5
9 қазан 2014 жыл
E-mail: Sirim_eli@mail.ru
Мереке
9 қазан – Пошта қызметкерлерінің күні
Кәсіби журналист,
әдебиетші, тарихшы
амантай Боранқұлды қалың
жұртшылық басылым
беттерінде қаламының
қарымды ізін қалдырған
азамат ретінде жақсы біледі,
құрмет тұтады.
Амантай аға Қаратөбе ауданының
Ханкөл ауылының тумасы. Ұстаздар
әулетінде дүниеге келген Амантайдың
әкесі Әбузар Боранқұлов осы өлкедегі
алғашқы ағарту қызметкерлерінің
бірі, яғни Орынбордағы
р а б ф а к т і ң ,
Орал педагогикалық институтының
алғашқы түлектерінің бірі болатын.
Қаратөбе орта мектебінің түлегі,
Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік
педагогикалық
институтының
тарих және тіләдебиет факультетін
ойдағыдай
бітірген
Амантай
Боранқұлдың еңбек жолы Қаратөбе
ауданындағы Интернационал орталау
мектебінде
тіләдебиет
пәнінің
мұғалімі болудан басталды.
1968 жылдары Амантай аға
Жымпиты (қазіргі Сырым ауданы)
аудандық «Қызыл ту», «Қайнар»
(бүгінде «Сырым елі») газетіне
тілшілік қызметіне қабылданып, өзін
журналистік салада өндіре, шабыттана
жұмыс жасай білетіндігін дәлелдеді.
Басты айта кетерлік бір жәйт, Абекең
осы газетте бөлім меңгерушісі, жауапты
хатшы, редактордың орынбасары болып
қызмет жасай жүріп, журналистік
білімін
толықтыру
мақсатында
ҚазМУдің журналистика факультетін
тамамдады. Амантай Боранқұлдың
журналистикадағы өмір жолына көз
жүгіртер болсақ, ол жеті жылдай
облыстық «Орал өңірі» газетінде
тілшілік қызметте жемісті еңбек
етіп, аудан өмірінен экономикалық
әлеуметтік мақалалар, суреттеме,
репортаж, очерктерді жиі жазып тұрды.
Сондайақ ол Бөрлі аудандық «Бөрлі
жаршысы» газетінде жауапты хатшы,
редактордың орынбасары, облыстық
«Ұстаз»
журналының
жауапты
редакторы, облыстық тәуелсіз «Еділ
Жайық» газетінің жауапты хатшысы,
«Жайық ардагері» газетінің редакторы,
Орал қалалық «Жайық үні» газетінің
жауапты хатшысы, редактордың
орынбасары сияқты жауапкершілігі
мол қызметтерді абыройлы атқара
білді.
Амантай Боранқұлдың тағы бір
ерекшелігі жоғары басшылықтың өзіне
артқан сеніміне сай Сырым аудандық
зейнетақы қорының меңгерушісі,
Сырым
аудандық
мұрағатының
директоры болып халықпен тығыз,
түсіністік жағдайда еңбек ете білуі де
үлкен абырой болатын.
Қарымды
қаламгер
Амантай
Боранқұлдың жақсы бір қасиеті
талмай ізденіс үстінде жүруі, қолға
алған шығармашылық жұмысына
нүктесін қойып барып қана көңілін
тыныштандыру десек асыра айтқандық
емес.
Амантай Әбузарұлы ауданның ты
ныстіршілігінен тұшымды мақалалар
жазуымен қатар шаруашылықтарда
орын алған кемшіліктерді де орынды
түрде түйрей білді.
Әдебиетші, тарихшы, журналист
Амантай Боранқұлдың талмай іздене
білуінің
арқасында
«Жазықсыз
жазаланған боздақтар» (1997ж),
«Алашорда – тәуелсіздік бастауы»
(1998ж), «Алашорда – тәуелсіздік
тірегі» (2008ж), «Асыл тұлға» (2012ж)
атты кітаптары жарық көріп, оқырман
дар қолына тисе, бүгінде Күнбатыс
Алашордасына және журналистикаға
байланысты (әріптестері, қаламгерлер
туралы) кітаптары жазылып, баспаға
әзірленуде.
Сондайақ Амантай Боранқұлдың
«Аудан экономикасы және аудандық
газет» атты тақырыбындағы диплом
дық жұмысындағы Сырым ауданының
19701980 жылдар аралығындағы
экономикалық деңгейі, аудандық
газетке талдау жәйлі еңбегін кезінде
арнайы комиссия
құрамы өте жоғары
бағалады.
Амантай аға кәнігі әдебиетші ретінде
Сырым батыр жөнінде түрлі деңгейдегі
зерттеу мақалалар жазып, жерлесіміз
академик
Қажым
Жұмалиевтің
ерен еңбегін халыққа насихаттау
мақсатында бірнеше рет мақалалар
сериясын жазып, ғалымның он томдық
еңбегінің жаңарып басылуына, ғылыми
тәжірибелік
конференциялардың
ұйымдастырылуына сүбелі үлесін
қосты.
Қарымды
қаламгер
Амантай
Боранқұлдың баспасөз саласындағы
ерен еңбегі жоғары басшылық
тарапынан бағаланып, республикалық
баспа комитетінің, облыстық кеңестің
Құрмет грамоталарымен, бірнеше
медальдармен марапатталды.
Әріптес аға, жүйрік қаламгер
Амантай Боранқұл бүгінде 70 жастың
белесінде. Бірақ, ағамыз жетпіске келсе
де өзін сергек, тың көрсетіп, қаламын
қолынан бір сәтке де тастамай,
бұрқыратып, жазудайақ жазып келеді.
Бір сәтке Амантай ағаның отбасылық
өміріне, тірлігіне көңіл аударар болсақ,
ағамыз Күләш жеңгемізбен 1966 жылы
отау құрып, Эльмира, Жанат, Гауһар,
Сәулет атты қызғалдақтай қыздарын
өсіріп, бәрінің де жоғары білім
алуларына, маман иелері атануларына
жағдайлар жасады. Ұрпақтарынан
балдай тәтті сәби күлкілерінің
қызығына бөленіп отырған Амантай
аға мен Күләш жеңгей бүгінде Орал
қаласында бақытты ғұмыр кешуде.
Жерлестері тәжірибелі журналист
Амантай Боранқұлдың кезіндегі
еңбектің
майталман
төрелері,
Социалистік Еңбек Ерлері В.И.Шубин,
У.Шоқанов, шаруашылық басшылары
М.Шоланбаев, С.Қабышев, А.Бер
діғалиев, Қ.Хасанов, М.Қаналиев
жөнінде
жазылған
мазмұнды
мақалаларын әлі күнге дейін сүйсіне
әңгімелеп отырады.
Амантай ағамыз өзінің жолын қуған
жиені, бүгінде Астана қаласында
тұратын елге танымал журналист
Азамат Қалымбетовті мақтан тұтады.
Жазғанда «ұсақтүйектікті» ұнат
пайтын, тек шындықты жазып, иін
қандыра бұрқырата жазатын Амантай
ағамызбен біздер де, елі де мақтана
алады.
Мүсірбек айТаШЕв.
Қарымды
қаламгер
– Сырым аудандық пошта торабы
негізінен
пошта
жұмысымен
айналысады. Қазақстан, ТМД елдері
арасында газет, сәлемдеме, хат,
ашықхаттарды жеткізу, ауылдарға
жарнамалықақпараттық
қағаздар,
зейнетақы қор туралы мәліметтерді
үлестіреміз, жібереміз, таратамыз.
ҰҚК, ішкі істер, әкімдік, прокуратура,
қорғаныс бөлімі сынды 15 мекемеге
фельдъегер
құпия
хаттарды,
хабарламаларды таратады.
Жыл ішіндегі жеті айдың
қорытындысымен табыс көзі 1 млн.
700 мың теңгеге көбейді. 2014 жылдың
соңында табыс былтырғыға қарағанда
4 млн. теңгеге артық түседі. Біз қыз
мет көрсеткеніміз үшін Жымпитыдан
0,6 пайыз, ауылдардан 1,25 пайыз,
жәрдемақылардан 1,8 пайыз комиссия
ұстаймыз. «Қазпоштадан» еңбекақы
алатын 700дей клиентіміз бар.
Салық пен несиеге біз тегін қызмет
көрсетеміз.
Сырым аудандық пошта торабына
негізгі табыс 3200 зейнетақы мен
жәрдемақы алушылардан түсіп тұр.
Тек аудан орталығы Жымпитының
өзіне 20 млн. теңге зейнетақы мен
жәрдемақы, еңбекақы төлесек, басқа
округтерге 70 млн. теңге төлейміз.
ҰОС ардагерлері, І топ мүгедектері,
жасы 80нен асқан қарияларға
ақшаларын тегін үйлеріне жеткізіп
береміз. Басқалары ақшасын алуға
келе алмаған жағдайда 200 теңге
төлесе, апарып береміз.
Бүгінде ауылдық округтердегі пошта
байланыс бөлімшесін автоматтандыру
жұмыстары
іске
асырылуда.
Бұлдырты, Жымпиты, Шағырлой
ауылдары
автоматтандырылып,
несие, салықты тұрғындар өз
ауылдарында төлеуге мүмкіндік алды.
Қособа, Тоғанас, Алғабасқа ғаламтор
жүйесі тартылуда. Жаңа жылдан
бастап Аралтөбе, Қоңыр, Жетікөл
ауылдарының пошта байланыс
бөлімшелері автоматтандырылады
деп күтудеміз.
Пошта жұмысының маңызды
бөлігі
–
баспасөзге
жазылу.
Екінші жартыжылдықта газетке
жазылушылардың саны 7049 адам
болды. Бір отбасына шаққанда 1,6
газетжорналдан келеді, яғни, аудан
халқының 34 пайызы баспасөз
беттерін оқиды. Облыс бойынша
баспасөзге жаздырудың жоспарын
орындауда Қаратөбе, Ақжайық
аудандарынан
кейінгі
үшінші
орындамыз. Қаратөбенің Қоскөл,
Ханкөл, Егіндікөл ауылдарының
поштасын
біздің
мекеменің
инкассаторы, фельдъегері, жүргізушісі
тасиды.
Мереке қарсаңында үлгілі қызмет
етіп жүрген пошташыларды атап
өтер болсам, олар – Шағырлойдан
Гүлшара Өтепқалиева, Жетікөлден
Бибігүл Сұлтанова, Тоғанастан Ирина
Тұманғалиева, Жымпитыдан Айнагүл
Ихсанғалиева.
Әңгімені жазып алған:
Ш.МоЛДаниязова.
Поштаның жүгі ауыр
Жымпитыда пошташы
Қапия апаны білмейтін адам
жоқ шығар, сірә? уақытпен
санасуды білмей, халықтың
асыға күткен газет-жорналын
иесіне тапсырғанша жаны
жай таппайтын, газет толы
қос сөмкесін көтерген Қапия
Ескендірова көрген адамның
көзіне жылыұшырайды.
Талдыбұлақта туып, бойжеткен Қапия
апа жұмысқа араласып, бақшада,
нан зауытында еңбек етті. Аудан
орталығындағы газетжорнал сататын
дүңгіршекте сатушы Қапияны сол
кездегі пошта бастығы Жұмабай
Абсатырұлы жұмысқа шақырды. Бұл
1987 жыл болатын. Содан бері Қапия
Ескендірова әлі күнге дейін пошта
тасып келеді.
Амангелді, Жамбыл, Маметова,
Меңдалиев, Қазсельхозтехника жағын
дағы барлық көшелер, Қажымұқан,
Мұхит, Алашорда, Әйтеке би, басқа
да көшелердегі 250 үйге пошта тасу
Қапия апаның еншісінде. Жасының
ұлғайып келетініне қарамастан, біздің
кейіпкеріміз хатхабарды дер кезінде
жеткізеді. Күннің ыстықсуығында,
мейрам күндерінде де аялдамай, өзіне
артылған жауапкершілікті ақтайды.
Аудан орталығындағы небәрі төрт
пошташы қасындағы серіктері ауырып
немесе басқа жағдай болғанда еш
қабақ шытпастан әріптесінің таситын
поштасын тасып беретінін айтады
Қапия апай.
Қапия
Ескендірованың
еңбегі
ескерусіз қалмай, аудан әкімінің
Алғысхатымен марапатталды.
Шынар яуДаҚЫзЫ.
Пошташылардың аудан халқының өміріне қосып жүрген
үлесі зор. Тұрғындарды ақпараттандырып, қызмет көрсетіп
жүрген пошта торабының атқаратын қызметі кімді де
болса, қызықтырары сөзсіз. 9 қазан – Пошташылар күні
кәсіби мерекесіне орай Сырым аудандық пошта торабының
бастығы Тілек Өтегеновпен әңгімелескен едік. Өзі басқарып
отырған мекеменің тыныс-тіршілігін Тілек Тасқалиұлы
былайша баяндап берді:
Алғыс арқалаған Қапия
осындай тақырыппен
«нұр отан» партиясы
Сырым аудандық
филиалының мәжіліс
залында Елбасының
отбасы құндылықтарын
қалыптастыру және
сақтауға байланысты
туындайтын мәселелерді
жүзеге асыру жайы
талқыланған дөңгелек үстел
өтті. Шараны «Сырым
жауһарлары» қоғамдық
бірлестігі ұйымдастырды.
Жиын барысына төрағалық еткен
аудандық ішкі саясат бөлімінің
басшысы
Талғат
Дарғожиев
отырыстың негізгі мәні қоғамда
отбасы институтын қалыптастыру
туралы түсінік болуы керектігінен
өз
ойын
бастады.
«Сырым
жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің
төрайымы Шынар Дүйсенғалиева
өз
баяндамасында
аудандағы
нәзікжандылар ұйымының ұйытқы
болуымен жанұялық жарасымды
нығайту мен туыстық, татулықты
насихаттайтын
тың
шаралар
ұйымдастырғанын айтты. Ұйым бел
сендісі, зейнеткер ұстаз Гүлбақша
Ерғалиева отбасы тұтастығы қоғам
бірлігінің құраушысы екендігін
айтып, халықтың еңбекке тәрбиеленуі
тәрбиелі қоғамның басты негізі деп
тұжырым жасады.
Дөңгелек үстел басында Бұлдырты
ауылдық округі қоғамдық келісімінің
төрағасы Мырза Еркін, Аралтөбе
ауылдық округі әйелдер кеңесінің
төрайымы Айнагүл Қалиева пікір
білдірді.
Алдағы уақытта ауылдық ок
ругтерде жанұялық құндылықтарды
кеңірек насихаттау жұмыстары
жүргізіліп, аудандық басылым ішінен
арнайы айдарлар ұйымдастыру қолға
алынады.
Б.ШЕріМ.
«Отбасы – тіршіліктің тірегі»
E-mail: Sirim_eli@mail.ru
9 қазан 2014 жыл
Конкурстар
6
Жалпы білім беретін Жетікөл бастауыш мектебі
МАДС тәрбиешісі0,5 бірлік
Жалпы білім беретін Тасқұдық негізгі мектеп-балабақша кешені
Ағылшын тілі пәні мұғалімі (уақытша) – 12 сағат (декреттік демалыстағы
негізгі қызметкердің орнына)
қазақ тілі мұғалімі6 сағат
физика пәні мұғалімі4 сағат
информатика пәні мұғалімі4 сағат
МАДС тәрбиешісі (уақытша) 1 бірлік (декреттік демалыстағы негізгі
қызметкердің орнына)
Балабақша тәрбиешісі – 1 бірлік
Психолог – 0,5 бірлік
Жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешені
Бастауыш сынып мұғалімі 1 бірлік
Технология пәні мұғалімі – 6 сағат
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (уақытша) – 11 сағат (декреттік
демалыстағы негізгі қызметкердің орнына)
Іс жүргізуші (уақытша) – 1 бірлік (декреттік демалыстағы негізгі
қызметкердің орнына)
Жалпы білім беретін Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешені
Балабақша әдіскері1 бірлік
Химия пәні мұғалімі8 сағат
Математика пәні мұғалімі9 сағат
Технология7 сағат(қыздарға)
Жалпы білім беретін Қазақстан негізгі мектебі
Мед бике0,5 бірлік
Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі
Дефектологмұғалім1бірлік
Логопедмұғалім1бірлік
Жалпы білім беретін М.Қаналиев атындағы орта мектеп-балабақша
кешені
Логопедмұғалім1бірлік
Жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі – 4 сағат
Кітапханашы0,5 бірлік
Физика пәні мұғалімі6 сағат
Бастауыш сынып мұғалімі (уақытша)1 бірлік (декреттік демалыстағы
негізгі қызметкердің орнына)
Шағын орталық тәрбиешісі (уақытша)1 бірлік (декреттік демалыстағы
негізгі қызметкердің орнына)
География пәні мұғалімі7 сағат
МАДС тәрбиешісі1 бірлік
Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабқша кешені
Информатика пәнінің мұғалімі 7 сағат
Информатика кабинеті лаборанты0,5 бірлік
Тәрбиеші1 бірлік
Жалпы білім беретін а.Жұмағалиев атындағы орта мектеп-балбақша
кешені
Шағын орталық тәрбиешісі 0,5 бірлік
АӘД пәнінің мұғалімі (уақытша) – 1 бірлік (декреттік демалыстағы негізгі
қызметкердің орнына)
Әлеуметтік педагог 1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және арнаулы
орта кәсіби білім, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, мемлекеттік тілді
білуі, компьютерде жұмыс істей білуі.
Шағын жинақталған білім беру ұйымдарындағы мұғалімдеріне қойылатын
қосымша біліктілік талаптары: бірбірімен байланысты пәндерді оқытуға
құқығы бар жоғары педагогикалық білім, бірбірімен байланысты пәндерді
оқытуға құқығы бар техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта)
білім.
Білуге міндетті: «ҚР Конституциясы», «ҚР Білім туралы заңы», «ҚР Тіл
туралы заңы», «Балалар құқығы туралы конвенция», «ҚР балалар құқығы
туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық
түзету қолдау», «Арнайы әлеуметтік стандарттар туралы» заңдары және
басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын
нормативтік құқықтық актілерді.
Конкурсқа қатысушы бұдан басқа да өзінің қосымша білімі жөнінде, еңбек
тәжірбиесі, кәсіби деңгейі туралы (біліктілігін арттыру жөніндегі құжаттың
көшірмесі, ғылыми еңбегі, алдыңғы жұмысынан ұсыным хат) құжаттарды
беруге болады.
Азаматтар қосымша ақпаратты аудандық білім беру бөлімінен ала алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші азаматтар қажетті құжаттарды осы
хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымы аудандық
«Сырым елі» газетіне жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде
жоғарыда көрсетілген мекемелерге тапсыру керек. Анықтама алу телефоны:
31-3-20.
Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын
бекіту туралы» №57 бұйрығы негізінде бос лауазымды иеленуге конкурс жариялайды
Конкурс жариялаған орган атауы: «Сырым
аудандық білім беру бөлімі» ММ
Конкурс жарияланған лауазымның атауы:
«Жалпы білім беретін Жаңаөңір негізгі мектебі» ММ
директоры,
«Жалпы білім беретін Қызылағаш негізгі мектебі»
ММ директоры,
«Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебі» ММ
директоры,
«Жалпы білім беретін Бұлан орта мектепбалабақша
кешені» ММ директоры,
«Жалпы білім беретін Қазақстан негізгі мектебі» ММ
директоры
орналасқан орны, білім беру мекемесінің толық
атауы:
Сырым ауданы, Жаңаөңір ауылы, «Жалпы білім
беретін Жаңаөңір негізгі мектебі» ММ;
Сырым ауданы, Қызылағаш ауылы, «Жалпы білім
беретін Қызылағаш негізгі мектебі» ММ;
Сырым ауданы, Жырақұдық ауылы, «Жалпы білім
беретін Жырақұдық орта мектебі» ММ;
Сырым ауданы, Бұлан ауылы «Жалпы білім беретін
Бұлан орта мектепбалабақша кешені» ММ;
Сырым ауданы, Қазақстан ауылы «Жалпы білім
беретін Қазақстан негізгі мектебі» ММ.
Білім беру мекемесі басшысының лауазымдық
міндеттері:
Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына
және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес
басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен
бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс
жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын
бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға
міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес
жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.
Оқутәрбие процесінің ғылымиәдістемелік және
материалдықтехникалық базасын ұйымдастырады
және жетілдіреді. Оқутәрбие процесін әдістемелік
қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын
қамтамасыз етеді.
Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер,
балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру
құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар,
тәрбиеленушілер
контингентін
қалыптастырады,
оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды
қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен атаанасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан
тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін
(жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қор
ғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін
оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.
Оқутәрбие процесі кезінде білім алушылардың
(тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы
қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын
сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама
шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына
иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық
және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы
туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу
материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын
қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін,
санитариялықгигиеналық режимді, еңбекті қорғау
және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді
іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады,
басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық
кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың
кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп
бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға
қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге
түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының
қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға
және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің
шегінде жаза қолданады.
Жұртшылықпен, атааналармен (немесе оларды
алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге
асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда
білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті
есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз
етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық
коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
Достарыңызбен бөлісу: