Қ. ЖҰМАЛИЕВТЫҢ «ЖАЙСАҢ ЖАНДАР»
ШЫҒАРМАСЫНЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Хасанов Ғ.Қ.
М. Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры, филология
ғылымдарының докторы
Жазушының тілі өте көркем, теңеулер мен метафоралар асып-
төгіліп қолданылады. Теңеулердің молынан қолданылуы жазушының
тілінің көркемдігі мен талғамын айғақтайды. Теңеу мәселесі қазақ тіл
білімінде Қ.Жұбанов кезінен қолға алынып, зерттеліп келеді.
А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышынан» бастап теңеулер
мәселесі сөз бола бастады. А. Байтұрсынов теңеу туралы былай деп
жазады: «Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға
22
жарағанмен, нәрсенің бернесін суреттеп көрсетуге күіш жетпейді.
Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу
нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз. ...
Теңеудің неше түрлері ескі өлеңдерде көп келеді. Теңеу екі түрлі:
1) әншейін теңеу, 2) әдейі теңеу. Екеуінің арасындағы айырмасы сол:
әншейін теңеу – әдетті теңеу болады; мәселен, удай ащы, айдай
жарық, күйедей қара дегендегі «удай»», «айдай», «күйедей» деген
сияқты сөздер» [1, 354-355 бб.]. Осындағы әдейі теңеулер жазушы
тілінде молынан қолданылатынын шығарманы оқуда байқап
отырасың. Теңеулер өз оқырманына кейіпкер мінезін ашуда, оқиғаны
көзбен көріп отырғандай әсер алуға тікелей әсер ететіін – бірлік.
Қ. Жұмалиевтің «Жайсаң жандар» шығармасында теңеудің мол
қолданылатыны сонша, кез келген сөйлемі теңеусіз жазылмағандай
кейіпте болады. Мысалы: «Сақал-мұрты мойылдай қара, көзі
тостағандай, атжақты, имек мұрынды, орта бойлы, қара торы»
(13 б.). «Сүлекең өзінің баяу қимылымен мұртын сылап, сақалын
тарап, жауап қайырғанша, жұрттың қадір түніндей күткен Есқалиы
да шықты» (19 б.). «Ың-жың қала оған жын ойнағындай көрінді» (36
б.). Бұдан жеті жыл бұрын шынардың шыбығындай ширатылған
талдырмаш Рәзия қазір екі-үш баланың анасы, байсалды бәйбішеге
айналған» (45 б.). «Оның оқу орнын үздік бітіргені, жақсы мұғалім
екені өз алдына, әсіресе, жібектей есілген мінезі мен адамгершілік
қасиетін айтсаңшы!» (46 б.). «Патша әкесіне ас беріп жатқандай
ерсілі-қарсылы ағылады» (50 б.). «Ысқырынған жыландай
Аракчеевтің суық жүзі мен сап-сары ала формасы кімнің де болса да
жүрегін шайғандай еді» (52 б.). «Екі иығына екі кісі мінгендей, аппақ
ұзын сақалы жайып жіберген қыранның қырық шалғысы тәрізді
кеудесін жауып кетіпті. Малдас құрып отырғанының өзінде түрегеліп
тұрған кісідей» (51 б.). Ғылымдағы ғұмырын теңеулерді зерттеуге
арнаған Т. Қоңыров теңеуге мынадай анықтама береді: «Теңеу
дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа
салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік,
эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа
қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі
таным құралы» [2, 7 б.]. Осы пікірде айтылғандай, жазушы тіліндегі
теңеулер өте ерекше жағдайды көрсеткендей түрде болады. Т.
Қоңыров теңеулерді тұрақты және авторлы теңеулер деп екіге
жіктейді. Қ. Жұмалиев теңеудің осы екі түрін де өз орнымен тігісін
жатқыза қолданады. Шығармадан тағы да мысалдар келтірелік.
Мысалы: «Семья қайғысын, қабырғасы қайысқандай, жан жүйесі
босағандай болды» (57 б.). «Басы ауырып, балтыры сыздаған
23
күндерінде учитель туған әкедей өбектеп, ұзақ таңға кірпік қақпаған
кездерін есіне түсіргенде, Саша көз жасына әлі келмейтін» (64 б.).
«Тұтқынға жасаған зәредей жақсылық таудай пәле болып, ертең-ақ
солдатқа жабыспақ» (65 б.). «Ал жас қыздар періштенің көлеңкесі
Достарыңызбен бөлісу: |