Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


өткізуде. Нилді бөгеу үшін осы заманғы советтік техника 25  тонналық 25 самосвал, жүкті өздігінен түсіретін қуатты 9  баржа пайдалануда



Pdf көрінісі
бет50/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

өткізуде. Нилді бөгеу үшін осы заманғы советтік техника 25 
тонналық 25 самосвал, жүкті өздігінен түсіретін қуатты 9 
баржа пайдалануда. Бұған жету үшін механизаторлар қазірден 
бастап жан аямай еңбек етуде. Егіс жұмысы агротехникалық 
шараларға сай жүргізілуде [64, 97-б.]. 
Бұл форма қазіргі баспасөз тілі мен ресми-ісқағаздар 
тілінде совет дәуіріндегідей өте кең көлемде болмаса да әлі де 
қолданылады. Ғалым Ы.Маманов «Әдеби норма талабы» атты 
мақаласында бұл тұлғаның шақ көрсеткіші ретінде баяндауыш 
қызметінде «ауызекі сөйлеу тілімізде де, көркем шығармаларда да 
көп кездесе бермейтіндігін», сондай-ақ «қазақ тілі грамматикалық 
оқулықтарында да» жоқ екенін көрсете келіп, газет-журнал тілінде 
қолданылатын бұл тұлғаны «қазақ тілі табиғатына үйлеспейтін 
жасанды форма», - деп қорытады [65, 3-б.]. Біз де ғалымның 
осы пікірін қостай отырып қазақ тіліндегі қимылдың болып 
жатқандығын, әлі де болатындығын жасанды -уда форманты 
арқылы емес, қазақ тілінің өз заңдылығына сай көмекші етістіктер 
арқылы берілуін дұрыс деп есептейміз. Игі іс жалғасын табуда 
демей-ақ Игі іс жалғасын тауып отыр. Олардың қатары күн 
сайын өсуде демей-ақ, Олардың қатары күн сайын көбейіп отыр 
десек, қазақша болмас па еді. 
Осындай қолданыстың бірі – орыс тіліндегі привели к гибели 
тіркесінің аудармасы. «Мысалы, Қалада болған өрт екі адамның 
қайтыс болуына соқтырды. Шахтада болған авария он жеті 
адамның өмірін қиюға әкеліп соқтырды. Қазақ қашан қайтыс 
болуға әкеліп соқтырды деп айтып немесе жазушы еді», - деп 
жазады М.Серғалиев [66]. Соқтырып немесе әкеліп соқтырмай-ақ
Қалада болған өрт салдарынан екі адам қайтыс болды. Шахтада 
болған авария салдарынан он жеті адам қайтыс болды деп жазсақ 
та мәтін өзінің ресми сипатын жоғалта қоймайды. 
Әрбір мекеменің, кез келген қоғамдық орынның есігінде 
жазылатын Вход, Выход сөздері бар. Олар белгілі бір 
коммуникациялық мақсатқа – нұсқауға, сілтеме жасауға, ескертуге 
бағытталған стандартты сөз-формулалар. Қазақша Кіру, Шығу деп 
жазып жүрміз. Ағылшын және орыс тілдеріндегі Entrance, Exit, 
Вход, Выход дегендердің ұғымдық көлеміне заттың нақтылығы да 
(место входа, место выхода) енеді. Ал қазақ тіліндегі кіру, шығу 


154
сөздерінде мұндай сипат жоқ. Орысша А где выход? немесе А где 
вход? деп сұрасақ та, қазақша Кіру қайда? Шығу қайда? деп сұрай 
алмаймыз. Қазақ тілінің өз табиғаты мен нормалық қағидаларының 
сақталуы көзделсе, Кіретін есік. Шығатын есік болып жазылуы 
тиіс.
Құжаттарды аудару кезінде синтаксистік құбылыстарды 
жете ескеруіміз керек. Орыс тілі мен қазақ тілінің заңдылығы 
әртүрлі болғандықтан, сөйлем құрылысы, сөйлемдегі сөздердің 
орын тәртібі бір-біріне сай келе бермейді. Қазақ тілінде әр 
сөйлем мүшесінің белгілі бір қалыпты орны бар. Интерференция 
құбылысының негізгі себебі әртүрлі жүйедегі тілдердің қатар 
қолданылуы болғандықтан, төмендегі мысалдан тілдік нормадан 
ауытқуды және қазақ тіліне аударылып отырған құрылымдардың 
түпнұсқа тілінің (бұл жерде орыс тілінің) ықпалына түсуін 
байқауға болады. Түрлі құжаттарда, мәселен, бұйрық пен өкім 
соңында төмендегідей сөздер жазылады:
ВНЕСЕНО: ___________ Учебно-методическое управление
СОГЛАСОВАНО: ________ Проректор по учебно-методической 
работе
Мұндай құрылымдар орыс тілінің синтаксистік жүйесінің 
әсерінен қазақ тіліне қате аударылып жүр: 
ЕНГІЗІЛДІ: ______________ Оқу-әдістемелік басқарма 
КЕЛІСІЛДІ:____________ Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі 
проректор
Сөз тіркесі мен сөйлем ішіндегі сөздердің орналасуының 
белгілі бір заңдылығы болады. Мысалы, қазақ тілінде сөйлемнің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет