Аудандық «Сырым елі» газетіне 2015 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу жүргізілуде



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата07.02.2017
өлшемі1,07 Mb.
#3621
1   2   3   4   5

Досжан ТайШиЕв,

«Сырым жастары» ЖҚБ-ның 

төрағасы,  «Жас отан» ЖҚ 

Сырым аудандық  филиалының 

атқарушы хатшысы.

Кеңес орталығында

Үстіміздегі  жылдың  қыркүйек 

айында  «Сырым  жастары»  ЖҚБ 

мен  «Жас  Отан»  ЖҚ  аудандық 

филиалымен  жүзеге  асып  отырған  

«Жастар  Отанға»  жобасы  аясында 

Кеңес  орталығында  «Хоум  кредит 

банкі»  аудандық  филиалындағы 

өкілдері  жастарға  және  аудан 

тұрғындарына  тегін  кеңес  берді. 

Тұрғындар несие алу, несие алудағы 

жеңілдіктер  туралы  мағлұматтар 

алды. 


Ал  «Даму»  кәсіпкерлікті  дамыту 

қоры»  АҚ­ның  Сырым  аудандық 

филиалындағы  өкілдері  жастарға 

және  аудан  тұрғындарына  тегін 

кеңес  берді.  Кеңестен  тұрғындар 

кәсіпкерлік,  шағын  және  орта 

бизнес, кәсіп ашудағы  кепілдіктер, 

жеңілдіктер  туралы  мағлұматтар 

алды. 

Сонымен  қатар  осы  Кеңес 



орталығында  аудандық  аурухана 

мейірбикесі  жастарға,  тұрғындарға 

тегін  медициналық  көмек  көрсетті, 

тұрғындардың  қан  қысымдарын 

өлшеді. 

Әсел ШіЛМҰХанова,

«Сырым жастары» ЖҚБ-ның

ұйымдастырушысы.

«Өмірге жолдаманың» тұсауы кесілді

«Сырым 

жастары” 



жастар 

қоғамдық бірлестігі мен “Жас Отан” 

Жастар  қанаты  Сырым  аудандық 

филиалы  өз  жанынан  2010  жылы 

“Өмірге жолдама” атты ұзақ мерзімді 

жобасының тұсауын кескен болатын. 

Жобаның  мақсаты  –  әлеуметтік 

жағдайы  төмен  отбасыдан  шыққан, 

білім алуға ниетті, бастысы белсенді 

көзқарастағы  жас  буын  өкілдерін 

ЖОО­ға түсіру еді. Жоба 2011 жылы 

“Жыл  үздігі­2011”  Батыс  Қазақстан 

облысы  жастар  премиясында  үздік 

жоба аталымын жеңіп алған болатын. 

Жуырда  Орал  қаласында  облыстық 

жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар  бөлімінің  «Үздік 

әлеуметтік  жобалар»  облыстық 

байқауына 

қатысқан 

жобамыз 

облыстағы  ең  үздік  бес  жобаның 

қатарына кіріп, республикаға жолдама 

алды.    «Үздік  әлеуметтік  жобалар» 

конкурсының комиссия отырысында 

жобаны  «Сырым  жастары»  ЖҚБ 

төрағасы  Д.Тайшиев  қорғап,  жоба 

туралы  арнайы  бейнефильм  мен 

презентациялық жұмысын көрсетті.

Жастардың көмегі

«Сырым  жастары»  ЖҚБ­ның 

ұжымы  «Нұр  Отан»  партиясының 

«Ардагерлерді  ардақтайық!»  жо­

басы  аясында  қайырымдылық 

шарасын  өткізді.  Шара  барысында 

жастар  Өлеңті  ауылының  тұрғыны, 

тыл ардагері Таюпова Зояның үйіне 

майлау жұмыстарын жүргізді. 



Еркін иСЛаМҒаЛиЕв,

«Сырым жастары» ЖҚБ-ның 

ұйымдастырушысы.

Келелі кездесу

«БҚО жастар Қауымдастығы» ЗТБ 

мен  «Сырым  жастары»  ЖҚБ  және 

«Жас  Отан»  ЖҚ  Сырым  аудандық 

филиалының  ұйымдастыруымен  22 

қыркүйек  күні  «Өрле,  Қазақстан!» 

ақпараттық  үгіт­насихат  тобы  жо­

басын іске асыру аясында облыстан 

келген  жастар  Қособа  ауылында 

болды. «БҚО жастар Қауымдастығы» 

заңды 


тұлғалар 

бірлестігінің 

төрағасы  М.Сатыбалдиев,  Жайық 

деструктивтік діни ағымдардан жапа 

шеккендерге  көмек  орталығының 

төрағасы А. Абдрахманов, облыстық 

жастармен 

жұмыс 


жөніндегі 

ресурстық  орталықтың  кеңесшісі 

Ж.Ешмұхамбетов  және  олардың 

қатарына  «Сырым  жастары»  ЖҚБ 

мен  «Жас  Отан»  ЖҚ  аудандық 

филиалының  атқарушы  хатшысы 

Д.Тайшиев  қосылды.  Алдымен 

жастармен  жиын  басталмастан 

бұрын 

ақпараттық­насихаттық 



топ  Қособа  ауылдық  округінің 

әкімі  М.Ахметқалиевпен  кездесіп, 

ауылдың 

тарихымен, 

қазіргі 

ахуалымен  етене  танысты.  ЖББ 

Қособа  орта  мектеп­балабақша 

кешенінің  акт  залында  жиналыс 

басталды. Алғы сөзді алған «Сырым 

жастары» ЖҚБ мен «Жас Отан» ЖҚ 

аудандық  филиалының  атқарушы 

хатшысы  Д.Тайшиев  облыстан 

келген  жастар  өкілдерін  танысты­

рып,  олардың  негізгі  мақсаттарына 

тоқталып  өтті.  Жиынға  ауыл 

жастары,  жас  мамандар,  жоғары 

сынып  оқушылары  қатынасты. 

Басқосуда  ақпараттық  насихаттық 

топтың  мүшелері  жастарға  жалпы 

жастар  арасындағы  жұмыссыздық, 

жастардың  бос  уақытын  тиімді 

өткізу,  теріс  діни  ағымдардың 

алдын  алу  жөнінде  ақпарат  берді. 

Жиын  барысында  ауыл  жастары 

белсенділік  танытып,  өздерінің 

өткір, орынды сұрақтарын жолдады. 

Кездесу  соңында  сөз  алған  мектеп 

директоры,  аудандық  мәслихат 

депутаты  Н.Раймова  ауылдағы 

бірқатар 

мәселелерді 

қозғап, 


жастардың  ойындағы  мәселелерді 

ұсыныс  қылып  жеткізді.  Жиынды  

«Сырым  жастары»  ЖҚБ  мен  «Жас 

Отан»  ЖҚ  аудандық  филиалының 

атқарушы  хатшысы  Д.Тайшиев 

қорытындылап,  қазіргі  Сырым 

ауданындағы  жастар  саясатының 

жүзеге  асырылуы  жөнінде  мәлімет 

берді.  

Гүлжүзім ЖанТурина,

«Сырым жастары» ЖҚБ-ның 

қызметкері.

«Толағай» сайысы



арнаулы бет №6

Сырым жастары

Сырым  ауданында  «Дипломмен 

–  ауылға!»  бағдарламасы  жүзеге 

асырылған  жылдан  бері  ауданға 

келген    221  жас  маман  көтерме 

жәрдемақы  алса,  бұл  бағдарламаның 

шеңберінде  51  жас  маман  тұрғын  үй 

алу  үшін  мемлекеттен  жеңілдетілген 

несиеге  қол  жеткізген.    Еңбектегі 

аяқалыстарын  ауылдан  бастаған  осы 

жас  мамандардың  бүгінгі  тынысы 

туралы  жуырда  өткен  аудан  әкімі, 

«Нұр  Отан»  партиясы  Сырым 

аудандық  филиалының  төрағасы 

Абат  Шыныбековтың  «Дипломмен 

–  ауылға!»  бағдарламасы  аясында 

жұмыс жасап жатқан жастармен өткен 

еркін  сипаттағы  кездесуінде  біраз 

мағлұмат алдық. 

Кіріспе  сөз  алған  аудандық  партия 

филиалы  төрағасы,  аудан  әкімі  Абат 

Шыныбеков мемлекеттік «Дипломмен 

– 

ауылға!» 



бағдарламасының 

ауданымызда  кең  қолданысқа  ие 

болуы  –  үкімет  тудырған  тиімділікті 

сауатты түсінетін жастардың көптігін 

көрсететінін айтты. 

Аудан басшысының айтуынша, жас 

мамандарды ауылға тұрақтандырудың 

негізгі қадамдары ретінде бос жұмыс 

орындары  жәрмеңкелерін  көптеп 

өткізу  қолға  алынуда.  Бұдан  бөлек, 

«Жастар  тәжірибесі»  мемлекеттік 

бағдарламасы да жастардың жұмысқа 

араласуына  жол  ашып  жатыр.  Бұл 

бағдарлама  мемлекет  қаржысының 

мүмкіндігіне  қарай  орындалатын 

болғандықтан,  биыл  небары  33  жас 

маман  ақылы  еңбек  тәжірибесіне 

жолданды.  Дегенмен,  жастардың 

тәжірибеден  кейін  тұрақты  жұмысқа 

орналасып кету жағы кемшін.  

Кездесуді  ұйымдастырушы  «Жас 

Отан»  Жастар  Қанаты  Сырым 

аудандық  филиалы  мен  «Сырым 

жастары» жастар қоғамдық бірлестігі 

шарадағы 

жастар 


контингентін 

бағдарламаның 

әуелгі 

бастағы 


қатысушылары  мен  «Дипломмен 

– 

ауылға!» 



бағдарламасының 

күні  бүгінгі  мамандарын  өзара 

араластырып 

жасақтаған 

екен. 

Сондықтан  болар,  еркін  алаңда 



өрбіген  әңгімеде  мамандар  арасында 

буындық  жігі  байқалды.    Мәселен, 

алдыңғы келгендер дипломына жұмыс 

іздеп келіп, басына бақыт тапқандары 

жөнінде жиі айтты.

Бүгінгі  күні  Сарой  ауылдық 

округіндегі  Абай  орта  мектебінде 

география  пәнінің  мұғалімі  болып 

қызмет  жасайтын  Лаура  Қарғабаева 

өз  мектебіне  «Дипломмен  – 

ауылға!»  бағдарламасы  бойынша 

жұмысқа 


кірісіп, 

жанұясын 

орнықтырған  жастардың  көптігімен 

ерекшеленетінін айтты. Медициналық 

жоғары  оқу  орынын  аяқтағаннан 

кейін 


ойланбастан 

аудандық 

орталық  ауруханаға  дәрігерлікке 

келген  Меруерт  Аманова  қызметтік 

ортада  тәжірибелі  әріптестер  жас 

маманнан  жақсы  маман  тәрбиелеп 

шығара  алады  деді.  Адам  саулығын 

арашалаушылар  ұжымында  ұрпақтар 

сабақтастығына көп көңіл бөлінетінін 

осы  маманның  сөзінен  байқадық. 

Бағдарламаның барысымен, қызметке 

жуырда  ғана  қадам  басқан  Арайлым 

Тіресова, Гаухар Саханова секілді жас 

педагогтар  мемлекеттен  көтерме  ақы 

алу жолын сұрады. 

«Дипломмен 

– 

ауылға!» 



бағдарламасы 

ендігі 


жерде 

агроөнеркәсіп  саласына  қатысты 

білімі  бар  мамандарға  да  жәрдем 

беруді  көздейді.  Бірақ,  бұған  ауданда 

кадр тапшы. Жастар ішінде зоотехник, 

малдәрігер,  тіпті  шопан  жоқ.  Ауыл 

тамырына қан жүгіртетін бұл салаға жас 

мамандар келсе, бағдарламаның жаңа 

қыры  нәтиже  беруі  ықтимал.  Аудан 

басшысы  аудан  жастары  арасында 

басқа да мемлекеттік бағдарламаларға 

қатысып,  кәсіпкерлікке  ұмтылыс 

пен  еңбекке  құштарлық  көріністерін 

көрсеткен іскер жастар барын алдыға 

тартты.

Жастар өз тараптарынан жергілікті 



маңызы  бар  мәселелерді  де  көтерді. 

Оның  ішінде  мектептердегі  спорт 

құралдарының 

сапасыздығы, 

ауылдардағы  мәдениет  ошақтарының 

музыкалық  жабдықтарға  зәрулігі 

жайлы пікірлер қозғалды. 

Бауыржан ШирМЕДинҰЛЫ.

Бағдарламадан бақыт тапқандар



4

9 қазан  2014 жыл

Ел-жұрт


 

 

E-mail: Sirim_eli@mail.ru

Сенбі күні Жымпитыдағы 

орталық мешітте Құрбан айт 

намазы оқылды. намаздан 

бұрын аудан әкімі абат 

Шыныбеков жергілікті 

жамағатты діни мерекемен 

құттықтады. 

Аудандық  шаралардың  дені  айт 

намазынан  кейін  басталды.  Аудан 

басшылығының  ұйытқы  болуымен  

«Жібек  жолы»  шаруа  қожалығының 

мал  сою  алаңында  екі  бірдей  ірі  қара 

құрбандыққа  шалынды.    Бұл  игі  істі 

Ғ.Нұрмұханов жетекшілік ететін «Жібек 

жолы»  шаруа  қожалығы  мен  Н.Үдреев, 

И.Темірбаев 

және 

Н.Бисенғалиев 



секілді кәсіпкер азаматтар  өз мойынына 

алды.  Жымпиты  ауылдық  округінің 

әкімі  Қ.Төлеповтың  айтуы  бойынша, 

құрбандыққа  шалынған  малдың  еті 

аудан  орталығында  тұратын  тұрмысы 

төмен  отбасылардың  дастарханына 

таратылыпты.  Мешіт  жамағаты  өз 

тарапынан бір ұсақ малды құрбандыққа 

шалып,  арнайы  тігілген  киіз  үйде 

түскі  ас  ұйымдастырды.    Түс  кезінде 

«Жолаушы»  мейрамханасының  иелері 

Сейіт және Бақыт Хамзиндер аудандағы 

қариялар  үшін  ас  берді.  Қарияларды 

облыстық мәслихат депутаты Ғабдрахим 

Жаңбырбаев, 

«Жайық 


ПРЕСС» 

ЖШС  директоры  Жантас  Сафуллин 

құттықтады.  Осы  мейрамхана  тиесілі 

«Жолаушы»    тұрғындарға  қызмет 

көрсету кешенінің  дәмханасы келушілер 

үшін күні бойы тегін қызмет көрсетті. 

Ауданның 

тумасы, 


кәсіпкер 

Қ.Бақтияров аудандағы орталық мешітке 

жиһаз  және  техникалық  құрылғылар 

алып  беріп,  жомарттық  танытты. 

Жымпитылық Ұ.Оспанов өз қаражатына 

құрылыс  материалдарын  сатып  алып, 

орталық  мешіттің  кіреберісіндегі  65 

шаршы  метрлік  алаңқайға  жергілікті 

жамағатты  жұмылдырып,  өрнектас 

төсеп берді. 

Айт  күнінің  қарсаңында  «Қайсар» 

спорт клубы ерлер мен әйелдер арасында 

шахмат  пен  дойбыдан  аудандық  сайыс 

оздырылды.  «Нұр  Отан»  партиясы 

Сырым  аудандық  филиалының  мәжіліс 

залында  «Сырым»  деструктивтік  теріс 

діни  ағымдардан  жапа  шеккендерге 

көмек  көрсету  орталығы  мен  «Сырым 

жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің 

ұйымдастыруымен  оқушылар  арасында 

аудандық  жыр  мүшайрасы  және 

көркемсөз байқауы өтті. 

Құрбан  айт  мейрамына  арналған  

шаралар  легі  кешкісін  «Имандылық 

–  ізгілік  бастауы»  атты  концерттік 

бағдарламада 

қорытындыланды. 

Республикалық  ақындар  айтысының 

жеңімпазы  Талғат  Мықи  және  облыс 

ақындары  Санат  Кәрімов,  Бауыржан 

Ширмединұлы 

айтқа 


арналған 

Құлманбет айтысын жасады. 

Аудандық  мәдениет  үйінде  мерекелік 

шарада  аудандық  мешіттің  өкіл 

имамы  Армат  Кәрімов  аудан  халқын 

құттықтады.

Сырым жастары» ЖҚБ мен «Сырым» 

деструктивтік 

ағымдардан 

жапа 


шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық 

бірлестігі  Құрбан  айт  мерекесіне  орай  

ұйымдастырған  аудандық  оқушылар 

арасындағы  жыр  мүшайрасында  түрлі 

аталымдар  бойынша  орын  алғандарды 

марапаттады.  Сырым  орта  мектебінің 

оқушылары  Ә.Халит,  А.Жүсіп  сахнада 

өлең оқыды. 

Аудандық  мәдениет  үйінің  әншілері 

дін, Алла тағала, имандылық хақындағы 

әндерді шырқады.

Б. ШЕріМ.

«Атаға қарап ұл өсер, анаға 

қарап  қыз  өсер», 

  дейді 



халық даналығы. Осы орайда, 

айта кететін жайт – ағымдағы 

жылдың  19  қыркүйек  күні 

аудан  орталығы  –  Жымпиты 

ауылында 

ауданымыздың 

әлеуметтік­экономикалық 

дамуына 


қомақты 

үлес 


қосып,  өзіндік  із  қалдырған 

Сабай  Ниязов  ағамыздың 

90  жасқа  толуына  орай  еске 

алуға арналған игі шара өтті. 

Міне,  осы  шараға  келген 

Сабай  Ниязов  ағамыздың 

немересі  –  Қанат  Ниязов 

өзінің  тектілігінің  айқын 

дәлелі  ретінде,  мүгедек 

балаларды оңалту бағытында 

игі  істер  атқарып  жатқан 

«Нұр  шуағы»  қоғамдық 

бірлестігінің  мекемесіне  аса 

қажетті электрлік жылытқыш 

құралды, 

компьютерлік 

құрылғыларды және балаларға 

арналған 

қимыл­ойды 

дамытатын  ойыншықтарды 

сыйға  тартты.  «Адамзаттың 

бәрін  сүй  бауырым  деп» 

деген 

Абай 


атамыздың 

ұлағатты  сөзін  еске  түсірсек, 

Қанат  Ниязовтың  мүмкіндігі 

шектеулі  балаларға  жасаған 

қамқорлығы – оның парасатты, 

мейірімді, жаны жомарт адам 

екендігін көрсетеді.  

Г.ЖуМаТаЕва,

аудандық жұмыспен 

қамту 

және әлеуметтік 

бағдарламалар  бөлімінің 

бас маманы.

Мүмкіндігі 

шектеулі 

балаларға 

арналған 

қайырымдылық шарасы өтті. 

Аудандық 

жұмыспен 

қамту 

және 


әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімінің үйде 

әлеуметтік  қызмет  көрсету 

бөлімшесі 

қарауындағы 

мүмкіндігі  шектеулі  балалар 

мен 18 жастан асқан адамдарға 

арнап 


«Қайырымдылық 

жасасаң, 

қайырын 

өзің 


көрерсің»  атты  мерекелік 

шара 


ұйымдастырды. 

Ертеңгілікті 

үйде 

әлеу­


меттік 

қызмет 


көрсету 

бөлімшесінің 

меңгерушісі 

Дидар  Сатанғалиева  ашты. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балалар 

мен  олардың  ата­аналары 

қазақтың  «Қара  жорға», 

«Қамажай»  би  әуендеріне 

қызықты  жаттығулар  жасап, 

бой сергітті.

Аталмыш 

мекеменің 

күзетшісі  Рысбек  Мұха­

медияров қасиетті Құрбан айт 

пен қайырымдылық айлығына 

орай  балаларға  тәтті  үстелге 

демеушілік  етсе,  Мақпал 

Теміралиева  ыстық  тамақпен 

қамтуға қол ұшын созды.  

Шарада балалар жұмбақтар 

шешіп,  ойындар  ойнады, 

жүздері  қуанышқа  толып, 

бақытқа  кенелді.  Қамкөңіл 

балапандарына 

құрмет 

көрсеткені  үшін  ата­аналар 



демеушілерге 

алғыстарын 

жаудырды. 

Шынар яуДаҚЫзЫ.

Жастар 


жұмыссыздығы 

қазіргі қоғамдағы ең ахуалды 

жағдай. Жастарды жұмыспен 

қамту  тарапында  мемлекет 

бар 

жағдайды 



жасауда. 

Жастардың 

толыққанды 

жұмыспен  қамтылуы  туралы  

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев 

өзінің  “Қазақстан 

– 

2050” 


стратегиясында 

анық 


көрсеткен  болатын.  Жұ­

мыссыздықтын 

алдын 

алу  бағытында  мемлекет 



тарапынан 

түрлі 


бағ­

дарламалар  жүзеге  асуда, 

“Жұмыспен  қамту 

– 

2020”, 



“Жастар 

тәжірибесі”, 

“Дипломмен 

– 

ауылға!”, 



“Сәтті 

қадам” 


секілді 

бағдарламалар  соның  дәлелі. 

Аудан  бойынша  5292  жас 

болса,  соның  687  жасы 

жұмыссыздар 

қатарында. 

Яғни,  аудан  жастарының  9% 

жұмыссыз  болып  табылады. 

Жастар  жұмыссыздығының 

алдын алу, оларға толыққанды 

қолдау  көрсету  мақсатында 

ауданымызда    қазан  айында 

«Сырым аудандық жастармен 

жұмыс  жөніндегі  ресурстық 

орталық» 

коммуналдық 

мемлекеттік  мекемесі  өз 

жұмысын  бастағалы  отыр. 

Аталған  мекеме    мынадай 

бағытта жұмыс жасайды: 

­  жастарға, жас отбасылар­

ға,  ауыл  жастарына  қолдау 

көрсетеді; 

­  жастардың  жұмысқа 

орналасуына ықпалдасады; 

­  психологиялық  және 

заңгерлік тегін кеңес береді;

­  қоғамдық­саяси,  мәдени 

және  көпшілік  іс­шараларды 

өткізеді. 



Д.ТайШиЕв,

«Сырым аудандық 

жастармен жұмыс 

жөніндегі  ресурстық 

орталығы» КММ 

басшысының міндетін 

уақытша атқарушы.

Құрбан айтқа арналды

Қайырымдылық  - 

сауапты іс

Жиынның  күн  тәртібіндегі 

негізгі баяндамалардың барлығы 

нақты Сырым ауданының тарихи 

ерекшелігін ашуға бағытталды. 

Бұл  жұмыстың  өзі  де  аудан 

тарихшыларының 

үлесіне 

тиді.  Сырым  Датұлы  атындағы 

тарихи­өлкетану 

музейінің 

директоры Айнагүл Ойшыбаева 

«Дала 


кемеңгері 

Сырым 


батыр»  атты  баяндамасында 

көпке  мәлім  Сырым  батырдың 

тарихи  тұлғалық  бейнесін  әлі 

де  толықтыруға  мүмкіндіктер 

барын айтты. Мәселен, аудандық 

мұражай  Алматы  қаласындағы 

Ш.  Уәлиханов  атындағы  тарих 

және  этнология  институтының 

ғылыми 

қызметкерлерімен 



байланысып,  Тіленші  Бөкен­

байұлының  Сырымға  жазған 

хаты  табылғандығы  жөнінде 

жаңалық  естіген.  Осы  сияқты 

тарихи  құжаттарды  сөйлетіп, 

әрі батыр ұрпақтарын іздестіру 

сияқты жұмыстар жоспарда тұр 

екен. 


Қ.Мырзалиев 

атындағы 

жалпы  білім  беретін  орта 

мектептің  мұғалімі,  тарихшы 

Мұқат  Қайыржановтың  «Сәкен 

Сейфуллиннің Жымпиты уезіне 

сапары»  атты  баяндамасы 

жүйелі желісі бар зиялы зерттеу 

туындысы  екеніне  көзімізді 

жеткізді.  Мұқат  Қайыржанұлы 

өзінің  баяндамасында  Сәкен 

Сейфуллиннің 

Жымпитыға 

келудегі себептерін елге белгілі 

нұсқаларға  бөлгенімен,  оған 

тарихшы  ретінде  шынайы 

талдау  жасап  қараған.  Дерек 

дәйекті  болуы  үшін,  ізденіске 

де 

түскені 


байқалады. 

Сөзімізге 

баяндамадағы 

кітап  деректерінен  бөлек, 

Батыс  Қазақстан  облыстық 

мемлекеттік 

мұрағатынан 

алынған  газет  мәліметтері 

дәлел.  Қ.Мырзалиев   атындағы  

мектептің келесі бір тарихшысы 

Жасылана 

Жайманова 

«Жымпитының жергілікті Алаш 

қайраткерлері» 

жайындағы 

баяндамасын  оқыды.  Бұл 

баяндамада 

Жымпитыдағы 

Федяниндер 

әулетінің 

трактирінде 

өткен 


Алаш 

құрылтайының ауданның тарихи 

салмағын арттырып тұрғандығы 

туралы  пікір  білдірді.Жиынға 

алашордашылардың 

ісіне 


мүдделес  болған    Иван 

Федяниннің  ұрпақтары  Ким 

Федянин және Надежда Ташаева 

арнайы шақырылған еді.

Баяндамалар 

тыңдалып 

болғаннан 

кейін 


Орал 

қаласындағы 

Жәңгірхан 

атындағы 

тарихи­

этнографиялық 



музейінің 

директоры    Нұржан  Төлепов 

жарыссөзге  шығып,  өз  ойын 

білдірді. 

Өлке 

тарихына 



қатысты  Сырым  бөгеті  деген 

орынның  бар  екендігі  жөнінде 

пікір айтып, мүдделі тараптарға 

соны жаңа зерттеу нысанасына 

алуға 

шақырды. 



Нұржан 

Жолдыбайұлы  өз  кезегінде 

аудандық 

мұражайдың 

қорына 

аудан 


тарихын 

түгендеуге  септігі  тиер  деген 

ниетпен  бірқатар  тың  тарихи 

құжаттардың 

көшірмелерін 

тапсырды. 

«Нұр 

Отан» 


партиясы  Сырым  аудандық 

филиалының 

төрағасының 

бірінші  орынбасары  Ерболат 

Исанов 

аудандық 



партия 

филиалының 

бастамасымен 

жүзеге  асқан  «Менің    кіші  

Отаным!» 

атты 


тарихи­

өлкетану 

экспедициясынан 

туындаған  жұмыстар  туралы 

тоқталды.  Ауданға  қарасты 

Бұлан  ауылдық  округіндегі 

Бұлан  орта  мектебінің  тарих 

пәнінің  мұғалімі  Серік  Зиятов 

жиында  төбесі  көтерілген 

бірқатар  мәселелер  бойынша 

өз  ойын  білдірді.  Жоғарыда 

айтылған Сырым бөгеті туралы 

ақпарат  «Сырым  жастары» 

жастар  қоғамдық  бірлестігі 

ұйымдастырған  «Алаш  мұрасы 

– жастар көзімен» атты тарихи 

танымдық 

экспедициясы 

барысында  аудан  жастарының 

құлағына  2009  жылы  тиген. 

Аталған    бөгеттің  егін 

шаруашылығына  байланысты 

салынғаны туралы дерек айтып, 

орынын  көрсетуге  ниеттілерде 

табылған. Алдағы уақытта, осы 

бағытта  зерттеу  жұмыстары 

ұйымдастырылса, 

нәтижелі 

болатынына  сенетінін  айтты 

Серік Марксұлы. 

Осындай  ойларды  қуаттаған 

жиын  төрағасы,    облыстық 

тарихи­өлкетану 

музейінің 

директоры  Айдар  Батырханов 

әрбір  тарихи  сауаты  бар  адам 

өз шежіресі мен тегіне ғылыми 

негізде үңілгені жөн деді. Яғни, 

жергілікті тарихшы ғылымдағы 

табалдырығын  өз  өлкесінің 

тарихын  жазудан  бастауы 

керек.  Семинар  кеңестің  түп­

түйіні  де  осы  әңгімеге  тірелді.  

Шара 


қорытындысында 

тарихқа  жанашырлықпен,  оны 

түгендеуге  жауапкершілікпен 

қарайтын  аудан  әкімі  Абат 

Шыныбековке 

облыстық 

музей  «Алғыс  хат»  табыстады. 

Семинар соңында қатысушылар 

сертификаттарға ие болды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет