Использованная литература:
1. «О
переходе
казахского
языка
на
латиницу»
указ
Н.Ә.Назарбаева от 26 октрября 2017 года
2. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру // Қазақстан
Республикасы Президентінің ресми сайты. Астана 12 сәуір, 2017
3. Аяган Б.Латиница – осознанный выбор нашего народа
4. Хайрушева Ж. -ИТМПЕГД ФАО НЦПК «Өрлеу» - Тараз
5. https://tengrinews.kz/article/639/
ӘОЖ 811.512.122 (574)
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІН ЖОБАЛАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Қалиева А.Т.
М.Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
Қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, магистр
Орыс тобында оқитын студенттің кез келгенінен қазақ халқының
қандай салт-дәстүрін білесің, атап берші деп сұрасаңыз, ол
мүдірместен бесікке салу, тұсау кесу, құда түсу, беташар деп жауап
береді. Өйткені, ол бұл салт-дәстүр көріністерін жыл сайын Наурыз
тойында көреді. Ал басқа тек қазақ халқына тән тамаша дәстүрлеріміз
туралы біле бермейді, мысалы бата беру (дастархан батасы, жаңа
туған сәбиге бата, тұсауын кескенде берілетін бата, жас жұбайларға
берілетін бата, жолаушыға берілетін бата, т.б), ауыз тию (біздің
халқымыз үйге кірген адамды дәм ауыз тигізбей шығармайды, «Қуыс
үйден құр шықпа» деген мақал осының дәлелі), жеті ата (жеті атасын
білу, өзінің тегін білу, жеті атаға дейін қыз алыспау), сүйінші сұрау
(жақсы жаңалықтың жаршысы болу), ерулік беру (жаңа көшіп келген
көршілерді қонақ ету) т.с.с.
Бағдарлама бойынша Қазақтың салт-дәстүрлері деп жалпы
берілгендіктен, біз студенттерге таныс емес салт-дәстүрлерді оқытуға
93
тырысамыз. Өйткені қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің де,
тарихының да, тілінің де мол қазынасы әдет-ғұрып, салт-дәстүрінде
жатыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен
музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда
ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деп бекер айтпаған.
Қазіргі кездегі орыс тобында оқитын студенттердің тоқсан пайызы
қазақ ұлтының өкілдері. Сондықтан олардың танымын, сана-сезімін,
ұстанымын, болашаққа аттаған қадамын қазақ халқының ұлттық
құндылықтары арқылы, озық үлгідегі салт-дәстүрлері арқылы
тәрбиелеуге болады. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді оқытып, оны
күнделікті өмірде қолдана білгізу арқылы асыл мұраларымызды
сақтап, қасиетті қазынамызды қадірлей аламыз. Осы мақсатта
қазақтың жеті ата дәстүрін жобалау технологиясымен оқытуды қолға
алдым. Бұл технологияның басты мақсаты - студенттердің
қызығушылықтарын арттыру, өз бетімен жұмыстарын жүргізу
арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін
қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы
студентті болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада
өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Сонымен, жобаның тиімділігі –
көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, студентті ізденіске,
іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру
арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми
ізденіске жетелеуде. Жобалау технологиясының негізінде –
студенттердің жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын
шығармашылық жұмыстары жатыр. Біз жобамыздың атауын жеті ата
деп алып, тақырыбын Халықтық генофондты таза сақтау деп қойдық.
Жастардың жеті атасын білмей, өз туыстарына үйлену себебінен,
кемтар балалардың көп туылуы – жобаның көтерген негізгі мәселесі
болды. Жобаның зерттеушілік түріне жататын бұл жұмыстың
мақсаты - қазақ халқының жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрінің
дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл жоба бір апта мерзімге жоспарланған. Дайындық кезеңінде
студенттермен бірлесе отырып, жоба тақырыбы анықталады. Топтағы
әрбір студенттің пікірі ескеріле отырып, жобаның түпкі мақсаты
негізделеді. Ұйымдастыру кезеңінде студенттерді топқа бөлу, ақпарат
жинау және талдаудың жолдарын көрсету, әрбір топ мүшесі
алдындағы жұмысын анықтау, жұмыс істеу кезеңдері жоспарланып,
нәтижеге жету уақыты белгіленеді. Біздің жағдайымызда студенттерді
үш топқа бөліп, бірінші топ мәселені биологиялық тұрғыда зерттесе,
екінші топ медицина ғылымында жеті атаға толмай қыз алысудың
салдарынан болған дерттер туралы ақпараттарды жинақтау, негіздеу
94
жұмыстарымен, үшінші топ шариғат заңдарының бұл дәстүрге
көзқарасын талдаумен айналысты. Жүзеге асыру кезеңінде жиналған
түрлі ақпарат талданып, нәтижені талдап, салыстырып, зерттеудің
нәтижесі шығарылады. Студенттер зерттеу әдісі ретінде жеке және
жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру, дәрігерлермен және
мешіт имамдарымен сұхбат, салыстыру, талдау, жинақтау әдістерін
қолданды. Презентация кезеңінде студенттер жұмыс қорытындысын
аудитория алдында қорғайды. Алынған нәтиже туралы есеп береді.
Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдениетін ескере отырып, бір-
бірінің ойларын жалғастырып отырады. Проблемалық сұрақтар қоя
отырып, студентті сөйлетуге мүмкіндік жасайды. Бағалау кезеңінде
алдымен студенттер өз-өздеріне баға береді. Одан кейін оқытушы
шығармашылық жұмысты бағалайды, топтық жұмыстың нәтижесін
талдай отырып, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді,
яғни бұл жобаның өнімі – баяндаманы жазуды тапсырады. Рефлексия
кезеңінде студенттерге төмендегідей кесте таратылып, толтырылады:
Достарыңызбен бөлісу: |