Сурет 1 - Айзенктің «Темпераментті анықтау» әдістемесінің нәтижесі
Оқушылардың Л.Н Собчиктің Жеке тұлғаның дара типтік ерекше белгілерін
анықтауға арналған сауалнаманың нәтижесін талдап, келесі қорытынды шығарылды:
экстраверт – 5 оқушы, интроверт – 4 оқушы, ригидті – 3 оқушы, сензитивті – 3 оқушы,
спонтанды – 4 оқушы, мазасыз – 1 оқушы (сурет 2).
Сурет 2 - Л.Н. Собчиктің Жеке тұлғаның дара типтік ерекше белгілерін анықтауға
арналған сауалнаманың нәтижесі
А. Басс және А.Дарктің «Агрессияның түрлерін диагностикалау» әдістемесі
нәтижесі 3 суретке көрсетілген.
10%
15%
35%
40%
меланхолик
флегматик
сангвиник
холерик
25%
20%
15%
15%
20%
5%
экстраверт
интроверт
ригидті
сензитивті
спонтанды
мазасыз
85%
85%
100%
95%
95%
95%
95%
100%
физикалық агрессия
жанама агрессия
тітіркенушілік
негативизм
өкпелегіштік
күдіктенушілік
вербалды агрессия
кінәні сезіну
128
Сурет 3 - А. Басс және А.Дарктің «Агрессияның түрлерін диагностикалау»
әдістемесінің нәтижесі
Аңықтаушы эксперимент нәтижесінде оқушылардың арасында девиантты мінез-
құлықтардың белгілері аңықталды. Оқушылармен келесі жұмыстар жүргізілу
жоспарланды: тренингтер, әңгімелесу және лекциялар.
Әдебиет
1.
Ананьев Б.Г. О психологических эффектах социализации // Человек и
общество. - Л., 1971.
2.
Шағырбаева М.Д. Жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез- құлық
ауытқушылықтар және оларды жою және алдын алу жолдары. Материалы
международной
научно-практической
конференции
«Новейшая
мысль
информационного века». – Польша, 2012.
3.
Гениальность и помешательство / Чезаре Ломброзо; [пер. с ит.
Г.Тютюшиновой]. - М.: Астрель, 2012.
4.
William H. Sheldon Atlas of men. New York: Harper and Brothers, 1954.
5.
Акажанова А.Т. Девиантология: Оқу құралы. - Алматы: Нұр-пресс, 2009.
УДК 359:205
ПСИХОЛОГИЧЕСКАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА СТУДЕНЧЕСТВА
А.А. Баелов
Студент группы П-127 Государственного университета имени Шакарима города Семей
Научный руководитель: А.К. Мукатаева, старший преподаватель, магистр
педагогических наук Государственного университета имени Шакарима города Семей
«Путь в студенты» начинается значительно раньше, чем студенческая жизнь.
Психологи постоянно фиксируют широко развитое стремление стать студентом в
жизненных планах молодежи, оканчивающей среднюю школу. Это свидетельствует о
том, что доминирующей ориентацией является ориентация на умственный труд и
связанное с этим стремление получить высшее образование. Для молодежи
продолжение
образования
является
большой
социальной,
моральной
и
психологической ценностью.
Как известно, студент (от лат. studens, род. падеж studentis – усердно работающий,
занимающийся), учащийся высшего, в некоторых странах и среднего учебного
заведения. В Древнем Риме и в средние века студентами называли любых лиц, занятых
процессом познания. С организацией в XII веке университетов термин «студент» стал
употребляться для обозначения обучающихся (первоначально и преподающих) в них
лиц; после введения ученых званий для преподавателей (магистр, профессор и др.) –
только учащихся. [2]
Студенчество как особая группа возникла в Европе в XII веке одновременно с
первыми университетами. Средневековое студенчество было крайне неоднородно как в
социальном, так и в возрастном отношениях. С развитием капитализма и повышением
социальной значимости высшего образования роль студенчества в жизни общества
возрастает.
Студенчество
является
не
только
источником
пополнения
квалифицированных кадров, интеллигенции, но и само составляет довольно
многочисленную и важную социальную группу. Хотя высокая стоимость высшего
образования и наличие целого ряда других социальных барьеров делали его доступным
129
в большинстве случаев только для состоятельных слоев общества, и само оно давало
получившим его людям значительные привилегии, уже в XIX - начале XX вв.
студенчество отличилось высокой политической активностью и играло заметную роль
в общественной жизни.
Анализ социальной структуры студентов педагогического факультета важен в
аспекте
социальной
справедливости.
Немаловажной
является
возможность
прохождения обучения на бюджетной основе для слабо защищённых слоёв населения,
таких как сироты, студенты из малообеспеченных семей. [3]
Стремясь завершить обучение в ВУЗе и таким образом реализовать свою мечту о
получении высшего образования, большинство студентов осознают, что ВУЗ является
одним из средств социального продвижения молодежи, а это служит объективной
предпосылкой, формирующей психологию социального продвижения.
Общность целей в получении высшего образования, единый характер ценностей
труда – учеба, образ жизни, активное участие в общественных делах ВУЗа
способствует выработке у студенчества сплоченности. Это проявляется в многообразии
форм коллективистской деятельности студентов.
Другой важной особенностью является то, что активное взаимодействие с
различными социальными образованиями общества, а также специфика обучения в
ВУЗе приводят студенчество к большой возможности общения. Поэтому довольно
высокая интенсивность общения – это специфическая черта студенчества.
Профессиональные планы у молодежи возникают под влиянием различных
средств воздействия – мнения родителей, учителей, друзей, книг, передач и т. д.
Для студентов годы обучения – один из важнейших периодов их жизни. Это
время получения образования, приобретения профессиональной квалификации, этап
согласования своих желаний, возможностей, ориентаций с условиями и требованиями
со стороны общества. Они, в частности, выражаются в наборе профессий,
специальностей и должностей, которые не всегда достаточно хорошо известны
выпускнику школы, абитуриенту, студенту. [1]
Выбор будущей профессии всегда индивидуален, поскольку он представляет
собой часть личностного самоопределения, нахождения будущим специалистом своего
призвания. Критерием его эффективности оказывается удовлетворенность своим делом
и положением в обществе, а также местом, занимаемом в профессиональном мире.
Определенная доля незрелости в профессиональном поведении молодежи,
особенно до перехода от обучения к профессиональной деятельности, вполне
естественна и обусловлена психологически, однако в годы стагнации и кризиса
возникают условия, порождающие широкое распространение среди молодежи
социального и профессионального инфантилизма.
Они многообразны по своим проявлениям и просматриваются, в частности, в
неудовлетворенности студентов качеством получаемой подготовки, деформации
отдельных слоев образовательного процесса. Профессиональное самоопределение
основывается на системе жизненных смыслов, которые определяет для себя человек и
которые влияют на его деятельность и жизненную ситуацию. [4]
Литература
1.
Алексеев В.Г. Ценностные ориентации личности и проблема их формирования. -
М., 1979.
2.
Алексеева В. Г. Ценностные ориентации как фактор жизнедеятельности и развития
личности // Психол. журн. - 1984. - Т.5. - № 5. - С.63-70.
3.
Волков Е.С. Зависимость ценностных ориентаций студентов от смены видов
деятельности. М., 1981.
130
4.
Гинзбург М. Р. Психологическое содержание личностного самоопределения // Вопр.
психол. 1994. № 3
ӘОЖ 316.624:159.922.6
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ – ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Н.А.Рымбеков
КМҚК «Д. Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжі», емдеу ісі
мамандығының студенті
Ғылыми жетекші: А.М. Ульбауова, КМҚК «Д. Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік
медицина колледжі», аға оқытушысы
«Бүгінгі мектеп партасындағы оқушы – ертенгі ел болашағы» - деп Елбасымыз
айтқандай, бүгінгі танда жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша назар аударылуда. Бүгінгі күні
ұрпақ тәрбиесі үшін мектеп, ата-ана және қоғамның алар орны зор.Тәуелсіз Қазақстан
Республикасының өсіп келе жатқан ұрпақтарын тәрбиелеу мен оларға білім берудегі
маіызды бағыт балалар және жасөспірімдермен жүргізілетін психологиялық және
педагогикалық жұмыс. Бұл дегеніміз қоғамдағы мектеп пен отбасының басты міндеті –
бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты.
Ал, бала дамуындағы ең ауыр және күрделі жас аралығының бірі ол – жасөспірімдік
шақ.
Жасөспірімдік шақ бұл - адамның дамуының кезеңіндегі ең күрделісі болып
табылады. Бұл кезең адамның сенімсіздікпен жүйесіздік кезеңінде шынайы ер жету
шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда
болады. Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым-қатынасын қалыптастыруға, басқа
адамдарға деген қарым-қатынасқа және моральдық құндылықтарға талпынады.
Жасөспірімдердің өміріндегі маңызды жағдайлардың бірі – өмір жолындағы
адамгершілік құндылықтарды іздеу. Олар алға қарай жүретін жолды табулары керек
және бұл ең «жақсы» болуы керек. Осы шақта олардың негізгі міндеттері – өзіндік
анықталу және өзіндік бекіту. Жасөспірімнің өзіндік анықталу мен өзіндік бекіту
процестерінің мағынасын анықтауда – әлеуметтік орта, соның ішінде, жасөспірім үшін
референтті болып табылатын шағын топ жетекші рөлді атқарады. Өзіндік бекіту – бұл
адам өзін біртұтас және үйлесімді тұлға ретінде бекітетін ұзақ уақытқа созылатын
күрделі процесс. Ол үрдіс әлеуметтік салаларда жүзеге асады. Әлеуметтік салалары –
бұл әлеуметтік тәжірибені игеруге ықпал ететін институттар. Олар макро және микро
орта болып екіге бөлінеді. Осы әлеуметтік орта институттары көп жағдайда
жасөспірімнің мінез-құлқына кері әсерін тигізіп отырады соның салдарынан девиантты
мінез-құлық қалыптасады.
Девиантты мінез-құлық – қоғамда адамдардың жасалған әлеуметтік нормаларды
тікелей бұзатын немесе оған сәйкес келмейтін мінез-құлық. Кәмелетке толмаған
жасөспірімдердегі девиантты қылықтың нақты себептері мыналар:өзін бақылаудың
төмен деңгейі немесе оның мүлдем жоқтығы; отбасындағы жағымсыз жағдай;
ересектердің бала проблемасын дұрыс түсінбеуі; баланың өз-өзіне сенімділігінің
жетіспеуі; көшенің ортаның және құрдастарының жағымсыз әсері; өзіне назар аударту
тілегі; ата-аналардың үнемі қалының бос болмауы; баланың интеллектуалды дамуының
әлсіздігі қарапайым әлеуметтік дағдылардың жоқтығы; бос уақытының көп болуы;
баланың әлеуметтік өмірге араласпауы, отбасының тұрақсыздығы және төмен
материалдық жағдай.
131
Жасөспірімдердің эмоционалды қанағаттанбаушылығының орнын толтыру
олардың жолдастық топтарда өзін-өзі тануымен жүзеге асады. Мектеппен және
отбасымен байланысты үзу олар үшін маңызды болып табылады. Жасөспірімдер топ
болып қылмыс жасау үшін жиналмайды. Олар араласуға, достыққа ұмтылады,ал
кездейсоқ кездесулерді бірігіп көңіл көтеру үшін қолданылады. Топта басқарушы
біреуге арсыз, қатыгез, жасы жағынан үлкен жас адам ие болған кезден бастап,
жасөспірімдер тобы жаман жолға бұрылады. Бұл басқарушы болуы мүмкін, бірақ,
көбінесе, жасы үлкен, рухани тұрғыдан азған адам болады, ол нағыз еркектік қасиеттер
балағат сөздер қолданумен, ішімдік ішумен, егер ақша болмаса, оны қылмыс жолымен
табумен көрінеді деген жалған пікірлермен жас өспірімдердің санасын уландырады.
Бұндай топ жасөспірімдерге қарым-қатынас жасау мұқтаждығын қанағаттандыруға,
әлеуметтікке қарсы әрекеттердің комегімен өзін-өзі танытуға мүмкіндік
береді.
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына келесідей факторлар әсер етеді:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын
физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға жататындар:
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе адамның жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-
шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы,ананың психикалық физикалық
т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы
есту, көру кемшіліктері , жүйке-жүйесінің зақымдануынан пайда болған денедегі
кемшіліктер.
2. Психологиялық факторлар – бұған баладағы психопотологиялармен мінездегі
кейбір қасиеттердің басым болуы тағы басқалары жатады. Бұл ауытқушылықтар
жүйелік-психикалық ауруларды, психопатияда көрінеді.
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар – олар мектептік, отбасылық қоғамдық
,тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне
байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу
тапсырмаларына және бағаларға парғысыз қарайтындар. Баланы психоәлеуметтік
дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы ата-ана. Отбасында үлкендер
арасында кездесетін даудамайлар, экономикалық жетіспеушіліктер, үлкендердің балаға
түсінік пен көңіл бөлмеуі, отбасы мүшелерімен сырласа алмауы жасөспірім мінезінің
ауытқуына әкеліп соғады. Бала үйінде шығара алмаған ашу ызасын көшеге барып,
достарының арасында көрсетіп, сыртқы әлеуметтік ортаға шығарып жеңілдеуді жөн
көреді.
4. Әлеуметтік-экономикалық нормалар – әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей
және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік
кернеу т.б.
5.Моральды-этикалық факторлар – қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің
деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы.
Жасөспірімдерге психологиялық және педагогикалық түзету жұмыстары дер
кезінде жүргізілмесе, олар тұрақты ассоциалды мінез-құлықпен бірге және заң
бұзушылыққа бейімділікпен сипатталатын санатқа өтіп кетуі мүмкін.
Қазіргі жасөспірімдердің үлкендердің ақылын тыңдамауы, өзін қазіргі кездегі
әртүрлі теле хабарлардың көмегімен өмірді олардан артық түсінемін деп ойлауынан
болады. Бала психикасына теледидардан көрсетілетін қатыгездік, қаталдық мазмұндағы
хабарлар фильмдердегі зкрандағы күш көрсетулер баланың мінез-құлқында агрессия
пайда болуына әкеп соғады. Бала ойын кезінде сол көргендерін қайталайды. Ол
байлықпен даңққы осылай жетуге болады деп миына сіңіреді. Бала 14 жасқа келгенше,
ңалымдардың есептеулеріне қарағанда теледидардан 18 мың рет кісі өлтіру көріністерін
көреді екен.
132
Девиантты іс-әрекетке ие балалар мен жасөспірімдер жағымсыз іс-әрекеттермен
қылықтар жасайды,сол себепті өз құрбыларының,мұғалімдермен ата-аналардың және
жалпы қоғамның теріс көзқарасына ие болады.
Жасөспірімдердің ішімдікке деген қатынасы және оны қолдануға мотивациясы
бойынша, жасөспірімдер төмендегі типологияға бөлінеді
- әуестікпен;
- ішімдік ішуді бастағандар;
- өзін-өзі тұрақтандыру мақсатында ішімдік ішетіндер;
- ләззат алуды жақсы коретіндер;
- алкогольдік эстеттер;
- батылдылар;
- ішімдікке тәуелділер
Жасөспірімдердің топтарының өзін есеңгірету мақсатында токсикоманияның
алуан түрлерін қолданып өзін-өзі уландыратын,яғни өзін-өзі құртатын заң бұзушылар
тараған. Әдетте жасөспірімдер құрамында спирт бар қатты әсер ететін заттарды-
бояулырды, әртүрлі айразолдарды иіскейді; парфюмерия өнімдерін қолданады;
наркотикалықзаттардың әсеріне жақын күй дәрі-дәрмектерді көп көлемде жұтады;
веналарына әртүрлі қоспалар құяды; тұрмыстығ химия заттарын, өндірістік
эмулсияларымен бояғыштарды, өсімдіктен жасалған әртүрлі заттарды қолданады.
Улағыш заттарды қолдану мотивтері ішімдікті қолдану мотивтерімен сәйкес
келеді.Ең кең тарағандары:
- құмарлықпен қолдану
- батырлығын көрсету
- өзі сияқтылардың ортасында өзін-өзі танытуға ұмтылыс
- топтық іс-әрекеттер
- ләззат алуды қалау
- көңіл көтеруді қалау
- шынайы өмір мәселелерін ұмытып, галлюцинация әлеміне енуді қалау
- ассоциалды және криминалды әрекеттердің басқа түрін істеу алдында
психологиялық кедергіні жою.
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын ұзақ процесс,оны
іске асыруда көп шыдамдылықпен белсеңділік қажет.Қазіргі осы саладағы
әлеуметтік,педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер
негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруды мынадай шарттарды
орындау қажеттігі туады:
- балаға ілтипатпен ізгі тілектестікпен қарау
- оның жағымды қасиеттеріне сүйену
- оның адамгершілік күшіне потенциалды мүмкіндіктеріне сену
- оқу орындарында моральды тәрбие беру мен осы бағытта маңызды өзгерістер
енгізіліп жүзеге асырылуы қажет
- оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім
беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану
- салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған
тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану
- баланың өзін-өзі дұрыс тәрбиеленуіне бағыт – бағдар көрсету
- девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-
әрекеттермен өткізу жолдары қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру
- бала бойындағы сенімділік пен жігерліктін дамуына жағдай жасау.
Мінез-құлық ауытқушылығының алдын-алу жолдары әлеуметтік ұйымдардын әр
түрлі деңейіндегі арнаулы және жалпы шаралар жүйесінен құралады. Яғни Баланың
133
«девиантты» болуына өз халқына тән мәдениетпен, салт-дәстүрмен тәрбиеленбеуі де,
ғылыми тілмен айтқанда, этнопсихологиялық ерекшеліктерінің ескерілмеуі де өз әсерін
тигізуде.
Әдебиет
1. Акажанова А.Т. Девианталогия.-А:Заң әдебиеті,-2009
2.Құлдашева Н.У. Девиантты мінез-құлыққа әсет етуші орта факторлары және
олармен жүргізілетін психологиялық түзету жұмыстары.ҚазҰҰ хабаршысы.2010-№4
3. Бек А.Девиантты мінез-құлық түрлері.Өзіндік таным – 2006-№3
ӘОЖ 316.624:159.922.6
СТРЕССТІҢ ӘСЕРІНЕН СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
МЕН ОНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ә.Р. Жақсылықова
Қазақстан инновациялық университеті, педагогика және психология мамандығының 3
курс студенті
Ғылыми жетекші: А.Ж. Кабдуалиева – Қазақстан инновациялық университетінің аға
оқытушысы
Суицид қазіргі кезде дүние жүзілік қауіпті өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Әсіресе, көптеген келеңсіз өмір жағдайларынан туындайды. Осыған орай,
жасөспірімдік шақта стресстің әсерінен суицидтік мінез-құлықтың психологиялық
аспектілерін зерттеудің маңыздылығы кешенді түрде психологиялық жан-жақты
зерттеуді керек етеді. Олай болса, біздің қарастырып отырған мақаламызда, осы мәселе
төңірегінде жасөспірім шақтағы түрлі мінез-құлық көріністері кезінде суицидке
бейімділікті анықтауға болатын психологиялық аспектілеріне, стресс жағдайындағы
психологиялық- физиологиялық ерекшлектеріне көңіл бөлу маңызды.
Қазіргі психологиялық зерттеулер тұлғалардың өмірде кездесетін мәселелерді
өзін-өзі өлтірумен шешуге бейім тұратындығын және генетикамен байланысты екенін
дәлелдейді. Адамның психологиялық факторы, мәдени деңгейі және тоны қоршаған
адамдар суицидті мінез-құлық түрлерін тудыруға мүмкіндік жасайды. Адам неғұрлым
әлеуметтік ортаға жақсы бейімделсе, соғұрлым суициттік мінез-құлық деңгейі аз
болады.
А.Е. Личко, К. Леонгард жасөспірім шақта суицидтті мінез-құлық типтерінің үш
түрін бөліп көрсетті. Атап айтқанда, демонстративті, аффективті, шынайы [1; 38 б.].
М. Әділбекованың мақаласында, түрлі мінез-құлық көріністері кезінде
суицидке бейімділікті анықтауға болатынын атап көрсетумен қатар, төмендегідей
типологиялық белгілері бар адамдар тобын ұсынады:
- өзіне деген сенімсіздік;
- өзінің бағалау деңгейі төмен;
- оптимизмнің төменгі деңгейі;
- өзін кінәлауға бейім;
- өзін қорғансыз сезінеді;
- инфантилизм (дамудағы тежеу).
Сонымен қатар, автордың пікірінше, олар басқалармен қарым-қатынасқа
түскегенде көрінетін мінез-құлықтық белгілеріне мына топтағы адамдар қатарын
жатқызады. Атап айтқанда, мінез-құлық құрылымының өзгеруі, өзіне тән емес
тұйықтық және көпшілік адамдармен араласуда белсенділігінің төмендеуі; мінез-
134
құлықтың қозуы және белсенділігінің жоғарлығы; тұлғааралық қатынастың бұзылуы,
шешім қабылдауда ерік-жігерінің болмауы; қоршаған әлемге қызығушылығының
болмауы.
Жасөспірімдердің
мінез-акцентуациясының
мінез-құлықтарындағы
ауытқуларына қарамастан, бұл мәселе негізінен кленикалық, медициналық аспектіде
қарастырылған, сондықтан алынған мәліметтерді педагогикалық тәжірибеде қолдану
қиынға соқты. Бұл жерде тұлға және іс-әрекетпен байланысты психологиялық-
педагогикалық анализ қажет.
Кеңес психологтары мен педагог ғалымдары М.А. Алемаскин, П.П. Блонский,
Л.С. Выготский, Л.М. Зюбин, И.А. Невский, В.А. Сухомлинский, В.А. Татенко, Д.И.
Фельдштейн, С.Г.Шацкий және т.б. жүргізген зерттеулерінде қиын тәрбиеленетін
жасөспірімдердің
негізгі
әлеуметтік-педагогикалық
және
психологиялық-
педагогикалық себептерін ашты. Мінез акцентуациясы бар қиын тәрбиеленетін
жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде дәрігер-психологтар П.Б.
Ганнушкин, М.М.Кабанов, О.В. Кербиков, В.В. Ковалев, К. Леонгард, А.Е. Личко, Ю.С.
Скроцкий, Г.Е. Сухарева, Н.И. Фелинская, Г.К. Ушаков және т.б. үлкен үлес қосты.
И.Б. Бойконың пікірінше, суицид – адам мінез-құлқының актісі, ол-
психикалық ауру әсерінен және рухани күйзелістің ұлғаю жағдайда жасалады.
Суицидент адам өз өміріне қол жұмсаушы адам. Суицидттік оқиға өзін-өзі өлтіру актісі
немесе оның орындалуына әрекет жасау деп қарастырады [2; 65 б.].
А.Г. Абрумова уайымның өзін-өзі өлтірушілікпен аяқталатын суициденттердің
мінез-құлық жіктелуінің түрлерін ұсынады. Олар: суицидальды мінез-құлық – ол кез-
келген ішкі және сыртқы психологиялық жағдайлардың өзін-өіз өлтіруді ойлауға
бағыттайтын түрі.Ішкі формалары – суициденттердің ойлары, беталыстары, түпкі ойы,
ниеттері.
Суицидентті мінез-құлыққа қиялданып уайымдау түрткі болады, өзінің өлімі
туралы айқын көз алдына елестетпейді, тек қана өмірді мойындамау ғана болады.
Өмірдің мәніні бағаламауын, олардың («өмір сүрудың керегі, жоқ, тек тіршілік
етудемін» деген сөздерінен байқауға болады).
Пассивті суицидентті ойлар - өліп қалсам жақсы болар еді, ұйықтап оянбай
қалсам деген қиялдары өздерінің өлімі туралы емес, өздерінң өмірінің қиюының
елестетіп сипаттап беруі. Бұл ойлар олардың суицидентке іштей дайын екенін
көрсетеді.
Суицидальды түпкі ойлар- суицидалды әркеттің белсенді түрі, өзін -өзі
жоспарын құрайды (амалын ойластырып, орны мен уақытын таңдайды).
Суицидальды ниет - өзін-өзі шешім қабылдауға және тікелей суицидальды әрекетке
кірісу.
Суицидальды мінез-құлықтың сыртқы түрі- суицидальды әркет жасауды көрсетіді.
Суицидалды әрекет – тікелей өзіне -өзі қол жұмсап, бірақ өлмей қалуы.
Суицидалды ойдан әркетке барғанға дейінгі кезең суицидтің алды деп аталады, бұл
өлгісі келу алдындағы қатты күйзелістің ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше айға
созылады.
Мақсатына сәйкес суицидальды мінез-құлық нағыз және парасуицидальды
болып бөлінеді. Нағыз суицидальды мінез-құлыққа мақсатына жету үшін өзіне-өзі қол
жұмсаудың қастандық әркеттері жатады.
Парасуицидальдысуицид - әлеуметтенуге қарсы тұлғаларда жиі қолданылады.
Бұл өткір сезімді іздеген адамдарды кездеседі.Олар сезім ояту үшін қолданылады.
Аффективті суициальды әрекет -қатты ашуланғанда ұзақ созылған
психологиялық аккумуляциясы, уақытша есінен адасуға алып келуі. Ашықтан-ашық
қоқан лоқылы суицидальды мінез-құлық. Бұл жағдайында суицидтік әркет шарты түрде
135
болуы мүмкін. Саналы түрде өмірде қауіпті әркетер мен айла – амалдар жасалыныады
деп қарастырған [1; 39-40 бб.].
Суицидтік жағдайларда психикалық күйлер (қобалжу, бақытсыздық, рухани
құлазу, қорқыныш пен мазасыздану, ұят, кек, стресс және т.б.) байқалады.
Психологиялық стресті соңғы 4-5 жылда шетел және еліміздің ғалымдары адамның
әлеуметтік өмірі мен еңбек әрекетінде қарастыруда [3;34 б.].
Стрестің физиологиялық негізі-американдық физиолог У.Кенноның (1871-1945)
гомеостазис (бұл терминнің мәні-ішкі организм қызметінің қалыпты жағдайы дегенді
білдіреді) туралы ілімі мен Канада ғалымы Г. Сельенің организмнің сыртқы күшті
тітіркендіргіштерге өздігінен икемделіп қорғану жөніндегі зерттеуі [4; 65 б.]. Мұндай
тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның денесіне,
жүйке жүйесіне, психикасына күшті әсер етіп, сезімдік – эмоциялық жағдайын
шиеленістіреді. Стрестік жағдай адамның мінез-құлқына күшті әсер етіп, қалыпты
жағдайларды ауытқуға ұшыратады, ол бей-берекет қимыл-қозғалыстар жасайды.
Адамның психикалық процестері-қабылдау мен ес, зейін әдеттен тыс қателіктер
жібереді. Адам ашушаң қызба болады [5; 56 б.]. Жасыратыны жоқ қазіргі кезде
адамдарға стресогенді факторлар әсер етуі өсу үстінде.
Стресс сөзі көбіне адамның денсаулығына жағымсыз әсерде қабылданады.
Стресс – организмнің бейімделу реакциясы, оның психикалық тепе-теңдігін қалпына
келтіруге бағытталған. Бірақ, кейбір жағдайларда әсері өте күшті стрессогенді
факторлар мен стресс-реакциясының жауабы организм жүйесі мен жүйелердің
зақымдалуына әкелуі мүмкін. Әр адамның индивидуалды психологиялық ерекшелігіне
байланысты бірдей оқиғалар әртүрлі және әрқалай қабылданады. Дәрігерлердің
бақылауының
нәтижесінде
аурудың
шығуы
психоэмо-ционалды
стрестегі
мазасызданумен өзара байланысты деп көрсетеді [41; 65].
Зерттеу барысында, өмірдегі оқиғаларға дәрігерлер балмен есептеу жүргізгенде,
ауруға бейімі бар адамдар тобы анықталды. Басқа зерттеулердің нәтижесінде
тәуекелге бел буған адамдарда белгілі бір әсерге жауап беруі байқалған. Мұндай
жағдайда, тұлғаның стресс – коронарлық профилін айтуға болады. Адамның
психологиялық реакциясы, оның иммундық жүйесі мен өмірдегі маңызды жүйе
реакцияларымен тығыз байланысқан. Бұл, психоэмоционалды стресс эмоционалды
мазасыздануға жауап береді. Стресті шығару стресс факторының аяқталуының
бастапқы іс-әрекетіне әсер етуі. Адам организміндегі стрестің биохимиялық және
физиологиялық өзгерулерін қарастырамыз.Канадалық ғалым Ганс Селье: стресс –
организмнің кез-келген талабына тәуелді емес – деген. Организмде пайда болған
арнайы емес белгілерге тойтарыс береді, оны Сельенің үштігі деп атады. Олар
мыналар:
1.Бүйрек үсті безінің ұлғаюы;
2.Тимус көлемінің кішіреюі (иммун жүйесі);
3.Асқазан мен ішек жарасының пайда болуы.
Стресс дамуын Г.Селье 3-ке бөлген:
1.Үрейлену
2. Төзімділік (резистенттік)
3. Әлсіреу
Үрейлену деңгейі әсерінен кортизолдың иммунды жасушалары бұзылып,
иммунитет төмендейді, асқазанда, бауырда, жүрек бұлшық еті мүшелерінде қабыну
процесі мен зақымдану жүреді. Бұл кезде организмнің өз ұлпасында ақуыздарға
қарсы антидене өңделеді, оны аутоантидене деп аталады. Әсіресе аутоантидене саны
липидтердің қышқылдана тотығу нәтижесінде жоғары деңгейде болады, бұл кезде
аутоантидене ми және көздің торлы жасушаларына қарсы түзіледі. Резистенттік
136
кезеңінде лимфоциттер саны көбейіп, қалыптасу процесі басталады. Егер резистенттік
кезеңінде организмнің гомеостаздық күйі қалпына келмесе, әлсіреу кезеңіне өтіп,
ұлпалардың жойылуы тән.Адамдар стрессорлар әсерінен шешім таба алатынына
қабілеті мен мүмкіндігінің бейімділігіне байланысты екені сезінеді. Ондай күйде
эффективті жауап беру және когнитивті реакциялардағы жағымсыз эмоциялардан
алыстату. Біз стрессорларды қарастырғанда негізгі кілті болып қорқыныш табылады.
Егер ситуация қауіпті болған жағдайда, біз мынандай эмоцияны сезінеміз, яғни
адамның денесі мұздап, үрейленеді. Сонымен қатар, қорқыныш дүниені қабылдауға
әсер етіп шоғырландыруға кедергі жасайды [3; 65б.].
Стресс жағдайында суицидттік әрекетке бой алдырмау үшін алдын-алудың
психологиялық алғы шарттарын атап көрсетуге болады. Суицидтік алдын-алу
шараларына тоқталатын болсақ, әрбір адамның өмірге деген қызығушылығын арттыру,
адамның өзімшілдік қасиетін жою, өзін-өзі бағалауды, үйрету, болашаққа оптимизмдік
сенімділікті қалыптастыру, өмірдің мәнді болуы үшін шығармашылықпен айналасу,
жоспар құру, қиындықтың уақытша өтпелі екенін түсіндіру қажет деп түсіндіреміз.
Сонымен қатар, өзінің іштей жан күйзелісі жөнінде мүмкіндігінше жақын адамдармен
немесе психологтармен ой бөлісуге болады. Олай болса, практик психологтың кәсіби
іс-әрекетіндегі бағыттарының бірі- психотүзетуде, психотерапиялық әдістер көмегімен,
психологиялық тренингтер арқылы жандандыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |