Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет41/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Ф.Ш.Оразбаева,  Г.Сағидолла,  Б.Қасым,  т.б.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Оқу 
құралы. –Алматы, 2005 жыл 
2. Қазақ  тілі:  әдістеме.  Республикалық  ғылыми  әдістеме  журналы, 
2010 жыл 
3. Қазақ тілі: әдістеме, 2013жыл 
4. Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте, 2010жыл 
5. Қазақ тілінің оқыту әдістемесі. – Алматы 
 
 
ӘОЖ 37.0(075.8) 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БОЙЫНДА  
ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Ергалиева Г.А. 
 педагогика ғылымдарының кандидаты, 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
Нәбиева Ж.Ж. 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 
университеті, магистрант 
 
Еліміз  тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  бері  балалардың  бойында 
отаншылдық  сезімді  жастайынан  қалыптастыру  мәселесі  күрделене 


102 
 
түсті.  Сондықтан  «Қазақстан  Республикасының  жастарына  үздіксіз 
тәлім-тәрбие  беру  тұжырымдамасында»  тәрбиенің  негізгі  мақсаты 
дені  сау,  ұлттық  сана-сезімі  оянған,  иманды,  ақылды,  парасатты, 
рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы 
жоғары  және  бойында  тағы  да  басқа  ізгі  қасиеттері  бар  азаматты 
тәрбиелеу  деп  белгіленген.   Қазақ  халқы,  яғни  біздің  ата-
бабаларымыз,  тәрбиенің  негізгі  мақсаты  сегіз  қырлы,  бір  сырлы, 
жетілген  адамды  тәрбиелеу  деп  санаған.  Тәрбенің  негізгі 
міндеттерінің  (бағыттарының)  ішінде  патриоттық  (елжандылық, 
ұлтжандылық)  тәрбие  ерекше  орын  алады.  Сондықтан  оқу  –  тәрбие 
ісінде  назар  аударып  отырған,  тәрбие  салаларының  бірі  – 
отансүйгіштік тәрбие. Қазақстан Республикасы – көп ұлтты іргелі ел. 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаев: 
«Елімізге бойында ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік 
қасиеті дамыған, егеменді елімізге аямай қызмет ететін, ой-өрісі кең, 
алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет»,  - деп, жас 
ұрпақ  бойындағы  ұлттық  патриотизмді  қалыптастыру  ісінің  ел  
өміріндегі  маңызына айрықша көңіл бөлген болатын [1, 14]. 
Ұлттық  дәстүрге  берік,  елін,  жерін  сүйетін  азамат  тәрбиелеу, 
оқушылардың 
бойына 
қазақстандық 
отансүйгіштік 
қасиетті 
қалыптастыру өскелең өмір талабынан туындап отыр. 
Қазіргі  кезеңде  “қазақстандық  отансүйгіштік”  ұғымына  зор  мән 
берілуде.  Көп  ұлтты  Қазақстан  халықының  отансүгіштік  сезімін 
қалыпастыратын – азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Егемен еліміздің 
тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың 
ынтымағы мен өзара жарасымдылығында.  
Туған  жер,  табиғат,  оның  байлықтары,  тіл,  дәстүр,  тарихи 
ескерткіштер,  туған  өлкедегі  тамаша  киелі  орындар  –  жалпы  ұлттық 
құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам 
көкірегінде  жылылық,  жақындық,  гуыстық  сезімдерді  ұялатын 
жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік қасиетті ұғым. 
Қазақстандық отансүйгіштікке келсек, ол тек қазақтардың ғана өз 
отанына  сүйіспеншілігі  емес,  онда  мекендейтін  бүкіл  ұлт  пен  ұлыс 
өкілдерінің  бәріне  қатысты  дүние.  Бұл  сезімнің  мағынасы  терең, 
аумағы  кең,  құдіреті  күшті.  Ол  өз  мазмұны,  өз  аясы  бар,  құдіретті 
күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл сезімнің оянып,  бірте-бірте 
күш  алып,  саналы  өзіндік  мәні,  өлшемі,  мағынасы  бар  біртұтас 
сезімге ұласуы обьективтік шарттылықтарды қажет етеді.  
Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір – қасиетін 
ұққанда,  тарихын,  өткен  жолын,  қиындық  мехнаттарын,  рухын,  тар 
жол,  тайғақ  кешулерін  көз  алдынан  өткізіп,  жанымен  сезе  білгенде, 
елдің  басын  біріктірген  жат  жұрттықтардан  жерін,  суын,  даласын, 


103 
 
тауын  қанын  төгіп  қайсарлықпен  қорғап  алған  ерліктерін  сезіп 
білгенде ғана, соған деген мақтаныш сезімі оянады. 
Отаншылдық  сезім  –  ұлт  рухының  деңгейінің  айнасы,  өлшемі. 
Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі 
мен  өз  еліне  деген  сүйіспеншілігін  дамытуды  ұлттық  қауіпсіздікті 
сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.  
Халықтың отаншылдық сезімін қалыптастыру үшін алғышарттар 
пісіп жетілуі керек. Сол алғы шарттардың пісіп жетілуімен сабақтаса 
адамдардың  сана-сезімі  артыпғ  жаңа  құндылықтарды,  оның  ішінде 
отаншылдық сезімді бойына молырақ сезінетін болады. 
Отансүйгіштік  сана-сезімі  болса,  ол  –  отан  құндылығы 
көрінісінің 
нәтижесі, 
өткендегі 
өмір 
сүрген 
ата-баба 
санасының қажеттілігі  мен  ұмтылысына,  құлшынысынан  туған  елдік 
салт-дәстүрлерді 
адамдардың 
санасындағы 
қажеттілігі 
мен 
қызығушылығы арқылы қабылдау. 
Әрзаманның  өзіне  тән  экономикалық,  саяси-әлеуметтік  және 
идеологиялық ерекшелігі болатыны айқын. Сол сияқты бүгінгі күннің 
азаматтарының  да  өз  талабы,  өз  ерекшелігі  бар.  Халқымыз  терең 
мағыналы  дана  сөзін  «Тауына  қарай  ақы,  заманына  қарай  заңы»  деп 
тауып  айтқан.  Жаңарған  ел,  жаңа  тіл  заңы,  тұжырымдамалар  мен 
бағдарламалар  тәрбие  жүйесіне  жаңа  көзқарастағы  азаматтар 
тәрбиелеуді талап етуде. 
Әрбір азамат өзін әлем бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түсіне 
отырып  өз  орнын  таба  білуге  ұмтылуы  ең  маңызды  мәселе  болып 
табылады. Әлемде өз орнын табу, яғни өз бойындағы мүмкіндіктерді 
тани білу және оның осал тұстарын дамыту ерекше мәнге ие. 
Педагогика  тарихында  түрлі  кезеңдерде  патриотизм,  советтік 
патриотизм,  ұлтжандылық,  қазақстандық  патриотизм,  Отанға  деген 
сүйіспеншілік,  оны  жүзеге  асырудың  жолдары  туралы  айтылған 
педагогикалық тұжырымды ойлар  бұл проблеманың  тамыры тереңде 
екендігін  көрсетеді,  яғни  дерек  көздеріне  сүйенетін  болсақ,  1898 
жылғы  ескі  «Энциклопедиялық сөздіктегі»:  «Патриотизм  – любовь к 
отечеству. ...привязанность къ своей культурной  средъ или к  родной 
гражданственности»,  -  деген  анықтама  біздің  пікірімізді  айқындай 
түседі  [2,  36].Ал  «Қазақстан»  ұлттық  энциклопедиясында: 
«Отаншылдық,  отансүйгіштік,  патриотизм  (грек.  patris  –  Отан)  - 
адамның  Отанына,  туған  еліне,  оның  тіліне,  салт-дәстүрі  мен 
мәдениетіне деген  сүйіспеншілік сезімі», - деп анықтама  берілген [2, 
218]. 
Ертедегі  грек  және  рим  ойшылдары  (Платон,  Аристотель,  т.б.) 
еңбектерінде  отансүйгіштік  тәрбие  идеялары  көрініс  береді. 


104 
 
Платонның пікірінше:  «Государство любить с самого детства и быть 
приспособленным  к  их  обязанностям,  чтобы,  то  есть,  сделать  их 
мужественными,  рассудительными,  свободными и тому подобное»,  - 
деп,  мемлекетті  сүюді,  оның  міндеттерін  жас  ұрпақтың  бала  кезінен 
бойына сіңіріп, ерлікке баулудың маңызы зор екенін айтады [3, 82]. 
Аристотельдің «Саясат» туралы еңбегінде: «Законодатель должен 
отнестись  с  исключительным  вниманием  к  воспитанию  молодежи 
любить  отечество,  так  как  в  тех  государствах,  где  это  нет,  и  самый 
государственный  строй  терпит  ущерб»,  -  деп,  отансүйгіштік 
тәрбиенің қоғамдық роліне баға береді [4, 274]. 
Қазақ  елінің  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  отансүйгіштік  тәлім-
тәрбие  дәстүрлерін,  әдістері  мен  құралдарын  жинақтап,  оны  бүгінгі 
оқушы тұлғасын тәрбиелеуде оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды қолдану – 
уақыт  талабы.  Тарихты  парақтасақ,  қазақ  патриотизмі  ерте  кезден 
бері қалыптасты. Оның дәлелі, халықтық мәнге ие мол рухани мұра - 
түркі  халықтарына  ортақ  тас  ескерткіштеріндегі  (Орхон-Енисей 
жазулары)  тағылымдарда,  орта  ғасырлар  ойшылдары  (Махмұд 
Қашқари,  Жүсіп Баласағұн, Ахмет Ясауи) мен жыршы-жыраулардың 
(Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, М.Өтемісұлы, т.б.), 
қазақтың  ағартушы-гуманистерінің  (Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбайұлы, т.б.) және КСРО-ның алғашқы жылдарындағы қоғам 
қайраткерлерінің 
(А.Байтұрсынов, 
Ж.Аймауытов, 
М.Дулатов, 
М.Жұмабаев, т.б.)[ 5,6,7,8] ой-пікірлерінде көрініс табады.   
Бүгінгі  жалпы  білім  беретін  орта  мектептердің  оқушыларына 
отансүйгіштік  тәрбие  беруді  кешенді,  терең  жүргізу  проблемасы 
кейінгі  жылдары  Қазақстан  Республикасы  ғалымдарының  назарын 
өзіне аударуда. 
Кеңес  заманының  ғалымдары  мен  қоғам  қайраткерлерінің 
отансүйгіштік  тәрбие  бағытындағы  зерттеу  жұмыстарының  дені 
кеңестік  идеология  астарындағы  әскери-патриоттық  тәрбиені 
қалыптастыру  құралдарын  пайдалану  мүмкіндіктері  мен  педагогика-
лық 
шарттарын 
жетілдіруді 
нысанаға 
алған 
болатын 
(А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский 
және т.б.). 
А.В.Барабанщиков,  В.П.Давыдов,  А.А.Аронов,  С.С.Муцинов, 
С.Ю.Васютин,  И.Н.Качура  және  Қазақстан  әскери  ғалымдары 
С.Нұрмағанбетов,  К.С.Серікбаев,  А.Б.Тасболатов,  Л.Н.Бақаев,  т.б. 
отансүйгіштік тәрбиені әскери-педагогикалық тұрғыдан зерттеген. 
 Отансүйгіштік  тәрбие  мәселесі  психолог-педагог  ғалымдар 
Н.И.Болдыревтің, 
М.Н.Скаткиннің, 
Э.И.Моносзонның, 


105 
 
В.А.Сластениннің, 
В.В.Лебединскийдің, 
Б.Г.Ананьевтің, 
Л.С.Выготскийдің және т.б. еңбектерінде де қарастырылған.  
Оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру проблемаларының кейбір 
салалары  да  арнайы  ғылыми-педагогикалық  зерттеулердің  нысанасы 
болды.  А.Р.Жұмахановтың,  Г.В.Мухаметзянованың,  Р.З.Алиевтің, 
Т.Примовтың,  Ф.Ф.Лоюктің,  А.Э.Измайловтың,  П.Сайфуллаеваның, 
Р.Ержанованың,  И.Меликованың,  Ж.Г.Коидзенің,  И.И.Насыровтың, 
С.Нұрмұқашеваның  еңбектерінде  халықтың  ерлік  дәстүрлері 
жастардың  отансүйгіштік  сезімін  тәрбиелеудің  тиімді  жолы  ретінде 
қарастырылады. 
Отансүйгіштік 
тәрбие 
проблемасын 
зерттеумен 
біздің 
Республиканың  да  бірқатар  ғалымдары  айналысады.  Олар  ұлттық 
дәстүрлер 
мен 
отансүйгіштік 
тәрбие, 
әскери-патриоттық, 
интернационалдық,  ерлік  тәрбиесі  проблемаларын  қарастырады 
(Қ.Жарықбаев,  К.Құнантаева,  С.Ешімханов,  С.Қалиев,  Н.Рамашев, 
С.Иманбаева, 
Е.Жұматаева, 
Ж.Елемесова, 
Д.Құсайынова, 
Л.Т.Сайдахметова, Ғ.Б.Базарғалиев және т.б.).  
Теориялық зерттеулерді талдай келе бұл ұғымның педагогикалық 
қырына  келер  болсақ,  ол  болашақ  Қазақстан  азаматтарын 
тәрбиелеумен тығыз байланысты. 
Қазақстандық  отансүйгіштік  –  көп  ұлтты  Қазақстан  халқының 
өзін-өзі  тануының  күрделі  жолы.  Өзін  -  өзі  тану  -  өзіндік  өсу  мен 
өзіндік  даму  процесі  арқылы  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды 
меңгеруге,  бағалауға  алып  келеді.  Ең  бастысы  –  жас  ұрпақтың 
бойында  Отанға,  туған  еліне  деген  сүйіспеншілік  сезімін 
қалыптастыру. 
Қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі компоненттері: 

 
Отанға деген сүйіспеншілік; 

 
Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттыру; 

 
Отан мүддесіне қызмет етуге дайын болу; 

 
Отанды қорғау; 

 
Отанның  қол  жеткен  жетістіктерін  ішкі  және  халықаралық 
аренада мақтанышпен көрсете білу

 
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрену; 

 
Қазақстанда  тұратын  ұлт  өкілдерінің  құқықтарына  құрметпен 
қарау; 

 
Ана тілін білу; 

 
Қазақстанда  тұратын  ұлт  өкілдерінің  ұлттық  салт  –  дәстүріне 
және әдет – ғұрпына құрметпен қарай білу; 

 
Қазақстан  халықтарының  келісімі  мен  ұлтаралық  бірлігін 
сақтау; 


106 
 
Қазақстандық 
отансүйгіштіктің 
негізін 
қалыптастыру 
– 
мемлекеттің  және  барлық  азаматтардың  экономикалық  өмірі  мен 
қауіпсіздік  жағдайын  жасау  болып  табылады.  Қазақстандық 
отансүйгіштіктің ұлтшылдықтан айырмашылығы ол басқа халықтарға 
деген  құрмет  сезімінің,  бүкіл  адамзат  туралы  адамгершілік  түсінікке 
қайшы келмейтін Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі бола алады. 
Қазақ  халқы  «Отан»  деген  ұғымды  бала  бойына  ерте  бастан 
сіңіруге тырысқан. Сондықтан да соншама кең далада өмір сүрсе де, 
ата-бабаларымыз үшін атамекен ұғымы-әрдайым қастерлі де қасиетті 
ұғым.Отан – патриоттық сезімнің қайнар көзі. 
Жас 
ұрпақты 
патриотизмге 
тәрбиелеуде 
мемлекеттік 
рәміздеріміздің  орны  ерекше.  Патриоттық  тәрбие  -  Отан,  туған  жер, 
атамекен,  туған  ел  деген  адам  санасында  мәңгі  өшпейтін  ұғым. 
Отансүйгіштік  пен  ұлтжандылық  -  егіз  ұғым.  «Патриотизм» 
ұғымының  қазақшасы  –  отансүйгіштік,  гректің  патриотес  –  отандас 
деген сөзінен алынған.  
Талдау  жасалған  зерттеу  еңбектері  бізге  авторлар  жасаған 
анықтаманы келесідей нақтылауға әкелді:  «Отансүйгіштік тәрбие  – 
әрбір тұлға бойындағы ерекше қайталанбас елжандылық сезім. Осы 
сезімдік  қасиеттер  жиынтығы  арқылы  ғана  әрбір  тұлға  өз 
Отанының патриоты болады».  
Қасиет  деген  сөздің  өзі  қазақ  халқында  кездесетін  киелі  ұғым. 
Мұнымен  байланысты  «қастерлеу»,  «қасиетті  жер»,  «қасиетті  сөз», 
т.б.  сөздер  қолданыста  бар.  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде: 
«Қасиет  –  адам  бойындағы  жақсылық,  адамгершілік,  ар-абырой, 
қадір», - деп түсінік берілген. 
Қазақ халқына тән жақсы қасиеттер туралы профессор А.Тайжан: 
«кеңпейілдігіміз, 
мейірбандығымыз, 
аршылдығымыз, 
намысшылдығымыз,  бәсекешілдігіміз,  жаңаруға,  жаңа  ортаға 
құмарлығымыз, тәуекелшілдігіміз, елгезектігіміз, т.б.», - деген түсінік 
береді 
Қазақ  елінің  тарихында  қазақ  патриотизмінің  де  орны  ерекше. 
Себебі  сонау  сақ  дәуірінен  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  кезеңде  туған 
жер үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп, келешек 
ұрпағына  Отанымызды,  «қазақ»  атауын  бізге  мұра  етіп  қалдырған 
батырлар,  билер,  хандар  заманында  хатқа  «қазақ  патриотизмі»  деп 
жазылмаса  да,  ауызекі  түрде  кейде  жыр,  өлеңмен  тараған 
отансүйгіштік өсиеттердің негізінде бізге жеткен мұралары бар. 
Демек:  «Қазақ  патриотизмі  –  рухы  биік  жеке  тұлғаны 
қалыптастырудағы  ата-бабаларымыздың  қаһармандық,  батырлық, 
ерлік, отансүйгіштік тәлім-тәрбие беру идеалдарының жиынтығы»
-  деп  зерттеушілеріміздің еңбектерінен орын алады.  


107 
 
Сонымен 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
бойында 
қалыптастыратын сезімдерге:  
-туған жерге құштарлықты ұғыну; 
- өлке тарихын туралы деректерді білуі мен дәріптеуге ұмтылыс
- қазақ халқы туралы терң ой түсінігінің болуы; 
- еліне жанаршылық, Отан ұғымы туралы түсінігінің болуы; 
- қазақ халқының салт, дәстүр, әдет ғұрыптары туралы түсінігінің 
толықтай қалыптасуы деп білеміз.   
Өзін-өзі  тану  пәнін  оқыту  барысында  жүргізілген  мониторинг 
сауалнама  нәтижесінде  бастауыш  сынып  оқушыларының  бойында 
патриоттық  сезімді  қалыптастыру  деңгей  көрсеткіштері  келесідей 
(Кесте 1), мәнге ие болды.  
Оқушылардың бойындағы патриоттық құндылықтарының негізгі 
көрсеткіші төмендегі қасиеттер: Қазақстан Республикасы мемлекеттік 
рәміздеріне,  халықтардың  мәдениетіне,  тарихына,  дәстүріне,  тіліне, 
дініне  құрметпен  қарайтын,  халықтар  арасындағы  достықты 
нығайтатын,  Отанды  қорғауға  және  жалпыадамзаттық  тыныштықты 
сақтауға  өз  үлесін  қосатын,  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 
құндылықтарды менгерген, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша 
қабілетті 50 елдің қатарына  кіруге өз үлесін қосатын патриот  азамат 
тұрғысынан сараланды. 
Тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстардың  нәтижесі  біздің 
зерттеу  болжамымызды  растап,  тұлғаның  бойында  патриоттық 
құндылықтарын  қалыптастыруға  болатынын  толықтай  дәлелдеді. 
Анықтау  эксперименті  кезінде  2-4  сынып  оқушыларының  жоғары 
деңгейі 43 % болса, ал бекіту кезінде 67% болды (Кесте 1).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет