Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Ресми ісқағаздары терминдерін қалыптастырудағы



Pdf көрінісі
бет52/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103
2.5 Ресми ісқағаздары терминдерін қалыптастырудағы 
аударманың ықпалы 
Қазақ ісқағаздары терминдерін жасау, қалыптастыру, 
жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы даму 
бағытын белгілеу – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі 
болып отыр. Соңғы он-он бес жыл көлемінде термин мәселесіне 
айрықша көңіл бөлініп, тілші-ғалымдардың, ісқағаздарын 
жүргізушілердің, аудармашылардың, жалпы көпшіліктің жаппай 
пікір білдіріп ат салысып жатқандығына қарамастан, қазақ 


156
ісқағаздары терминдерін қалыптастырудың өзіндік проблемалары 
аз емес. Қазақ ісқағаздары терминдерін қалыптастыру үшін 
термин шығармашылығында іске қосылатын амал-тәсілдер 
мен пайдаланылатын ішкі мүмкіншіліктерді айқындап, өзіндік 
ерекшеліктерін көрсетудің маңызы ерекше. «Термин ең алдымен 
белгілі ғылым саласының ұғымдар жүйесінен туындайды. Ол осы 
құбылысты таңбалау үшін құрастырылған немесе сол жағдай үшін 
арнайы ойлап табылған шартты белгілер емес. Олар тілде бұрыннан 
бар белгілі бір мағынаға ие сөздер мен түбірлер негізінде пайда 
болады», - деп жазады Ө.Айтбаев «Қазақ терминологиясының 
дамуы мен қалыптасуы» атты еңбегінде [67, 10-б.]. Ғалым өз 
еңбегінде терминнің басты белгілері дәлдік, қысқалық және 
жүйелілік екендігін атап көрсете отырып, қысқа әрі ыңғайлы 
термин жасау үшін түркологияда, жалпы тіл білімінде қолданылып 
жүрген негізгі әдістерге тоқталады. Олардың негізгілері: термин 
құрауға қатыстырылатын кейбір элементтерді қысқарту, термин 
құрамының қайсыбірін басқа элементтермен алмастыру, термин 
құрамындағы жеке сөздерді қосымшалармен алмастыру, бір 
синтаксистік конструкцияны екіншісімен ауыстыру.
Қазақ халқы өз даму тарихының әр кезеңінде түрлі елдермен 
араласып, әртүрлі қарым-қатынас жасағаны белгілі. Бұл қарым-
қатынас нәтижесінде қазақ тілінің сөздік құрамында бірқатар кірме 
сөздер пайда болды. Олар негізінен VIII-XI ғасырларда ислам 
дінінің енгізілуімен байланысты енген араб-парсы және XVIII 
ғасырдан бастап Ресеймен арадағы қарым-қатынастың күшеюіне 
байланысты енген орыс сөздері. Араб-парсы тілінен енген сөздердің 
көпшілігі қазіргі кезде ана тілінің төл сөздеріндей болып, негізгі 
сөздік қордан түпкілікті орын теуіп отыр. Солардың бірқатары 
ресми-ісқағаздар тілінде қолданылатын, жалпы халыққа түсінікті 
бола отырып, әлеуметтік өмірдің, шаруашылық пен өндірістің 
түрлі саласында жұмсалатын терминдер мен терминдік сипаты бар 
сөздер. Олар: нарық, қарыз, емтихан, ақпар, құн, қазына, жәрдем, 
жарнама, хабар, куә, мөр, саясат, кеден, өкімет, өкіл, құқық, 
әкім, мәртебе, азамат, айып, мырза, мекеме, мағлұмат, мәжіліс, 
мемлекет, бұқара, салтанат, абырой, әйел т.б. Қазір қолданыста 
жүрген іс қағаз атауларының бірқатары араб-парсы тілінен енген 
сөздерден жасалған. Мысалы, арыз, есеп, ереже, үкім, өкім, 


157
шарт, кепілдеме, мәлімет т.б. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде 
ислам діні халық арасына кең таралып, оқу негізінен мұсылманша 
болғандықтан қазақ ісқағаздар тілінде араб-парсы элементтері көп 
қолданылды. Уақыт ілгерілеген сайын араб-парсы элементтерінің 
жаңасы кірмей, олар сан жағынан азая бастағаны байқалады. 
Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде ісқағаздар тілінде қазақтың төл 
сөздері мен орыс тілінен енген сөздер біршама көбейе бастайды.
Қазіргі таңда белең алған бір құбылыс ісқағаздарын, олардағы 
терминдерді түгелдей орыс тілінен аударып алып жатырмыз. Тіпті 
бір сөзін, бір тіркесін мүлт жібергіміз келмейді, түгендеп отырамыз, 
кейде осыны қатаң ұстанамыз деп шарттылыққа, түсінбеушілікке 
ұрынамыз. Мысалы, орыс тіліндегі делопроизводство термині 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет