Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет126/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

Қарасай.  Халықтың  батырлар  жырындағы  әйгілі  Қарасай  батыр  есімі.  Кейінгі 
ұрпақтарға  дәстүр  бойынша  беріліп  отырған  және  сол  есімнен  қойылған  фамилия.  Бұл 
есмінің екінші  сыңарындағы  -  сай сөзі  кейбір түркі  тілдерінде  «өзен, су»  дегенді  білдіреді. 
Осы Қарасай атауымен қатар Ақсай деген өзен, жер аты да бар. Бұған қарағанда, Қарасай әу 
баста өзен аты болса керек. Сол өзен жағасында туған балаға осы өзен атын қойса керек. Бұл 
дәстүр  ертеден  кеңінен  таралған,  осыдан  келіп:  Орал,  Ертіс,  Есіл,  Ілебай,  Еділ  деген  өзен 
аттары адамдарға есім ретінде қойылып отырған. Ал қара деген сөздің қосылу нәтижесінде 
жасалған өзен, су, тау, жер аттары тілімізде орсан көп. Мәселен, Қарасу, Қарасаз, Қараөзек, 
Қаратау, Қарақұм, Қарақамыс, Қара Ертіс, Қаракемер, Қарақастек, Қаратұрық т.б. Қара сөзі 
арқылы  жасалған  жер-су,  ел-жұрт  аттары  түркі  тілдерінде  көне  заманнан  бері  кездеседі  [4, 
410].  Бүгінгі  күнде  Солтүстік  өңірімізде  Қарсай  мен  Ағынтай  батырларымыздың  құрметіне 
салынған  мемориалдық  кешені  Айыртау  ауданында  салынса,  Петропавл  қаласының 
орталығында орналасқан  Қарасай стадионына да батыр бабамыздың есімі берлілген. 
Жоғарыда  көрсетілген  атаулар  құрамындағы  сөзі  бірде  «қара  түсті»  білдірсе,  кейде 
басқа  мағынаға  ие.  Өйткені,  Ақсу,  Қарасу,  Қызылсу  атауларында  ешқандай  «ақ»,  «қара», 
«қызыл» түстерді білдірмейді. Бұл жерде ақ, қара, қызыл, сары сөздерін ауыспалы мағынада 
түсінуіміз  керек.  Осы  ретте  топонимист  Е.  Қойшыбаев  пікірі  орынды:  «қара  сөзі  екі 
мағынада қолданылады: 1. Түркі-монғол тілд. Хыра «аласа тау қыраттары» және төбе, жота, 
қырат,  шың;  2.  Сапалық  сын  (анықтауыш):  тығыз,  толық,  жиі,  қалың;  Қаратал  атауы  «жиі 
төбелер»  немесе  «көп  белестер»  (Е.  Қойшыбаев,  124).  Біздің  байқауымызша,  Қарасай 
есіміндегі қара «кең, үлкен, терең» және сай, «өзен» деген мағыналарды аңғартады [4, 411]. 
Лингвомәдени  аспектіде  «тіл  мен  ұлт  біртұтас»  деген  қағидаға  сәйкес  жүргізілген 
зерттеу  жұмысы  ұлттық  антропонимдер  жүйесін  тіл  біліміндегі  антропоөзектік  парадигма 
шеңберінде анықтауға негіз болды. 
Осымен  байланысты  мәдени-әлеуметтік  таңба  ретіндегі  қазақ  антропонимдерінің 
мазмұндық негізі фольклорлық, тарихи, георграфиялық, көркем мәтіндік жүйеде дәйектелді. 
Ұлттық  ономастикондық  жүйенің  оның  ішінде  антропонимдер  де  өзіндік  ерекшелігі 
оның белгілі бір ұлттық тілге емес, ол қандай мәдени ортадада қалыптасқанына байланысты 
көрсетіліп отыр.  
Антропонимдер  адамдардың  өткендегі  тұрмысын,  қоғамдық,  әлеуметтік  құрлысын 
және  материалдық  әрі  мәдени  өмірдің  құбылыстарын  да  көрсете  алды.  Сол  себепті 
ономастикалық  жұмыс  –  құндылықтарымызды  тануға  және  танытуға  бағытталған,  ұлттық, 
мемлекеттік  мұраттарды  ұлықтауға,  өнеге  етуге,  насихаттауға  арналатын  әрі  іргелі,  әрі 
өміршең  еңбек.  Ендеше,  ондай  маңызды  шаруада  жауаптылық  пен  тиянақтылық  таныту 
баршамыздың міндетіміз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т. Жанұзақов. –Алматы: Дайк-Пресс, 2008, – 968 б. 
2 Телқожа Жанұзақ Тарихи жер-су аттарының түптөркіні. – Алматы: Сөздік-словарь ЖШС, 2010. – 356 б. 
3 Ономастика және тарихи дәстүрлі атуалар //Ана тілі газеті. 5 маусым, 2014 жыл. 
4 Жанұзақ Телқожа. Қазақ ономастикасы. Атаулар сыры.  – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 524 б. 
5 Әшімханова Ф.МҚазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі. Филология ғылымдарының 
кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. –Алматы, 2007. – 112 б. 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 821.512.122:168.53 
ТҮКЕН КАМИЛА 
 ҚАЖАҚПАР ӘЙГЕРІМ ЕРМЕКҚЫЗЫ 


248 
 
Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі  
Көкшетау, Қазақстан 
Kamila.tuken@bk.ru 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет