Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет34/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86
Сіздерге 
ұнаған 
жағымды 
әсерін 
жазыңыз  
Сіздерге 
түсініксіз, 
жағымсыз 
әсерін 
жазыңыздар  
Білетін 
және 
білгіңіз 
келіп 
қызықтыратын 
мәселе  туралы  ұсыныстар 
мен сұрақтар жазыңыздар  
 
 
 
  
Ал оқытушы өзіне Менің жүргізген жұмыстарымның нәтижелері 
қандай? Мақсатыма қалай жеттім? Бұдан да жақсы жасауға бола ма? 
Әрі қарай не жүргіземін? деген сұрақтар қою арқылы өзін ары қарай 
дамытады деп ойлаймын.  
Бұл  жоба  нәтижесі  бойынша  студент  өз  бойында  мынадай 
құзіреттіліктер  қалыптастырады:  аналитикалық,  яғни,  түрлі 
салалардағы  білімді  интеграциялауды  білді,  жобалаушы  –  мақсатты 
анықтауда  жобаны  іске  асыруға  дағдыланды,  зерттеушілік  – 
мәселені  анықтады,  ақпараттарды  жинақтауға  дағдыланды,  болжам 
құрды,  баяндама  жазды.  Сонымен  қатар  білімін  әр  пәндік  салада 
кеңейтеді,  түрлі  қоғамдық  жұмыстармен  танысады,  шығармашылық, 
белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады. 
Жоба 100 баллдық жүйемен бағаланады.  


95 
 
 
 
Ата-бабамыздың  бойындағы  ең  жақсы  қасиеттер  мен  үлгі 
аларлық істерін бүгінгі ұрпақ жалғастыруға тиісті. Соның бірі – «Жеті 
атасын  білген  ұл,  жеті  жұрттың  қамын  жер.  Жеті  атасын  білмеген, 
құлағы  мен  жағын  жер»  деп  халық  даналығында  айтылғандай,  жеті 
атасын жете білуге баулу. Бүгін жеті атасын білмейтін жетесіз ұрпақ 
қалыптасып  келеді.  Бұл  жұмыс  арқылы  студенттер  осы  дәстүрдің 
сақталуының  әлі  күнге  өзектілігін,  басқа  жағдайда  оның  зардаптары 
туралы  білді,  дана  халқымыздың  ешқандай  оқу-тоқусыз  ерте 
заманнан  жеті  атаға  дейін  қыз  алыспаған  көрегендігіне  куә  болды. 
Демек, жобаның СМАРТ-мақсаты орындалды:  
 
 
Сонымен, студенттерге дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз 
бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – 
жобалау  технологиясының  негізі.  Нақты  тақырып  төңірегінде 
студенттің алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа жетудегі 
іс-әрекетін  жоспарлап,  бағыттап  отырсақ,  олардың  бойында  қажетті 
құзіреттіліктерді  қалыптастыра  отырып,  белгіленген  нәтижеге  қол 
жеткіземіз.  Конфуцийдің  естігенімді  –  ұмытамын,  көргенімді  есте 


96 
 
сақтаймын,  өзім  істегенімді  меңгеремін  дегені  –  бұл  технологияның 
негізгі ұстанымы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет