Аудан және оның бөлшектері



Дата12.01.2023
өлшемі6,19 Mb.
#61083
Байланысты:
Аудан және оның бөлшектері

Аудан және оның бөлшектері


Aудан (геометриялық мағынада), S - геoметриялық пішіннің екі өлшемді кеңістіктен алатын бөлігін сипаттайтын шама. Aудан - геометриялық пішіндерге байланысты негізгі шамалардың бірі болып табылады. Қарапайым жағдайда аудан пішін ішіне сиятын бірлік квадраттардың санымен өлшенеді. Ауданды жобалап өлшеу үшін планиметр құралын қолданады.
Аксиомалар
Тең фигуралардың аудандары да тең.
Егер фигура қандай да бір сызықпен екі басқа фигураларға бөлінсе, онда берілген фигураның ауданы осы бөліктердің аудандарының қосындысына тең.
Қабырғасы бір өлшем бірлігіне тең квадраттың ауданы 1-ге тең.
Қалай ойлайсың, қандай аудандарды өлшеген кезде квадрат километр қолданылады?
Аудан өлшемдері
1 см2 = 100 мм2
1 дм2 = 10 000 мм2
1 дм2 = 100 см2
1 м2 = 10 000 см2
1 м2 = 100 дм2
1 км2 = 1 000 000 м2
Ар – метрлік өлшем жүйесіндегі ауданның бірлігі, қабырғасы 10 м болатын шаршының ауданына тең, яғни: 1 а = 10 м ∙ 10 м = 100 м2
Гектар – метрлік өлшем жүйесіндегі ауданның өлшем бірлігі, жер телімдерін өлшеу үшін қолданылады.
1 га қабырғалары 100 м болатын шаршының ауданына тең. 1 га = 100 а = 100 м ∙ 100 м = 10 000 м2
Неге бұл фигураны шаршы дейміз?
Шаршының периметрін қалай табамыз?
Р =а + а + а + а
Шаршының ауданын қалай табамыз?
S = а * а

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет