asya_2309@mail.ru
СӘБИТ ЖӘМБЕК КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ХАҚЫНДА
Аннотация: мақалада филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәбит
Нұрмұхамбетұлы Жәмбектің ежелгі дәуір әдебиетін қамтитын Орхон-Енисей
жәдігерліктері, Күлтегін, Атилла жөнінде жазылған әдеби-публицистикалық мақалалары
қарастырылады. Автордың аталмыш тақырыптарға байланысты жазылған көптеген
ғылыми-зерттеу еңбектерін ұтымды талдауын, оған өзіндік пайымды көзқарастарын
білдіруі, соңында жүйелі әрі тұжырымды ой түйін жазуы жан-жақты сараланады.
Әсіресе, Орхон ескерткіштерін, Күлтегіннің мазмұны мен түрі жағынан да, тілі мен
көркемдеу құралдары, өлең құрылысы, композициясы жағынан да ежелгі түркі
халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де
асыл қазынасына енетін әдеби мұра екендігін дөп баса көрсетуі зерделенеді. Сонымен
қатар мақалада Атилла тұлғасына қатысты жазылған сан түрлі зерттеулерді ой
сүзгісінен өткізген қаламгердің өзіндік талдаулары көрсетіледі.
Тірек сөздер: ежелгі дәуір әдебиеті, Орхон-Енисей ескерткіштері, Атилла, Күлтегін,
әдеби жәдігерліктер, әдеби талдау, тұлға, бейне, болмыс
Көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, ұлағатты ұстаз, ұлт руханиятының жанашыры,
прозаик, эссеист, дәуір тынысын кемел өрнектеуші қаламгер, өлкетанушы, драматург, күйші,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәбит Нұрмұхамбетұлы Жәмбек – қазақ
әдебиеттану ғылымындағы берниязтанудың іргетасын қалаған кемел тұлға.
Бұл күнге дейін ғалымның «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Көркем әдебиеттегі
тарихилық», «Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу
және бағалану тарихы (1940-1960 ж.ж.)», «Бернияз Күлеевтің ақындық мұрасы», «Әдебиет
теориясы» оқу құралдары мен «Ақмола облысы энциклопедиясы», «Шоқан Уәлиханов
энциклопедиясы», «Көкше өңірінің фольклорлық мұралары» ұжымдық монографиялары
жарық көрген. Сонымен қатар қаламгер әдебиет сүйер қауымға «Шоқан боп сүйген жүрек»
пьесасы, «Наған жыры», «Күрмеу» атты әңгімелері, «Жазмыш» хикаяты, бес дәптерден
тұратын «Себезгі сырлар үзігі» эсселер топтамасын ұсына білген. Сегіз қырлы, бір сырлы
өнер иесінің «Қобыз сарыны», «Сағыныш», «Сарын» сынды күйлері және бар. Мұнымен
қоса, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ғалымның өңір мәдениеті мен әдебиетін
тану, өлкенің киелі орындары мен тарихи жәдігерліктерді насихаттау жолындағы еңбегі де
ұшан-теңіз.
Бұл орайда, әдебиетші Сәбит Жәмбектің сан қырлы тұлғасын тану әрі ғылыми және
әдеби шығармашылық мұрасын зерделеу барысында ғалымның ғылыми басылымдар мен
мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып жүрген әдеби-публицистикалық мақалалары
негізгі нысанға алынды. Яғни, қаламгер жазбалары әдеби-зерттеу және қоғамдық-саяси
мақалалар деп топтастырылып, ондағы тақырыптық-идеялық негізі, ғылыми сипаты,
жанрлық ерекшеліктері сараланды. Бұл тұста, назардан тыс қалмайтын бір жайт – әдебиетші
қайсыбір мақаласын жазу кезінде тарихи хронологияны берік ұстанатын перфекционист.
Біз өз тарапымыздан әдебиетші-ғалым С.Жәмбектің әдеби-зерттеу жанрындағы Орхон-
Енесей жазба ескерткіштері, Күлтегін, Атилла жөнінде жазылған әдеби талдау мақалаларына
58
тоқталсақ. Мың жарым жылдық жазба дәстүрі бар, қазақ әдебиетінің ежелгі әдеби
ескерткіштері, ҮІІІ ғасырда тасқа қашалған Орхон жәдігерліктері турасында жазылған
ғалымның «Орхон жәдігерліктері – әдеби мұра» атты мақаласында: «...сонау бабалар
дәуірінің алғашқы нұсқалары болып табылатын бұл әдеби ескерткіштерді поэтикалық тілмен
айтар болсақ, тасқа қашалып жазылған жырлар деп атағанымыз орынды[1,176-179],– делініп,
аталмыш жазба ескерткіштердің әдеби шығарма, көркем мұра ретінде қарастыру
қажеттілігін тілге тиек етеді.
Бұл ретте С.Жәмбек Орхон жырларын «Алпамыс», «Қобыланды» жырларындағы өлең
жолдарымен үндестігін көрсетеді. Яғни зерттеуші Ф.Корш, Бернштам, П.Мелиоранский,
С.Малов, А. Щербак, Л.Гумилев, И.Стеблева сынды ғалымдардың өзара қайшылықты
көзқарастарын сұрыптай түсіп, «...Орхон жырлары тек қана өлеңге құрылмаған, арасында
қара сөз араласып келіп отыратын өзіміздің «Алпамыс», «Қобыланды» тәрізді эпикалық
жырларды еске салады. Мәселен, «Ай йеті атузқа йоқ ертүртіміз. Барқын, бедізін, бітіп
ташын бечін йылқа йетінч ай йеті отузқа қоп алқадымыз. Күлтегін өл (ліп) қырқ артұқы
йашық бұлыт» [1], – дейді. Аудармасы: «Күлтегін қой жылы он жетінші күні өлді.
Тоғызыншы айдың жиырма жетісінде жерледік. Мазарын, ою-өрнегін, жазба тасын мешін
жылы жетінші айдың жиырма жетісінде аяқтадық. Күлтегін өлгенде қырық жаста еді.»
[2,69]. Мұнан кейін әдебиетші тасқа қашалған шығармаға өзек болған тарихи оқиғалардың ізі
көркемдік тұрғыда қалай берілігенін, көркем әдебиеттегі тарихи шындықтың көркем
шындыққа айналу эволюциясын, яғни Күлтегін жыры нақты тарихта болған оқиғалардың ізін
қуып, жалаң баяндалмағанын, жыр авторы өзінің идеясына, авторлық тенденциясына,
позициясына (тұрғысына) орай, сол кезеңнің идеологиялық талап-тілектері тұрғысынан
оқиғаларды көркем сұрыптай алғанын бағамдайды.
Әлбетте, бүгінгі күнгі поэзияның өлшемімен, талабымен келетін болсақ, Орхон
жырларында жыр жолдарының ұйқаспай жатқандығын көреміз. Алайда, бұл поэзияның
өлшемі ме? Және туындының бұдан мыңжарым жыл бұрын дүниеге келгенін де ескеруіміз
қажет. Бұл ретте зерттеуші С.Жәмбек өлең сөздің атақты теоретигі В.Жирмунскийдің пікірін
назарға алып, көне орыс поэзиясында ұйқастың болмағандығын айтады. Керісінше ұйқас
прозалық үлгілерде кездескен. Ал жалпы қазақ жырларында оның ішінде көне түркі
поэзиясындағы жырларда біздің дағдылы түсінігіміздей ұйқас кездеспеген деген уәж
келтіреді. Осы орайда, әдебиеттанушы-ғалым Бейсенбай Кенжебаев та: «Жырда өлеңдегідей
өлшемнің, ұйқастың мәні соншалықты күшті емес. Жыр көп ретте сөз буынына, сөз
ұйқасына емес, ой түйдегіне, ой ұйқасына қарай қиыстырылады. Көп жерлері, тіпті, ұйқассыз
да келеді» [3,21],– дейді.
Мұнымен қоса, мақалада баяндамашы жырдағы образды бейнелеу тәсілдерін, ұтымды
баламаларды сұрыптай отырып: «...жырдың әдеби шығарма ретінде образдар жүйесіне
тоқталар болсақ, онда түркі дәуіріндегі бір шоғыр батыр-қағандар мен түркі халқының
ержүрек бейнесі сомдалған. Атап айтар болсақ: Бумын, Естілми, Елтеріс, Қапаған, Білге
секілді қағандар, Күлтегін секілді батыр, Тоныкөк секілді дара қариялардың жарқын
образдары бар. Бұлардан басқа тағы бір атап өтерлік жайт: Күлтегін жырларында батыр
мінетін арғымақ аттардың бейнеленуі оның қазақ эпостарындағы осындай мотивтермен
туыстығын дәлелдесе керек»[1],– дейді. Сайып келгенде, ғалым «Күлтегін», «Тоныкөк»
ескерткіштері тек ғана тілдік, тарихи ескерткіштер ғана емес, дәуір шындығын көркемдік
тұрғыда берген, өз дәуірінің поэтикалық үрдісімен жазылған барша түркі қауымның ең
алғашқы әдеби үлгілері, көркем туындылары деген ұтымды тұжырым жасайды.
Сәбит Жәмбектің жоғарыдағы жазбасының жүйелі жалғасы ретінде «Күлтегін»
мақаласын атауға болады. Әлем тарихында иісі түркі жұртының қаһармандық беттерін
айғақтайтын, ұлық тұтар, ардақты есімдерінің бірі – Күлтегін десек артық айтпағанымыз
болар. Күлтегін – екінші Шығыс Түркі қағанатының жау жүрек батыры, жауға атойлап тиер
қаһарлы қолбасшысы. Қазақтың «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын» сияқты батырлар
жырларының бастауында тұрған да – «Күлтегін». Зерттеуші өз мақаласында Күлтегіннің
тарихи зерттеу еңбектеріндегі өмірі жолы мен тұлғалық болмысын саралай келіп: «...тастағы
59
шежіре жазумен тарихи деректерді зерделесек, әкесінен ерте жетім қалған Күлтегін ел
мүддесі үшін қабырғасы қатпай, ат үстіне ерте мініп, жаужүрек батыр болғандығын
байқаймыз. Он алты жастардағы бозбала шағынан өмірінің соңына дейін халық арманы,ел
мүддесі үшін қасықтай қаны қалғанша жан аямай күрескен баһадүр»[4,203-208], – дейді.
Мақалада автор Күлтегіннің ерлік істерін, түрік елінің іс жүзіндегі көсемі, әскери қолбасшы
болғанын, әділет жолындағы ұстанымын, кеңесшісі ретінде Тоныкөкті көрегенділікпен
алуын сипаттайды.
Сайып келгенде, қазіргі түркология ғылымында Орхон жазба жәдігерліктерін әдеби
ескерткіш, эпикалық жыр ретінде қарастыру басым. Сонымен Күлтегін есімі тек түркі
халықтарының тарихына ғана қатысты емес, барша адамзат тарихының ерлік шежіресінен
ойып тұрып орын алатын болса, Орхон жазба жәдігерліктері тек иісі түркі тұлға жұртының
ғана емес, адамзат мәдениетінің әдеби,мәдени, тарихи жәдігерліктерінің алтын қазынасынан
орын алатын қастерлі де қасиетті рухани мұра боп саналмақ.
Қаламгердің ендігі бір мақаласы «Ғұн, сақ жазулары және тілі мен Атилла есіміне
байланысты кейбір мәселелер...» делініп, онда ғұндар мен сақтардың тегіне, тіліне
байланысты, Атилла есімінің этимологиясына байланысты еуропацентристік танымнан
туындайтын біржақты көзқарастардың әлі де болса кездесетіні байыпталады. Автор мұндай
көзқарастарға еуропацентристік танымнан ада, жан-жақты, объективті, ғылыми талданған
отандық және әлемдік түркологиядағы абыройлы да беделді тұлғалардың әбден екшелген,
сараланған көзқарас, тұжырымдарын, пікірлерін дәйек еткен. Негізінен, кейінгі қуатты түркі
қоғамы мен мәдениетінің қалыптасуында ғұндардың алатын орны ерекше болғаны анық.
Былайша айтқанда, ғұндар мен ғұндар қоғамы прототүркі, прототүркі қоғамы болып
саналады. Бұл тұжырымды түркітану әлемінде есімдері әйгілі талай беделді түркітанушы
ғалымдар мен мамандар мақұлдап келеді. Ғұндар мәдениеті, шаруашылық типі, қоғамдық-
саяси құрылымы, мәдениеті мен өнері, болмысы мен діні, тілі кейінгі дәуірлердегі олардың
жаңа буыны түркілерге мирасқор ретінде мұра боп қалған. Бірақ осы түркілердің арғы ата-
бабасы боп табылатын ғұндардың жазуы мен тіліне келгенде әлі де болса бірізділік жоқ.
Кереғар көзқарастар мен тұжырымдар өкінішке орай әлі де болса ара-кідік кездесіп отырады.
Филолог, шығыстанушы, Мажарстан Ғылым академиясының академигі, Сегед
университетінің профессоры, академик Андраш Рона-Таш «Ана тілі» газетінің тілшісіне
2008 жылдың 18 желтоқсан күні №51 санында мажарлар тарихы жөнінде сұхбат беріп,
ғұндар мен ғұн көсемі Аттила туралы көзқарасын білдірген болтын. Онда христостың
тууынан кейінгі 375-ші жылы, ғаламат өзгерістер басталды. Сол кезде Еділді бір халық кешіп
өтті, көп ұзамай оларды Еуропада ғұн атымен тани бастады. Сөйтіп, далада иран дәуірі
аяқталады, олардан Шығыс Еуропа даласында иран тілді халық аландар және біздің
астарымыздың ата-бабалары бүгінгі осетиндер қалды. Ғұндардың тілі әлі күнге дейін
жұмбақ, ғұн тілінен қалған үш-ақ сөзден sztraba, medosz, kamon (sztraba – страва, қайтыс
болған адамға берілетін ас, яғни medosz – бал сырасы, kamon – тары сырасы) ешқандай
байсалды тұжырым жасай алмаймыз. Ғұндар империясының негізгі күшін топтар
құрағаныны да білеміз. Аттила деген аттың өзі готтікі деген.
Жалпы әлем мойындаған ежелгі Грек-Рим өркениетінің терең тамырлары үнді-түркі
замандарында жатқандығы белгілі. Батыс пен Шығыс әдебиетінің білгірі Ф.Капрулузаде:
«Славян, фин, француз, герман әдебиетіне эпикалық жанр, поэма жазу дәстүрі «Аттила»
дастаны арқылы келді»[5,63-70], – дейді. Дегенмен, Батыс та, Шығыс та жетік біліп
қадірлеген осы дастан өзімізге белгісіз. Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-VІ ғасырларда туған
«Алып Ер Тоңға», «Шу батыр», «Көк бөрі», «Оғыз қаған» дастандарымен бірге, Ұлы Дала
жағалай жырлаған «Аттила» дастаны Еуропада талай ғасыр жатқа айтылыпты. Скандинавия
елдерінің ғажайыбы «Алып қолды Вальтария» дастаны соған еліктеуден туған. Эпикалық
дүниеге осылай ауызданған Батыс келе-келе Аттиланың өзін жырға қосқан.
Германия мен Скандинавия тарихында Этцель, славян дүниесінде Атыл есімімен
белгілі, сонау ІV ғасырда халықтардың ұлы қоныс аударуына ықпал еткен, атақты Шығыс
Рим империясына бас идіріп, Еуропада феодалдық қоғамның құрылуына жол ашқан, кәрі
60
құрлықта қуатты Ур-Аргун империясын құрған, жарты әлемде әскери демократия орнатқан
даңқты қолбасшы жайлы дауылдата жырлаған. Немістің «Нибелунга», «Равен шайқасы»,
«Зейнфрид батыр туралы жыр», «Берндік Дитрих», «Хильдебранд туралы жыр»,
Исландияның «Эдда» және «Волсунга туралы сага», Норвегияның «Тидрек туралы сага»
халық жырларында Аттила тұлғасы дараланады. Ал алғаш рет Аттиланың нарративті
дәстүрдегі тарихи-көркемдік және этнопсихологиялық бейнесі, ғұн этномәдени
динамикасындағы этнофорлық сипаты П.Корнельдің «Атесилас», Дж.Вердидің «Аттила»,
Бувье-Ажанның «Құдайдың қамшысы», А.Дантенің «Ғажайып комедия», Э.Хаттонның
«Аттила - ғұндардың қолбасшысы», E.A. Thompson «A History of Attila and the Huns»,
В.Цахариастың «Аттила» және т.б. драмалық шығармалар негізінде зерделенген болатын.
Осы тұста қаламгер Сәбит Жәмбек те «Ғұн, сақ жазулары және тілі мен Атилла есіміне
байланысты кейбір мәселелер...» мақаласында Атилла тұлғасына қатысты ғалымдардың
зерттеу еңбектері мен ғылыми пайым-толғамдарын саралайды: «Атилла есімінің түркілік
негізін ескермей,тек гот тіліндегі негізін айту да ғылыми тұрғыдан біржақтылық болып
саналады. Ғұн көсемі Атилла есімі этимологиялық әдебиеттерде сан мәрте көп талқылаудан
өткен. Ең көп таралғаны және жалпы көпшілік қазіргі таңда қабылдаған ғылыми трактовкасы
гот негізіндегі «әкей» (гот.atta «әкенің» кішірейту мағынасындағы жұрнағы болып
табылады). Бірақ бұған қарап бұл есімнің түркілік этимологиясын жоққа шығаруға
болмайды» [6].
Ғалымның бұл пікірі түрколог И.Н.Шервашидзенің көзқарасымен байланыстыруға
болады: «Общетюкское название желчи - *ö:t отражено в современном чувашском языке
(потомке древнебулгарского) как vat. В древнебулгарском должна была существовать форма
*awat с последующейц редукцией начального краткого а – (нормальный рефлекс
общетюкского*ö: b чувашском - ava- в инлауте и va – в анлауте... Что касается второй части
имени Атиллы, то здесь, по наему мнению, можно усматривать общетюкское *däli `
безумный, безрассудный. В древнебулгарском эта основа должна была трансформироваться
в *tili, ср.: чуваш.tilĕ–r-`беситься; приходить в ярость, свирепеть, неситовствовать,
бесосноваться`. Итак, если имя Атиллы этимологизировать на тюкской (древнебулгарской)
почве, то оно должно было звучать как *Аwat – tili и означать дословно `яростно(желчно) –
бешеный(безумный). Подобные имена – не редкость среди имен тиранов; ср.: король
Наварры Карл ІІ Злой (Carlos II el Malo), турецкий султан Селим І Свирепый (Selim I Yavus) ,
царь и великий князь вся Руси Иван Грозный (Иван Васильевич ІV Грозный) и т.п.»[7,80].
Жоғарыдағы пікірлерді түйгендей келген автор өз мақаласында Атилла есімінің «өт»
сөзімен байланыстылығын атап өтеді. Яғни ежелгі түркі тіліндегі «өт» қазіргі қазақ тілінде
де «өт» мағынасында қолданылатынын айта келе: «...Қазақ тілінде «өтің жарылып кетсе де
айтайын» -деген сөз тіркесі бар. Яғни «өт» сөзі бұл жерде ашу шақыратын жайттарға
байланысты айтылып отыр. Бұқар жыраудың Абылайға қарата айтқан: «Өтіңменен жарылма,
өкпеңменен қабынба» – деген әйгілі сөзі бар. Ашулы, ызақор, күйгелек ұғымдарына қатысты
«өт» сөзі қолданылған» [8], – дейді.
Сол сияқты ғалым И.Н.Шервашидзе осы айтылғандардан төмендегіше ой қорытады: «1.
В ностоящее время имеются серьезные доводы в пользу принадлежности языка сюнну
(=гуннов) к тюркским языкам (вовсяком случае, тюркский компонент среди гуннов должен
был быть весьма существенным); 2. Булгарское истолкование имени Атиллы (=*Abat-tili)
позволяет обьяснить эллинизированную передачу этого имени как Авитохол в дунайско-
булгарском именнике. Греческая передача сохранила , по-видемому, как общее звучание
имени (с некоторыми, вероятно, каламбурными искожениями), так и его значение
(«желочный,яростный»). Более того, трактовка имени Атиллы как слововложения позволяет
парировать главный фонетический аргумент противников тюркской этимологии,
нехарактерность иминированных согласных для древнетюркскогог. В свете предложенного
объяснения толкование Atilla на герменской почве как «батюшка» следует признать
народный этимологией, результатом приспособления иноязычного (древнебулгарского)
имени *Аwat – tili к германской языковой среде[8,81]. Қазақ хандығының негізін
61
қалаушылар Керей мен Жәнібек, үш жүздің басын қосқан Абылайхан бабамыздың ерлік
істері мен ұстанымдары сонау ежелгі дәуірлердегі ғұн қолбасшысы Аттиланың ерлік
дәстүрлерінен тамыр тартады. Бүгінгі таңда, өткенімізді қайта зерделеу елдік мүддеміз
болып отыр. Себебі өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес. Нобел сыйлығының
иегері, жазушы Джордж Оруэн былай деген болатын: «Кім өткенді бақылай алса, сол
болашақты да бақылай алады», – деген болатын.
Сайып келгенде, көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, ұлағатты ұстаз Сәбит Жәмбектің көне
түркі жазба ескерткіштері тақырыбында жазылған зерттеу мақалаларының әрқайсы ғылыми
мән-маңызы зор, тұжырымды ой түйіндері нақты берілген рухани дүние десек болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Жәмбек С.Н.«Орхон жәдігерліктері – әдеби мұра» //Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университетінің Хабаршысы. 2006. №3(12) – 176-179 б.б
2 Жолдасбеков М. «Асыл арналар», – Алматы, 1986, 69 б.
3 Кенжебаев Б. Қазақ өлеңінің құрылысы туралы. – Алматы, 1955, – 21 б.
4 Жәмбек С.Н. Күлтегін//Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Хабаршысы
2008. №1-2. – 203-208 б.б
5 Керімбеков М. Тарихта көне түріктер әлемінің тілі мен әдебиетінің зерттелуі//Тараз мемлекеттік
педагогикалық институтының Хабаршысы.2013, №16.– 63-70 б.
6 Жәмбек С.Н. Ғұн, сақ жазулары және тілі мен Атилла есіміне байланысты кейбір
мәселелер...//«Қозыбаев оқулары-2015: ғылым мен білімнің даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференция Материалдары.– Петропавл, 2015. 80-84 бб.
7 Сартқожаұлы Қ.Хунну жазуы //Әлем. Альманах.№ 1. – Алматы, 1991. – 80 б.
8 Советская тюркология. №3, Баку,1989, –81 с.
ӘОЖ 811 (5Қ)
АСАН ГҮЛБАР ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ
ЖУКЕНОВА СҰЛУШАШ КӘКЕНОВНА
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Көкшетау, Қазақстан
assangulbar99@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |