VI. Артқы құрсақ қабыргасының әлсіз жерлері........43 14. Бел үшбұрышы..............................................................43
15. Лесгафт-Грюньфельд ромбы.......................................43
VII. Аяқ өзектері...............................................................44 16. Сан өзегі.........................................................................44
17. Әкелетін бұлшықет өзегі..............................................49
18. Сирақ-тізе асты өзегі....................................................51
19. Жоғарғы бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегі.............55
20. Төменгі бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегі..............56
21. Тобық өзегі....................................................................57
22. Өкше өзегі......................................................................58
23.Табан өзегі......................................................................60
3
І.Анатомиялық терминология Біліктер және жазықтықтар Сагиталді білік (садақ оғы тәрізді), алдан-артқа өткізілген бағыт. Мысалы: тік тұрган адамның бағытталған көз- қарасына параллель.
Көлденең білік- ол сагиталді білікке перпендикуляр, көлденең жүргізілген. Мысалы: ол оң және сол сыртқы есту тесіктері аралығын шартты қосатын көлденең сызық.
Вертикалді білік-алдыңғы екі білікке перпендикуляр және жоғарыдан төмен жүргізілген. Атап айтқанда, оны денеге параллель деуге болады. Вертикалді білік дененіћң ортасынан өткендіктен, оның меншікті атауы «дененің орталық білігі» деп аталады.
Сагиталді жазықтық — ол сагиталді және вертикалді біліктер арқылы өткізілген жазықтық. Мысалы: ол тік тұрған адамның самайының беткейіне параллель. Ол денені оң және сол бөліктерге бөледі. Орталық білік арқылы өтетін, денені қақ екі жартыға бөлетін, сагиталді жазықтықты-орталық жазықтық деп атайды.
Горизонталді жазықтық- сагиталді және көлденең біліктер арқылы өткізілген жазықтық. Ол денені көлденең бағытта қиып өтіп, жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.
Фронталді жазықтық- (frons -маңдай) вертикалді және көлденең біліктер арқылы өткізілген жазықтық. Мысалы: ол тік тұрган адамның маңдай беткейіне параллель. Денені алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі. Біліктер мен жазықтықтар әрбір ыңғайлы жерде шартты түрде өткізіле береді.