Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет106/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   204
дегенді  ұмытып,  көшеге  шығып  отырған  күйінен  қозғалған  жоқ  [4,  38].  Немесе:  Бас-аяғы 
осы,  даусыз-дамайсыз,  көлденең  қазақтың  бір  сөзі  қыстырылмай,  Қарағанды  мен  Нілді 
сатылып  та  қалды  [4, 41].  Адамның  қуаныш,  қайғы  дейтіні  – ішер  ас,  киер  киім,  мінер  ат, 
бала-шағасынан  бастап,  ел-жұрт,  Отан,  уақыт,  өмір,  заман  сияқты  құшағына  сыймастар 
да сыйысып тұратын кең шиыр[4, 477].  
Қаламгер  дерексіз  зат  есімдерді  бірыңғай  мүше  ретінде  жұптап  қолдану    арқылы  өз 
ойын  жеріне  жеткізге  білген.  Мысалы:  Рақымсыздық  пен  қорқақтық,  менмендік  пен 
жалыншақтық  сияқты  мінездер  шындап  келгенде  бірі  биік  қияға,  бірі  төмен  жыраға 
бітпейді, егіз өседі [4, 476]. «Қайта олақтық пен долаңдық өз жағымыздан көп кездеседі де, 
көбінесе өзіміз ұялып қаламыз,- деді [4, 37].  Ақ, пен қара, қызыл мен көк, күрең мен қына 
сары біріне-бірі еппен тоғысып, бәрі жымдасып тұр [4, 101].   
Әдетте  дерексіз  зат  есімдердің  өзі  де  эмоционалдылық-экспрессивтілік  туғызатыны 
зерттеу әдебиеттерінен белгілі. Мына бір  сөзқолданысқа  назар аударып көрелік: Күндеу мен 
бәсеке  апалы-сіңлілі  нәрсе.  Олай  болса  жақсы  қасиетке  жатады,-  деді  [5,  56].  Бұл  жерде  
дерексіз зат есімдердің жағымсыз мәнін контекст жоққа шығарып тұр. 
Үй  ішілік  үлкенді-кішілі  қуаныштар  да  қайғы-қасіреттері  де  естияр  ерлі-зайып 
адамдардың ойларында да, жүректерінде де жігін ашпай бірге тоғысып жүреді. Бұл бұзыла 
білмес үй ішінің ең сенімді белгісі [4, 476].  Бұл мысалдағы жалпылап тұрған сенімді белгісі 
қолданысы. 
Шығарма  тіліндегі  экспрессивтік  пен  баяндау  дәлдігі  синонимдер  арқылы  жүзеге 
асады. Өмірлік көріністерді толыққанды етіп суреттеу, кейіпкерлерінің ой-сезімдерін жеріне 
жеткізе  дәл  беру  синонимдердің  нәзік  мағыналық  айырмашылықтарын  тап  басып,  сөз 
теңізінен керектісін ғана таңдап ала білетін жазушының  қолынан келеді [5, 82]. 
Жазушы шығармаларында сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің синонимдік қатармен келуі 
кең көрініс береді. Әншейінде ықшам, оңтайлы жас дәл керекті жерде ордаңдап, қыз қасына 
жанаса  алмай  келе  жатыр  [4,  73].  Енді  бірде  автор  синонимдерді  қабаттастыра  қолдану 
арқылы  тосын  қолданыс  түзген:  Мықыраймай,  бүкіреймей,  түзу  өскен  [4,  12].  Жан-жағына 
сабырмен, салмақпен қарап, сол белінде тұрған адамды ауған күннің тыныш шұғыласы жаңа 
қуаныш, жаңа күлкісімен, жаңа тілек, жаңа істерімен келе жатқан жас ұрпаққа қызықтары 
қаратады.  
Ғ.Мүсірепов  шығармаларында  бірыңғай  мүшелерді  тұлғалану  жағынан  қиыстыра 
қолдану  барысындағы  антонимдік  сипаттағы  сөздер  жиі  ұшырасады.  Бірыңғай  мүшелер 
әрқашан  жеке-жеке  толық  тұлғалана  келіп  оқырманға,  тыңдаушыға  күшті  әсер  етеді. 
Жазушы шығармаларынан үзінді: Қоғам, үлкен бе, кіші ме ойлы ма, өнерлі ме, сол қоғамның 
алыс-жақын арманыңа  ортақпысың жоқпысың, өзім деген әміршің өзіңненөзгенің  қайғы-
қуанышына қалтқысыз ортақ ете ме, жоқ па – бәрібір әркімнің сол қоғам ішінде өз үйірі, 
өмір ішінде өз түкпірі, өз қайғысы, өз қуанары бар [4, 233].  
 Сондай-ақ бірыңғай мүшелердің қатарын  бірыңғай бастауыш, бірыңғай толықтауыш, 
бірыңғай  анықтауыш,  бірыңғай  пысықтауыш  шоғыры  құрайды.  Мысалы:  Тау  қырқалары, 
бұлт  етектері  тұтана  бастағандай  қызара  бастады[4,  101].  Жалақы  дегенді  білмейтін 
ауылдың  ескі  дәстүрі  жайлаудай  кең  болса,  санаулы  ақшасымен,  кірімен,  кезімен,  есеп 
шотымен  келген  базар  да,  завод  та,  обырдың  өрісін  кеңіте  түспесе,  тарылтқан  жоқ, 


228 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет