Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет12/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86
шалбар, түймелері түскен шолақ пешпет, ескірген түйе жүн шекпен
тысы қырқылып қалған көне бөрік» (26 б.). Ж.А. Манкеева киімдерді 
сырт  киімдер  деп  бөледі  де,  «шалбарды»  ер  адамдар  киіміне 
жатқызады.  «Шалбар  –  қой  терісінен  не  матадан  тігілген,  балғы  аяқ 
басына  жететін,  бұтқа  киетін  киім.  Тігілу  үлгілері  мен 
материалдарына байланысты түрі көп. Мысалы: түймелі шалбар, тері 
шалбар, жарғақ шалбар, елтірі шалбар, қырықпа шалбар, қап шалбар, 
сырма  шалбар,  сал  шалбар»  [3,  275-276  бб.].  Тағы  мысалдар 
келтірелік:  «Сүлекең  келісімен-ақ,  бірнеше  ағаштың  басын  бұрап 
байлап,  сыртын шөппен жауып жасаған  тал күркесі недәуір  баспана 
болды»  (20  б.).  «Бұл  кезде  Бисенғали  арбасын  майлап,  қызыл  нарды 
қамыттап,  сахары  молырақ  салынған  насыбайын  бұйраландыра 
уқалап,  құнан  өгіздің  мүйізінен  жасалған  көкала  шақшаны  әбден 
толтырып,  жеті күнге жетерлік мұрын азығын даяр етіп,  жүруге әзір 
отыр екен» (29 б.). 
Жазушы өз шығармасында эмоционалды сөздерді жиі қолданып, 
өзінің бозбала шағындағы суреттерді жиі қайталайды. Мысалы: 
«Кейбір  мейірбан  кемпірлер  жайлы  орын,  жылы  төсектерін 
тастап, оқу іздеген талапкер, қыршындай жастарды аяп: 
«-Айналайындар-ай,  біздің  пәленшежан  сықылды  жап-жас 
балалар  екен...  Келін-ай,  қымыз  әкелші,  күн  ыстық,  шөл  қаққан 
шығар,  таңдайларын  жібітсін.  Іше  қойыңдар,  қарақтарым!  –  деп 
ерекше  бір  аналық  махаббат  та  білдіреді.  Ел  жүрегінің  осындай  бір 
жылылығына  бөленген  жастар,  өздері  сусындап,  қымыз  алып, 
Сүлекеңе  қайта  оралады»  (15  б.).  «Әлі  де  айтамыз,  қарағым,  тентек 
болма,  қайталық.  Жүдә  болмасаң,  қайтеміз,  бағың  ашылсын!  –  деп 
Сүлекең жыларманға келді» (24 б.). 
«Қарабала өте бір қылмыс жасаған адамша жағдайсызданып: 


25 
 
Жолдарыңыз болсын, елге сәлем! – деп теріс айналды» (24 б.).  
«Талабың  таудай  екен,  алдыңнан  жарылғасын»  (81  б.).  Бұндай 
бейнелі сөздер жазушының сол кездегі жағдайды суреттеуін күшейте 
түседі. Жазушы тілінде эмоционалды-экспрессивті сөздердің стильдік 
қолданылуы ерекше екенін атап өтуіміз керек. 
Қазақ тіл білімінде метафора туралы көлемді, сүбелі еңбек жазған 
профессор  Б.  Хасанов  «Қазақ  тіліндегі  сөздердің  метафоралы 
қолданылуы»  атты    еңбегінде:  «Тіл  тарихын  зерттеуде  метафораның 
мәні  зор,  оны  сөйлеу  мәдениетіміздің  бір  көрінісі  ретінде,    образды 
ойымыздың  дамуы  мен  қалыптасуын  көрсететін  элемент  түрінде 
арнайы  қарастыру  қажет,»-  дейді  [4,  4  б.].  Ғалым    метафораның 
заттың белгілері, қасиеттері (түр, түс, иіс, дыбыс) ұқсастығы негізінде 
туындайтынын  көрсетеді.  Зерттеуші  тура  мағынадан  ауыспалы 
мағынаның  туындауы  да  көбінесе  метафораның  негізінде  пайда 
болатынын  айтады.  «Метафора  –  екі  зат  пен  құбылысты 
салыстырудың  негізінде  ауыс  (мағынада)  қолданылуы»  [4,  8  б.]. 
Метафорасыз  көркем  шығарма  болмайды,  себебі  метафора  автордың 
көркем  ойын  дәл  анық  беретін  көркемдік  тәсіл.  Метафора  бір 
ауыспалы  мағынадан  туатын  тілдік  құбылыс.  Метафора  қолдану 
сипатына  қарай  негізінде  екі  түрге  бөлінеді:  а)  тілдік  (сөздік) 
метафора;  ә)  поэтикалық  (сөйлеу  кезінде  туындайтын  контекстік) 
метафора.  Академик-жазушы  тіліндегі  дәстүрлі  метафорларға 
тоқталмай-ақ,  поэтикалық,  яғни  авторлы  метафораларына  тоқталсақ, 
осы  шығармасында  олар  жиі  қолданылып  отырады.  Мысалы:  «Адам 
өмірінде  үміттен  күшті  не  бар?  Өмірге  жетекші  ең  алдымен  үміт 
емес пе? Әлемдегі  барлық табыс адам баласының жақсы үміттерінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет