Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет118/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

оптималды,  шаш  депиляциясы,  мемориалдық  ескерткіш,  халық  фольклоры,  бүкілхалықтық 
референдум,  қосымша  бонус,  әсерлі  триллер,  жергілікті  абориген,  халықтық  демократия, 
ерекше феномен, негізгі лейтмотив, болашақ  перспективалар, танымал шлягер, алдын ала 
анонс, қатаң табу, монитор экранынан скриншот жасау
Кейде тіл тасымалдаушылары туған тіліндегі  сөздердің лексикалық мағынасын дұрыс 
түсінбейді:  наурыз  айы,  ең  ақырында,  кері  оралу,  алғаш  рет  танысты,  уақытша  кейінге 
қалдыру, негізгі мәні, шынайы ақиқат, қысқа сәт, кері шегіну, қайтадан қайталаңыз, толық 
жойылған,  алдын  ала  жоспарлау,  бірлескен  кездесу,  өз  көзімен  көру,  өз  құлағымен  есту, 
баспалдақпен жоғары көтерілу/төмен түсу [2.124] 
Соңғы  уақытта  құрамында  аббревиатуралар  кездесетін  CD-диск,  ERD-диаграмма,  IT-
технологиялар,  RAID-массив,  VIP-тұлға,  GPS  жүйесі,  SMS-хабарлама  бар  плеоназмдар  жиі 
қолданылуда.  Бұл  жағдайда  қайталаудан  құтылу  қиын,  өйткені  негізгі  лексикалық  мән  тек 
бір әріппен кодталған. Және латын әріптерінен құралғандықтан және онда шифрланған сөз, 
шетел, көбінесе ағылшын тілінде болады. Өрнек құрамындағы қазақша баламасы түсініктеме 
рөлін атқарады.  
Плеоназм  тілдік  ауытқушылық  ретінде  хабарлама  авторының  құзыреттілігінің 
стилистикалық  және  семантикалық  жеткіліксіздігіне  нұсқайды.    Дегенмен,  кейбір 
плеоназмдар  сөз  мағынасын  күшейтеді.  Оның  лексика-экспрессивті  мағынасын  күшейтеді.  
Мәселен:  Мен  ол  оқиғаны  өз  көзіммен  көрдім.  Оның  онсыз  да  қабырғасы  қайысып, 
омыртқасы майысып жүр. 
Плеоназм  құбылысы  жазушы  қаламының  дағдылы  фразеологиялық  тіркестердің 
құрылысын  өзгертуінің    бір  түрі  ретінде  де  қолданылады.  Бұл  жалпытілдік  қолданыстағы 
фразеологизмдердің  лексикалық  құрамын  жаймалап  қолдану  әдісі  болып  табылады. 
Шкляров фразеологизмдердің плеоназм құбылысы деп бейнелі және прагматикалық әлеуеті 
жоғары  жаңа  бірліктерді  атайды,  себебі  ол  тірек  компонентінің  өзгеріссіз  қалуының 
нәтижесінде  бұрынғы  фразеологиялық  тіркестермен  байланысын  үзбейді.  Мысаы:  Тас 
пісетін  уақыт  қой,  еттің  еті  бір  бөлек,  сүйегі  бір  бөлек,  сорпасы  бір  бөлек  боп  әбден 
«есеңгіреп» пісіпті (О.Әубәкіров, 49 б.) [3.104] 
Құрылымдық  жағынан  плеоназм  мағыналық  тілдік  бірліктердің  қайталануынан 
құралады. Тілдік бірлік сол қалпында бірнеше рет қайталануы мүмкін, яғни ол – тавтология 
немесе  редупликация  деп  аталады.    Ал,  егер  мағыналық  жағынан  бір-біріне  жуық  сөздер 
тіркесіп келсе, ондай мұндай тіркестер – синонимдік  қайталану, көпсөзділік  деп аталады. 
Синонимдерді  жекелеп,  жалғыз  жарымдап  жұмсаудан  гөрі  плеонастикалық  тәсілмен 
жұптап  қолдану  әлдеқайда  мәнерлі  болып  ұғынады.    Мысалы,    көркем    әдебиетте  немесе 
поэзияда  байтақ  жер  дегеннен  гөрі  ұлан  байтақ  жер  деп  айту  эмоциялық-экспрессивтілік 
тұрғыдан  күштірек  мән  туғызып,  жақсы  әсер  қалдырады.  Сол  сияқты  ғажайып  оқиға 
дегеннен таңғажайып оқиға оқиға дегеннің мәні басымырақ. 
Плеоназм  заттың  лингвистикалық  қабаттасып  қатар  қолданылу  нәтижесінде  бір 
мағыналы  білдіріп  қалыптасып  кеткен  екі  сөз.    Өзара  мағыналас  екі  сөз  плеоназм  әдісімен 
ұдайы қатар айтыла келе бір сөз есебінде қолданылады.  


239 
 
Қатар  тұрып  қолдану  нәтижесінде  бір  мағынаны  білдіріп,  қалыптасып  кеткен  екі  сөз 
плеоназм әдісімен ұдайы айтыла келе бір сөз есебінде қолданылады.  Мысалы:  зәулім биік, 
қырмызы қызыл,  кәрі шал т.б.  
Лингвистикада  плеоназм  құбылыстарын  түсіндіруде  біраз  қайшылықтар  бар.  Бұл 
мәселе  І.Кеңесбаев,  Ә.Болғанбаев,  К.Аханов,  Г.Әжібекованың  еңбектерінде  біршама 
қарастырылған. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің қолданыс аясы күннен-күнге артқан сайын 
оған  деген  қажеттілік  те  өсіп  келеді.  Қазақ  тілін  дамыту  бағыты  оның  мемлекеттік 
мәртебесін іске асыру қажеттілігімен айқындалады. Қазақ тілін ғылыми салада дамыту үшін 
іске асып жатқан шаралар жеткілікті десек те, әлі толыққанды шешілмеген мәселелер де бар. 
Соның  бірі  плеоназмдық  тізбек. Құрылымдық  жағынан  плеоназм  мағыналас  тілдік 
бірліктердің қайталанауынан құралады. Тілдік бірлік сол қалпында бірнеше рет қайталануы 
мүмкін [4.75]. 
Қазіргі  қазақ  тілінде  плеоназмдар  жүйесінің  қалыптасуы  тек  заңдылықтарына  ғана 
емес,  сол сияқты экстралингвистикалық құбылыстарға да байланысты. Олар қоғамдық өмір 
мен  тілдік  қатынастарға    әлеуметтік  өзгерістерді  де  көрсетіп  отырады.  Тіліміздегі 
плеоназмдық  құбылысты  анықтау,  күшейту,  нақтылау  үшін  ғана  емес,  көркем  әдебиет  пен 
фольклор  тілінде  ойды  мәнерлеп,  бейнелі  түрде  жеткізу  мақсатында  стилистикалық  мәтін 
ретінде де қолданудың мәні зор. 
Қорытындылай  келе,  қазақ  лексикологиясы  қай  жағынан  болсын  нәтижелі  еңбек  пен 
атқарылған  іс-шаралар  нәтижесінде  едәуір  биікке  көтерілді  деуге  болады.    Дегенмен,  басы 
ашылмаған,    сараланбай,  жүйеге  түспеген  дүниелер  әлі  де  көп.    Көркем  прозада,  поэзияда,  
сонымен қатар, ауызекі сөйлеу тілінде де қайталау жиі кездеседі.  Белгілі бір сөздердің бір 
сөйлемде,    не  абзацта  жиі  қайталануы  бұл  ақын-жазушының  ойын  күшейту  немесе  бір 
нәрсеге,  жағдайға  оқырман    назарын  ауларту  ұғымында  жасалады.    Қайталау  немесе 
плеоназм  –  стильдік  тәсіл.  Сондықтан  тілдік  қолданыстағы  әрбір  сөзіміздің  жүйелі, 
мазмұнды, орынды болуына назар салып жүргеніміз жөн. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1  Абдрахманова А.Ж. Қазақ тіліндегі әлем бейнесі. ҚазҰУ хабаршысы. №1 (135). 2012ж. 
2  Салқынбай А. Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік: -Алматы:Сөздік-Словарь,1998.-164 б. 
3  Шкляров В.А. Современный русский язык. Лексика. – М.Просвещение, 1977 – 337 б. 
4  Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы: Мектеп, 1979. – 116 б. 
 
ӘОЖ 371.687:81ʼ1 
СЬЕЗ АХБОТА 
ҚАЖАҚПАР ӘЙГЕРІМ ЕРМЕКҚЫЗЫ 
Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі  
Көкшетау, Қазақстан 
Ahbota@inbox.ru 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет