Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет35/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Ергөбек Қ. «Жазулы хатқа айналған қария», «Солтүстік Қазақстан» 
2010, 5 б. 
2. 
«Қазақ 
ұлтынан 
– 
қазақ 
еліне». 
Алматы 
2010 
3. Сейіт Кенжеахметов. «Жеті атаны білуіміз керек». 
4.  «Солтүстік  Қазақстан  облысы  энциклопедия».  Алматы,  «Арыс» 
2006 
5. Ауыз әдебиеті үлгілері  
6.  Дәурен  Махсұтханұлы.  Қазақ  қан  тазалығын  қалай  сақтаған? 
http://tek.ucoz.net/  
 
 
 
ӘОЖ 81’373 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП 
ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Қадырғалиев Ж.Д. 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 
университеті, аға оқытушы 
 
Бүгінгі  жас  ұрпақтың  жаңаша  ойлауына,  дүниетанымының 
қалыптасуына, билік негіздерін меңгеруге ықпал ететін жаңа үрдістегі 
білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің 
бірі.  Сабақты  жаңа  технология  бойынша  өткізу  оқушының  білім 
сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау 
қабілеттерін дамытып, оқытушылардың кәсіби шеберліктерінің өсуіне 
де  жәрдемдеседі.  Ал  қазақ  тілі  пәнін  оқыту  нәтижелігі  пәннің 
оқытылуы  сапасына  тікелей  байланысты.  Ол  үшін  әр  сабаққа  нақты 
мақсат  қоя  біліп,  сол  мақсатқа  жету  үшін  оқушыларға  берілетін 
теориялық  білімді  ұлттық  педагогикамен,  өмірдегі  ең  қажетті 
маңызды  мәселелермен  жан-жақты  байланыстыру  керек.Бұл  жерде 
оқушыларға  ең  тиімді,  тұжырымды,  оқушы  санасына  жеңіл  оқыту 
технологиясын басшылыққа алудың маңызы зор. Соның нәтижесінде 
ғана бала еркін ойлана біліп, тиісті мәселелерді өзі шешіп, әрі нақты 
шешімдер  қабылдауға  үйренеді.  Ол,  ең  бірінші,  пән  мұғалімінің 
білімділігі  мен  шығармашылық  іздесіне  байланысты.  Егер  де  бұған 
дейінгі  дәстүрлі  оқыту  кезінде  «мұғалім-оқулық-оқушы»  әдісі 


97 
 
қолданылса,  дамыта  оқыту  технологиясында  «оқушы-оқулық-
мұғалім» әдісінің негізіндегі оқушы мен ұстаз арасында жаңа карым-
қатынас  қалыптасып,  оқушылардың  берілген  тапсырмаларды 
талдауына,  салыстыруына,  өз  беттерімен  әрекет  етулеріне,  яғни  ой 
еркіндігіне  зор  маңыз  беріледі.Мұндағы  бір  ерекшелік,  мұғалім  әр 
сабақта оқушыларға тек білім беріп қана қоймайды, оны өзінің ақыл-
парасатымен, ұлттық адамгершілікке тәрбиелейді. Ал тәрбиенің өзегі 
ана  тілімізден,  халқымыздың  асыл  қазынасынан  бастау  алады. 
Ұлттық  психология  барлық  жасөспірімдер  туған  елінің  рухани 
қоғамдық  өмірінен  қол  үзіп  кетпеу  үшін  мектепке  берілетін 
теориялық  білімді  тәрбие  процесімен  жан-жақты  байланыстырып 
отыруды  талап  етеді.  Бұл  жөнінде  ғұлама  ғалым,  данышпан  Әл-
Фараби:  «Тәрбиесіз  берілген  білім  -  адамзаттың  қас  жауы,  ол 
келешекте оның өміріне апат әкеледі», - десе, қазақ халқының зиялы 
азаматтарының бірі М.Жұмабаев: «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының 
арасында  өз ұлты үшін  қызмет  қылатын  болғандықтан,  ұстазы  өз 
шәкіртін сол ұлт тәрбиесімен қаруландыруға міндетті», - дейді. Иә, 
қалай  десек  те,  қазақ  тілі  сабақтарында  теориялық  біліммен  бірге 
рухани ұлттық тәрбиені қоса беру ең маңызды мәселе болмақ. Сонда 
бұл проблеманы қалай шешуге болады? Ол үшін күнделікті берілетін 
грамматикалық  тақырыппен  тығыз  ұштастыра  білсек,  сабақтың 
құрылымы  да,  мазмұны  да  шәкірттер  үшін  әрі  тиімді,  әрі  қызықты 
болмақ.Қазақ  тілі  сабағындағы  лексикалық  тақырып  арқылы  білім 
берудің дамыта оқыту әдістерін жүзеге асырудың кейбір бағыттарын 
төмендегі диаграммадан көруге болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Енді  қазақ  тілі  сабағында  лексикалық  тақырып  арқылы  білім 
берудің,  дамыта  оқыту  әдістерін  қолданудың  өзіндік  ерекшеліктерін 
көрсету мақсатына тоқталайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет