопылықтың идеясы, мұрат-мақсаты, «маърифат» -
дін жолын танып, оқып білу, «хақиқат» - құдай және оған жақындау [2, 190]. Филология
ғылымдарының докторы, профессор Сәбит Жамбек: «Орта Азиядағы сопылық тарихаттар:
нақшбандия, кабруия, кадерия сияқты тарихатттардың арасында Яссауи тарихатының
маңызы ерекше болды. Орта ғасырларда бұл ілім Хорезм, Мауреннахр, Анадолыға дейін
жеткен. Яссауи тарихатының ерекшелігі исламның дәстүрлік сопылық танымына ежелгі
түркілік танымды ұштастыруы, оның симбиозды түрде дамуы болып табылады» - деген[3].
Жергілікті халықтың рухани өмірінде зор рөл атқарған Яссауи хикметтері жетімдерге
пана болып, қамқорлық жасау, Алла елшісінің жолын ұстау, ислам дінінің шарттарын
орындауға әрекет жасайды. Өмірді мәнсіз, мағынасыз, қызық қуумен өткізбей,
қиыншылыққа төзуге, шыдамды болуға, адал өмір сүруге, имандылық пен қайырымдылыққа
шақырады.
Ахмет Яссауидің өлеңдерінің тілі қарапайым, формасы жағынан ауыз әдебиеті үлгілеріне
жақын. Яғни, қазақ өлеңдерінің табиғатына тән сипаттарды көре аламыз. Әйгілі
шығыстанушы Е.Бертельс: «Оның жырлары күні бүгінге дейін қазақ даласынан Кіші Азияға
дейін кеңінен тараған фольклорлық лириканың түрлерімен сырттай ұқсас болып отырады.
Бұл ерекшелікті сопылық әдебиетте алғаш рет Яссауи бастап тұрақтандырды. Осыдан кейін
өзге елдердің дәруіштік поэзиясында да бұл үрдіс жалғасын тапты, сөйтіп жазба поэзия мен
фольклордың байланысы бұдан былай жаңа сипат алды» - деген [7, 264-265].
Жырда ауыз әдебиетінің үлгілері ішінен аңыз-әңгімелер ұшырасады. Исмaйыл, Ахмед
шайқы, Хаким Қожа Сүлеймен, Софы Мұхаммед, Ахмет ата, Жүсіп – Зылиха, Ләйлі –
Мәжнүн, Қызыр Ілияс, Фархад – Шырын сынды кейіпкерлер күллі түркі халықтарынa ауыз
әдебиетінен таныс.
106
Жыр көбінесе 11-12 буынды болып келеді. Қара өлең ұйқасына тым жақын.
Қайталауларын да ұтымды пайдалана білген. Түркітанушы ғалым Әмір Нәжіп: «...араб-парсы
тілдерінің элементтері онда аз, бірақ «Құтадғу білікпен» салыстырғанда араб-парсы сөздері
басым түсіп жатады, аруз өлең өлшемімен жазылған жыр жолдары да жоқ емес» , - дейді [8,
55]. Ақынның өзі еңбегін «Дәптер сәни» деп атаған. Кітаптың басында ол:
"Бісміллә" деп баян еттім хикмет айтып,
Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне.
Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып,
Мен "дәптер сәни" сөзін аштым, міне, - деп толғайды. «Дәптер
сәни» деп атауының себебін түрік ғалымы Кемал Арслан «Лаухул-махфуз» түсінігімен
қарайды. Яғни, ислам түсінігінде бұл адамзаттың тағдыры әу баста жазылып қойылған
«Алғашқы дәптер» саналады. Тағы бір түсінік бойынша, жақсылық пен жамандықты жазып
отыратын адамның екі иығындағы періштелердің көзге көрінбейтін жазуы. Ахмет Яссауи өз
хикметтерін осы дәптерлерден кейінгі «Екінші дәптер» деп атаған болар деген ой қорытады.
[9, 253]. Еңбектегі «Мүнәжаттар» жинағында:
Менің хикметтерім Алладан пәрман,
Оқып ұққанға бақ мағынасы: Құран – деп қорытады. Ақын бірінші кітап деп қасиетті
Құранды санайды. «Ислам дінін тану, ұстану тек араб тілі мен дәстүрі арқылы ғана жүзеге
асуы тиіс» деген ұғымға соққы беріп, асыл туындыны поэзия тілімен жырлап шығуы ғажап.
Ахмет Яссауи түркі халықтарына шариғат жолын, пайғамбардың өсиетін түсінікті тілмен
жеткізді.
Құнды ескерткішті зерттеп, аудару ісімен қазақ ғалымдары да айналысты. Олардың
ішінде Асқар Тоқмағамбетов, Әбраш Жәмішев, Мұхамедрахым Жармұхамедов, Есембай
Дүйсенбаев, Сәрсенбі Дәуітұлы, Қуанышбек Қари және т.б. Бұл тәржімашылардың қатарына
Көкшетау нұсқасын аударған ғалым Иманғазы Нұрахметті де қосамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |