Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов осылай деді



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата24.03.2017
өлшемі5,86 Mb.
#10143
1   2   3   4

11 қазан 2014 жыл

3

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Расы  керек,  қариялар  үшін  басқа 

айларға  қарағанда  қазан  айының 

орны  бөлек.  Өйткені,  осы  ай  ішінде 

дәстүрлі  қайырымдылық  акциясы 

аясында  олармен  түрлі  басқосу,  кез-

десу  шаралары  оздырылып,  құрмет 

көрсетіледі. Елімізде үлкенді сыйлап, 

қарияларды қадірлеудің өзіндік үрдісі 

қалыптасқан.  Әсіресе,  ол  1-қазанда, 

яғни  халықаралық  қарттар  күнінде 

айрықша көрініс беретіні белгілі. «Ду-

ман»  тойханасында  өткен  Сайқын 

ауылы  қарияларының  басқосуына 

арналған 

шараға 

аудан 


әкімі 

Н.Рахымжанов,  аудандық  мәслихат 

хатшысы Е.Таңатов, Сайқын ауылдық 

округінің 

әкімі 

Б.Насимоллин, 



аудан 

орталығындағы 

бірқатар 

мекемелердің басшылары қатысты.

Қарияларды 

құттықтау 

үшін 

сөз  алған  аудан  басшысы  Нұрлан 



Сағынтайұлы  1-қазан  БҰҰ  Бас 

Ассамблеясының 

1990 

жылдың 


14-ші  желтоқсандағы  шешімімен 

халықаралық  қариялар  күні  болып 

белгіленгенін, 

еліміз 


тәуелсіздік 

алғаннан бері бұл күн жыл сайын ата-

лып өтіліп келе жатқанын айта келіп: 

–  Сіздер  сияқты  өмірден  көргені 

көп, түйгені мол аға ұрпақ өкілдерінің 

арамызда  жүргені  біздер  үшін  үлкен 

қуаныш,    арқасүйеу.  Сіздер  кезінде 

ауданның  әлеуметтік-экономикалық, 

мәдени-рухани дамуына айтарлықтай 

үлес қостыңыздар. Бүгінде зейнет де-

малысында  болсаңыздар  да  қоғам 

өміріне үн қосып келесіздер. Сіздердің 

ақыл-кеңестеріңіз,  іс-тәжірибелеріңіз 

кейінгі  ұрпаққа  сарқылмас  қазына. 

Әркез 

денсаулықтарың 



мықты 

болып, 


немере-шөберелеріңнің 

қызығын  көріп,  белсенді  өмір  кешіп 

жүре  беріңіздер,-деп  тілегін  жеткізді. 

Өңір  басшысы  сонымен  қатар  арда-

герлерді  ауданда  алда  атқарылар 

іс-жоспарлардан 

да 

хабардар 



етті.  Аудандық  мәслихат  хатшысы 

Е.Таңатов, аудандық жұмыспен қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар 

бөлімінің  басшысы  Ж.Еркеғалиев, 

аудандық  аурухананың  бас  дәрігері 

Ә.Ғаббас,  аудандық  ардагерлер 

кеңесінің 

төрағасы 

С.Таңатов, 

Сайқын  ауылдық  округінің  әкімі 

Б.Насимоллин  тілектерін  айтып,  төл 

мерекелерімен құттықтады. Үлкендер 

арасынан  сөйлеген  М.Ысмағұлов, 

Н.Шәріпқалиев,  З.Қисметов,  тағы 

басқалары  аудан  орталығындағы 

ардагерлердің  басын  бір  жерге  бірік-

тіріп,  кең  көлемде  осындай  кездесу 

өткізіп,  мол  дастархан  жайып,  сый-

құрмет  көрсеткендері  үшін  ауданның 

басшы-қосшысына, 

дастархан 

шығынын көтеріп, демеушілік жасаған 

«Аж АС құрылыс» ЖШС-нің жетекшісі 

А.Төлегенов  пен  «Жолаушы  жол» 

ЖШС-нің  жетекшісі  С.Сертековке, 

осы  шараны  ұйымдастырушыларға, 

аяқтарынан  тік  тұрып,  жүгіріп  жүріп 

қызмет  жасаған  барша  қызмет 

көрсетушілерге,  отырысты  жүргізген 

аудандық  демалыс  орталығының 

директоры, 

белгілі 


өнерпаз 

Ж.Сейсенғалиевке  ризалық  сезім-

дерін білдіріп, алғыс айтты.

Иә, нешебір абзал жандардың бас-

тары  қосылып,  әзіл-қалжыңдары  жа-

расып, өзара әңгіме-дүкен құрып, шер 

тарқатқандарының  өзі  неге  тұрады! 

Қысқасы, 

ардагерлер 

өздеріне 

жайылған  дастархан  басында  ән 

тыңдап, би билеп, бір жасап қалды.



А.ХАМЗИН.

Қариялар – қазынамыз

–  Тап  қазіргі  кезеңде  Батыс  Қазақстан 

облысының  орталығы  Орал  қаласы  мен  қала 

маңындағы елді мекендер, сондай-ақ, Теректі, Зе-

ленов аудандарының 70-ке жуық ауылдарының 

тұрғындары  отандық  телеарналарды  сандық 

сапада  көруге  мүмкіндігі  жеткілікті.  Бұл 

дегеніңіз  310  мың  батысқазақстандық  отандық 

телеөнімдерді  сандық  жүйеде  көре  алады  де-

ген сөз. Жалпы алдағы уақытта сандық эфирлік 

телехабар  тарату  желісінің  батысқазақстандық 

абоненттері  көбейе  түсуі  үшін  біраз  шаруа 

атқарылуда.  Мәселен,  таяу  болашақта  ұлттық 

хабар тарату желісі Бөрлі ауданының орталығы 

Ақсай  қаласы  мен  облыстың  қалған  аудан-

дарына  тиесілі  барлығы  449  елді  мекенді  өз 

жүйесіне  қоспақ  ниетте.  Осы  мақсатты  жүзеге 

асыру  үшін  56  радиотелевизиялық  стансаның 

материалдық-техникалық әлеуеті жаңартылып-

жаңғыртылуда. Бұған қоса төрт (4) РТС салыну-

да.


–  Еліміздің  өзге  аймақтарымен  салыс-

тырғанда  Батыс  Қазақстан  облысының 

аумағы  шағын  болғанымен,  Орал  өңірінің 

біраз  елді  мекендері  күні  кешеге  дейін  бір-

екі  телеарнаны  тамашалаумен  шектеліп 

келді.  Мысалға  облыс  орталығынан  тым 

қашық емес Теректі ауданының Аңқаты ауы-

лын  алуға  болады.  Бүл  жақта  қазір  жағдай 

өзгерді ме?

  –  Былтыр,  яғни  2013  жылы  саңдық  теле-

визияны  іске  қосу  белең  алғалы  бері  Батыс 

Қазақстан облысында, тіпті шалғай аудан-ауыл 

тұрғындарының өзі ай сайынғы абоненттік ақы 

төлемей-ақ  отандық  15  телеарнаны  жақсы 

сапада  көруге  мүмкіндік  алды.  Осындай  елді 

мекендердің қатарында сіз тілге тиек етіп, алға 

тартып отырған Аңқаты ауылы да бар.

  –  Сандық  телехабар  тарату  желісінің 

артықшылықтары  туралы  көп  айтылуда. 

Әсіресе, сапалы бейнекөрсетілімге баса на-

зар аударылып отыр. Жаңа форматқа көшу 

тағы қандай артықшылықтар береді?

  –  Телекөрермен  үшін  әрине,  ең  алдымен 

бейнекөрсетілімнің  ешқандай  шуыл-дірілі  жоқ, 

сапалы  болғаны  ең  бірінші  кезектегі  маңызды 

фактор.  Бұған  қоса  сандық  телехабар  тара-

ту  желісінің  мынандай  артықшылықтары  бар: 

арналардың көп түрлілігі; абонент қабылдағыш 

сатып  алғанда  бір-ақ  рет  шығындалады,  ай 

сайынғы  абоненттік  төлемсіз  тегін  көрсетілім; 

электрондық  бағдарлама,  яғни,  көрермен 

алдағы  жеті  күнде  қай  хабардың  қай  уақытта 

болатынын пульт арқылы экраннан басып көріп 

отырады; мәзір тілін қазақ, орыс, ағылшын тіл-

дерінен  өзіңізге  таңдауға  болады;  болашақта 

телеарналарды НD форматында көру мүмкіндігі 

қарастырылған.

Телекөрермендерге  қоса,  телеарналар  да 

осы  қызметтің  тұтынушысы  болып  табыла-

ды. Өйткені енді өз бағдарламаларын жоғары 

сапада  тарату  мүмкіндігін  иеленген  соң,  те-

леарналар  бағдарламаларын  жоғары  сапа-

да,  оның  ішінде  НD  форматында  (жоғары 

айқындықтағы 

телевидение) 

шығаруға 

мүдделі.  Сонымен  қатар  телеарнаның  хабар 

тарату    аумағы  ұлғайған  сайын  жарнама  бе-

рушілерге  де  тартымды.  Жергілікті,  аумақтық 

телеарналардың  сапа  мен  көлем  жағынан, 

Бүгінгі күннің тақырыбы

Ұлттық телевидение 

отандық идеологияның күретамыры

Бүгіндері қоғамдық-саяси ортада «ақпараттық қауіпсіздік», «ақпараттық соғыс» де-

ген  ұғым-түсінік  жиі  қолданысқа  ие  болуда.  Қазіргідей  ақпараттық  тасқын  заманын-

да ақпараттық қауіпсіздік тіпті мемлекеттік мәселеге айналды. Сонымен қатар жедел 

және  бейнеақпарат  алу  жөнінен  телевидение  жетекші  мәнге  ие.  Оның  үстіне  ұлттық 

телевидение отандық идеологияның күретамыры екендігі және бар. Бұл – ақпараттық 

қауіпсіздік  үшін  аса  манызды  факторлардың  бірі.  Мәселеге  осы  тұрғыдан  келгенде 

«елдің  шетіндегі,  желдің  өтіндегі»,  яғни,  бір  өзі  Ресейдің  бес  бірдей  губерниясымен 

шектесетін  Батыс  Қазақстан  облысындағы  жағдай  қалай?  Жайық  жұртын  жаппай 

отандық сандық телевизия өнімдерімен жарылқау үшін қандай жұмыстар жасалуда, 

міне осы бағыттағы біздің сауалымызға «Қазтелерадио» АҚ Батыс Қазақстан облыстық 

филиалының директоры Ільдар Қаюбалиев жауап береді.

көрермендер саны жағынан ірі-ірі арналармен 

терезесін теңестіруге мүмкіндік туды.  Өйткені 

бұрын  өзінің  қаржылық  мүмкіндіктеріне  қарай 

ірі  телеарна  1Квт  таратқышты  қолданып,  40 

шақырымдық  аумақты  қамтыса,  100  вт  қуаты 

бар  таратқышты  қолданатын  шағын  арнаның 

қамту радиусы 10 шақырымнан аспайтын. Енді 

3 Квт. Облыстық РТС-тің бір таратқышы арқылы 

трансляцияланатын  арналардың  барлығы  бір 

деңгейде 70 шақырымдық аумаққа сенімді ха-

бар тарата алады. Сол себепті көрермендерді 

қамту деңгейі де біркелкі болады.

  –  Енді  мына  мәселені  тарқатыңқырап 

айтсаңыз,  теледидарын  қосып,  сандық 

эфирлік телевизияны көрсем деген адам не 

істеуі кажет?

 – Сандық телехабар тарату желісіне қосылу 

үшін сандық эфирлік қабылдағыш сатып алып, 

нұсқаулық  бойынша  орнату  қажет.  Егер  теле-

дидар DVB-T2 сандық форматында көрсететін 

болса,  теледидарға  қондырылатын  шағын 

тюнер  –  САМ-модуль  сатып  алу  керек.  Сам-

модульдің  құны  қабылдағыштан  арзан.  Теле-

хабар сигналын қабылдау үшін бөлмелік неме-

се  сыртқа  орнатылатын  дециметрлік  антенна 

қажет.  Сандық  қабылдағыш  пен  САМ-модуль 

тұрмыстық  техника  дүкендерінен  немесе  сату 

орындарынан  табылады.  Олардың  мекенжай-

лары 

мен 


барлық 

толық 


ақпаратты                 

 www.otautv.kz сайтынан немесе біздің филиалға 

8 7112 285544 телефондары арқылы хабарла-

сып, сұрап білуге болады.



 – Қажетті қондырғының бағасы қандай?

  –  Жергілікті  дүкендерде  қабылдағыштың 

бағасы  14 000  тенге  шамасында.  Ал  тікелей 

тауар  өндірушіден  алсаңыз,  екі  есе  арзан. 

Жаңағы    үстіне  қосылғаны  кедендік  алым-

салық,  саудалық  үстеме  баға.  Демек,  бұдан 

төмен  бағаны  табу  қиын.  «Сам-модульді»  ша-

мамен  10-11 000  теңгеге  сатып  алуға  болады, 

бірақ  теледидар  DVB-T2  форматында  болуы 

тиіс. Қазақстан нарығына осы стандарттағы те-

ледидарлар бар. Қабылдағыштар мен сам-мо-

дульдерді  біздің  КВАНТ,  Спутник  ТВ,  Импульс 

ТВ,  Спектр  ТВ,  Атланта  дүкендерінен  табуға 

болады.


 – Ескі үлгідегі теледидарға сандық теле-

хабар тарату желісін қостыру мүмкін бе?

–    Иә,  кәдімгі  теледидарларды  жаңа 

теледидарға  ауыстырудың  қажеті  жоқ.  Ең 

бастысы  қабылдағышты  қосатын  арнайы 

ажыратқышы болуы тиіс.

  –  Батыс  Қазақстан  облысының 

тұрғындары  қандай  арналарды  тамашалай 

алады?

 – Біздің облыс орталығы Орал қаласы мен 

50  шақырымдық  радиустағы  қала  маңындағы 

елді мекен тұрғындары 22 арнаны көре алады. 

Бұл  тізімге  келесі  арналар  енді:  «Қазақстан», 

«Мәдениет және Білім», «Балапан» SD, «Бала-

пан» НD, «Хабар», «Каzakh TV», «24 KZ», «Ас-

тана»,  «КТК»,  «7  канал»,  «7  nеws»,  «Первый 

канал  Евразия»,  «МИР»,  «31  канал»,  «НТК», 

«Тан»,  «СТВ»,  «MuzZone»,  «Hit  TV»,  «Батыс-

Қазақстан  облыстық  телерадиокомпаниясы», 

«Алматы», ТДК 42. Үкімет қаулысының шешімі-

мен  арналар  тізімі  өзгеріп,  немесе  толығып 

отырмақ.  Аудан  орталықтары  мен  елді  мекен 

тұрғындары  «Қазақстан»,  «Мәдениет»,  «Ба-

лапан»,  «Хабар»,  «Ел  арна»,  «Kazakh  TV», 

«Білім», «24 KZ», «Астана», «КТК», «7 канал», 

«Первый  канал  Евразия»,  «Батыс-Қазақстан 

облыстық телерадиокомпаниясы», «31 канал», 

«СТВ»  телеарналары  кіреді.  Бұл  арналардың 

көрсетілімі халық үшін тегін.

  –  Ел-жұрт  бұрыннан  «бауыр  басып 

қалған»  аналогтық  телехабар  тарату  желісі 

қалай  өшіріледі?  Яғни,    аналогтық  телеха-

бар  тарату  жүйесі  дереу  доғарыла  ма  не-

месе  алдын  ала  кесте  түзіліп,  аналогтық 

тележүйенің  «демі»  бірте-бірте  үзіле  ме? 

Жалпы,  тұрғындар  бұл  бағыттағы  іс-

әрекеттен күн ілгері хабардар бола ала ма?

  –  Ешкім  кенеттен  желіні  өшірмейді. 

Аналогтық телехабар тарату желісі белгіленген 

кезең  бойынша  өшіріледі  деп  жоспарлануда. 

Оның үстіне жергілікті жұрт міндетті түрде кем 

дегенде жарты жыл бұрын құлақтандырылады. 

Өшірілу  кезеңдері  мен  мерзімі  ҚР  Үкіметінің 

қаулысымен бекітіледі.

Қытайда «Ескі кетпей, жаңа келмейді» деген 

мәтел бар. Сол себепті мен көрермен қауымды 

қазіргі заманның технологиялық талабына жау-

ап бере алмайтын ескі тележүйемен қоштасып, 

сандық эфирлік телевизияға тезірек иек артуға 

шақырамын.



Сұхбаттасқан: Бауыржан 

ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ.

Орал қаласы.

Сыйласаңдар кәріңді, ризалармын бәріңді



11 қазан 2014 жыл

4

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Су  –  тіршілік  көзі.  Аудандық  ба-

сылымда  жиі  көтеріліп  отырған  бұл 

мәселе «Айта, айта Алтайды, Жамал 

апай қартайдының» кебін киіп тұр. Со-

нау бір жылдары сайқындықтар шөлін 

қандырып іше алмайтын Еділ өзенінің 

жылымшы  суын  Астрахан  облысы, 

Ахтуба  қаласынан  пойызбен  тасып 

ішкен. Тіркеме вагондармен әкелініп, 

су  мұнарасына  жинақталып,  кейін 

ауыл  тұрғындарының  құдықтарына 

(бассейіндеріне) автокөліктермен (во-

довозбен)  тасылған.  Сайқындықтар 

ұзақ  жыл  амалсыз  көндіккен  осы 

жағдай 

1990 


жылдарға 

дейін 


жалғасын тапты. Сапасыз су ішкеннің 

кесірінен аурулар пайда болғанын ай-

тып, кезінде дәрігерлер де үн қатқан. 

Бөкейліктердің 

өтініштері 

билік 


төрінде  отырғандардың  да  құлағына 

ілініп,  алдымен  «Гришканың  алғау 

суы»,  кейін  «Орданың  зәмзәм  суы» 

аудан  орталығы  тұрғындарына  жет-

кен. Сөйтіп кермек судан құтылған.

«Аймекен»  

туралы аңыз

Нарын құмының су қоры жердің бет-

кі қабатына жақын орналасқан деседі 

ғалымдар.  Кезінде  оның  мол  көзін 

тауып,  көлемін  анықтау  үшін  Орал 

гидрогеологиялық  экспедициясымен 

келісім  шарт  жасалып,  нақтылы  су 

картасы  түзелген.  Көнекөздердің  ай-

туынша,  1964-1967  жылдар  ішінде 

совхоз  аумағында  31  шахталы  және 

230 шеген құдықтар қазылған. Айме-

кен ашығындағы жер асты су көзі де 

сол жылдары табылған екен. Дәл осы 

арадан су айдау станциясы салынып, 

Орда,  Мұратсай,  Сайқын,  Жәнібек 

ауылдарына құбыр тартылған.

Жер  атауының  өзіндік  тарихы  да 

бар.


Ертеректе  бір  байдың  Аймекен 

атты  сұлу  қызы  болыпты.  Арудың 

сұлулығына тамсанып, оны әйелдікке 

алғысы  келген  бай-манаптардың  ер-

мегіне айналмауды ойлаған ол озбыр 

ортадан бір түнде қашып шыққан. Жо-

лай мойнына байлаған шәлісі терекке 

іліп қалған деседі. Аймекен ашығының 

«Қызыл  шәлі»  деген  жол  өткелі  осы 

оқиғаға негізделіп аталыпты. 500 гек-

тар жерді алып жатқан ашық сол Ай-

мекен сұлудың есімімен аталады.



Су көзі тартылып 

барады

Аймекен су көзінен алынатын Орда 

топтық  су  құбырының  мүмкіндігі  мен 

пайдалану  мерзімі  20  жылға  деп 

есептелген  екен.  Суды  бұл  құбыр 

арқылы  көршілес  Жәнібек  ауданы 

орталығы  мен  оның  кейбір  елді  ме-

кендері  де  тұтынуда.  Пайдалану 

мерзімі  аяқталып  келе  жатқан  су 

құбырын  жаңғырту,  оларды  ауысты-

ру  жұмыстары  қолға  алынғанымен, 

жаңа  гидроинженерлік  құрылыстарға 

мұндағы жер асты қоры сәйкес келу, 

келмеуі белгісіз. Егемендіктің алғашқы 

жылдарында Нарын құмында жерасты 

су көздерінің мөлшерімен айналысқан 

ресейлік гидролог ғалымдар мұндағы 

су  қабаты  30-40  см-ге  төмендеп  кет-

кені  жөнінде  ұйғарым  жасаса,  жер-

гілікті мамандар бұл ұсыныстың үстірт 

айтылғаны  жайында  өз  дәлелдерін 

көлденең тартады.

Бөкейліктерді  осы  мәселе  де 

алаңдатады.  Хан  ордасы  ауылының 

байырғы тұрғындары судың тартылып 

бара жатқанын айтып, дабыл қағуда. 

Бұл  жөнінде  Төлеген  ағай  Өтешев 

«Орда  жұлдызы»  газетінің  биылғы 

20 қыркүйектегі санында «Қопаға» су 

түсіру керек» атты мақаласында біраз 

жәйтті қамтыған.

-Сәл  бұрын  құдықшылар  18  метр 

тереңдіктен  су  көзін  тапса,  бүгінде 

25  метр  қазғанда  әрең  дегенде  су 

шығуда, -дейді Ахметкерей аға Сала-

уатов.


Аймекен  жерасты  құбырында  8 

ұңғыма  болса,  оның  3-еуі  ғана  істеп 

тұр.

Шымырхан 

Темірболатов 

-

Үштерек ауылының ауылнайы:

–Орда  ауылына  8  шақырымдық 

жерде  қар,  жаңбыр  суларынан 

жиналған  қопа  болған.  Мұратсай 

бөгетінен келген артық су қопа арқылы 

«Бабай садын» жағалай жалпақ сорға 

түсетін. Кезінде қопа кәдімгі көлге ай-

налып, құс пен аңдар қаптап жүретін. 

Қамыс  қалың  өскендіктен  арасынан 

қабандарды да жиі кездестіруге бола-

тын.  Кейін  ауылға  өзіндік  көрік  беріп 

тұратын  көл  суы  тартылып,  орны 

сорға, шаң-тозаңға айналды.

Иә,  ауыл  тұрғындарының  бұл 

жағдайға алаңдаушылық танытуы не-

гізсіз емес.



Қарағайлар құлап 

жатыр 

Ғасыр  жасаған  алып  қарағайлар 

Хан  ордасы  ауылына  ерекше 

көрік  беретіні  кім-кімге  де  аян. 

Сол 

қарағайлардың 



өз-өзінен 

құлап,  шіліңгір  шілденің  ішінде  де 

теректердің  жапырақтары  сарғаю 

фактілері  жиі  көрініс  беруде.  Орда 

орман шаруашылығы мекемесінің ди-

ректоры  Талғат  аға  Саматовтан  осы 

жөнінде сұрағанымызда ол:

–  Жерасты  суының  қысымын 

«Жайықгидрогеология» 

ЖШС-нің 


мамандары  келіп  тексеріп,  судың 

төмен  түспегенін  айтты.  Орманда 

орын  алған  бұл  жағдай  қар-жаңбыр 

суларының азайып кетуінен туындауы 

ықтимал. 2010 жылы орман қорының 

алқаптарында  қарағайлардың  құлау 

фактілері орын алса, биыл теректердің 

сарғайып кеткені көзге ұрып тұр.Тіпті 

ауладағы  шөптердің  өзі  бұрынғыдай 

қаулап өспейді. Уақытында кез-келген 

жиде ағашының түбінен су шығатын. 

Казір  жер  азып  барады.  Орманда  су 

жетіспеушілігі анық байқалуда,-дейді.

Қарағайлардың сұлап түсуінің тағы 

бір  себебін  бас  орманшы  олардың 

ғасырдан аса жасап келе жатқанынан 

болуы  мүмкін  деген  пікірге  саяды. 

Дейтұрғанмен  ауылдың  шығыс  және 

батыс беттерінде кездестін осы жәйт 

еріксіз  назар  аудартады.  Олардың 

арасында  ғасыр  жасаған  теректер-

ге  мүлдем  ұқсамайтын  ағаштардың 

көркінен  айырылып,  жалаңаштанып 

қалғаны  жаныңды  ауыртады  екен. 

Кеңес  Одағы  кезінде  қазақстандық 

және  ресейлік  ғалымдар  шөлейт 

жерде  орман  өсірумен  түбегейлі 

айналысқан.  Басқа  құрлықтардан 

әкелінген  ағаш  түрлерін  құмды 

алқапқа 


жерсіндіру 

жұмыстары 

жүргізіліп,  бұл  ғылыми  зерттеулер 

мен  ізденістер  өз  нәтижесін  берген. 

Шындығында  Нарын  жері  осынау 

қарғайларымен  құнды.  Жәңгір  хан 

билік төрінде отырған кезде құмдағы 

ылғал  жер  үстіне  өте  жақын  болған 

деседі.  Сондықтан  қарағай  отырғызу 

қиындық келтірмеген. Бүгінде жерас-

ты  көзі  өңірде  70  см-ге  түсіп  кетсе, 

қарағайларды қолдан отырғызу тіптен 

қиындай түсері сөзсіз деген тұжырым 

айтады мамандар.



Мамандар не дейді?

Былай  тартса  арба  сынып,  былай 

тартса, өгіз өледінің кебі. Ордалықтар 

судың тартылғанын нақты фактілерге 

сүйеніп  отырып  айтса,  «Қазсушар» 

РМК БҚФ-ның Бөкей ордасы өндірістік 

учаскесі 

басшысы 


Махамбет 

Кенжеғалиев  «Жайықгидрогеология» 

ЖШС-нің 

(бас 


директоры 

Б.Г.Дауымов)  мамандарының  судың 

тартылмағаны  жөніндегі  пікірлерін 

алға тартады. Нақтылап айтсақ, 1980-

1988 жылдары жерасты суын  зертте-

ген «Жайықгидрогеология» ЖШС-інің 

деректерінде  жерасты  суларының 

түспегені  айтылған  (23.07.2012ж 

хаттама).  Онда:  470-471  ұңғымалар 

Орда  су  алу  линиясында  жатқан 

судың  аймақтық  көрсеткіші  жылдық 

орташа  деңгейде  ғана  төмендегені 

байқалатындығы келтірілген.

Су құбырынан күніне 9,5 мың текше 

метр су алынса, жылына бұл көрсеткіш 

162  600  текшені  көрсетеді.  Аймекен 

суын  осы  құбыр  арқылы  көршілес 

Жәнібек  ауданы  орталығы  мен  кей-

бір елді-мекендері де тұтынады. Хан 

ордасындағы су сақтайтын қоймаға 2 

мың тоннадай су кетеді.

Жергілікті  тұрғындар  су  мәселесін 

қайта-қайта  қозғағандарымен,  судың 

тұтқасын  ұстағандар  «су  тартылған 

жоқ»  деп  маңайлатар  емес.  Қалай 

болғанда да ел-жұрт тұтынып отырған 

«Аймекен»  суының  тартылып  бара 

жатқанына  тиісті  орындар  құлақ 

асып, бар байлығымыздың сарқылып 

қалмауы үшін күш салар деген үмітіміз 

үзілер емес.

* * *

Тұрғындар пікірі

Тұрақбай  Жұмашев  -  ордалық 

зейнеткер,  су  құбыры  мекемесінің 

бұрынғы қызметкері:

–Табиғат өзгерді. Қыста қар, жазда 

жаңбыр  жоқ.  Құмдағы  «Шотанғай» 

елді-мекеніне  жол  түсіп  барғанымда 

жаз  айы  болса  да  жапырақтардың 

сарғайып,  қурап  тұрғанын  аңғардым. 

Судың  төмен  түсіп  кеткені  де  көпке 

белгілі жәйт. Жерасты қорын көбейту 

үшін «Таза су» бағдарламасы арқылы 

жұмыстануды  қолға  алу  керек.  Тағы 

бір  айтарым:  ауыз  суды  үнемдеуді 

білмейміз. Мысалы: жәнібектіктер тас 

соғып, мәшина жуатын бірнеше орын 

да ашыпты. Осының бәрін көріп оты-

рып,  ішің  ауырады.  Сайқындықтар 

«Шанабастан» су тартып алып, мал-

дары  мен  бау-бақшаларын  суарса 

Аймекен суы біраз үнемделер еді.



Төлеген  Өтешев  –  ордалық  зей-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет