Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Атымов М. «Қ.Жұмалиев: өмірі мен творчестволық қызметі»
Алматы, 1987ж.
2. Сүйіншәлиев
Х.Қазақ
әдебиетінің
тарихы.
Оқу
құралы.
Алматы,1997
3. Жұмалиев Қ. «XVIII-XIX ғасыр қазақ әдебиеті» Алматы, 1967 ж.
4. Жұмалиев Қ. Стиль -өнер ерекшелігі. Алматы: Жазушы, 1966-228б.
5. Мамыров А.Ы. Қажым Жұмалиев – эпостық жанр зерттеушісі.
59
ӘОЖ 82 (574)
ҒЫЛЫМНЫҢ ШҰҒЫЛАЛЫ ҚИЯСЫНДА
Насиева Ұ.Б.
№33 ЖОББМ жоғарысанатты,педагог-зерттеуші,
ІІІ деңгейлі сертификатталған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі»
Н.Ә.Назарбаев
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын
үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір,
батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы
жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны
әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату
жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.
Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша
маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды
қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам
басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты
болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Ел Президенті аталмыш тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше
басымдық беріп отыр. «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», –
деген Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз
Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып
кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті,
ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға
болуына маңыз береді. Осы бағдарда ол бабалар ұлағатымен астасып
жатқан зерделі ойы мен парасатты пайымын білдіреді: «Білімді, көзі
ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар
қасиет.«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды »
дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен
білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Аға буындардың кейінгі ұрпаққа өнеге етіп қалдырып кеткен
еңбектерін қазіргі таңда оқуда да, өмірде де пайдаланып келеміз.Сол
ағаларымыздың бірі-Орал өңірінде,Қаратөбе елді мекенінде дүниеге
келген
қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы, қазақ
филологиясында
ең алғаш болып 1941 жылы «ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ
60
әдебиеті тарихы» тақырыбында кандидаттық, 1946 жылы «Абайға
дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» тақырыбында
докторлық диссертация қорғаған көшбасшы ғалым, көрнекті қоғам
қайраткері, зергер жазушы, академик Қажым Жұмалыұлы
Жұмалиевті айтуға болады. Отыз жылға жуық ғылыми,
педагогикалық және әдеби қызметі ішінде Қ.Жұмалиев жүзге жуық
ғылыми еңбек жазды және жарияланды. Бірақ Қ.Жұмалиевтің
шығармашылық дарыны сан қырлы болды. Қ.Жұмалиевтің осы
жылдары туған поэтикалық шығармалары “Шабуыл” (1933), “Қанды
асу” (1934), “Өмір өлеңдері” (1938) сияқты өлең кітаптарын құрады.
Орыс тілінде Қ.Жұмалиевтің екі кітабы “Таңдамалы” (Алматы , 1958)
және “Даладағы күрес” (Мәскеу, 1959) өлеңдер мен поэмалар жинағы
басылып шықты. Сондай-ақ, Жұмалиев Әбу Сәрсенбаевпен бірлесіп
“Арбасу” батырлық пьесасын жазған драматург ретінде де белгілі.
Қ.Жұмалиев “Біржан-Сара” операсының либреттосын жазған. 1944
жылы ол жеке жинақ болып шыққан бірнеше әңгімелер жазып, күшін
прозада да сынап көрді. Асфендияров, Жансүгіров, Камаловтарға
арналған мемуары оның соңғы әдеби еңбегі болып табылады.
Жұмалиев зерттеулерінің бір саласы – әдебиет теориясына
қатысты еңбектері. Ғалымның бұл саладағы еңбегі 1938 жылы
шыққан “Әдебиет теориясы” деген кітабынан басталады. Бұл – қазақ
тіліндегі А.Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышынан” кейінгі
әдебиеттану терминдерін жүйелеуге арналған екінші талпыныс
болатын. Өмірінің соңғы жылдары Жұмалиев әдеби стиль мәселесін
зерттеуге ден қойды. Ғалымның бұл ізденістері “Стиль – өнер
ерекшелігі” атты кітабына негіз болды. Мұнда ол жалпы әдебиеттегі
стиль туралы ұғымды, жазушы стилі жайлы түсініктерді жаңа
пайымдаулармен толықтырды.
Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров,
С.Мұқанов,
Т.Жароков,
Сәрсенбаев, Камалов, Д.Әбілов, т.б. ақын-жазушылардың өзіне тән
стильдік ерекшеліктерін талдап көрсетті. Жұмалиев өмірінің отыз
жыл уақытын оқытушылық қызметпен өткізді. Қазақ әдебиеттану
ғылымы мамандарын даярлауға елеулі үлес қосты.
Қ.Жұмалиев - қазақ әдебиеттану ғылымында ең алғашқы болып
1946 жылы «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының
тілі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған ғалым-ұстаз.
1946 жылы жазылған “Абай поэзиясының тілі” атты ғылыми
монографиясы ғалымның үлкен жеңісі болды. Бұл кітап оның 1946
жылы тамаша қорғалған докторлық диссертациясы болды. Осы жылы
ғылым докторы болды, сонымен бірге Қазақ КСР Ғылым
академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды.
61
Ғалымның «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай
поэзиясының тілі» (1946) еңбегі абайтануға қосылған үлкен үлес
болып қабылданды. Онда Жұмалиев Абайдың өмірі мен
шығармашылығына кең талдау жасаған.Қазіргі таңда ақын-
жазушылардың еңбектерін күнделікті сабақта оқытып,талдатып
жүрміз.Соның бірі Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі.«Сегіз аяқ» өлеңінде
ақын өз кезіндегі өмір шындығын көрсетуден туған өлеңдерінің бірі,
мұнда бір жағы – сын, сықақ болса, екінші жағы - өсиет, ғибрат
беру.«Сегіз аяқ» өлеңі 1 шумақ
«Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған -
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл
«Сегіз аяқ» өлеңіне Абай тыңнан қосқан шумақ өрнегін көріп
отырмыз. Өлеңнің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық
құрылысы өзгеше өрнектелген.
Шумақ 5 - 8 буынды, тармақтары жүйелі түрде үйлесіп, араласып
түзілген. Алдыңғы 6 тармақ тезис есебінде болса, соңғы 2 тармақ
ақындық ой қорытылады. Бұл өлең қазақ поэзиясында жаңа туынды.
«Сегіз
аяқ» өлеңінің
өлшемін,
шумақтың
өрнегін
Ш.
Құдайбердиев, А. Байтұрсынов т. б. ақындар да қолданған.
«Сегіз аяқ» өлеңі - өз заманындағы өмір шындығы көрсетілген
өлеңдерінің бірі.
Абай өзінен бұрын ешкім таппаған қиын ұйқасты шебер
түрлендіріп, әдейі арнап ән де шығарған.
Түбінде баянды еңбек - егін салған
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған – өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған., қара өлең ұйқасы
Білімдіден шыққан сөз, а
Талаптыға болсын кез. а
Нұрын, сырын көруге, -
Көкірегінде болсын көз. а
Жүрегі – айна, көңілі ояу, б
Сөз тыңдамас ол баяу, б
Өз өнері тұр таяу, б
Ұқпасынба сөзді тез. А араласұйқас
62
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушыныңқұлағынкесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдіңәсері бар. Қара өлең .Абай қазақ поэзиясын
әрі мазмұны, әрі көркемдігі жағынан жоғары сатыға көтерді. Өзіне
дейінгі қазақ өлең құрылыстарындағы табыстарды пайдалана отырып,
оны дамытуға күш салды. Жаңа мазмұнға жаңаша түр іздеді, бұл
салада да Абай тарихи мәні зор ұлы өзгерістер жасады.Абайдың тағы
бір
ерекшелігі-дүниежүзі
мәдениетінің
жақсы
үлгілерімен,
философиялық терең ойларымен таныстырғанында еді.Оның
таланттылығы, үлкен мәдениеттілігі, өз халқының болашағын дұрыс
түсінуі,идеясы
жоғары,
көркемдігі
үздік
мұра
қалдырып,
әдебиетіміздің негізін салу биігіне көтерді.
Ғалымның тағы бір кеңкөлемде бірінші рет зерттеген еңбегі–
Махамбет шығармашылығы еді.Бұл саладағы қызметін ол ақын
өлеңдерін жинап бастырудан бастаған (1938). 1948 жылы “Махамбет”
атты монографиясын жариялады. Монографияда Исатай – Махамбет
көтерілісінің тарихына қатысты тың деректер келтірілген. Ғалым осы
тақырыпты зерттей жүріп Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан
Азаматқызы, Ығылман Шөрекұлы шығармаларын бірінші болып
талдап, ғылыми айналымға енгізді.
9-сыныпта
өткен
«Махамбет
Өтемісұлының
өмірі,
шығармашылығы» талдау барысында Махамбет жырларының
құрылысына,
көркемдік
ерекшелігіне
үлкен
мән
берген.
Махамбеттің жыр еткен тақырыбы ерлік, халықты ерлік қимылға
үндеу. Сондықтан жайма-шуақ жәй кездегі көңіл күйін көрсетуге
қолайлырақ келетін 11 буынды өлеңдерден гөрі, қимыл-әрекетті,
алыс-жұлыс, жортуыл тәрізді өмір құбылыстарын суреттеуге лайықты
жыр ағымы, 7-8 буын аралас келетін өлең ырғағы оған анағұрлым
ыңғайлы тәрізді.Он бір буынды өлең Махамбетте біреу-ақ. "Мінгені
Исатайдың Ақтабан-ай". Басқа өлеңдерінің бәрі де не 7 мен 8
буыннан, не таза 7 буын болып келеді.Махамбет өлеңдерінде (11
буынды, қара өлең ұйқасымен келетін бір-ақ өлеңін есепке алмағанда)
үш түрлі ұйқасты кездестіреміз: шұбыртпалы, кезекті, ерікті ұйқастар.
Ақын көбінесе шұбыртпалы ұйқас пен ерікті ұйқасты көбірек
қолданады. Өйткені бұл екі ұйқастың екеуі де ақынның айтайын деген
ой-пікірін дәл беруге ыңғайлы, белгілі бір заңды өлшеуге бағынған
шумақты, ұйқасты өлеңдерден шеңбері тарлық етпейтінге
ұқсайды.Махамбет шығармашылығын ғылыми тұрғыдан талдап,оның
қазақ әдебиеті тарихынан алатын орнын айқындап,саф күйінде келер
ұрпаққа ұсынған ғалым еңбегін қазіргі таңда қолданып отырмыз.
63
Сөзімді қорытындылай келе,қаншама қысымшылық, қуғын көрсе
де ғалым туған әдебиетке, ғылымға деген сүйіспеншілігі мен
адалдығын мәңгі сақтаған. Ғылым мен әдебиет тарихының әрбір
кезеңді тұстарында туған халқының абыройы мен атағын көтерген
жайсаң жандардың қатарында асыл аға тұратын болады.
Ол расында да ғылым жүгін ауырсынбай көтерген қайыспас қара
нар еді... Ол ғылымның арын да өз арындай қорғаған. Сондықтан да
ізденімпаз ғалымның аты өшпек емес. Қазірдің өзінде де шұғылалы
қиядан алау болып маздап тұрғандай...
Достарыңызбен бөлісу: |