Атты студенттердің ІІІ ғылыми-практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ж и н а ғ Ы



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#7429
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

 
Әдебиет 
1. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998. 
2. К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986. 
3. К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972. 
4. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983. 
  
 
 
ӘОЖ 371.13 
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІК МӘСЕЛЕСІ 
 
А. Фазымова 
Семей каласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П-407 тобының 
студенті 
Ғылыми жетекші: Қ.С. Адильжанова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы 
университеті, педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы 
 
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының 
өзгеріп,  жаңа  ұлттық  модельдің  қалыптасуы  болашақтың  жаңаша  ойлайтын,  дүниеге 
көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін педагогикалық 
кадрларды дайындаудың сапасын арттыруды талап етіп отыр.  
Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында 
жалпы  орта  білім  берудің  ұлттық  деңгейдегі  басты  мақсаты  –  еліміздің  әлеуметтік, 
экономикалық  және  саяси  өміріне  белсенді  қатысуға  дайын,  құзыретті  тұлғаның 
қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген.  
Әлемдік  тәжірибе  мен  ұлттық  практикаға  сүйеніп  жасалған  бұл  ресми  құжатта 
әрбір  оқушының  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  білімнің  мазмұнын  меңгеруге 
бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар: өзіндік 
менеджментке  жататын  өмірде  кездесетін  проблеманың  шешімін  табу  құзыреттілігі; 
ақпараттық  құзыреттілік;  білімді  игерумен  бірге  жүретін  қарым-қатынастық, 
коммуникативтік құзыреттілік. 
Дамыған  елдердің  оқу  жүйесінде  кеңінен  қолданыла  бастаған  «құзыреттілік», 
«құзырет»  терминдері  жаңа  білім  стандарты  ұстанған  басты  бағыт  ретінде  біздің 
еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса жауапты білім деңгейіне жету 
үшін  оқу  үдерісін  соған  сай  ұйымдастыра  білетін,  мектеп  оқушыларына  білімді  өз 
бетінше  еңбек  етіп  алатындай  күйге  жеткізе  алатын,  өзі  де  осы  аталған 
құзыреттіліктерді  меңгерген,  кәсіби,  дидактикалық  құзыреттілігі  қалыптасқан 
мұғалімдер даярлау міндеті тұр [1].   
Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді  дайындау үдерісінде олардың кәсіби 
құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі соңғы жылдары ғана қарастырыла бастады. Осы 
орайда,  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерді  талдау  мұғалімдерді  кәсіби 
дайындау мәселесінің жан-жақты зерттелгенін байқатады. 
Құзыреттілік теориясы Г.В.Вайлер, Ю.В.Койнов, Я.И.Лефстед, Н.В.Матяш, В.В. 
Сериков, Дж.Равен, Р.Уайт, В.Чинапах және т.б. еңбектерінде негізделген. Білім беруді 
ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру 

113 
 
туралы  мәселелер  М.Н.Скаткин,  И.Я.Лернер,  В.В.Давыдов  және  т.б.  ғалымдардың 
еңбектерінде қарастырылған. 
Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттердегі  ғалымдардың  зерттеулеріне 
қарағанда  кәсіби  шеберліктің  қалыптасуы  мен  даму  үдерісінде  екі  ұғым:  құзыреттілік 
және  құзырет  ұғымдары    пайдаланылып  келеді.  Біріншісі, С.Ожегов  сөздігі  бойынша, 
белгілі  бір  кәсіби  қызметке  байланысты,  «қандай  да  болсын  мәселеден  хабардарлық, 
беделділік»,  ал  екіншісі,  «қандай  да  бір  істі  жүргізетін  жеке  адамның,    мекеменің 
мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге уәкілеттілік шеңбері». 
«Құзыреттілік»  термині  әдетте  белгілі  бір  әлеуметтік-кәсіби  статус  иесіне 
байланысты  қолданылады  және  оның  сол  істі  атқарудағы  түсінігі,  білімі,  білігінің 
орындалуға  тиіс  мәселенің  нақты  өз  деңгейінде  шешілуімен  сәйкестілігі  арқылы 
сипатталады [1].  
«Методикалық  терминдер  сөздігінде»  «Құзыреттілік  (латынның  competentis-
бейім  сөзінен)–қандай  да  бір  оқу  пәнін  оқыту  үдерісінде  қалыптасатын  білім,  білік, 
дағдылар  жиынтығы,  сонымен  қатар,  қандай  да  бір  қызметті  орындай  алу 
қабілеттілігі», – делінген [3].  
Орыс  тілінің  сөздігінде  «құзыреттілік»  термині  «әлдекімнің  жақсы  хабардар 
болуы мәселесі төңірегінде» берілген [3].  
Латынның  «compete»  деген  термині  «білу»,  «жасай  алу»,  «дегеніне  жету»  деген 
мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды.  
Шетел  сөздіктері  «құзыреттілік»  сөзіне  келесідей  анықтама  береді:  тұлғаның 
немесе  мекеменің  құқықтарға  ие  болуы.  Ағылшын  тілінде  бұл  сөз  тұлғаның  қасиеті 
ретінде анықталады. Яғни, қабілет деген сөзбен теңеседі [4]. 
Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  «құзырет»  пен  «құзыреттілік» 
түсініктері  жуырда  ғана  еңгізілген  болатын.  1960  жылдың  соңы  мен  1970  жылдың 
басында  батыс,  содан  соң  1980  жылдарда  отандық  әдебиеттерде  –білім  беруге 
құзыретті  қатынас  түсінігі  қалыптаса  бастады.  Бұл  кезеңде    «құзыретілік»  пен 
«құзыретті»  түсініктеріне  нақты  анықтама  берілмеген.  Бұл  сұраққа  байланысты 
ғалымдардың көзқарастары әртүрлі.  Біз бұлардың кейбіреулеріне тоқталып өтеміз. 
Эдинбургск  университетінің  профессоры,  доктор  Джон  Равен    бұл  сұрақты 
қарастыруда  белгілі  ғалымдардың бірі болып есептеледі. Ол құзыреттілікке мынандай 
анықтама  береді:  бұл  пәндік  аймақта  белгілі  бір  нақты  тапсырмаларды  сапалы 
орындауға  бағытталған  спецификалық  қабілет,  ерекше  пәндік  дағдылар,  ойлау 
тәсілдері, сонымен қатар өз іс-әрекетіне жауапкершілікті сезіну. 
Басқа  зерттеулерде,  «құзыреттілік»  түсінігімен  қатар  «құзірет»  түсінігі  де  қатар 
жүреді.  «Құзырет» сөзіне де әр түрлі анықтамалар беріледі. Кейбіреулер бұл  түсінікті 
«құзыреттілік» түсінігімен теңестірсе, ал кейбірі оны жеке сала ретінде қарастырады.  
Д.И.Ушакованың  жетекшілігімен  шыққан  сөздіктің  авторлары  алғашқы  болып, 
құзіреттілік пен құзірет арасындағы айырмашылықты дәлдеуге тырысты: «құзіреттілік 
–  хабардар  болу,  беделдің  болуы,  құзырет  –  сұрақтар  мен  құбылыстар  жиынтығында 
нақты адам беделге, тәжірибеге ие». 
Т.М.Сорокинаның  ойынша,  кәсіби  құзіреттілік  бұл  мұғалімнің  педагогикалық  іс-
әрекетінде  теориялық  және  практикалық  даярлығының  арасындағы  бірлік. 
Құзыреттілік  мұғалімнің  педагогикалық  іс-әрекетіндегі  шеберліктің  бір  сатысы. 
Мұғалімнің  құзыреттілігі  –  бұл  тұлғаның  әр  түрлі  типтегі  педагогикалық 
тапсырмаларды шеше алу қабілетінің деңгейі.  
Т.М.Сорокинаның  зерттеулерінде,  кәсіби  құзырет  мұғалімнің  кәсіби  даярлығының 
динамикалық  және  процессуалды  жағы,  кәсіби  жоғарлаудың  сипаттамасы, 
мотивациялық та, іс-әрекеттік те кәсіби өзгерулері [3].  

114 
 
М.И.  Лукьянова  психологиялық-педагогикалық  құзыреттілік  түсінігін  белгілі  бір 
қасиеттер  жиынтығымен  сипаттайды.  Яғни  тұлғаның  педагогикалық  іс-әрекетке 
жоғарғы  деңгейдегі  даярлығы,  оқушылармен  білім  беру  процесінде  тиімді  іс-әрекетін 
көрсетеді.  Психологиялық-педагогикалық  құзіреттіліктің  компоненті  ретінде,  ол 
психологиялық-педагогикалық бағдар блоктарын жатқызады.  
А.В.  Хуторской  «құзыреттілік»  пен  «құзырет»  түсініктерін  былай  ажыратады. 
Құзырет  -  белгілі  бір  заттар  мен  процесстерге  қатынасына  байланысты  туындайтын, 
оларға сапалы түрде әрекет етуге бағытталған  тұлғаның өзара байланысқан қасиеттер 
жиынтығы (білімдер, дағды, шеберлік). Құзыреттілік – адамның құзыретке ие болуы. 
Сонымен  қатар,  А.В.  Хуторской  білім  беру  құзыретін  бөлек  сала  ретінде 
қарастырады. Оған былай анықтама береді: мағыналық бағдарлар, білімдер, шебенрлік 
пен  дағдылар  жиынтығы.  Ол  жай  «құзірет»  пен  «білім  берудегі  құзіретті»  ажырату 
керек деп есептейді [4].  
Қазақстанда  құзыреттілік  мәселесімен,  кәсіби  құзыреттілікті  қалыптастырудың 
теориялық  және  практикалық  аспектілерін  Ш.Х.Құрманалина  (колледж  жағдайында 
бастауыш  сынып  мұғалімдерін  кәсіби  даярлау),  Б.Т.Кенжебеков  (жоғары  оқу  орны 
жүйесінде  болашақ  мамандардың  кәсіби  құзыреттілігі),  Г.Ж.Меңлібекова  (болашақ 
мұғалімнің  әлеуметтік  құзыреттілігі),  Б.Қасқатаева  (болашақ  математика  мұғалімінің 
әдістемелік  құзырлылығы),  М.В.Семёнова  (жоғары  оқу  орындарында  болашақ 
педагогтардың  кәсіптік  құзыреттілігін  қалыптастыру),  С.И.Ферхо  (мұғалімдердің  оқу 
үдерісінде  электронды  оқу  құралдарын  пайдалана  білу  құзыреттілігі)  және  т.б. 
ғалымдар зерттеген. 
Г.М.  Коджаспирова  «педагог    құзыретті    педагог  болу  үшін  белгілі  бір 
педагогикалық шеберлікті игеруі қажет» дейді.  
Бірақ,  С.Е.  Шишова  және  В.А.Кальней  құзырет  пен  шеберлік  түсініктерінің 
арасындағы  айырмашылықтарды  нақты  ажыратады.  «Шеберлік  –  бұл  өзгеше 
жағдайдағы  әрекет.  Іс-әрететтегі  құзыреттілік  шеберлік  болып  есептеледі.  Құзырет  – 
шеберлікті туындатады» [3]. 
Сонымен,  қазіргі  заманғы  педагогикада  «құзырет»  пен  «құзыреттілік» 
түсініктеріне  біршама  қайшылықты  ситуация  қалыптасқан.  Зерттелініп  отырған 
проблеманы  ашып  айту  үшін  «құзырет»  пен  «құзыреттілік»  түсініктерін    нақты 
ажыратып алуымыз қажет.  
Құзырет  –  белгілі  бір  заттар  мен  процесстерге  қатынасына  байланысты 
туындайтын,  оларға  сапалы  түрде  әрекет  етуге  бағытталған    тұлғаның  өзара 
байланысқан қасиеттер жиынтығы (білімдер, дағды, шеберлік). 
Ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерде  құзыретке  келесі  дәстүрлі  сипаттамалар 
берілген:  
-  Саяси  және  әлеуметтік  құзырет,  өзіне  жауапкершілік  алуға  және  біріге  шешім 
қабылдауға байланысты. 
-  Құзырет,  шыдамсыздықты  жоюға,  әртүрлілікті  түсінуге,  мәдениеті,  тілі  және  діні 
басқа адамдармен өмір сүруге қабілеттілік.  
- Құзырет, бұл қоғамдық өмір мен кәсіби әрекетте  жазбаша және ауызша түрде қарым-
қатынасқа түсу.  
-  Құзырет,  ақпараттық  қоғамның  пайда  болумен  байланысты:  жаңа  технологияларды 
игеру, олардың күшті және әлсіз жақтарын жетік түсіну. 
-  Құзырет,  өмір  бойында  үйренуге  ұмтылу,  тек  кәсіби  ғана  емес,  сонымен  қатар 
жекелей және қоғамдық өмірде.  
«Құзырет» түсінігі көп жағдайда келесілерге белгілеуге қолданылады: 
- Алға қойған мақсатқа жету үшін әдістер мен  амалдарды қолдану іс-әрекеті. 

115 
 
-  Қоршаған  ортаны  жетілдіру  мақсатында  алға  мақсат  қоя  алу  және  оған  жетуге 
қолданылатын, білім, шеберлік және дағдының керекті формасының жиынтығы. 
Егер  педагогтың  кәсіби  құзыреті  жайлы  айтсақ,  бұл  жерде  мұғалімнің, 
тәрбиешінің,  педагогтың    жекелей  және  тиімді  түрде  педагогикалық  тапсырмаларды 
орындауға  мүмкіндік  беретін  жекелей  мүмкіндіктері  айтылады.  Қандай  да  бір 
педагогикалық  тапсырмаларды  орындау  үшін  міндетті  түрде  педагогикалық  теория, 
шеберлік, дағды және практикада оны қолдана алу  қабілеті қажет.  Педагогтың кәсіби 
құзыреті  –  бұл  оның  еңбегіндегі  педагогикалық  әрекет  пен  педагогикалық  қарым-
қатынастың әртүрлі жақтарының жиынтығы.  
Қазіргі  кезде  кәсіби  құзыреттілікті  қалыптастырудың  теориялық  және 
практикалық аспектілері көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны болып келеді.  
Б.Т.Кенжебеков  жоғары  оқу  орны  жүйесінде  болашақ  мамандардың  кәсіби 
құзіреттілігін  зерттеу  барысында  кәсіби  құзыреттілік  ұғымына  мынадай  анықтама 
береді: «кәсіби құзыреттілік-бұл кіріктірілген іргелі білімдер, адамның қабілеттері мен 
жинақталған  біліктіліктерінің,  оның  кәсіби  маңызды  сапаларының,  технологияны 
жоғары  деңгейде  меңгеруінің,  мәдениеті  мен  шеберлігінің,  ұйымдастырудағы 
шығармашылық әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі». 
Г.Ж.Меңлібекова  болашақ  мұғалімнің  әлеуметтік  құзыреттілігінің  қалыптасуына 
үлкен  мән  береді.  Оның  пікірінше,  әлеуметтік  құзыреттілік  -  адамның  әлеуметтік 
шындықты  құндылық  ретінде  түсінуінің,  әрекетті  басқарудағы  нақты  әлеуметтік 
білімінің, өзін анықтаудағы субъективтік қабілетінің, әлеуметтік технологияны жүзеге 
асыру біліктілігінің бірігуі ретіндегі кіріктірілген сапалық қасиеттері.  
Бүгінгі  педагогика  ғылымындағы  жаңа  көзқарас  бойынша  тұлғаға  бағдарлы  үлгі 
балаларға білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін 
шығармашылықпен  қолдануына,  түйінді  және  пәндік  құзыреттіліктерді  қалыптастыру 
арқылы  өзін-өзі  дамытуына,  қоршаған  шынайылықты  түйсінуге,  өзінің  даралығын 
сезінуге,  негізгі  оқу  және  айналасындағы  адамдармен  өзара  әрекеттесу  дағдыларын 
игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді.  
12  жылдық  білім  беруге  көшуде  мектеп  алдына  негізгі  үш  бағыт  басшылыққа 
алынады:  оқушының  жеке  қабілетін,  әлеуеттік  мүмкіндіктерін,  ішкі  қажеттіліктерді 
есепке  ала  отырып,  жеке-даралық  бағытта  оқыту.  Бұл  бағыттарды  жүзеге  асыру  үшін 
мұғалім  негізгі  үш  компонентпен  таныс  болуы  тиіс.  Олар:  инварианттық  компонент–
мемлекеттің  базалық  оқу  стандарты  жүйесіндегі  талаптар  мен  мазмұндарға  жауап 
беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру; профильдік компонент–
профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының 
тереңдігін,  оқылатын  пәндердің  өзара  байланыстылығын  меңгеру;  тұлғалық 
компонент–оқушылардың 
өзіндік 
зерттеушілік 
дағдыларын 
қалыптастыруға 
байланысты арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру. 
Әдетте, білім берудің мақсаты педагогтың білімі, шеберлігі, дағдысы бірлігінен 
тұратын  қасиеттермен  анықталады.  Бүгінгі  таңда  бұндай  анықтама  жеткіліксіз. 
Социумге көп білетін, көп сөйлейтін адамдар емес, өмірлік және кәсіби проблемаларды 
сапалы  түрде  тәжірибесіне  сүйене  шеше  алатын  адамдар  қажет.  Ал  бұның  барлығы 
алынған білімге, шеберлікке, дағдыға  байланысты емес, «құзыретілік» пен «құзыретті» 
түсініктері қолданылатын қосымша қасиеттерге байланысты. 
Қазіргі  қоғам  сұранысының  талаптарына  сай  болашақ  мамандардың  кәсіби 
құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге 
бет  бұрып,  соған  сәйкес  білім  берудің  парадигмасының  өзгеруі  және  бүгінгі  күнгі 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  мен  болашаққа  қарай  ұстанған  бағыты  білім  беру 
мекемелерінің  жаңа  бағдарын  анықтап,  мамандардың  құзыреттілігін  көтеруді  талап 
етіп отырғандығына байланысты болып отыр. 

116 
 
 
Әдебиет 
1.
 
ҚР  білім  туралы  заңы.  А.,  1999.Маркова  М.М.  Психология  труда  учителя. 
М.,1993. 
2.
 
Бастауыш сынып мұғалімдерінің  өз бетінше кәсіби білімін  көтеруінің  теориялық 
мәселелері // Бастауыш мектеп. -Алматы, 2001. -№ 12. -Б.51-52. 
3.Бастауыш мектептер дамуының үрдістері // Қазақстан мектебі. -Алматы. 2009, -№5. -
Б.56-59. 
4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т-4, А., 1987.  
5. Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби дидактикалық құзыреттілігі- педагогикалық іс-
әрекетті  ұйымдастырудың  негізгі  факторы  //  Білім  берудегі  менеджмент.  –Алматы, 
2009. -№1. -Б. 73-75.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

117 
 
ҚАЗІРГІ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОЙ 
ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
 
 
 
ӘОЖ  159.922.6 – 053.6 
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 
 
А. Ш. Жақанова  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, П-307 тобының 
студенті 
 Ғылыми жетекші: Г.К. Джумажанова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы 
мемлекеттік университеті, педагогикалық психология кафедрасының меңгерушісі, 
псх.ғ.к., доценті 
 
Бүгінгі  таңда  әлеуметтік-психологиялық  жағдайлар,  білім  беру  жүйесінде 
тұлғаның 
қалыптасу 
мүмкіндіктері  психологтардың, 
физиологтардың 
және 
педагогтардың ерекше назар аударуларын талап етеді. 
Педагогикалық-психологияда  қазіргі  кездегі  негізгі  ағымдарды,  жаңа 
тұжырымдамаларды  негіздей  отырып,  жеткіншектердің  өзін-өзі  тәрбиелеу  үрдісін 
белсендендіріп  өнегелілік  қасиеттерін  қалыптастыру  білім  беру  жүйесінің  өзекті 
мәселелерінің бірі. 
Сондықтан,  қалыптастыру  механизмдерін  жас  ерекшелігі  мен  мәселеге  сәйкес 
реттей  білу  психологиялық-педагогикалық  зерттеулерді  жүйелі  қатынас  бағытымен 
жүргізуді талап етеді.  
Тұлғаның өнегелілік-еріктік өрісін, адамгершілік санасын, түсініктерін, ұғымын, 
принциптерін,  сенімдерін,  қылығының  адами  негіздерін,  басқаларға  өзінің 
эмпатияларын,  әлеуметке  деген  қатынасын  көрсететін  мінез-құлық  сапалары  мен 
әдеттерін  дамытудағы  психологиялық  механизмдерді  аша  отырып,  балалық  шақтың 
түрлі  кезеңдеріндегі  тәрбиелеу  үрдісін  ұйымдастырудың  шарттары  мен  ерекшелігінің 
жалпы заңдарын қарастыру әр кезеңде өзекті. 
Қазіргі  психологиялық-педагогикалық  үрдістің  арнайы  толығырақ  міндеттерін 
бейнелейтін  құбылыстардың  ішінде  жеке  тұлғаның  әлеуметтік  ортада  қалыптасуы 
маңызды  мәселенің  бірі  деуге  болады.  Бұл  бағытта  мәдени-құндылықты, 
психологиялық-педагогикалық және жалпы ғылыми категорияларының әлеуметтік өмір 
аумағында дәстүрлі және жаңашыл байланыстары ерекше қалыптасу үстінде. Болашақ 
ұрпақты  дамытуда  соңғы  жылдары  қалыптастыру  мәселесі  жалпы  тәрбиенің  өзекті 
саласы ретінде әр түрлі ғылыми зерттеулердің объектісіне айналуда. 
Тұлғаны  мақсатты  түрде  қалыптастырудағы  айқын  заңдылықтарды  табу, 
оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми негізде құру, сонымен бірге психологиялық 
теорияның  даму  мүмкіндіктерін  қамту  бүгінгі  күннің  талабына  сәйкес  жалпы  тәрбие 
үрдісін қамтамасыз етеді. 
Жеке  тұлғаның  дамуының  әлеуметті  түрде  ұйымдастырылатын  оқыту 
шарттарына  байланысты  ақыл-ой  сияқты  саласын  дамытуда  психикалық  әрекеттердің 
шешуші  міндеттерін  көптеген  психологиялық  зерттеулерден  Л.С.  Выготскийдің,  Н.Ф. 
Добрынин, И.В. Страховтың т.б. еңбектерінде белгілі.[1, 78-91б] 

118 
 
Адамның  саналы  белсенді  іс-әрекеті  –  оның  тұлғалылығын,  психологиялық 
өзгешеліктерін  дамытудың  негізі.  Тұлға  даралық  іс-әрекетінің,  қарым-қатынасының, 
танымының  негізінде  әлеуметтік  қатынастар  жүйесінде  қалыптасқан  маңызды  сапа 
ретінде  танылады  (А.Н.Леонтьев).  Қалыптасқан  жеке  адам  өзінің  көзқарасы,  ұғымы, 
өнегелілік  талаптары,  бағалауымен,  саналы  қойған  мақсатымен,  өзінің  қылығын,  іс-
әрекетін басқара білуімен сипатталады. [2,36-54б] 
Жеткіншектердің  өзіндік  санасының  теориялары  Л.С.  Выготский,  В.В.Столин, 
И.С.  Кон,  В.С.  Мерлин,  И.И.  Чеснокова,  М.И.  Лисина,  Ч.  Кули,  Дж.Г.  Мид 
еңбектерінде жан-жақты қарастырылып талданған. [3,63б] 
Қатынас  іс-әрекеті  тұлғаны  қалыптастыруда  өте  мағызды.  Бұл  іс-әрекетте 
өзіндік  сана  қалыптасады.  Жеткіншек  жасындағы  негізгі  жаңа  құрылым-әлеуметтік 
сананың ішке аударылуы. 
Л.С. Выготский бойынша осының өзі өзіндік сана. Сана дегеніміз біріккен білім. 
Ондай білім қатынас жүйесінде. Ал, өзіндік сана – ойлаудың ішкі жоспарына ауысқан 
қоғамдық білім. 
Өз  қылығын  бақылау,  өнегелік  тәртіп  негізінде  оны  жобалау  –  тұлға  деп 
танылады.  Жеткіншектің  жаңа  құрылымдарының  бәрі  құрбы-құрдастарымен 
қатынасында  бейнеленеді:  сол  қатынастарға  қарай  тұлғаның  игерген  өнегелік 
ережелердің жүйесін көруге болады. 
Өтпелі  жастың  басында  жалпы  психикалық  дамуының  жаңа  өрісі  кең 
қызығушылықтары,  жеке  ұмтылыстары  мен  өздігінше  «ересектік»  өмірге 
бағыттылықтары  көрініс  береді.  Бірақ,  өтпелі  жаста  мұндай  бағытты  ұстанудың  (ішкі 
де,  сыртқы  да)  мүмкіндіктері  болмайды.  Пайда  болған  қажеттіліктері  мен  өмір 
жағдайларының  қайшылығы,  іске  асыруға  мүмкіндіктерді  шектейтіндігі  әр  жастың 
дағдарысына  тән.  Дегенмен,  жеткіншектің  өмірі  қандай  да  субъективті  болса  да 
(кейбірде объективті), ол өзінің барлық мәнімен болашаққа бағытталған, бірақ, ол үшін 
болашақ өте күңгірт елестеу. 
Л.И.  Божович  жеткіншек  жасын  сипаттай:  «Ол  кезеңде  әлемге,  өзіне  деген 
қатынастары қайта құрылып, дағдарысы бола, өзіндік сана мен өзінің анықталуы даму 
үрдісінде  болып,  соңында  оны  өзінің  даралық  өмірлік  бағыттарын  бастауына  алып 
келеді».  Өтпелі  жас  кезінде  психиканың  әр  түрлі  жақтарын  қайта  өңдеулер  болады. 
Түбегейлі  өзгерістер  мотивациясын  да  қамтиды.  Мотивтерінің  мазмұнында 
дүниетанымының  қалыптасуымен,  болашақ  өмірімен  байланысты  мотивтер  алдыңғы 
қатарға  шығады.  Мотивтерінің  құрылымы  иерархиялық  жүйемен  сипатталады,  «әр 
түрлі  мотивациялық  тенденциялардың  белгілі  бір-біріне  бағынышты  жүйелерінің 
жетекші  қоғамдық  маңызды  және  тұлғаға  құнды  болатын  мотивтердің  негізінде». 
Мотивті  әрекеттерінің  механизмі,  тікелей  емес,  «саналы  қойылған  мақсаттармен 
саналы  ниеттеріне  негізделеді».  Өтпелі  жастың  басты  жаңа  құрылымдары,  нақты  сол 
мотивацияның аумағында болады. [3, 52б] 
Мақалада  Б.Г.  Ананьевтің,  С.Л.  Рубинштейннің  тұлғаны  дамытуда  кешенді 
қатынас  жүйелері  Ж.Ы.  Намазбаеваның  тұлғаны  кешенді  жүйемен  дамыту  теориясы, 
С.М. Жақыповтың әр түрлі қатынас жағдайындағы біріккен ойлау іс-әрекет тұжырымы 
басшылыққа алынды. [4,112] 
Мотивациялық байланыстардың қалыптасуы, жеткіншектің саналы іс-әрекетінің 
құралы  ретінде  оның  өзіндік  анықталуының  және  қажеттіліктер  иерархиясында  із 
қалдырады. Өзіндік сана – бұл: 

 
өзінің теңдестігін ұғынуы 

 
белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды, 

 
өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды

119 
 

 
өзін-өзі  әлеуметтік-адамгершілік  бағалаулардың  белгілі  бір  жүйесін 
қамтиды.  
Бұл  элементтердің  барлығы  бірімен-бірі  функциялық  және  генетикалық 
тұрғыдан  байланысты.  Жеткіншекте  шығармашылық  сынап  ойлау  қабілеті  пайда 
болып, дүниетанымы қалыптасады, өйткені дербес өмір сүру кезеңі ерекше түрде, оның 
алдына мен не істей аламын, не нәрсеге жараймын, қабілеттері мен бейімділіктері неге 
сәйкес  деген  сұрақтар,  оны  өзі  туралы  ойланып  өзіндік  санасын  айрықша  дамуына 
жетелейді.  Жеткіншекте  ересек  адамның  бағыттылығы  қалыптаса  бастайды,  оған 
ересек  сезімнің  дамуы  және  жеткіншектің  ересектігін  басқа  адамдардың  тануы  негіз 
болады. Жеткіншек бұл игіліктерге белсенді ие болады, бұлар оның сана сезімінің жаңа 
мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен іс-әрекеттің мақсаттары мен себептері, өзіне және 
басқаларға  қойылатын  талаптар,  бағалау  мен  өзін-өзі  бағалаудың  критерийі  болады. 
Мотивациялық,  интеллектуалдық,  ұйымдастырушылық,  коммуникативтік  және  т.б. 
оқушының  тұлғалық  шығармашылық  қабілеттерін  зерттеу  үрдісінде  кешенді,  жүйелі 
және тұтастық қатынастарды іске асыру қажет. 
Сыналушылардың  дамуындағы  даралық  ерекшеліктерін,  сонымен  қатар  ішкі 
қайшылықтарын  және  кейбір  құрамдастықтарының  дамуының  біркелкі  болмауын 
анықтап,  соның  негізінде  әрі  қарай  жетілдіреді.  Жеткіншектік  кезеңде  мақсаттылық, 
дербестік  және  адамгершілік  сезімінің  дамуы  байқалады.  Өзін  тәрбиелеуге  көптеген 
мотивтер мен себептер – кемшіліктерді жою, сыныптың әлеуметті сыйлы мүшесі болу 
жатады. Мұндай талап-тілектерді іске асыруға өзін тәрбиелейтін оқушыны мұғалімдер, 
ата-аналар  қолдап,  тәрбиелеу  тәсілдерін  талдап,  оларды  іске  асыруға  өз  үлестерін 
қосуға тиіс. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет