Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ӨЛКЕТАНУ



Pdf көрінісі
бет44/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ӨЛКЕТАНУ 
МҰРАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Ергалиева Г.А. 
 педагогика ғылымдарының кандидаты, 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
Жұмағали Н.Д.  
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 
университеті, магистрант 
 
Қазақстанның  тәуелсіздік  алып,  егеменді  ел  ретінде  жаңа  даму 
жолына түсуі  қоғамның жалпыадамзаттық құндылыққа бағдарланған 
жаңа идеологиясын қалыптастыруды қажет етеді.  Бұған патриотизмді 
де жатқызуға болады. Ол жас өркеннің өз өлкесін ұғынып, түсінуінен 
бастау алады.  
Өлкетану  жұмысының  қазіргі  кездегі  маңыздылығы  туралы 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев,  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы: 
Жалпыға  Ортақ Еңбек  қоғамына қарай 20 қадам» атты Жолдауында, 
қазіргі кезде еліміздегі оқу – ағарту саласында, өте көкейкесті болып 
табылатын  өлкетану  сынды  пәннің  жоқтығын  атап  көрсетті  [1].  Оқу 
үдерісінде өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру мен оның деректерін 
пайдалану  тек  тәуелсіздік  алған  тұстан  бері  қозғалып  келе  жатқан 
мәселе  емес  ол  өз  тарихында  ұзақ  даму  жолынан  өтті.  Ұрпақтан-
ұрпаққа  жалғасқан  мәдени-рухани  мұралар,  тастағы  жазбалардағы 
өсиет,  өнеге,  нақыл  сөздер,  өлкетану  мұражайларына  орналасқан 
жәдігерлер қазіргі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді 
ұялатып,  олардың  туған  жерге,  өскен  елге,  ұлт  мәдениетіне  деген 
сүйіспеншілік  қасиеттерді  қалыптастыруға  игі  ықпал  етеді.  Қазақ 
халқы  ежелден  –  ақ  қоршаған  орта  болмысын,  оны  бүкіл  өзінің 
шаруашылығының  дамуы  мен  қалыптасуының,  тіршіліктің  даму 
жүйесінің көзіне айналдыра білген. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде 
табиғатты  пайдаланумен  қатар,  оны  аялаудың,  қорғаудың  тамаша 
үлгілері қалыптасқанын байқауға болады. Туған өлкедегі табиғат пен 
тарихты,  шаруашылық  пен  саясатты,  мәдениет  пен  адамдардың 
тіршілік  әрекетін  қосып  адамға  ауқымды  білім  мен  тәрбие  беретін 
өлкетану  психолого  –  педагогикалық  мәселе  ретінде  зерттеушілерге 
әрқашанда үлкен қызығушылық тудырған [2]. 
Алғашқы  өлкетанымдық  зерттеулердің  алғышарттарын  біз  көне 
дәуір  оқымыстылары  Геродот,  Эмпедокл,  Гиппократ,  Теофсраст 


110 
 
еңбектерінен  байқауымызға  болады.  Өлкенің  құбылыстарын 
зерттеушілер  өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемінің  қоршаған  ортаға 
тәуелділігін  қарастырған  [3].  Ел  ішінде  халқының  болашағы  үшін 
жұмақ  өмір  іздеген  Қорқыт  ата,  Асан  қайғы  туралы  толып  жатқан 
аңыз - әңгімелер бар. Қорқыт атаның даналық мұралары тұтас жылдар 
бойы ұлттық дүниетаным мен өлкетанудың негізгі өзегі болды. Асан 
қайғы  толғауларында  туған  елінің  табиғаты,  жер  бетінің 
ерекшеліктері  мен  оның  қойнауындағы  байлықтары,  өсімдік  – 
жануарлар  дүниесі  кеңінен  сипатталады.  Ол  жүрген  жеріндегі  әрбір 
өзен, көл, сай – сала мен елді мекенге сын айтып, баға беріп отырған. 
Өлкетану  деректері  бұрыннан  бері  халықтар  арасында  ауызша 
ұрпақтан-ұрпаққа таралып, жалғасын тауып келді. Ресей патшасы  I - 
Петрдің  жарлығымен  1718  жылы  13  ақпанында  өлкетанушылардың 
тапқан тарихи жәдігерлері, заттары патшаға жеткізіліп, өз өлкесіндегі 
ізденіс  жұмыстары  үшін  марапаттап  отыру  талап  етілді.  Бұл  сол 
кездегі қазақ даласына да қатысты еді. ХІХ ғасырдада Қазақстанның 
ғылыми-танымдық  өлкетануында  орыс  географиялық  қоғамының 
1868  жылы  құрылған  Орынбор  бөлімшесі  жетекші  орын  алды. 
Бөлімше  өлкенің  географиясын,  тарихын,  этнографиясын,  қазба 
байлықтарын  және  статистикасын  зерттеумен  айналысты.  Бұл 
бөлімшемен қатар Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми 
мұрағат комиссиясы (1887) ашылды. Раймханова К.Н.өзінің еңбегінде 
өлкеде  атқарылған  жұмыстарға  қазақтың  біртуар  ғалымдары 
Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов,  Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин 
және  т.б.  өз  үлестерін  қосқандығын  атап  өтеді  [5].  Еліміздің 
педагогикалық  тархында  1920  жылдан  бастап  өлкетану  жұмыстары 
бірте –  бірте жолға қойыла бастады. Осы жылы Қазақстанда зерттеу 
қоғамы  құрылды,  1921  жылдың  7  ақпанында  Қазақ  АКСР  Халық 
ағарту  комиссариаты  тарихи,  мәдени  ескерткіштерді  қорғау  туралы 
қаулы  қабылданды.  Онда  Халық  ағарту  комиссариатының  ғылыми 
бөлімінің  рұхсатынсыз  өлкедегі  тарихи  қорғандар  мен  ескерткіш 
орындар,  төбелерді  қазып,  өздігінен  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге 
тиым  салынды.  1924 жылы  зерттеу  қоғамы  өлкетанудың  бесжылдық 
жұмыс  жоспарын  қабылдады.  Онда  елді  мекеңдердің  орналасу 
картографиясың,  табиғи  байлықтарын  және  табиғат  жағдайларын 
зерттеу,  гидрографикалық  комиссия  құру  секілді  мәселелер  күн 
тәртібіне  қойылды.  Ең  маңыздысы  сонда  бұл  өлкетанымдық  зерттеу 
қоғамы  ауыл  шаруашылығындағы  мәселелерді  де  күннің  кезек 
күттірмес  мәселесі  ретінде  алға  қойып,  халыққа  өлкетану  ісіне 
байланысты  дәрістер  оқуды  мақсат  етті.  1929  жылы  барлық 
мұражайлар  мен  Қазақстанды  зерттеу  қоғамдары  алдында 


111 
 
ескерткіштерді  есепке  алу  жұмысы  кең  көлемде  жүргізіліп,  оларды 
ұқыпты түрде картаға түсіру мен сипаттау талап етілді. 
Егемендікке  қол  жеткізген  уақыттан  бастап  туған  өлкеге,  туған 
жердің тарихын оқытуға ерекше назар аударылды, себебі өз өлкесінің 
тарихын  білмей  ұлтжанды  ұрпақ  қалыптаспайды.  Бүгінгі  таңдағы 
білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және 
жан-жақты  дамыған,  білімді,  сауатты,  өмір  сүруге  бейім,  белсенді, 
қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. 
Бастауыш сыныптарда баланы өмірге дайындау үшін танымдық, 
тұлғалық дамытудың маңызы ерекше:  - зердесін дамыту; - эмоциясы 
мен  сезімдерін  дамыту;  -  кездойсоқ  қиыншылықтарға  төтеп  бере 
алуын дамыту; - өзіне - өзінің сенімділігін, өзін -өзі қабылдау, жақсы 
көруін  дамыту;  -  танымдық  үрдісін  дамыту;  -  өзін  -  өзі  алып  жүре 
алуын,  өзіндік дербестігін дамыту;  - өзін - өзі көрсете алуына, өзін  - 
өзі  жетілдіруге  деген  ынтасын  дамыту  болып  табылады.  Көрнекті 
психолог  Л.С.Выготскийдің  тұжырымына  сүйенсек,  бала  қиялының 
дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Баланың 
қиялы  біртіндеп  өмір  тәжірибесінің  молаюына  байланысты 
қалыптасады. Қиялда болатын барлық бейнелер, қаншама таңғажайып 
болып көрінгенімен баланың өмірден алған әсеріне негізделеді. Кейде 
бала  өмірде  кездескен  кейбір  жағдайларды  өзіндік  қабылдаумен 
түсіндіргенде,  бізге  ол  күтпеген  жағдай  болып  көрінеді. 
В.С.Мухинаның  пайымдауынша  бастауыш  мектеп  жасындағы 
балаларда  мінез-құлық  мотивациясы  мінез-құлықтың  саналылығы 
күшейеді,  мотивтер  мен  қажеттіліктер  көлемі  ұлғаяды,  рухани  және 
материалды  қажеттіліктер  сферасы  кеңейеді,  қарым-қатынасқа  деген 
қажеттілік,  жетістікке  жету,  бастапқы  басқарушылық,  әлеуметтік 
қажеттіліктер  біртіндеп  нығая  түседі.  Әсіресе,  өлкетану  түйсіну, 
сезіну,  қабылдау,  ойлау,  зеійн  қою  сияқты  таным  үрдістері  дамуына 
жол ашады.  
Өлкетанудың  зерттеу  объектісі:  табиғат,  жер,  территория,  сол 
жердің халқы, тарихы, шаруашылығы, өнері мен мәдениеті. Өлкетану 
ұғымын  түсіндіруде  көптеген  авторлар  оның  белгілі  бір  территория 
туралы  мағлұмат  жинау  ғана  емес,  сонымен  қоса  бір  факторлардың 
екінші  факторларға  әсерін  анықтау,  яғни  сол  жердегі  өмірдің  және 
табиғаттың кешенді көрнісін, тарихи тұлғалардың патриоттық-ерлігін 
насихаттап дәлелдеуге ұмтылады.  
Белгілі  ғалым-географ  Козлов  С.А.,  Куликова  Т.А.  өлкетануды 
«кішкене елтану» ретінде қарастырады. Ол: «Өлкетану – бұл мазмұны 
мен зерттеудің жеке әдістері жағынан әртүрлі, бірақ өзінің тұтастығы 
жағынан өлкені ғылыми және  жан-жақты тануға жетелейтін  ғылыми 
пәндер жиынтығы» деп тұжырымдайды[4].  


112 
 
Біздің  пікірімізше,  өлкетану  дегеніміз  өз  өлкеңді(ауыл,  аудан, 
қала)  жан-жақты  тану,  оның  қоғамдық  өмірін,  табиғатын, 
географиялық  орнын,  этнографиялық,  экологиялық  ерешеліктерін 
және табиғи, экономикалық, мәдени ресурстарын білу. 
Кеңес  одағы  тұсында  орыс  авторларының  өлкетану  саласында 
теориялық  және  практикалық  жұмыстарында  В.А.Сластенин, 
Г.Б.Корнетов,  Я.А.Коменский,  И.  Пестолоцци,  В.В.  Краевский 
зерттеген    [5].  Олардың  еңбектерінде  туған  өлкенің  табиғи,  тарихи 
ерекшеліктерін,  әлеуметтк-экономикалық  жағдайларын  зерттеудің 
жолдары  мен  әдістері,  өлкетану  жұмыстарын  ұйымдастыру  туралы 
мәселелер қарастырылады. В.В.Краевский оқу-тәрбие жұмыстарында 
өлкетануды  қарастыра  отырып,  оның  ғылыми,  практикалық, 
білімділік, тәрбиелік маңызын ерекше көрсетеді.  
Өлкетанудың 
теориясы 
мен 
әдістемесі 
Н.Н.Баранский 
еңбектерінде  біршама  қарастырылған.  И.В.Иванов  өлкетанудың 
педагогикалық  негіздерін  қарастырса,  П.А.Лярский  өлкетану 
бойынша  оқу  құралын  жазған.  Бастауыш  сынып  оқушыларының 
дүниетанымын  қалыптастыруда  өлкетанудың  маңызын  біршама 
ғалымдар  ерекше  атап  кеткен.  В.А.Сухомлинский  оқушылардың  ең 
алдымен  қарапайым,  одан  соң  күрделі  табиғи  объектілерді  бақылау, 
олардың  мәнін  түсінуі  ғылыми  дүниетанымды  қалыптастырудағы 
алғашқы  қадам  деп  қарап:  «Мен  балалық  шақтың  барлық 
жылдарында 
қоршаған 
дүние, 
оқушылар 
санасын 
жарық 
бейнелермен,  көрністермен,  түсініктермен  қамтамасыз  етуге 
тырыстым»- [6] деп жазады.  
Бүгінгі  таңда  білім  берудің  сапасын  көтеруде,  жас  ұрпақтың 
дүниеге дұрыс көзқарасын қалыптастыруда өлкетану маңызды, күшті 
құрал  болып  отыр.  Өлкетану  жұмыстары  оқушылардың  қоршаған 
дүние  құбылыстары  мен  заттары  туралы,  олардың  өзара 
байланысының 
заңдылықтары 
жайлы 
айқын 
түсініктерін 
қалыптастыруға  көмектесіп,  пәнге  деген  қызығушылықтарын 
арттырады. Өлкетану материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау 
жасауға мүмкіндік береді.    
Қазіргі  Қазақстандағы  түбегейлі  өзгерістер  адамның  еркін 
дамуды  таңдауы,  егеменділік  жоғары  білім  беру  жүйесінің 
құрылымына  өзгерістер  енгізуде.  Елімізде  қалыптасқан  нарықтық 
қатынастарға  байланысты  республикамыздағы  бастауыш  мектепте 
жүргізілетін  тәрбиелік  шаралардың  сапасына  жаңа  талаптар 
қойылуда. Тек қана оқу жүйесінің жаңаруы ғана емес, сонымен бірге 
жалпыадамзаттық құндылықтар ар, ождан, шындық, қайырымдылық, 
ұлтжандылық т.б. сана сезімнің өзгерісі байқалып отыр.  


113 
 
Бұл  мәселеге  байланысты  Қазақстан  Республикасының  «Білім 
туралы»  заңында  «…  жаңа  жағдайларға  сай  біздің  бәрімізді 
алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адамды тәрбиелеу 
ғана  емес,  қоғамдық  өмірдің  барлық  саласында  ұлттық  және 
дүниежүзілік 
құндылықтарды 
қабылдауға 
қабілетті, 
рухани 
адамгершілік  мүмкіндігі  мол  тұлғаны  қалыптастыру  болып 
табылады» [7]деп атап көрсетілген.   
Сондықтан  әр  саладағы  педагог  кадрларға  жастарға  өлкетану 
құндылықтары  арқылы  тәрбие  беруде  негізгі  методологиялық 
принциптерге сүйену қажет.   
1. ғылыми; 
2. ізгілік; 
3. демократиялық 
4. Қазақтан  Респуликасының  мәдени  салт  сана,    әдет-ғұрыптары 
мен атамекен, атакәсіп, атамұра құндылықтары; 
5. жүйелі 
түрде 
ұрпақтан 

ұрпаққа 
халқымыздың 
құндылықтарын жеткізу; 
6. патриоттық  тәрбиенің  тиімділігін  арттырудағы  қолданылатын 
әдістер т.б. 
Өлкетану 
құндылықтары 
арқылы 
тәрбие 
беруде 
бұл 
принциптерді шешу мақсатында келесі міндеттер алға қойылады: 
1) Өлкетану  құндылықтары  арқылы  тәрбие  беруде  бастауыш 
маектеп  жүйесінің  қызметінің  әдістемелік  және  басқару 
формасын жетілдіру
2) оқушылардың  жеке  қоғамдық  маңызды  сапаларын  өз  туған 
өлкесіне деген сүйіспеншілік, өз елін, жерін құрметтеу, қорғау 
т.б.жетілдіру, 
3) жаңа түрде жаңа заманға сай өз Отанының патриоты, жауапты 
тұлғаны  тәрбиелеуде  әрбір  тұлғаның  қызығушылығын 
арттыру; 
4) жанұя  жағдайын,  бастауыш  сынып  жасындағы  балалардың 
ортасы мен  іс әрекетін үнемі бақылауға алу.  
Жеке  тұлғаны  қалыптастыру  барысында  оның  өзіне  тән 
ерекшелігін  ескере  отырып,  көзқарасындағы  даралықты  анықтап, 
өмірде  болып  жатқан  өзгерістерге,  қоғамның  дамуына  немқұрайды 
қарамайтын  шын  мәнінде  өмірдегі  өзін  қоршаған  адамдарға 
жанашырлықпен,  сүйіспеншілікпен,  жауапкершілікпен  қарау,  сезімін 
бойына сіңіру үлкен абыройлы іс.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет