Gul_jan_95kz @mail.ru
Ғ.МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ
БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация: ғылыми мақала жазушы Ғабит Мүсірепов шығармалары тіліндегі
бірыңғай мүшелердің көркемдік ерекшеліктерін анықтауға арналған. Жұмыста бірыңғай
мүшелерді қарастырғанда, оның құрылымдық жақтарына ғана назар аудармай, оның
болмысты бейнелеудегі мазмұндық қырларын ашуға талаптандық. Бірыңғай мүшелердің
синонимдік, антонимдік қатарда келуі де қаралды. Оны кешенді түрде теңеу, эпитет,
метафора сияқты көріктеу амалдарының қатарында жан-жақты зерделедік.Мақалада
қазақстандық ғалымдардың зерттеу нәтижелері ғана емес, сондай-ақ шетелдік
Г.А.Золотова, Н.Д.Арутюнова, Ю.Д.Апресян, И.П.Сусов, М.Ю.Олешков, А.В.Бондарконың
зерттеулеріндегі тұжырымдар да көрініс тапты. Ғ. Мүсірепов бірыңғай мүшелерді өз ойын
көзқарасы мен дүниетанымын, жағдайларды көркем түрде суреттеуде, шығармаға
экспрессивті- эмоционалды реңк беру мақсатында қолданған. Жазушы троптарды көркем
суреттеудің бір құралы ретінде ұтымды, айшықты түрде пайдаланған. Тілді байыту,
көркемдеу тәсілі жалғасы тауып отырғандығы Ғ. Мүсірепов шығармасы бірыңғай
мүшелердің қолданысынан аңғаруға болады.
Тірек сөздер: функционалдық, семантика, сөйлем, мағына, бірыңғай мүше,
коммуникативтік, стиль, экспрессивтік
226
Функционалдық бағыт синтаксис саласын зерттеуге тың жол ашты деуге болады.
Функционалды грамматика мен функционалды семантикалық өріс теориясы белгілі
ғалымдар И.И. Мещанинов, О. Есперсен, И.А. Бодуэн де Куртенэ, В.В. Виноградовтардың
еңбектерінен бастау алып, одан әрі Г.А.Золотова, Н.Д.Арутюнова, Ю.Д.Апресян, И.П.Сусов,
М.Ю.Олешков, А.В.Бондарконың зерттеулерінде жан-жақты жазылып, дамытылды.
Ал қазақ тіл білімінде функционалдық бағыт өз деңгейінде қарастырылып келеді. Бұл
бағыттағы зерттеуші ғалымдар сөйлемнің болмысты бейнелеудегі қызметін басты орынға
шығарып, келесіде құрылымдық-функционалдық арақатынастарын салыстыра зерттеуге де
баса көңіл бөліп келеді. Қазіргі таңда тіл құрылымдық және функционалдық негізден басқа
да бағыттарда да дамып келеді. Атап айтқанда, тіл білімінің синтаксис саласының өзі
логикалық, семантикалық, коммуникативтік, прагматикалық сияқты бағыттарда зерделенуде.
Осы орайда Ж.Жақыпов, З.Ш.Ерназарова, Т.Ермекова, Б.Сағындықұлы, А.Алтаева,
Ж.А.Құсайынова, Ж.Сәдуақасұлының зерттеу еңбектері мен мақалаларын атап өтуімізге
болады.
Бұдан басқа Б.Қапалбеков, О.Жұбаева, А.Жаңабекова, А.Солтанбекова функционалды
бағыт категорияларын зерттеп, аталған функционалды-семантикалық категориялардың жеке
мәселелеріне байланысты ғылыми мақалалар жариялады.
А.В.Бондарко грамматикалық категорияның семантикасына баса назар аудара отырып,
кез келген функционалды-семантикалық категорияны анықтауда оны негізгі тірек ретінде
ұстанады. Ғалым функционалды-семантикалық категорияны тілдік категорияның ерекше
түрі ретінде сипаттап, принциптерін, берілу жолдарын: «мағынадан – тұлғаға қарай, яғни
мағына-дан осы мағынаны беретін түрлі деңгейдегі құралдарды анықтайды [1].
Г.А.Золотова «Коммуникативные аспекты русского языка» деген еңбегі жай сөйлем
синтаксисіндегі типтік мағыналар идеясын танытуға бағытталған. Автор жай сөйлемнің
барынша кең таралған семантика- грамматикалық үлгісін былай өрнектейді: «субъектінің
әрекеті», «субъектінің қалпы», «субъектінің ерекшелігі», «субъектінің біліктілігі»,
«субъектінің сапасы» [2,31]. Жалпы алғанда, Г.А. Золотованың бағыты сөйлемнің
құрылымын, семантикасын және коммуникативтік сипатын қосып, тұтастай функционалдық
синтаксистің іргесін қалауға негіз болды.
Қазақ тіл білімінде сөйлемнің функционалды мүмкіндігін коммуникативтік тұрғыдан
анықтаған Ж.А.Жакупов болды. Ғалым «Қазақ тілі функциональдық синтаксисі» деп
аталатын зерттеу еңбегінде синтаксисті құрылымдық тұрғыдан қарастыру қазақ тілі
білімінде дәстүрлі, орныққан негіз екенін айта келе, құрылымдық зерттеудің өзіндік
ерекшелігі синтаксистік бірліктердің құрылысын, құрылымдық схемасын көрсетіп беру,
талдау жасау деп қарастырады. Синтаксистік бірліктерді зерттеудің семантикалық аспектісі
арнайы, кең әрі терең зерттеуді қажет ететіндігін, бұл жерде ұстанатын негіз – сөйлеу
семантикасы мен тілдік семантиканың тығыз байланысы, бір-бірінсіз әрекет ете алмайтыны
туралы қарапайым қағиданы есте ұстаған дұрыс. Сөйлемге коммуникативтік тұрғыдан қарау
дегенді сөйлемнің функциональды мүмкіндігін қарау, контекст арқылы динамикалық
тұрғыдан түсіндіру деп қарастырады [3, 18].
Демек, сөйлемді синтаксистік әрі коммуникативтік аспектіде қарастырумен ғана
шектеу – оның табиғатын ашып, тереңірек тануда жеткіліксіз болады екен. Сөйлемнің
сөйлеуде жұмсалатын қызметі функционалды грамматикада қарастырылады. Сөйлеудегі
қызметі оның семантикалық қызметіне, ал сөйлемдегі қызметі құрылымдық қызметіне
негізделеді. Семантикалық қызмет пен құрылымдық қызметтің өзара байланысы синтаксисте
байқалады. Яғни, тілдік орта мен сөйлеу ортасының өзара байланысып, бір қызметке
бағынуының көрінісі – бұл сөйлем. Құрылымды негізге ала отырып, тілдік форманың
объективтік шындыққа қатынасын, оған сөйлеушінің көзқарасын мағыналық мазмұнымен
байланыстыра отырып, тілдік жүйенің тілдік ортада «қызметке» бағынып, жүзеге асуын
зерттейтін функционалды грамматикада қарастырған жөн деп ойлаймыз.
Біз осы ыңғайда Ғабит
Мүсірепов шығармаларындағы бірыңғай мүшелердің көркемдік ерекшеліктеріне
тоқталғанды жөн көрдік.
227
Ғ.Мүсірепов стилі өмірді терең, көрікті ашады. Әр сөзі, әр тіркесі шебер қиысып,
мәнерлесіп келіп сымбаттанып кетеді де, көп көрініс көз тындырады. Ғабит стилі – суретке
толы. Өйткені жазушы айналаға үлкен суреткерлік сезіммен қарап, образ арқылы
қабылдайды.
Ғ.Мүсіреповтың әлеуметтік, қоғамдық зор мәнді мәселелер жайында толғанатын,
әрдайым өзі өмір сүрген бүгінгі қазақ қауымның іргелі толғақты мәселелерін,
проблемаларын тербейтін жазушы. Қоғам өміріндегі ең сүйікті, өзекті, шешуші мәселелер –
халықтың елдік, экономикалық, мемлекеттік, мәдени рухани тіршіліктері жазушы
шығармаларында бірыңғай мүшелер арқылы көрініс тапқан. Мысалы: Үш жүз мың адам
басқа тіршіліктен баз кешкендей, ас-су татпай, ыстық-суықты елемей, ұйқы-тыныштық
Достарыңызбен бөлісу: |