Оқушылар арасында суицидтің алдын алу мақсатында мектеп психологтары және ұстаздары тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырып, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болулары тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауда болсын.
(Қ.Күзбаевқа, а/о әкімдеріне);
5.8
Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал бойынша тұрғындардың тыныс-тіршілігі күнделікті бақылауда болсын, ақпарат күнделікті берілсін. Әлеуметтік шиеленістерден туындауы мүмкін наразылықтар мен акциялардың алдын алу мақсатында, тұрғындар арасында беделді тұлғалардың, қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, наразы көңіл-күйдегі азаматтармен қарым-қатынас орнатып, олардың мұң-мұқтажын шешуге ықпал етіп, толғандырған мәселелеріне ден қою әрдайым назарда болсын.
(А.Кисметовке, мекеме, бөлім басшыларына, а/о әкімдеріне);
5.9
Аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы тұрғындар интернет желісі және БАҚ арқылы ақпараттандырылсын. Ақпарат сапалы әрі қазақ тілінде қажет болған жағдайда орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілсін.
(А.Кисметовке, А.Айманбековаға, мекеме, бөлім басшыларына, а/о әкімдеріне)
Аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы тұрғындар интернет желісі арқылы үнемі ақпараттандырылады.
5.10
. Аудан көлемінде республикалық және облыс көлемінде ауқымды тақырыптарда мақалалар жарияланып тұрсын. БАҚ-қа мақала шығару жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрсын.