Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет20/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

guldenkgk@mail.ru 
 
 
СӘБИТ ЖӘМБЕК – ӘДЕБИЕТ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ 
 
Аннотация:  мақалада  қазіргі  қазақ  әдебиеттану  ғылымына  айрықша  үлес  қосып 
жүрген  әдебиеттанушы  ғалым  С.Н.Жәмбектің  Абайтану,  Шәкәрімтануға  арналған 
мақалаларының  мәні  айқындалды.  Ғалымның  зерттеу  мақалаларындағы  Абай,  Шәкәрім 


52 
 
шығармалары  жөніндегі  ғылыми  ой-тұжырымдары  зерделенді.  Және  ғалымның  Абай, 
Шәкәрімнің философиялық танымының ерекшелік қырларын дәлелдеуі қарастырылды.  
Тірек  сөздер:  Абай  танымы,  поэтикалық  өріс,  философиялық  дүниетаным,  көркем 
аударма, нәзиралық дәстүр
 
Қазақ 
әдебиеттану 
ғылымында 
Абай 
Құнанбайұлының

Шәкәрім 
Құдайбердіұлының өмірі,  шығармашылық  өнері,   мұрасы  сан-салалы  зерттеу  еңбектерінде 
тереңнен  зерттеліп,  кемелденді.  Бүгінде  Абайтану,  Шәкәрімтану  ғылымы  қалыптасты, 
ғылымда  отау  тікті.  Абайтану  тарихы 
1889  жылы
 басталып,  қазақ  әдебиетінде  50-жылдары 
өpic  алды.    Абайдың  өмірі  мен  шығармашылық  мұрасын  зерттеу  шын  мәнінде   
Әлихан 
Бөкейханов
,  
Ахмет  Байтұрсынұлы

Міржақып  Дулатұлы
 мақалаларынан  басталса,  бұл 
мәселені  тұңғыш  рет  сөз  етіп,  өз  алдына  арнайы  түрде  зерттеу  қажеттілігі  ең 
алдымен 
Мұхтар  Әуезовтің
,  сонымен  бірге 
Сәбит  Мұқанов

Қажым  Жұмалиев

Есмағамбет 
Ысмайылов
, Қайым Мұхамедханов, Айқын Нұрқатов  еңбектерінде көрініс тапты. Кейіннен 
Мекемтас  Мырзахметов,  Төкен  Ибрагимов,  Рабиға  Сыздық  абайтану  ғылымын  дамытса, 
Ғарифолла  Есім,  Тұрсын  Жұртбай,  Тұрсынжан  Шапай,  Омар  Жәлелдер  одан  әрі  абайтану 
ілімін жетілдіре түсті. 
Шәкәрімтану  ғылымын  Ә.Бөкейханов,  Ж.Аймауытов,  М.Әуезов,  А.Шәкәрімұлы, 
Қ.Мұхамедханов,  З.Ахметов,  Ш.Елеукенов,  Р.Нұрғали,  А.Еспенбетов,  Б.Сапаралы, 
Т.Шаңбай қалыптастырып, дамытты.  
Әдебиеттану ғылымындағы осы бір әдеби процесті жалғастыру, әдебиеттанушылардың 
қазақ  әдебиетінің  тарихын  зерделеу  барысында  Абай,  Шәкәрім  мұрасына  зерттеу  жасау 
заңдылық  десек,  қазақ әдебиетінің  барлық  салалары  бойынша  өнімді  еңбек  етіп,  мақалалар 
жазып  жүрген  филология  ғылымдарының  кандидаты,  профессор  Сәбит  Нұрмұхамедұлы 
Жәмбектің  де  абайтану,  шәкәрімтану  ғылымына  қосар  өзіндік  салмақты  еңбектері  бар. 
Ғалымның «Абай танымындағы ислам арналары»,  «Абай мен Пушкиндегі поэтикалық өріс», 
«Шәкерім поэзиясындағы философиялық дүниетаным иірімдері», «Шәкерім поэмалары мен 
көркем  аудармаларындағы  нәзиралық  дәстүр»  атты  бірқатар  мақалаларының  Абай  мен 
Шәкәрімнің шығармашылық мұрасын тануда, насихаттауда мәні зор. 
«Абай танымындағы ислам арналары» атты мақалада дін мен өнер, дін мен мәдениет, 
дін  мен  ғылым  арасындағы    қарым-қатынастар  туралы  талай  теологтар,  дінтанушылар, 
философтар мен әдебиетшілер талай еңбектер жазғандығына ғылыми ақпар бере келе, ислам  
өнері, ислам мәдениеті, ислам ғылымы деген терең зерттеуді қажет ететін арналы салаларды 
Абай поэзиясындағы таныммен сабақтастыра талдайды. 
Мақалада: «Исламиятта «жан» және «тән» субстанциясы қатар аталады. Қазақтың ұлы 
ақыны Абай бұл категориялар туралы былай дейді: 
Ақыл мен жан «мен» өзім, «тән» менікі 
«Мені» мен «менікінің» жөні екі 
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан 
«Менікі» өлсе өлсін оған бекі 
Абайдың «мен» деп отырғаны ақыл мен жан, «менікі» деп отырғаны тән. Ақыл мен жан  
мәңгілік, ал тән өткінші. Абай исламияттағы жанға ақылды қосады. 
Абайдың исламиятқа қатысты күрделі ойлары «иманигүл» «үш сүю», «жәуанмәртлік», 
«толық адам» сияқты категорияларды бағамдағанда байқалады. 
Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 
Және хақ жолы осы деп әділетті. 
Осы үш сүю болады Иманигүл, 
Иманның асылы үш деп сен  тақиқ біл, 
Ойлан-дағы, үшеуін таратып бақ, 
Басты байла жолына, малың түгіл. 


53 
 
Мұндағы  «үш  сүю»,  яғни  бірінші  «сүю»  «махаббатпен  жаратқан  адамзатты»,  «сен  де 
сүй  ол  алланы  жанан  тәтті»  деп  бірінші  «сүю»,  «алланы  сүюді»  атайды,  ал  екінші  «сүю», 
«адамзатты  сүю»,  үшінші  сүю,  хақ  жолы  «әділет»  немесе  «хаділет»  деп  аталады.  Мұндай 
ойлар  Абайдың  «Әсемпаз  болма  әрнеге»,  «Алла  деген  сөз  жеңіл»  және  38,27-інші  қара 
сөздерінде  кездеседі.  Мұсылмандық  шығыс  поэзиясында  ақыл  және    жүрек  культі  (имани 
гүл) сарындарын мадақтау кеңінен өріс алған» деп терең филологиялық талдау жасайды. 
«Абай  мен  Пушкиндегі  поэтикалық  өріс»  атты  мақаласында  «Біздің  ұлы  Абайдан 
Пушкинге өзіндік таныммен, ұлттық дүниетаным тұрғысынан келіп, ұлттық тілде нақышына 
келтіріп, төл тілдің дәл өзінде туғандай ғып сөйлепті. Бұл – Абай әлемінің құдіреттілігі, Абай 
қаламының  қуаттылығы  еді.  Абай  –  шын  мәтіндегі  тәржіме  өнерінің  ұлы  шебері  еді»  десе, 
«Абайдың  қазақ  мәдениеті  мен  көркем  өнерінің    тарихындағы  үлкен  бір  еңбегі  –  оның 
көркем  аударма  мұралары.  Абай  орыстың  классикалық  әдебиеті  арқылы  Батыс  Европа 
әдебиеттерімен табысқан, жақындасқан. Ой бөліскен, сыр бөліскен. Рухани үндесуі арқылы 
ұлттық негізде өрелі ойлар айтқан. Осы әсерден болу керек, ол «Шығысым – Батыс, Батысым 
– Шығыс болды» деп Абайдың рухани әлемінің өрісін жеткізеді. 
«Пушкиннің  үнін,  Пушкиннің  жырын  алаш  жұртшылығы,  кешегі  қыр  баласы  жалпақ 
сахараға кең жайылған «Татьяна әндері» арқылы естіп, білді. Абайдың бұл үлгісі Европалық 
классиканы  қыр  тұрмысының  көзге  қанық,  көңілге  таныс  сыр-сезімдерімен  орайластыра 
жеткізген  тамаша  үлгі  болатын.  Қазақтың  қыз-бозбаласының  жүрек  сырын,  көңілдегі  дерті 
мен  мұңлы  қуаныш  кезімін  ғажап  шертетін  сырлы  дүние  еді  бұл.  Сонымен  бірге  орыс 
данышпанының  жүрек  сырын  Абайдай  қазақ  данышпанының  жүрек  толғағы  арқылы  сезіп, 
біліп  еді  қыр  баласы.  Пушкиннің  ғажайып  туындысы  қазақ  арасына  ғашықтық  сырын 
қозғайтын сыршыл ән болып тарады. Талай жүректерге жол тауып, ғашықтық мұңын бөлісті. 
Қыр  баласының  мұңлы  да  сырлы  көңіл-күйін  қозғайтын  жүрек  сырының  таңғажайып 
ескерткіші  еді  бұл  Абай  сомдаған»  деген  ғылыми  түйіндеуі  Абай  мен  Пушкиннің  рухани 
болмысының тоғысуын, рухани тұлғаларының үндесуін паш етеді. 
«Шәкерім  поэзиясындағы  философиялық  дүниетаным  иірімдері»  атты  мақаласында 
«Азан шақырып қойған есімі Шаһкерим, ал қазақ арасында Шәкерім аталып кеткен бұл тұлға 
–  қазақ  мәдениетінде  өзіндік  үлкен  орны  бар  философ,  тарихшы,  ақын,  композитор  болған 
сегіз қырлы, бір сырлы жан – жақты өнер иесі еді» деп өрнектей отырып, Абай мен Шәкәрім 
поэзиясындағы үндестікті талдайды. М.Әуезовтің Шәкәрім туралы ғылыми пікірлерін дәйек 
ете  отырып,
 
Шәкерімнің  ақындық  дүниетанымы,  философиялық  көзқарасы  ұстазы  Абай 
дүниетанымы,  көзқарасымен  үндесіп  жататындығын  дәлелдейді.  Мақала  Шәкәрім 
философиясының тұжырымды түрде дәйектелуімен құнды.
 
«Шәкерім  поэмалары  мен  көркем  аудармаларындағы  нәзиралық  дәстүр»  мақалада 
шәкәрімтанушы  ғалымдардың  еңбектерін  ғылыми  негізде  сараптай  отырып,  ғалым  өз 
тарапынан  ақын  поэмалары  мен  көркем  аудармаларындағы  нәзиралық  дәстүрге 
филологиялық  талдау  жасайды.  Шәкәрім  аудармаларының  қазақ  әдебиетіндегі  өзіндік 
айшықты мәнін саралап береді. 
Қорыта айтсақ, зерделі әдебиет зерттеушісі С.Н.Жәмбектің мақалалары қай тақырыпта 
жазылса да жан-жақты терең филологиялық талдау жасалуымен оқушауланып тұрады. 
Ғалымның  мерейтойымен  құттықтай  отырып,  шығармашылық  белесте  жұлдызы 
жарқырай берсін деген тілек білдіреміз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Жәмбек  С.Н.  Абай  танымындағы  ислам  арналары  //  «Шоқан  тағылымы  –  13»  Халықаралық  ғылыми-
практикалық конференция материалдары. ТОМ 3. – Көкшетау,2008. – 24-26 сәуір, 235-240 б.б 
2 Жәмбек  С.Н.  Абай  мен  Пушкиндегі  поэтикалық  өріс  //Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  мемлекеттік 
университетінің Хабаршысы. 2006,  №3 (12), 174-176 б.б. 
3 Жәмбек С.Н. Шәкерім поэзиясындағы философиялық дүниетаным иірімдері // «Шәкәрім  мұрасы және 
ислам құндылықтары»  атты ғылыми конференция  материалдары.  2018 
 
ӘОЖ 821-0 


54 
 
КАЖИБАЕВА ГУЛЬДЕН КЕНЕСОВНА 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 
 Көкшетау, Қазақстан  
guldenkgk@mail.ru 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет