Ауданның білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру бойынша өткізілген мониторинг анықтамасы.
Білім бөлімінің 2023 жылдың бұйрығына сәйкес 14 ақпаннан 21 ақпан аралығында Жамбыл, Аққулы ауылының, Сатыбалдин атындағы, Бесқарағай, Потанин, Тақыр, Шақа, Жабағылы жалпы білім беретін мекемелерінде ерекше білім беру талаптарының орындалуы сұрағы мониторингіленді.
Мониторинг барысында ерекше білімді қажет ететін балаларғы сабақ беретін педагогтардың құжаттары, мектептегі психологиялық қызмет жұмысы, мектепішілік бақылау жоспары және орындалуы зерделенді.
Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеуді, оның ішінде үйде оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар мониторингіленген мектептерде электронды нұсқалары бар (бірақ әкімшілік тарапынан оқымаған, анализдемеген).
Аудан бойынша ОПМПК базасы бойынша 0-18 жасқа дейінгі аралықта ерекше білімді қажет ететін балалар саны 150 (таблица). Жалпы білім беру мектептерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 58 бала білім алып жатыр, бұл мектеп оқушыларының жалпы санының 2,9% құрайды.
Аудан мектептерінде 2022-2023 оқу жылында білім беру бөлімінің бұйрығына сәйкес 13 бала үйден оқытылумен қамтылған Оның ішінде 1 бала жалпы білім беру бағдарламасымен (Ямышев ОМ), психикалық дамуы тежелген бағдарламасымен - 4 оқушы (Жабағылы НМ, Төсағаш ауылының мектебі, Қазы ОМ, Шарбақты ОМ), зиятының жеңіл түрде бұзылыстары бар - 4 оқушы (Сатыбалдин ат.ОМ, Аққулы ауылының мектебі), зиятының орташа түрде бұзылыстары бар - 4 оқушы (Аққулы ауылының мектебі, Потанин ОМ, Малыбай ОМ) қамтылған. Тамыз айында үйден оқытылатын оқушылар облыстық ОПМПК өкілдерінің тексеруінен өтіп, қорытындылары алынған.
Барлық 13 оқушы жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарымен оқытылады. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (2022 жылғы Оқыту – ағарту мнитсрінің № бұйрығымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) және «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген бағдарламаларымен белгіленеді.
Үйде оқыту бойынша үлгілік оқу жоспары (ТУП) негізінде оқушыларға жеке оқыту жоспары дайындалып, бекітілген. Үйден оқыту толығымен Күнделік электронды журналында белгіленеді. Ата-аналарымен келісілген сабақ кестелері құрылған. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспарлары, баланың дамуын бақылау күнделігі жүргізіледі.
Мониторингіленген мектептерде ерекше білімді қажет ететін балаларға ОПМПК берген анықтамаларына сәйкес педагогтер тарапынан бейімделген күнтізбелік – тақырыптық жоспар құрылған, бекітілген. КМЖ -да ерекше білімді қажет ететін оқушыларға жеке тапсырмалары көрсетілген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына» сәйкес психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі құрылған, мектептерде ерекше білімді қажет ететін білім алушылармен жұмыс жасау психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі туралы ереже, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмыс жоспары, психологтың оқу жылына арналған перспективалық жұмыс жоспары құрылған. Мектеп басшысы бекіткен кестеге сәйкес сабақтар өткізілуде. Психикалық дамуы тежелген оқушылар (ЗПР) бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары бойынша, жалпы білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар бойынша оқытылуда (2022 жылы САТР баспасы арқылы мектеп тапсырысы бойынша оқулықтар сатып алынды).
Аудан бойынша ЕББҚБ жұмысқа 154 педагог жұмылдырылған, мониторингіленген мектептерде 61 педагог. Барлық педагогтар біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Мониторинг барысында пеагогтардың құжаттары зерделенді. Мұғалімдрдің құжаттары талаптарға сәйкес ресімделген, оқушылардың БЖБ, ТЖБ жұмыстары жинақталған (түсініктеріне сәйкес бейімделген). Әр пән мұғалімі жартыжылдық есептер жасау қажет алайда формальды түрде жасалған. Мониторингіленген мектептерде төмендегідей кемшіліктер анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |