Қайнау Қайнау – бұл сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды булану процесі. Қайнауды жалғастыру үшін сұйықтыққа сырттан энергия беріп отыру керек. Қайнау әрбір сұйық үшін қайнау температурасы деп аталатын температурада жүреді.
Неліктен бу көпіршіктері ұлғаяды және жоғары көтеріледі?
Жауабы:
Ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері үлкейе береді, сонымен бірге сұйық тарапынан әрекет ететін ығыстырушы күш те артады да бу көпіршіктері жоғары көтеріле бастайды.
булану
конденсация
Р Қаныққан бу
Рсұйық
Қайнау температурасы сұйықтың еркін бетіне түсетін сыртқы қысымға тәуелді болады. Қысым төмендегенде сұйықтың қайнау температурасы төмендейді . Қысым артқанда қайнау температурасы артады.
Меншікті булану жылуы.
Сұйықтықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін меншікті булану жылуы деп атайды. Меншікті булану жылу r әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі Дж/кг Конденсациялана отырып бу, булануға кеткен жылу мөлшерін бөліп шығарады.
Сұйықтықты буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін есептеу үшін:
Қайнау температурасында алынған кез келген сұйықтықтың кез келген массасын буға айналдыру үшінқажетті жылу мөлшерін есептеу үшін меншікті булану жылуын сұйықтың массасына көбейту керек: