Әдебиет
1. Битянова М.Р, Азарова Т.В, Е.И. Афанасьев, Н.Л. Васильева. Работа
психолога в начальной школе. М.: Совершенство, 1998.
2. Выготский Л.С. Вопросы детской психологии. – СПб.:Союз, 1997
3. Венгер Л.А. Психологическая готовность ребенка к школе. //Вопросы
психологии, - 1984. №4
4. Головин С.Ю. Словарь психолога-практика - Мн.,2001
5. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. - А., 2004.
6. Стыбаева А.Ш. Первичная психологическая адаптация детей 6-7 лет к
условиям школы.-Т.,2003.
ӘОЖ 159922
БАЛАЛАРДА АУТИЗМ СИНДРОМЫНЫҢ КӨРІНУ СЕБЕПТЕРІ
А.М. Назарбек
Семей қаласының Шәкірім атындағы мемлекеттік университеті, П-307 топ студенті
Ғылыми жетекші: Г.К. Джумажанова - Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университетінің доценті, псх.ғ.к.
Әрбір ата-ана баласы өмірге келгеннен кейін, оның денсаулығы мықты болғанын
қалайды. Ата-анасы баланың жасаған әр бір қимылына, оның жүзінің жадырағанын,
басқан әр бір қадамын, алғашқы шығарған дыбысына, айқан сөзіне қуанады. Әр бала
қоршаған ортаның қамқорлығын қажет етеді. Бірақ кейбір балалар қоршаған ортадан
алыстап, өз әлемінде өмір сүреді. Олар әр жаңа нәрсеге қызықпайды, оны танып-білуге
қызығушылығы болмайды. Осындай балалар қарым-қатынас жасауда, әлеуметтік
ортаға бейімделуде, ата-анасымен сөйлесуде қиындықтарға кездеседі. Осындай
белгілері арқылы балада аутизмнің немесе оның кейбір белгілерін анықтауға болады.
Аутизммен ауыратын балалар саны әлем бойынша 100 баладан 1, бұл
көрсеткіштер аутизмнің қатерлі ісіктен, диабеттен және СПИД-тен жиі кездесетіндігін
көрсетіп отыр. Қазақстан бойынша статистикалық мәліметтер жоқ, бұл медициналық
есептеу
нәтижелерінің
айдарының
болмауынан.
Аутизм
құрама
санаққа
енгендіктен, таралу, ауыру көрсеткіштері нақты аутизммен есепке алынбайды.
146
Kazakhstan Today агенттігінің хабарлауынша Қазақстанда аутизммен ауыратын
балалар саны айтарлықтай өсуде.
«Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша аутисттік проблемалары бар балалар саны
өсуде. Мысалы, 10-20 жыл бұрын 10 мың баланың 3-4тен 10-15 оқиға тіркелген болса,
ал қазіргі кезде мысалы АҚШта орта есеппен алғанда 200 баланың 1уі, ал кейбір
елдерде бұдан да көп «Англияда орта есеппен алғанда 80 баланың 1і.», - таратылған
мәліметтерде айтылады.
Аутизм – кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы
адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын
психикалық ауытқу. Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл – психикалық дамудың
бұзылуы: шындықтан ауытқу, өз-өзінен кету, немқұрайлылық немесе сыртқы
құбылыстарға жауапты қимыл әрекеттердің болмауы.
Аутизмнің пайда болу себептері:
Психоаналитиктердің ойынша, баланың алғашқы даму кезеңіндегі «ата-ананың
эмоциялық салқындығы » да себеп болады.
Ғалымдардың ең соңғы мәліметтері бойынша, аутизмге ұшыраған балалардың
тумыстан миының дамуында кінарат (мидың бір бөлігі нашар дамыса, екінші бір
бөлігі өте жақсы дамыған, хромосомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы,
гендік деңгейдегі өзгерістер) бар екені анықталды.
Гендік өзгерістердің пайда болуына, жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған
ортаның қолайсыз экологиялық жағдайы, стрестер әсер етеді. Әдетте, бала миының
эмоцияларға жауап беретін орталығы бұзылады. Олардың қанының құрамында
ерекше белоктар анықталған. Бұл жерде тұқым қуалаушылықтың да маңызы зор.
Аутизмның белгілері.
Белгілері баланың үш жасына дейін айқын байқалады. Ата анасы баланың
құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, әлі сөйлемегенін байқайды. Алғашында
бала керең секілді болып көрінеді, бірақ тексеру нәтижесі олай емес екенігін
көрсетеді.
Кейде бала сөйлеуді бастайды, бірақ біраз уақыт өтісімен, сөйлеу қабілетін қайта
жоғалтады. Күнделікті қылықтары қайталанады, күнде бір ойыншықпен және
жалғыз ойнайды. Тіпті ойыншықтың тек бір бөлігімен ғана (мәселен тек қолымен
немесе басымен) ойнауы мүмкін.
Күнделікті қайталанатын тәртіптің өзгеруін бала өте қиын қабылдайды. Ата-
аналарының айтуынша, бала көзге тіке қарамайды. Көбісінің зияткерлік қабілеттері
қалыптыдан төмен.
Аутизмі бар жасөспірімдер депрессияға шалдығып, кейде эпилепсиялық ұстамалар
байқалады.
Аутизмның түрлері.
Каннердің ерте балалық шақтағы аутизм синдромы (Каннер аутизмі) –
балаларда кездесетін аутизмнің классикалық түрі;
Аспергер синдромы – аутистикалық психопатия;
Ретта синдромы;
А типті аутизм – шезофрениядан кейін пайда болатын немесе процессуалды
аутизм.
147
Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:
1. аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік,
ортадан
оқшаулау,ешнәрсеге көңіл аудармау ерекшеленеді, көп уақытта
түңіледі.
Мұндай балалар сөйлемейді,
адамдарға,
адамның көзіне және бірнәрсеге көзін
тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын атап шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай,
ешқандай
реакция
білдірмейді.
Олар бір
жері
ауырып
жарақаттанса,
қарындары ашып, тоңғанды сезбейді.
2. Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды,басқа нәрселерге
де
көзін тіке қадап,бағытты түрде қарай алмайды,бірақ нәрселердің өздері,
өздерінің түрлері мен дыбысы мен сыртқы пішінімен балалардың назарын
өздеріне аудартқызады.
3. Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ориадан толық безбеген; бетінде қорқыныш
бар, қимылдары еркінемес,сөздері түсініксіз,бір сөзді қайталай береді; күрлмеліп
сөйлейді, қимылдары импулсьсивті, яғни отырып-отырып аяқасты жүгіріп кетеді, өзін-
өзі жарақаттайды. Сөзі – монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі
сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог
құрастыра алмайды.
4. Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың
шектеулі,алаңдаушы болып
келеді,сондықтан сөздері жай, көздеріне қар айалады,бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ,
жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айту, алдауды білмейді.
Аутисттердің өсуіне байланысты балаларға адекватты уақытылы коррекциялық
көмек көрсету қажеттігін ескертеді. Аутист бала әлеуметтік адаптация мен дұрыс
дамуы үшін әрдайым қолдау мен стимуляцияны қажетсінеді. Мұны тек аутизммен
ауыратын баланың отбасы өздерінің қоғамнан және балабақша, мектеп, әлеуметтік орта
сияқты қоғамдық бірлестіктерден көмек керек деген қажетсінулерін түсінген жағдайда
ғана жасауға болады.
«Республикада білім беретін әр түрлі арнайы бірлестіктер (реабилитациялық
орталықтар, психолого-педагогикалық коррекция кабинеттері, арнайы балабақшалар
мен мектептер) болғанымен, аутист балаларға сапалы психо-педагогикалық көмек
көрсетілмейді. Осы бірлестіктердің мамандары аутист балалардың ерекшеліктері
туралы толық түсінік алмайды, балаларды оқытуда қиындықтар туғызады, аутизм бар
балаларды оқытудан бас тартады. Көптеген ата-аналар аутизмі бар балаларды қалыпты
өмірден алшақтатып, үйде оқытуға мәжбүр ».
Аутизм қалай емделеді
Ең бастысы, кешіктірмей тексеріліп, емделу терапиясын ертерек бастаған дұрыс.
Себебі терапияны бала кішкентай кезінде бастаса, нәтижесі жақсы болады. Аутизмге
ұшыраған адамдардың әрқайсысының белгілері әр түрлі және әр адамға тек өзіне тән
ем түрі жүргізілуі керек.
Аутизмді емдеу үшін науқас адмның мінезі мен жүріс-тұрысына қарай терапия
қолданылады. Бұл терапия баланың дұрыс тәртібі үшін арнайы сый береді, осылай
бала айналасымен арласып, байланысқа түседі.
Баланың ерекшелігіне қарай физикалық және сөйлеу терапиялары қолданылуы
мүмкін. Баланың бөлектенуін, мақсатсыз қозғалуын және қорқыныш сезімін жою
үшін анималотерапияның (арнайы үйретілген иттер, аттар және дельфиндер) көмегі
зор.
Соңғы зерттеулер дельфинотерапияның бірнеше артықшылықтарын дәлелдеді. Бұл
терапиямен емдегенде дельфиндерден бөлінетін жоғары жиілікті сонарлардың
148
әсерінен баладан бақыт гормондары бөлінеді. Бұл гормондар ми қызметіне әсер етіп,
баланың көңіл-күйін жақсартады
Әдебиет
1.Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын
басқарғанэ.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.ISBN 9965-
808-85-6
2.
http://www.kt.kz
ӘОЖ 159.922.73
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ДАҒДАРЫСТАРЫ
Ш. Ақынжанова, А. Даулетбекова
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, П-403 тобының студенттері
Ғылыми жетекші: Н.А. Кулмышева – Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті, педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы,
п.ғ.к.
Балалардың психикалық дамуы бір қалыпты болмайды. Бала психикалық
бейненің қандай да бір негізгі белгілерін ұзақ уақыт бойы сақтағанда дамудың біршама
баяу, бірте-бірте өзгеретін кезеңдері және ескі психикалық белгілердің құрып бітуімен,
жойылумен және жаңа белгілердің пайда болуымен байланысты. Кейде баланы
неғұрлым тез, секірмелі түрде адам танымастай өзгертіп жіберетін өзгерістер кезеңі
байқалады. Осы секірмелі түрдегі өтуді «Даму дағдарысы» деп атайды. Олар шамамен
бірдей жағдайда тұрған, жас жағынан шамалас балалардың барлығында пайда болады
да балалық шақты жас шағына қарай бірнеше кезеңге бөлуге мүмкіндік береді.
Туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңде (баланың дүниеге келуіне
байланысты оның өмір сүру жағдайын кенет өзгертетін дағдарысты айтпағанда) бала 3
дағдарыс сәттерін: бір жаста және үш жаста, жеті жаста басынан кешіреді.
Осыған сәйкес бұл кезеңде үш жас шағы кезеңдері бөлініп шығады:
Нәрестелік шақ (туған күннен бір жасқа дейін)
Сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін)
Мектепке дейінгі балалық шақ (үш жастан жеті жасқа дейін).
Дамудың әрбір жас шағы кезеңдерінің дамуына тән баланың қоғамдағы психикалық
белгілердің байланыстылығы баланың бір кезеңнен екіншісіне өтуін түсіндіріп бере
алмайды.
Бұл өте кезеңнің алдында баланың өзінің басқа адамдар арасындағы орнына
қанағатанбауы және ол орынды өзгертуге ұмтылуы пайда болады. Осы кезең ішіндегі
дамудың мынадай сәті туады: баланың өсіп келе жатқан мүмкіндіктері- оның білімі,
іскерлігі, психикалық сапалары-ескі тұрмыс қалпымен, қызметтің және айналасындағы
адамдардың қарым-қатынасының ескі түрімен қайшылыққа ұрындырады. Бала өзінің
жаңа мүмкіндіктерін сезінеді де осының алдында ғана қызықтырған іс-әрекетке
ынтасын жояды. Ол үлкендермен жаңа қарым-қатынас жасауға ұмтылады. Бұл
қайшылық дағдарыс ретінде көрінеді: көне қарым-қатынас жасалған жоқ.
Бұл кезде бала тәрбиесінде белгілі қыйындықтар пайда болады, бала үлкендердің
талаптарына жөнді құлақ аспайды, қыңырлық, қарсылық көрсетеді. Бұл
қыйындықтардың ауырлығы және қаншаға созылатындығы көп жағдайда үлкендерге
байланысты болады.
Нәресте 12 айға толғаннан кейін үлкендермен қарым-қатынасы бұзылып, онда
«дағдарыс» кезеңі пайда болады. Нәресте әлі есін білмейтін болғандықтан, оны
149
еркелеп, не ашулануы сол кезде айқын білінбейді. Ал бөбек жасында балада «мен»
пайда болып өзін үлкендерден ажыратқысы келеді.Үлкендердің қамқорлығынан
құтылғысы келіп, егер біреу оның аяғынан шұлығын суырып алса, соған ызаланып,
кигіз деп, кейін соңы өзі қайтадан суырып алғанда жылауын тоқтатады. Сол сияқты
егер бір бөбекке бір нәрсені әкеліп бер десек,сол кезде өзге біреу соны әкелсе
ызаланып, жылап,соны өзі бұрынғы орнына қайтадан апарып қояды да, кейін соны
қайтадан әкеліп береді.
Еркелеудің бұл түрі, яғни «дағдарыс» кез бөбектерде түрліше кездеседі, өте тым
айқын, өзгелерде онша білінбейді.Бірақ әрқайсысында азды – көпті кездеседі. Ал осы
келтірілген «менменсіну» бөбекпен дұрыс тәрбие жүргізілмесе ерегесуге, яғни
негативизмге апарып соғуы мүмкін. Мысалы, екі доңғалақты велосипедке мініп жүрген
бөбекке, егер шешесі мінуге рұқсат етпесе ызаланады. Кейін шешесі «міне ғой»
десе,ерегесіп «енді мінбеймін» деп отырып алады.Сол кезде «мінбей-ақ қой» десе, онда
«мінемін» дейді. Демек, бөбек үлкендердің айтқанына қарама-қарсы іс істегісі келеді.
Егер ерегесу, яғни негативизм қайталана берсе, кейін бала тәрбиеге көнгісі
келмей, үлкендерге қарсы шығып, ызаланатыны кездеседі. Мұны, строптивость, яғни
қиқыр-қынырлық дейді. Қынырлық қырсығудың ең жоғарғы сатысы.
Үлкендер баланың іс-әрекет пен қарым-қатынастың жаңа түрлеріне ұмтылуын дер
кезінде байқап, ескеруге және көмектесуге тиіс. Алдымен, үлкендердің өздері балаға
деген көзқарасын өзгертуі керек: оған көбірек дербестік беріп, оның өсіп келе жатқан
мүмкіндіктерін мойындауы және осы мүмкіндіктері толық ашылатындай жаңа іс-
әрекетке үйретуі қажет.
Дербестікке ұмтылудың пайда болуы.
Баласы үш жасқа толарда, үш жастан аса бергенде (әр балада әр түрлі) көптеген
жас ата-аналар осындай жағдайға тап болып, психолог көмегіне жүгініп жатады.
Психологияда бұл мәселе ретке қойылып, аталмыш кезеңге «Үш жасар баланың
дағдарысы» деген атау берілген.
Баланың үш жаста мұндай дағдарысқа тап болуының себебі неде?
Ғалымдар «үш жасқа дейін бала анаға деген тәуелділікпен өмір сүреді» деп түсіндіреді.
Кез-келген сәтте ол үшін шешім шығарып, бар талабына жауап беруге тиісті адамның
бар екендіне сәби қалыпты көзқараспен қарайды. Ал, үш жасқа жақындаған шақта ол
есеюдің алғашқы кезеңін басынан өткереді. Анығын айтқанда тәуелділік және
тәуелсіздік тұрғысында сәби санасында алғашқы танымдар қылаң бере бастайды.
Анасынан бөлек өзіне тән қалауы бар екенін, ұнататын түсі мен қаламайтын асы бар
екендігін, үлкендерше есікті ашып-жабуға, ойын толық сөйлем арқылы жеткізе
алатынын түсінген бала - осы мүмкіндігін іс жүзінде дамытқысы келеді. Демек,
түсінікті тілмен айтар болсақ, бала дағдарысы дегеніміз - «қалау» және «мен де
істей аламын» деген кішкене адамның жан дауысы. Десе де, бала мен ата-ананың
арасындағы түсінбеушілік сәбидің шын мәнінде істей алмайтын дүниені
қалайтындығынан басталады. Бала қолынан келмейтін істерді жүзеге асырғысы келеді.
Сәбилік шақта бала дамуының неғұрлым маңызды сәті оның ахуалдың өзгеруіне
қарай өзгеріске ұшырамайтын, үлкендердің тілегімен дәл келуі де, келмеуі де мүмкін
өзіндік ерекше тілегі бар жеке адам екендігін сезіне бастауы болып табылады.
Өзін басқа адамадардан баланы бөліп қарау және жеке басының мүмкндіктері
кеңейгенін сезіну, баланың үлкендерге жаңаша қарауға жетелейді. Ол өзін үлкендермен
салыстырып, солардай тәуелсіз, солардай еркін болғысы келеді. Үш жасар бала: «Мен
үлкен болып өскенде тісімді өзім тазалаймын. Сіздерге торт әкеліп беремін. Қалың
кітаптар оқимын деп мәлімдейді» [1] Бала келешек туралы айтқанымен, ол қашан
өскенше соны күтіп отырады деген сөз емес. Шынында балалар үлкен болуды сол
бойда-ақ іске асыруға тырысады. Онысы әсіресе олардың дербестікке ұмтылатынынан,
150
өздерінің тілектерін үлкендерге қарсы қоятынынан көрінеді. Үш жастағы дағдарыс
осылай басталады.
Үлкендер бұл кезеңде баламен қарым-қтынаста елеулі қиындықтарды басынан
кешіреді, олардың қасармалығына, еш нәрсені мойындамауына тап болады.
Баланың жеті жастағы дағдарысы. Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезендері
сияқты, психикалық дамуыңда дағдарысқа немесе құрт өзгерістерге ұшырап
отыратындығы ғылыми әдебиеттерде баяндаған.
Мұндай өзгеріс баланын жеті жаотағы дағдарысы деп те аталады. Осы кезевде баланың
акьш-ойының өсуіне орай қауырт өзгерістерге үшырап, тәрбиесі жөнінен де бұрынғы
уакытқа қарағанда неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді
мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те атау киын. Өйткені ол өтпелі кезеңді
басынан кешіреді.
Соңғы уақытта бұл жасқа арналған бірқатар зерттеулер жарық көрді. Зерттеу
нәтижелеріне қарағанда жеті жастағы бала енді бұрынғы нағыз балалық
ерекшеліктерінен айырылады. Алайда оның қимыл-қозғалыстары мен ішкі жан дүнесі
сол балдырғандығын көрсетеді. Бұл кезенде бала алдына мақсат қойып, оны өздігінен
аңғара білуі, тілегіне жетіп, оны жүзеге асыруы толық жетілмеген.
Мектеп жасына дейінгі баланын дағдарысқа ұшырау жағдайы оның аңғырттығы
мен бірбеткейлігінін. құрт өзгеретіндігін қарапайым бақылау арқылы көзге түседі.
Бірақ оның мінез-құлқы мен өзінің маңындағы адамдармен қарым-қатынастарынан
анық байқала қоймайды.
Жеті жастағы баланың бойы тез өсіп, едәуір өзгерістер болады. Бұл кезенде
баланың тісі түсіп, оның орынына жаңа тістер шырады. Жеті жастағы баланың кезеңі
үш жастағы кезеннен әлдеқайда күрделі сипатта болады.
Жеті жастағы баланың басынан өтетін дағдарыстың негізінен екі түрлі
ерекшелігін қарастырып көрейік. Бала айтқанға көнбей қырсығады. Жүріс-тұрысы
өзгереді. Мінезінде ойланбай істейтін жасанды қылықтар пайда болады, ұшқалақ,
қылжақбас күлдіргі қылықтары пайда болып, ол өзін сайқымазақ ретінде көрсетеді,
Мұндай қылықтар баланың жеті жасқа дейінгі кезеңің болғанымен, оның төңірегінде
оған жете мен бермейді. Мұнда қылжақтау әрекетінің пайда болуы нендей себептерге
байланысты? Бала мұндай келеңсіз қылжақбас бейнелерді әсіресе өзінің сыртқы
тұрпатына, өзгелердің жүріс-тұрысына қарап еліктеп істейді. Мысалы, біреудің дауысы
дірілдеп шығатын болса, соның сөйлеу ырғағына қарап, бала өз дауысын да дірілдетіп
шығаратын болады. Сондықтан баланың орынсыз сөз айтып, қалжыңдаса, оған ешкім
де таңданбайды. Өйткені мұңдай мінез көріністері жеті жасар балаларға тән ерекшелік
екендігі оның дамуындағы заңды құбылыса тән мінез және онын ұяңдықтан ажырап,
өзіндік ерекшеліктерік сыртқа шығару белгілері болып саналады.
Жеті жастары баланын дағдарысынын ең басты көрініс оның жеке басының ішкі және
сыртқы дүниесіндегі елеул; өзгерістерге ұшырау себептерімен байланысты.
Баланың мінезіндегі дағдарысқа ұшырау себептерін оның бойындағы ішкі және
сыртқы сапалы өзгерістердің пайда бол луымен ұштастыру қажет. Өйткені баланың
бойында жаңадан өзіндік мінез көріністері пайда болып, мұндай ерекшеліктер былайғы
адамдарға күлкілі болып көрінеді. Осы орайда бала мінезіндегі өзгерістердің зандылық
екендігін атақты актер Ч.Чаплин орындаған рольден айқын көруге болады. Ол ересек
адамдардың ролін ойнағанда өзін ерекше балалың аңғырттықпен, балалық мінезбен
көрсетеді. Оның күлдіргі әрекетгерінін сыры да, басты шарты да осында.
Балардың дағдарысын болдырмаудың жолдарына мыналарды жатқызуға болады.
1. Балаларға барынша көп уақыт бөлу;
2. Олардың сауалдарына барынша толық әрі шынайы жауап беру;
3. Отбасында ұрыс – керіс, дау – жанжалға жолбермеу;
151
4. Баланың есінде қалатындай демалыстар ұйымдастыру;
5. Баланың дұрыс емес іс – әрекеті үшін жазалаудың орынана түсіндіру;
6. Баланың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға шарт түзу.
Ал қазіргі кезде бала бойында кездесетін агрессиясын түзету – дамыту
жұмыстарын қазіргі кезде психолог мамандар жүргізеді.
Көбінесе коррекцияны адам өміріне үлкен роль атқаратын іс - әрекеттер түрінде
ұйымдастырылады. Адам өмірінде барлық уақытта маңыздылығын сақтайтын,
әсерлілігі өте жоғары ойын әрекеттің орны өте үлкен. Балалар үшін ойын өмір сүрудің,
әллеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалалық
«Менің» шақырып, басқалардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге
мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық қызмет көрсету
тәжірибесінде кеңінен қолданылады.
Коррекциялық ойын барысында келесі мәселелер шешіледі.
1.Балалар барысында сезімін көрсетудің жаңа формаларын меңгереді.
2.Басқа адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына, өзіне деген көзқарасы
ақиқатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға үйренеді.
3. Өзіне сенімі нығайады.
4.Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау тәжірибесін қалыптасады.
5.Ойын және іскерлік, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады.
6.Балаларды сыйлап кішігірім санасын олардың дербес, өз бетімен қажетті
мәселелерді шешуге шамасы келетініне сендіреді.
Агрессиялы балаға психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу
барысында оны қоршаған ересек адамдармен де тығыз байланыстағы іс-шаралар
ұйымдастыру қажеттілігінің мәні зор. Осындай кешенді жұмыстар жүргізу арқылы
нәтижелі жетістіктерге қол жеткізе аламыз.
Мұндай жағдайда қауіпсіз әрекеттерді жүзеге асырып көруге мүмкіндік берген
жөн. Баланың жасаған жұмысының нәтижесіне баға беруді де ұмытып кетпеңіз. «Сен
қандай үлкен болып өсіп кеткенсің, маған қолқанат болуға жарап қалыпсың» деген
сыңайдағы пікірлер осы кезеңде балаға өте қажет.[4] Қателесіп, қайбір дүниелерді
бүлдіріп алса да, ашуға бой алдырмаңыз. Сіз де бала болып, осындай кезеңді бастан
өткергенсіз. Оның үстіне ғалымдар баланың бір сөзде тұра білуі мен еңбекке
құштарлығы, өзіне сенім артуы осы кезеңді өткергеніне байланысты қалыптасатынын
дәлелдеген. Бір қызығы балалар бұл кезеңде қиқарлық танынып, бір нәрсені жүзеге
асырғысы келетінін білдіргенімен, ол сол әрекетті шынымен қалап тұрмауы мүмкін
екен. Жай ғана бұйрығын үлкендердің құрақ ұша орындағанын талап ететін көрінеді.
Сондықтан қайбір тұста баланың назарын басқаға аударып немесе оның бұйрығына
мән бермеген де дұрыс. Себебі жаңа өмір таным кезеңі жүріп жатқанда оның айтқанын
істей беру мүмкін емес. Өмір бір адамның ғана қалауына негізделмегенін, өзгелердің де
пікірі мен қалауы бар екенін баланың дағдарыс кезеңінде әбден ұғынып алғаны дұрыс.
Бала айтқан сөзге тыңдамаған кезде оған «есіңнен адасқанбысың» деп ұрысудың,
«киіміңді ки, тысқа шық, аузыңды былғама» деп бұйырудың, «басқа біреуге сатып
жіберемін, бабай келе жатыр» деп қорқытудың түкке де қажеті жоқ.[4] Адам психикасы
дағдарыс кезеңінде бұйрық пен қарсылықты қабылдамайды. Мұндайда баланы сыртқа
шығару керек болса, шешімді өзі қабылдаған секілді етіп түсіндіру қажет. Мәселен,
жылы күртешесін киюді ұнатпайтын баланы сыртқа шығару үшін «серуендеуге
шыққың келіп тұр ма, өткенде киген күртешені тағы да кигің келеді екен ғой» деген
секілді сөздермен жеңуге болады. Сонда бала
үлкендер менің қалауымды орындап жатыр деп түсінеді. Бала бұл кезеңде өзінің
айтқанын жүзеге асыра алған сайын көшбасшылық қабілетін қалыптастырады. Бірақ
152
нақ дағдарыс кезеңінде кішкентай адамдар қателіктен де сабақ алуға болатынын түсінуі
тиіс. Әрине, оны түсіндіруге ата-ананың өресі мен шыдамы қажет.
3 жастағы бала дағдарысын жеңілдетудің түрлері:
1)
Сабырлық – бала ашуланғанда, айқайлағанда, ызыланғанда, долданғанда
ақылдылық пен сабырлылық таныту керек. Бала мен ана арасындағы ересек адам ана
болғандықтан, анаға ашуға бой алдырмау керек. Егер бала ата – ананың сабырлылығын
көрсе өзі де тынышталады. Әйтпесе, бала осындай жолмен ата – ананы билей аламын
деп ойлайды.
2)
Жағымды қарым – қатыныс - жетістікке жетудің бірден – бір жолы. Баланы кез
– келген ұсақ – түйек үшін (кесе сындырып алғада, киімді бұзғанда, түсқағазды
бояғанда) айыптай бермеу керек. Бала ондай жағдайда өзін жаксы көрмейді деп
ойлайды. Баланы үнемі мадақтау керек. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін мұқият
түсіндіру қажет. Ешқашан да баланың бойына өзін кінәлі сезіну сезімін ұялатпау керек.
3)
Тәжірибе – мінсіз адам болмайтынын ұмытпаңыздар, сол себептен балаңыз
ешқашан қателеспейді деген ойдан арылу керек. Балаға жалпы баға бермеу керек.
Баланы үнемі қолдау керек. Қателіктерін бетне дөрекі баспау қажет.
4)
Салыстырмау – баланың жетістіктерін басқа баламен салыстырмау керек. Бұл
жаста балада бәсекеге түсу сезімі дамымаған. Одан да баланың кешегі жетістігі мен
бүгінгі жетістігін салыстыра қарау керек. Мысалы: «бүгін сенің жасаған гүлің, кешегіге
қарағанда әлдеқайда жақсы шықты». Бұл баланың одан әрі дамуға деген ұмтылысын
күшейтеді.
5)
Өзі шешсін – бұл жаста бала өз бетінше әрекет істегісі келеді. Баланың қимыл –
әрекетін шектемеу керек. Мысалы: гүлді суғаруға, тамақ алдында қасықтарды қою
сияқты іс – әрекет түрлері.
Қорыта келгенде психологтардың атуы бойынша ерте кездегі дағдарыс 1,3,7 жас
аралығында болады. Бірақ кейбір ата – аналар оны түсінбейді. Олардың ойынша
баланы қатал ұстаған кезде ешқандай дағдарыс болмайды. Бірақ шындығында олай
емес, дағдарыс кезінде болатын бала бойындағы әрбір өзгеріс, жағымды, жағымсыз
қылықтар оның психологиялық дамуына әсер етеді. Сондықтан, бала тәрбиесіне
айрықша мән беру керек. Жоғарыда айтылып кеткен әрбір дағдарыс кезеңінде балаға
үлкен мән берілуі керек. Бұл жерде ата – аналар үлкен рөл атқарады, олар шыдамды,
төзімді бола білулері керек. Әрқашан балаларға қолдау көрсетуі керек. Тек сол кезде
ғана балалар өздерінің даму кезеңдерін біртіндеп, пайдалы әрі белсенді түрде өткере
алады.
Достарыңызбен бөлісу: |