98
Осы тақырыптар бойынша өткізілген сабақтың дамыту
әдістеріндегі оқушылардың ойтолғау жүйесіне назар аударамыз.
Тәлім-тәрбие сабағы: «Адам боп оңай туғанмен, адам боп қалу
көп қиын» тақырыбындағы шағын ойтолғаудан басталады.
«...Адам баласы – әрекет иесі, қоғамның қожасы, барлық
жақсылықтың да, жамандықтың да бастамасы. Адам мен адамның
қарым-қатынасынан не жасалынбайды: байлық та, батылдық та,
жауыздық пен парасатылық та - бәрі-бәрі де жасалады.
Адам баласы – дүниеде теңдесі жоқ, ешнәрсемен құнын
бағалауға болмайтын қоғамда ең басты қозғаушы күш. Адам -
топталып жүрген
тобыр емес, далада кезген аң емес, ұшып жүрген құс
емес. Адам ішінде адамы бар, тіпті, құнын жоғалтушы - аласы мен
құласы бар, әйтеуір – бәрі де бар. Бірақ «Адам боп оңай туғанмен,
адам боп қалу көп қиын» -деген даналық сөз бар. Бүгінгі сабағымызда
өтілген тақырыптарды жүйелеп, бекіте отырып, осы тақырыпта ой
толғаймыз, пікір алмасамыз.
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы не
туралы?
- Адамгершілік туралы, яғни «Адам боп оңай туғанмен, адам боп
қалу көп қиын» тақырыбы.
- Ал, теориялық тақырып?
- Құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау.
(Оқушылар құрмалас сөйлемнің түрлерін еске түсіреді, дайындап
келген мысалдарын оқиды, синтаксистік талдау жасайды.)
Достарыңызбен бөлісу: