Әдебиет
1.
Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. Оқулық. – А., 2012. – 272 б.
2.
Айтбаева А. Әлеуметтік педагогика негіздері. Оқу құрал. - А., 2011.
3.
Абульханова К.А. Психология и сознание личности: Проблемы
методологии, теории и исследования реальной личности. Избранные психологические
труды. – М.: Наука, 1999. – 224 с.
4.
Социально-педагогический словарь. /Под ред. Т.Н. Черняева, А.С. Иргалиев,
Ж.Ж. Жароллаева. Эл. Издание. – Уральск, 2010.
УДК 328:4-25
РОЛЬ ХУДОЖЕСТВЕННОЙ ЛИТЕРАТУРЫ ПРИ ФОРМИРОВАНИИ
ЭМПАТИИ У ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА
С.Х.Насырова
Студентка группы П-224 Государственного университета имени Шакарима города
Семей
Научный руководитель: А.К.Мукатаева, старший преподаватель, магистр
педагогических наук Государственного университета имени Шакарима города Семей
Восприятие художественного произведения – это сложный психический процесс.
Оно подразумевает умение понять, узнать изображенное; но это только познавательный
акт. Обязательным условием художественного восприятия является чувственная
окрашенность воспринятого, выражение отношения к нему (П.М. Якобсон, Б.М.
Теплов, А.В. Запорожец и др.).
120
А.В. Запорожец отмечал, что эстетическое восприятие не сводится к пассивной
констатации известных сторон действительности, хотя бы очень важных и
существенных. Оно требует, чтобы воспринимающий как-то вошел внутрь
изображаемых обстоятельств, мысленно принял участие в действиях.
Через художественную литературу ребенок уподобляет себя и отождествляет себя
с персонажем художественного произведения, учится позитивно взаимодействовать с
другими людьми.
Герои художественных произведений должны быть привлекательны для детей,
они должны попадать в разнообразные ситуации, где, в силу особенностей своего
характера, степени воспитанности и других, зависящих и независящих от них
обстоятельств, вступают в конфликты с другими персонажами. На основе событий,
происходящих в произведении, дети учатся анализировать мотивы поведения героев,
их чувства, эмоции. Будучи заинтересованными в положительном исходе ситуации,
дети проявляют желание помочь героям, сопереживают им.
Богатым материалом для нравственного воспитания детей являются сказки.
Недаром они составляют часть текстов, на которых дети постигают многообразие мира.
В.Г. Белинский видел в сказке глубочайшее воспитательное средство: «В детстве
фантазия есть преобладающая способность и сила души, главный ее деятель и первый
посредник между духом ребенка и вне его находящимся миром действительности» [1;
93].
К.Д. Ушинский включил сказки в свою педагогическую систему, считая, что
простота и непосредственность народного творчества соответствуют таким же
свойствам детской психологии. Ушинский детально разработал вопрос о
педагогическом значении сказок и их психологическом воздействии на ребенка [2; 108-
109].
В.А. Сухомлинский теоретически обосновал и подтвердил практикой, что «сказка
неотделима от красоты, способствует развитию эстетических чувств, без которых
немыслимо благородство души, сердечная чуткость к человеческому несчастью, горю,
страданию. Благодаря сказке ребенок познает мир не только умом, но и сердцем». По
его мнению, сказка – благодатный и ничем не заменимый источник воспитания любви
к Родине [3; 153-163].
Основоположник российской этнопедагогики Г.Н. Волков, анализируя роль
сказки в формировании личности ребенка, делает вывод, что «духовный заряд,
накопленный народом тысячелетиями, может служить человечеству еще очень долго.
Более того, он будет постоянно возрастать и станет еще более могучим. В этом –
бессмертие человечества. В этом – вечность воспитания, символизирующая вечность
движения человечества к своему духовному и нравственному прогрессу» [4; 124].
Литература
1.
Божович Л.И., Конникова Т.Е. О нравственном развитии и воспитании детей //
Вопросы психологии. – № 1. – 1975.
2.
Воспитание нравственных чувств у старших дошкольников / Под ред. А.М.
Виноградовой. – М., 1989.
3.
Зинкевич-Евстигнеева Т.Д. Основы сказкотерапии. – СПб.: Речь, 2005. – 176 с.
4.
Леонтьев А.Н. Психическое развитие ребенка в дошкольном возрасте // Вопросы
психологии ребенка дошкольного возраста / Под ред. А.Н. Леонтьева, А.В.
Запорожца. – М., 1995.
121
ӘОЖ 159.923:316.485
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН КОНФЛИКТ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А.Азизова
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті,
Г-215А оқу тобының студенті
Ғылыми жетекші: Ш.О. Орынгалиева, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң
университеті, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы
Кикілжіңдер – қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды
құбылыстарының бірі. Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің
де дамуы өзімен күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да жұмсақ түрде
жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен
байланысты. Әрбір адамның, әрбір ұжымның немесе ұйымның, әрбір елдің бүкіл
ғұмыры
қарама-қайшылықтардан
құралған.
Мұндай
қарама-қарсылықтардың
табиғатын әртүрлі адамдардың әрқилы позицияларды ұстануына, әртүрлі
қызығушылығы бойынша жетекші болуына, әртүрлі мақсатта талпынуына байланысты
өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мақсаттарын жүзеге асыруда бір-
бірімен екі немесе одан да көп индивидтердің қарама-қарсы қақтығысқа жиі түсуімен
түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған қақтығыс тек бір ғана адамға
ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де қарсы күреске түсуі
мүмкін. Олар өзінің қарсыласының мақсатына жетуіне кедергі жасау мүмкіндігін
белсенді іздейді, қызығушылықтарын қанағаттандырмауын тілейді немесе оның
көзқарастарын, өмірдегі бағалаушылығын, алатын орнын өзгертуге тырысады. Дау,
қорқыту және қауіп төндіру арқылы, физикалық күш пен қару қолдану арқылы жүретін
қарама-қайшылықтық қақтығысты кикілжің деп атайды.
Бірақ
жоғарыда
айтылғандардың
барлығында
қызығушылықтар
мен
мақсаттардың қарама-қайшылығы өзара кикілжіңге әкеп соқтыратынын мүлдем
білдірмейді. Қарама-қайшылық пен кикілжің – бір нәрсе емес және қарама-
қайшылықтың дамуы әрқашанда кикілжіңге ұласпайды. Кикілжің туындауы үшін
қарсыластар, яғни индивидтер немесе олардың әлеуметтік топтары, біріншіден,
өздерінің мақсаттары мен қызығушылықтарының қарама-қарсылығын сезінуі қажет, ал
екіншіден, өзінің қарсыласына белсенді қарсы әрекеттер жасауы қажет. Екі немесе одан
да көп жеке тұлғалардың, топтардың, партиялардың, елдердің, т.с.с. бір-біріне белсенді
қарама-қарсылық әрекеттер жасайтын болса, тек сонда ғана қарама-қайшылықтар
әлеуметтік кикілжіңдердің негізі болып табылады.
Бұл әлеуметтік құбылыстардың немесе процестердің негізін түсіну үшін сөздің
этимологиялық мағынасын анықтаған жөн. Латын тілінде қолданатын «conflictus» сөзін
құраған лингвистикалық элементтерінің мағынасын анықтасақ, бұл сөздің мәні айқын
болады. Бұл сөздің түбір алдына жалғанған «con» буынынан тұрады, ол біреумен бірге,
біреуге қарсы, бір уақытта, бірге деген мағынаны білдіреді және «flictus» («fligo»)
етістігінен құралған. Бұл етістік ұру, итеру, құлату деген мағынаны білдіреді [1,6].
Кикілжіңдік жағдайға түскенде оны эффективті анықтау және шешу үшін
кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стилін, кикілжіңге түскен басқа
адамдардың стильдерін, сонымен бірге кикілжіңнің табиғатын анықтап алу қажет.
Кикілжіңді шешудің бес негізгі стильдері (қарсыластық стилі, кикілжіңнен
кетіп қалу стилі, бейімделушілік стилі, бірлесіп әрекеттесу және компромисс стилдері)
бар. Олар Томас-Килменн әдісі деп аталатын жүйенің негізіне салынған
бағдарламаларда бейнеленген және кеңінен қолданылған ( 1972 жылы Кеннет У.Томас
122
және Ральф Х.Килменнмен өңделген). Жүйе әрбір адамға кикілжің жағдайы барысында
өзінің жеке мінез-құлық стилін анықтауға көмектеседі. Кикілжің жағдайына
байланысты көрсететін мінез-құлықтың негізгі стильдері, екі немесе одан да көп
кикілжіңдесуші жақтардың қызығышылықтарының сәйкес келмеуінен пайда болатын
кезкелген кикілжіңнің жалпы себебімен тығыз байланысты [2,12].
Оқу іс-әрекетінің көп тараған оқушылар ортасындағы кикілжің түрлері мен
туындау себептерін қарастырсақ, олардың арасындағы болатын кикілжіңдердің бірі
лидерлікке ұмтылыс немесе лидерлік кикілжіңі. Мұнда екі-үш лидерлердің және
олардың топтарының сыныптағы біріншілік беделіне таласуы. Орта сыныптарда
қыздардың тобымен ұлдар тобының арасындағы кикілжіңдері жиі болып тұрады. Үш-
төрт жасөспірімдердің бүкіл сынып немесе бір оқушының бүкіл сынып оқушыларымен
кикілжіңге түсуі мүмкін. О.Ситковская, О.Михайлова психологтарыдың бақылауынша
лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің
біріншілігін көрсету немесе демонстрациялаумен байланысты. Балалық қатыгездік –
барлығына танымды құбылыс. Әлемдік педагогиканың бір парадоксының нәтижесі
бойынша бала ересектен де көбірек өзінің қатарластарынан қатыгездік көреді [6,28].
Оқушылардың агрессивтік қылықтарының генезисі олардың жеке тұлғалық
әлеуметтенуінің дефектерімен байланысты. Сонымен қатар, баланың және
жеткіншектің жеке тұлғасы өзімен-өзі қалыптаспайды, қоршаған ортада, қоғамда
қалыптасады. Әсіресе, маңызды болып кіші топтар жатады. Мұнда жеткіншек басқа
адамдармен әрекеттеседі немесе қарым-қатынасқа түседі. Ең алдымен жанұяға
қатысты. Әр түрлі авторлар сәтсіз қалыптасқан жанұяларды әр түрлі бөліп көрсетеді.
Л.С. Алексеева сәтсіз құрылған жанұялардың келесі түрлерін көрсетеді:
-
кикілжіңді;
-
аморальді;
-
педогогикалық компетентті емес;
-
асоциалды;
Г.П. Бочкарёва келесі жанұяларды бөліп көрсетеді:
1.
Эмоционалды атмосферасы сәтсіз құрылған жанұялар, мұнда ата-аналары өз
балаларына мейірімсіз, сонымен қатар дөрекі, құрметтемей қарайды.
2.
Мүшелерінің
арасында
эмоционалды
байланыс
жоқ,
баланың
қажеттіліктеріне немқұрайлы қарайды.
3.
Балаға саяси жағымсыз қажеттіліктер мен қызушылықтар ілініп, оларды
аморальді өмір сүруіне итер [3,80-84].
Сонымен, Р.Сирстің пікірінше мектепке дейінгі балалардың ата-аналарының
жазалауының жиілігі мен балалардың агрессивтік әрекеттерінің жиілігінің арасындағы
оңды байланысты табылған.
Ата-аналары физикалық күш көрсету арқылы тәрбиеленген балалар көбінесе
кикілжіңге түскіш болып келеді деп А.Бандура өз пікірін білдіреді. Сондықтан
Л.Джавинен, С.Ларсенс зерттеушілердің пікірі бойынша жазалау жеке тұлға
қылықтарының кикілжіңділігінің моделі деп санайды [4,37].
Әлеуметтенудің алғашқы сатыларында агрессия қасиеті абайсыздан көрінуі
мүмкін. Бірақ агрессиялық әрекет арқылы көздеген мақсатына жеткен соң, әртүрлі
қиын ситуациялардан шығу үшін мұндай тәсілді қайтадан қолдануға ұмтылуы мүмкін.
Ол үшін агрессия – қол жеткізу тәсілі емес, агрессия - өзіндік мақсаты болып саналады.
Бұл агрессия қылығының өзіндік мотивіне айналып, өзін-өзі басқаруының төменгі
деңгейінде басқаларға деген қарсыластық сезімін тудырады.
В.Лозоцева пірінше, бұдан басқа жасөспірімдердің өздерінің сыныптастарымен
кикілжіңге түсуі, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Яғни өзімен жастылардың
оны моральды этикалық критериймен бағалауы және т.с.с.[1,48]
123
Сынып ішіндегі жеке тұлғалар арасындағы кикілжіңдер түрлері өте көп.
Оқушылар тобы ішіндегі өзаралық кикілжіңдер топтағы жеке тұлғалық қарым-
қатынастардың дисгармонизациялануынан және топтың құрылымының тепе-теңдігінің
бұзылуынан (статустық, рөлдік, коммуникативтік, басқармалық) көрініс табады.
Топ әртүрлі күрделі де көп деңгейлі және көп функциональды көріністі
болғандықтан, онда әр түрлі кикілжіңдер де дамиды.
Сол топ ішіндегі болатын кикілжіңдердің мінездемелеріне тоқтап өтсек:
1.
Берілген топтағы микро-топтардың өзара әрекеттесуі барысында
кикілжіңдер туындауы мүмкін. Мұндай топтар әр түрлі кіші әлеуметтік топтарда
кездеседі, және оларды саны 6-8 адамнан аспайды, сонымен қатар 3 адамнан тұратын
микро-топтар да бар. Көпсанды топтар тұрақсыз болып келеді. Топ мүшелерінің жас
деңгейінің өсуіне және олардың әлеуметтік статусына байланысты топтардың саны
азаяды. Топтың өмірінде мини-топтар үлкен рөл ойнайды. Олардың өзара әрекеттесуі
толығымен топтың климатының өзгеруіне, іс-әрекетінің нәтижелігіне әсер етеді. Кіші
топтардың ішінде топтық өмірдің ережелері мен нормаларынан қозу байқалады,
дәлірек айтқанда мини-топтағы ережелердің өзгеруіне инициатор болып табылады.
«Ортаға жаңадан келген адам» ең бірінші, топтағы мини-топты таңдау мәселе алдында
тұрады. Ол топ оны өзіне қабылдап, оның мінезін мақұлдайды.
Түзілу деңгейінде және оқушылардың өзара бейімделу деңгейінен өткен мектеп
сыныбы, ереже бойынша осындай бірнеше микро-топтардан тұруы мүмкін. Олардың
бұлай түзілуінің принципі болып, қатысушылардың статусына байланысты: «жұлдызы»
бар немесе лидері бар жоғары статустық топтар, орта және төменгі статустық топтар,
жиірек топ қабылдамаған жеке тұлғалардың (изгои) өзара қарым-қатынас құрған топтар
болып бөлінеді.
Сыныптағы балалардың жынысы мен жасына байланысты кіші топтарға бөлінуі
де әр түрлі өтеді. Бастауыш мектепте мектеп үлгерімі принципіне байланысты кіші
топтар түзіледі және бір топтың өзіне сол және басқа жыныс мүшелерінің оқушылары
түседі. Ал жеткіншектердегі балалар мен қыздар топтары көбінесе автономды болады.
Мұнда балалар саны көп болса, онда топтың құрылымы бұтақталып, бір топқа
жиналады. Ал егер қыз саны көп болса, ұлдар көбінесе қыздардың лидерлеріне
бағытталып, бағынады.
Бір сыныптағы кіші топтар арасында әртүрлі қарым-қатынастар түзіледі. Ереже
бойынша топтар арасында оң байланыс немесе барлық төменгі және орта статустық
топтар жоғары статустық топқа бағытталуы мүмкін. Кейде топ ішінде топаралық
кикілжіңдерді тудыратын бір адам немесе тұрақты жүк болады, олар басқа кіші топтың
лидерімен кикілжіңдік қарым-қатынас құруы мүмкін.
2.
Кикілжіңдер жоғары статустық топтардың, сыртқы референтті топтың
ортақ мақсатына және құндылықтарына қарсы тұруы немесе сәйкес келмеуіне
байланысты туындайды.
3.
Басқару стилімен келіспеген формальді емес сыртқы топтың
басқарушысымен әрекеттесу барысында туындайтын кикілжіңдік жағдайлар. Мұндағы
кикілжің топтық болып басталмайды. Бұл жердегі кикілжіңге қатысушылар басқарушы
және топтың жеке тұлғасы болуы мүмкін.
4.
Кикілжің кіші топтың өзінде туындауы мүмкін. Егер де кикілжіңге
топтың басқа мүшелері қатыспаса, онда тарқаған топтың мүшелері өз орнынан басқа
қоғам - достықтан табады.
5.
Лидерлер арасындағы кикілжіңдер. Бір жағдайда кикілжің күштері тең екі
микро-топтың лидерлерінің арасында болса, екінші жағдайда кикілжің тұрақталған
лидермен оның қолдаған, күшейіп келе жатқан адамының арасында туындайды. Бұдан
басқа сынып үшін әр түрлі бағыттағы лидерлер кикілжіңдері дәстүрлі болып табылады.
124
Мұндай қарсы күрестердің қажеті де жоқ, сонымен қатар үлкендердің дұрыс басқара
алмауынан туындайды. Олар оқушыларға сыныпты «әсер ету сфераларына» бөлуге,
өзінің лидерлік басшылығы тән спецификалық зоналарын әр лидерлерге табуға көмек
бермейді.
6.
Сонымен қатар, формальді емес лидермен топтың басқарушысының
арасындағы кикілжің көп таралған. Лидермен басқарушысының қызығушылықтары
мен мәселелері бағыттас болса да, олар үнемі қақтығысуы мүмкін [5, 16].
Мектептегі жасөспірімдердің арасындағы туындайтын кикілжіңдерін түгелдей
болдырмау мүмкін емес. Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында
оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар арасындағы
кикілжіңдердің интенсивтілігін өзгертуге болады.
Кикілжіңдерді алдын-алу жолында маңызды роль алатын – тәртіп болып
табылады. Тәртіп – белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті
бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.
Әдебиет
1.
Дмитриев А.В. Конфликтология. Изд. Гардарики, Москва 2001.
2.
Скотт Дж.Г. Способы разрешения конфликтов. –Киев, 1991.
3.
Громова О.Н. Конфликтология. курс лекции, Москва 2000.
4.
Гришина Д.В. Психология конфликта. Сборник «Мастера психологии», Питер
2000.
5.
Уткин Э.А. Конфликтология. Теория и практика. Изд. Экмос, Москва 2000.
6.
Бабосов Е.М. Конфликтология. учебное пособие. Минск 2001.
ӘОЖ 159.922.8:316.624
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА СИПАТТАМА
А.Қ. Шақабаева
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті,
П-227 тобының студенті
Ғылыми жетекші: И.А. Оралканова, Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті, педагогикалық психология кафедрасының оқытушысы, PhD
Әр қоғамның әлеуметтік, саяси норма туралы өз түсінігі бар. Бүгінгі таңда сол
нормалар саласы үлкен өзгерістерге ұшырауда, демек, қоғамда девиация туралы әр-
түрлі түсініктер орын алуда. Мысалы, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде
ғалымдар оқушылардың мінез-құлық ауытқуларын сипаттауда «девианттық мінез-
құлық» терминің қолданады және оған келесі түсініктеме береді: «девианттық мінез-
құлық – қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта
қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен
қылықтары».
Атақты ғалым Б.Г. Ананьев өз еңбектерінде девиантты мінез-құлықты кең және
тар мағыналарында қарастырады. Кең мағынадағы девианттық мінез-құлық –
қоғамдағы қабылданған нормалар мен әлеуметтік стереотиптерге сай келмейтін кез-
келген іс қимылды айтамыз. Бұл жағдайдағы девиацияны жағымды және жағымсыз деп
екі түрге бөлуге болады деп есептеген. Жағымды девиантты мінез-құлық – бұл
көпшілік әдеттен тыс, таңғаларлық деп қабылдаса, кейбіреулер теріс деп қарамайтын
құбылыстар болуы мүмкін, бұлар - ерлік, өзін-өзі құрбандыққа шалу, біреуге шектен
тыс берілу, біреуді шамадан тыс аяу т.б. көріністер болуы мүмкін.
125
Жағымсыз (негатив) девиация, керісінше, көп адамдарды мақұлдамау, жек көру
сезімдерін туғызатын мінез-құлық ауытқушылықтары, мысалы, терроризм, вандализм,
ұрлық, сатқындық, жануарға қатыгездік жасау т.б.
Тар мағынасындағы девианттық мінез-құлық дегеніміз жалпы қабылданған
нормалардан тыс, жағымсыз, еш адам жақтамайтын ауытқулар [1].
Отандық ғалым М.Д. Шағырбаеваның пікірінше «девианттық мінез-құлық – кез
келген қоғамдағы қабылданған әлеуметтік мінез-құлық нормаларына қарама-қайшы
келетін қылықтар жүйесі». Сонымен қатар автордың ойынша бүгінгі таңда девиантты
мінез-құлқы бар балалардың және нашақорлық пен ішімдікке тәуелді балалар санының
өсуі өзекті проблемаға айналып отыр. Девианттық мінез-құлық – бұл балалар мен
жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық
бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан
немесе балаларды оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың
қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қоғамдық қылмыс белгілері мен қоғамға қауіпті
әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішімдікке салыну, нашақорлық,
жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б.
жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады [2].
Девиантты мінез-құлықтың пайда себептеріне келетін болсақ, ғылыми
бірлестікте девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері туралы пікірлестік жоқ.
ХХ ғасырдың басында девиацияның себептері туралы биологиялық және
психологиялық тұжырымдар кең тарады. Италияндық дәрігер Ч. Ломброзо адамның
асоциалды мінез-құлқы мен биологиялық ерекшеліктерінің арасында тікелей байланыс
бар деп есептеген. Ол атап көрсеткен «туа біткен қылмыскер» типі астыңғы жақ сүйегі
шығыңқы, бір жерінің ауырғанына сезімталдығы төмен және т.б. азып бара жатқан
индивидті көрсетеді [3].
Американдық психолог У.Х. Шелтон адамның дене бітімі оның мінез-құлқын
анықтайды деп есептеген. Оңалту орталығында 200 ұл балаға жүргізілген зерттеуге
сүйеніп, Шелтон девиацияға атлеттік дене бітімі бар адамдар анағұрлым бейім деген
қорытынды жасайды. Кейіннен психологиялық тұжырымды қолдаушылар девиацияны
психикалық ерекшеліктермен (психиканың тұрақсыздығымен, эмоционалды ерікті
саланың дамымауымен) байланыстырды [4].
Әрине, қазіргі замаңда девианттық мінез-құлықтарының пайда болуына әр түрлі
факторлар әсер етеді, соның ішінде:
биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын
физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер: ұрпақтан ұрпаққа берілетін
немесе адамның жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды
пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық-психикалық т.б сырқаттары себеп
болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері,
жүйке жүйесінің зақымдануынн пайда болған денедегі кемшіліктер;
психологиялық факторлар – баладағы психопатологиялар мен мінездегі
кейбір қасиеттердің басым болуы т.б жатады және бұл ауытқушылықтар жүйелік-
психикалық ауруларда, психопатияда көрінеді;
әлеуметтік-педагогикалық факторалар – олар мектептік, отбасылық, қоғамдық
тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне
байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу
тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар.
әлеуметтік-экономикалық нормалар – әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей
және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік
кернеу т.б.;
126
моральді-этикалық факторлар – қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің
деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы.
Біздің ойымызша, аталған факторлардың ішінде жетекші рольде әлеуметтік-
педагогикалық бақылаусыздық, себебі тәрбиеде немқұрайлық, қарым - қатынаста
назардан тыс қалу балада жалғыздық сезімін тудырады, өзін керексіз санайды. Осындай
әлеуметтік жағымды тәжірибенің жоқтығы, әлемтану мен құндылық бағытын, этикалық
нормаларды, эстетикалық сезімді дамытпайды. Осыдан барып балада үлкенді
сыйламау, шеттелу, қажетсіз сезіну байқалады.
Психологиялық әдебиеттерді талдау девианттық мінез құлық екі үлкен
категорияға бөлінетінің көрсетті. Біріншісі, анық емес, жасырын психопотологияның
(потологиялық) барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған
мінез құлық. Екіншісі, әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды
бұзатын асоциалды мінез құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық,
ал салмақты болса әрі жазаланса қылмыс деп аталады. Бұл жерде деликвенттік, яғни
құқыққа қарсы қылмыстық әрекеттер орын алады.
А.Т. Акажанова «Девиантология» еңбегінде С. Беличеваның девианттық мінез
құлықтың ауытқуының жіктелуін көрсеткен:
пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние
мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып сату, т.б) жасаған
теріс әрекеттері;
агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (балағаттау, ұрып
соғу, зорлау, өлтіру);
әлеуметтік енжар тип: белсенді өмір сүруден, азаматтық борыштарын өтеуден
қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан,
оқудан бас тарту, кезбелік, нашақорлық, таксикомания, өзіне өзі қол жұмсау) [5].
Осылайша мазмұнымен де, мақсатқа бағытталғанымен де ерекшеленетін мінез
құлық әртүрлі әлеуметтік ауытқушылықтан көрінуі мүмкін: адами қалыптарының
бұзылуынан бастап құқық бұзудан қылмыс жасауға дейін. Осыған байланысты
девианттылықтың әсерінен жасөспірім тұлғасының өзгеру сұрағына психологтардың,
әлеуметтанушылардың, педагогтардың көп жұмыстары арналған.
Девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдер басқа адамдармен белгілі – бір
байланыстарды сақтай алмайды. Жаңа таныстықты жасағанда талғамсыз, себебі
танысудың критериі ішуге, есірткіні қабылдауға ұмтылады. Кәмелеттік жасқа
толмағандар сабаққа қатысуын қояды, ата-аналары мен мұғалімдерге сөз қайтарады,
әлсіздеріне тиседі, спирттік ішімдік не есірткіге ақша табу үшін барлық мүмкіндікті
қолданады. Заңды түрде ақша таба алмағандықтан, жасөспірімдер ерте ме, кеш пе
қылмыстық әрекетке бел буады. Бұдан төбелес, жанжал, зорлау, қастаңдық жасау
шығады.
Жасөспірімдердің
көңіл-күйі
нашарлайды,
ашушаңдықпен
не
жыламсырауымен ұштасатын жабығушылық пайда болады. Бұл көңіл-күйдің әсерінен
жасөспірімдерде өзінің керексіздігі, «қор қылған өмірі», тіршілік етуінің қажетсіздігі
жайлы ойлар туады. Бұнда олар айналасындағыларға қауіп төңдірмейді, бірақ өзіне-өзі
қол жұмсауы мүмкін. Жасөспірім қауіпті дұрыс бағалай және қажетті әрекет ете
алмайды, себебі оның сезімдері мен түйсіктерінің жолы жабық, жағдайды жартылай
ғана қабылдайды, кей мезеттерін ғана.
Психологиялық-педагогикалық еңбектерді талдап, жасөспірімдерде кездесетін
ауытқушылықтарды белгіледік. Жұмыстың келесі сатысында теорияда белгіленген
сипаттамаларды іс-тәжірибе барысында аңықтауды мақсат еттік, ол үшін біз Т. Аманов
атындағы №16 ЖОББ мектеп КММ-нің, 9 «Б» сынып оқушылары арасында
127
диагностикалық жұмыс өткіздік. Тәжірибе қатысушыларының жалпы саны 20, оның
ішінде 13 ер бала, 7 қыз, жастары 14-16 аралығы.
Аңықтаушы эксперимент барысында келесі әдістемелер қолданылды:
Айзенктің «Темпераментті анықтау» әдістемесі;
Л.Н. Собчиктің Жеке тұлғаның дара типтік ерекше белгілерін анықтауға
арналған сауалнамасы;
А. Басс және А.Дарктің «Агрессияның түрлерін диагностикалау» әдістемесі.
Айзенктің «Темпераментті анықтау» әдістемесің қолдану нәтижесінде келесі
көрсеткіштер аңықталды: флегматик – 3 оқушы, холерик - 8 оқушы, сангвиник - 7
оқушы, меланхолик - 2 оқушы (сурет 1).
Достарыңызбен бөлісу: |