Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БОЙЫНДА



Pdf көрінісі
бет46/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БОЙЫНДА 
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Ергалиева Г.А. 
 педагогика ғылымдарының кандидаты, 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
Жангалиева П. 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 
университеті, магистрант 
 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасында  білім  беру  жүйесі 
жаңғыртылуда.  Отандық  білім  беруді  жетілдіру  қажеттілігі  басым 
мемлекеттік міндеттер қатарына шықты: әлемдік дамыған 30 елдердің 
қатарына  кіру  үшін  бәсекеге  қабілетті  адамзат  капиталын 
қалыптастыру,  өскелең  ұрпақтың  Қазақстан  халықтарының  ұлттық 
мәдени  құндылықтары,  мемлекеттік  тіл,  мемлекет  тарихын  білуге 
негізделген  этномәдени  және  азаматтық  бірегейлікті  қалыптастыру 
бойынша  әдістер  және  инновациялық  технологиялар,  тиімді 
механизмдерді енгізу, ашық азаматтық қоғам және әлемдік нарықтық 
экономиканың  қажеттіліктеріне  сәйкес  өскелең  ұрпаққа  тәрбие  және 


115 
 
білім  берудің  сапасы  мен  деңгейін  көтеруде,  тәрбиеленушілердің 
патриоттық  құндылықтарын  қалыптастыру  бойынша  қазақстандық 
патриотизм идеясында тәрбиенің ұлттық жүйесін байытуда шетелдік 
тәжірибелерді қолдану[1]. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік 
Ел»  патриоттық  актісі  –  бұл  –  қазақстандықтардың  біртектілігі  мен 
бірлігінің ауқымды да бірегей генетикалық бағдарламасы. Біздің рухани 
құндылықтарымыз бен ұмтылыстарымыздың негізгі форматын ұрпақтан 
ұрпаққа  жеткізуі  тиіс[2].  Онда  экономика  мен  саясаттың,  мораль  мен 
діннің  мәселелері,  Қазақстанның  жаһандық  әлемдегі  орны  жөніндегі 
көзқарастарымыз бір арнаға тоғыстырылған. Патриоттық акті біріншіден, 
халқымыз  қалыптастырған  және  өз  жан-жүйесінен  өткерген  басты 
жалпыұлттық  құндылықтар,  екіншіден,  мемлекеттің,  қоғамның  және 
азаматтардың    қазақстанның  тағдыры  мен  оны  дамыту,  өркендету 
жолындағы  өзара  жауапкершілігінің  өзегі.  Біз  жаңа  белестерге  қарай 
ілгері  басқан  қадамымыздың  дұрыстығын  компаспен  тексергендей, 
Патриоттық акт арқылы анықтайтын боламыз» - деді. Құжатта Қазақстан 
халқының  тарихи  тағдыры  мен  жалпы  мүдделері,  біздің  елімізді 
дамытудың  базалық  құндылықтары  көрінетін  «Мәңгілік  Ел» 
жалпыұлттық  идеясының  жеті  мызғымас  тұғыры,  жеті  принциптері 
ұсынылған[3].  Тәуелсіздік  және  Астана,  Жалпыұлттық  бірлік, 
бейбітшілік  пен  келісім,  Зайырлы  мемлекет  және  жоғары  руханият, 
Инновация негізіндегі тұрақты  экономикалық өсім, тарихтың, мәдениет 
пен  тілдің  ортақтығы,  Ұлттық  қауіпсіздік  және  Қазақстанның  жалпы 
әлемдік  және  өңірлік  проблемаларды  шешуге  жаһандық  тұрғыдан 
қатысуы. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар 
толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір 
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 
2014  жылғы  11  қарашадағы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол» 
Жолдауында айтылған болатын[4]. 
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін сабақ формалары барысында 
1-4-  сыныптарда  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясының  негізін  –  саяхат- 
сабақ,  викторина-  сабақ,  жарыс-  сабақ,  ойын-  сабақ,  әңгіме,  көрме, 
сурет конкурсы, фотоколлаж, қолдан жасалған бұйымдар, музыкалық 
ісшаралар, фестиваль, ұжымдық шығармашылық жұмыс, бейнетурлар 
(фильмдер,  слайдтар,  композициялар  көру)  арқылы  жүзеге  асыруға 
болады.  Мәңгілік  ел  -  ол  әрбір  сыныпта  ол  жалпы  ұлттық  бірлік, 
бейбітшілік  және  келісім»  деген  екінші  құндылығын  түсіндіру. 
Бастауыш сыныпта «Мәңгілік ел» идеясы негізінде жалпыадамзаттық 
құндылықтар  тереңірек  түсіндіріліп,  кеңейтіледі,  өмірдің  жағымды 
жақтарын  үйрене  және  түсіне  білуге  дағдыландырады.  Сабақ 
барысында  оқушылар  өзіндік  «мен»  дегеннің  бар  екендігін    біледі, 


116 
 
өзіне  баға  беріп,  өзін  басқа  жақтан  өзінің  сыртқы  тұрпатын, 
ерекшеліктерін және мінез-құлқының жеке бітістерін көруге үйренеді, 
жеткен  жетістіктері  мен  табыстарын  талдайды.  Сабақтарда  ішкі 
құндылықтар:  мейірімділік,  өзара  қызығушылық,  шынайылық, 
өзгенің  ой-пікірін  сыйлау,  ынтымақтастық  сферасы  жайлайды. 
Бастауыш  сыныптарда  құндылықтарды  қалыптастыруда  «Өзін-өзі 
тану»    пәнінің  алатын  орны  ерекше.    Бұл  сабақтарда  оқушылар  мен 
ұстаз  арасындағы  ашық  диалог,  мұнда  әлеуметтік-рольдік  ойындар 
және  тренингтер  арқылы  адамдық  өзара  қарым-қатынастың  әлемі 
зерттеледі,  күйінішіне  ортақтасу  және  рақымшылдық  сезімдері 
дамиды. 
  Сабақта  қазақ  халқының  ұлттық  болмысын  жан-жақты  түсіну, 
оны  күнделікті  өмірде  дамыту  оқушылар  үшін  кішкентай  түсінік 
беруден  басталады.  Мәселен,  үлкендер  алдындағы  ізеттілік, 
кішіпейілділік туралы дәрісімізді балалардың үлкендер тұрған жерде 
сәлемдесу, амандасу, рұқсат сұрау әрекеттерінен басталғаны дұрыс. 
 «Өзін-өзі тану»  пәні бастауышта оқушыларды өздерін қоршаған 
ортаның бір бөлшегі ретінде сезіне білуіне жіне өз ұлтының рухани-
адамгершілік құндылықтары негізінде өзінің орнын білу дағдыларын 
қалыптастыру  мақсатын  көздейді[5].  Баланың  жүрек  түкпіріндегі 
рухани  қасиеттерін дамыту,  сол арқылы ұлттық болмысымызды ашу 
осы пәннің кең мүмкіндіктерін танытады.  
Бастауыш  сыныпта  «Өзін-  өзі  тану»    пәнінің  ерекшеліктеріне 
тоқтала келе, «Өзін- өзі тану»  пәні бойынша 1 сынып оқушыларына 
арналған оқу-әдістемелік кешенінің жаңа үлгісін дайындаудан мысал 
келтіруге  болады.  «Өзін-  өзі  тану»  пәнінің  оқу  материалдары 
жүйеленген.  Ол  төрт  тарау  бойынша  :  «Өзін-  өзі  тану  бақыты»,  
«Адами қарым-қатынасқа үйренейік», «Адам болам десеңіз...», «Мен 
табиғат перзентімін» тақырыптарымен берілген. 
«Өзін-өзі  тану  бақыты»  атты  I  тарауда  өзін-өзі  тану,  білім, 
патриотизм,  еңбек,  отбасы,  қамқорлық,  сыйластық,    достық,  ұжым, 
бақыт,  махаббат,  сөз  және  т.б.  құндылықтарды  оқып,  үйренуге  баса 
назар аударылады. Балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы 
рөлін 
түсінеді, 
сыныптастарымен, 
ұстаздарымен, 
мектеппен 
танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді. 
Бұл  бөлімде  өзін-өзі  тану,  адамгершілік,  адалдық,  өмір, 
руханилық,  сұлулық,  даналық,  ақиқат,  денсаулық,  үйлесімділік, 
қызмет  ету,  еңбек,  достық,  махаббат,  қарым-қатынас  жасау  және 
басқа да құндылықтарды оқып, үйренуге басымдық беріледі. 
«Адами  қарым-қатынасқа  үйренейік»атты  II  тарауда  1  сынып 
оқушылары  достық  қарым-қатынас,  тіл  табысу,  ынтымақтастық, 
әдептілік,  қамқорлық,  өзара  түсіністік,  отбасы,  сыйластық,  отан, 


117 
 
махаббат  және  т.б.  құндылықтарды  меңгереді.  Сыныпта,  отбасында 
тең  құқылы,  ізгілікті  қарым-қатынастар  орнатуға,  әлеуметтік 
белсенділігін дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл бөлімде адам, 
еңбек,  шеберлік,  отбасы,  балалар,  қоғам,  отан,  паториоттық 
этика,адамгершілік және басқа да құндылықтарды оқып, үйренеді. 
 «Адам  болам  десеңіз...»  атты  III  тарауда  мейірімділік, 
қайырымдылық,  жауапкершілік,  адалдық,  жақсылық  жасауға 
ұмтылушылық, қамқорлық, шындық сияқты адами қасиеттердің мәні 
түсіндіріледі.  Бастауыш  мектеп  жасындағы  балалар  өз  істеріне, 
әрекеттеріне жауапкершілікті сезінуді үйренеді. Осы бөлімде өзін-өзі 
тану  процесінде  рухани-адамгершілік  сапаларды  дамыту,  жеке 
тұлғаның  өзін-өзі  барынша  іске  асыру,  өзін-өзі  анықтау  үшін 
көмектесіп, адамның өмір сүру логикасына жауап береді. 
«Мен  табиғат  перзентімін»  атты  IV  тарауда  табиғат,  денсаулық, 
қамқорлық, жасампаздық жарасымы туралы  құндылықтарр бойынша 
түсініктері 
қалыптасады. 
Оқушылар 
“адам” 
және 
“қоғам” 
ұғымдарының  жан-жақтылығын  түсінеді.  Бұл  бөлімде  табиғат,  адам, 
үйлесімділік,  сұлулық, жер, ғарыш, махаббат, әлем, денсаулық және 
басқа  да  құндылықтарды  оқып,  үйренеді.  Айталық,  табиғаттану 
процесінде  оқушылар  өсімдіктің  құрылысымен  (сабағы,  жапырағы, 
тамыры,  қабығы,  т.б.)  танысса,  бұл  пәнде  балалар  өсімдікті 
құндылықтар  ретінде  қарастырып,  оған  қамқорлық  жасауды, 
табиғатпен үйлесімді өмір сүруді үйренеді. 
Сабақтарда 
пәннің 
мақсатқа 
сәйкес 
оқушылардың 
жалпыадамзаттық  құндылықтарды  меңгеруін,  белсенді  өмірлік 
ұстанымдарын  қалыптастыру  мен  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ету 
міндеттері белгіленген. 
Сонымен  бірге  балалардың  қоршаған  әлеуметтік-мәдени  және 
табиғи  ортамен    үйлесімді  байланысын,  этикалық  және  экологиялық 
мәдениетін, адамдарға, өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-
қатынас  жасау  дағдылары  мен  тәжірибесін  қалыптастыруға  және 
балалардың  адам,  өмір,  отан,  денсаулық,  отбасы,  табиғат,  махаббат, 
достық,  махаббат,  достық,  еңбек  құндылықтары  мен  мейірімділік, 
сыйластық,  махаббат,  адалдық,  патриоттық,  еңбексүйгіштік    адами 
қасиеттері туралы түсініктерін кеңейтуге негізделген. 
Отанын,  отбасын,мектебін  сүйетін  азаматтық,  патриоттық, 
мәдени  сапаларын  арттыруда  адамгершілігі  мол,  жаңалыққа 
талпынып  тұратын  шығармашылық  тұрғыда  белсенді,  табиғат  пен 
қоғам 
байлықтарына 
жауапкершілікпен 
қарайтын 
тұлғаны 
тәрбиелеуге  бағытталған.  Себебі  адам  өзін  жақсы  адам  ретінде 
тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу – 
өзіндік сананың  қалыптасуынан туады. Жеке адамның адамгершілік 


118 
 
санасының    дәрежесі  оның  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетін  анықтайды. 
Сананың қалыптасуы баланың дүниеге келгеннен бастап оған жақын 
адамдардың қарым-қатынасынан басталады. 
Ал бастауыш сыныпта адамгершілік, сенім, адамгершілік сананы, 
адамгершілік  талаптарды  білу,  түсіну  және  соған  сай  қарым-
қатынаста  болуды  үйрене  бастайды.  Бірінші  сыныпта  “Көмектесе 
білейік”,  “Тіл  табыса  білейік”,  “Менің    досым”,  “Шаңырақ  шуағы”, 
“Сыйласаң  –  сыйлы  боласың”,  “Қайырымды  бола  білейік”, 
“Шыншылдық  –  адамдықтың  белгісі  ”,  “Өтірік  өрге  баспайды”, 
“Әдеппен  сөйлеп  әдеттен”  т.б.  сабақтардың  негізі  баланы  ойлануға, 
талдауға,  қарым-қатынас  жасай  білуге,  өзі  шешім  қабылдауды 
үйренуге,  адамның  адамгершілік  жағынан  қалыптасу  үрдісінде 
адамгершілік сезімдер арқылы жетуге бағытталған. 
Өзін-өзі  тану  пәні  әлемдегі  ең  басты  құндылық  –  адамның  өмір 
сүруі  үшін,  бақыт  үшін,  қуаныш  үшін  жаралғандығына  негізделеді. 
Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға баланы 
жастайынан  үйретуге  арналған.    Бастауыш  сынып  оқушыларының 
өздеріне,  өз  ортасына,  құрбыларына  және  үлкен  адамдарға 
байланысты  эмоционалды-мотивациялық  ұстанымдарын  қалып-
тастыруда  балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп,  әр  сабақтың 
мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді  
және  ойын,  жаттығулар,жағдаяттарды  сәтті  пайдалану  арқылы 
мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет