Ауылдық округтерде орналасқан жөндеуге келетін ескі ғимараттар тізімі анықталып, 15.05.2023 ж. есептері ұсынылсын.
(Б.Егінбаевқа, а/о әкімдеріне);
3.32
. Жыл басынан ауылдық округтерінде меншік салығының, көлік салығының уақытылы түсімдерін барлық ауылдық округ әкімдеріне 100% орындалуы қадағалансын. Көлік салығы мен мүлік салығы бойынша берешектер жойылсын. Берешектерді азайту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін. Жинақ ақпарат ай сайын 01-не ұсынылсын.
(С.Нұрмухамбетовке, С.Тасқанбаевқа, а/о әкімдеріне);
3.33
Аудан бойынша атқарылып жатқан (құрылыс жұмыстары және т.б.) жұмыстарға ескертусіз төлемдер аудару тоқтатылсын, тек келісім арқылы аударылсын.
(С.Нұрмухамбетовке, а/о әкімдеріне);
3.34
. Алдағы уақытта экономикалық, статистикалық көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілсін. 2023 жылдың тоқсандық көрсеткіштері әр салаға қарай бақылауға алынсын. Жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілсін.
(С.Нұрмухамбетовке, Д.Нұрлановаға, мекеме, бөлім басшыларына, а/о әкімдеріне);
3.35
Бюджет шығындарының толық әрі уақытылы игерілуі қадағалансын. Құрылыс саласы бойынша бюджеттің орындалуы қатаң бақылауда болсын.
(С.Нұрмухамбетовке, Б.Егінбаевқа, мекеме, бөлім басшылары, а/о әкімдері);
3.36
Ағымды жұмыстар мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес, өткізіліп заң аясында орындалуы бақылауда болсын.
(С.Нұрмухамбетовке, мекеме, бөлім басшылары, а/о әкімдері);