142
өкінген, жиренген - әйтеуір өзегін өртеген бір жаман сезім пайда болды. Төрдегі таза төсенішті
былғап кеткен күшікті желкесінен ұстап, өз тезегіне өзінің тұмсығын тигізсең, қандай жеріп,
қыңсылап, кейін шегінеді. Артына қарағанда, Ақбілек те сол күшік тәрізді болды. Қарағысы
келмеді, теріс айналды» [2, 177].
Осы үзінді роман жанрының психологиялық екенін айқындай түседі. Намысы
тапталғаннан кейінгі қыздың қорлануын жазушы бейнелі суретпен көз алдымызға дәл
келтіреді.
Ақбілектің аяғы ауыр екенін жазушы әуелі нақты айтпайды, жанамалай білдіреді.
«… тағы бір
өрге шыққанда аяғы қорғасын құйғандай ауырлап кеткен тәрізденді; сүйектері сынып бара
жатқандай болды. Ақ сүйек ойнағанда ор қояндай орғып, бір қажымайтын аяғы түскірге не болды?
[2, 177]. Қыз тәжірибесіз болғандықтан екіқабат екенін білмейді. Қыздың аяғының ауырлап кетуі –
деталь. Жазушы Пушкиннің «бәрін айтпау» деген қағидасын ұстанған.
Жолда бір ауылға тоқталғанда да қыз кедейдің үйіне барғанды қалайды. Себебі
көпшіліктің көзіне күйсіз қалпында түскісі келмейді, бейсауат жүрісінен де қысылады.
Мұнда да қыздың байыптылығы, ақылдылығы білінеді. Аулына келе жатып Ақбілек өз-
өзінен жирене бастайды: «Енді бұрынғы нәрестедей уыз денесі былғанып, арамданып қалған
тәрізді, бұрынғы кіршіксіз, аппақ кеудесіне енді қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді; күнә-
сұмдықты білмейтін ақ жүрегі арамдықтың неше атасын біліп, бұрынғы қыз басы қатын боп
қалған тәрізді: бұл былғанған дененің кірі, жанның күнәсі өмірі тазармайтын тәрізді. Өз
аулының тауына, жеріне жақындаған сайын таза жерді басуға өзінен-өзі ұялып, атылып өліп
кетпей, қара мұрттың мылтығына бекер-ақ жармасқан екем деген өкініш пайда болды; ит
жалап кеткен ыдыстай, өзінің денесін де арам деп білді…»
[2, 194]. Бұл монолог Ақбілектің
ішкі арпалысын, тартысын білдіреді. Ақбілек аулына келгенде біраз уақыт ауыл адамдары
оған бәйек боп, жаны ашитындай, сыйлайтындай көрінеді. Ақбілек «жұрттың көзқарасы
маған өзгермепті, менен ешкім жиренбейді екен» деген ойда болады.
Сіңлісі Сара мен інісі Қажікенді күтіп, бауырмалдығын көрсетеді.
Бірақ Ақбілекте басқа қайғы пайда болады. Әкесі бұрын қызы дегенде өліп тұратын
болса, енді қарамайтын, сөйлемейтін болған. Онсыз да қорланып жүрген Ақбілекке әкенің
суып кетуі ауыр тиеді.
«Әкесінің қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен,
Достарыңызбен бөлісу: