Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Калька тәсілімен аударуға мысалдар



Pdf көрінісі
бет95/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   103
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

Калька тәсілімен аударуға мысалдар
Біздің қазіргі аударманың ең бір ақсап жатқан жері – сөзбе-сөз 
аудару – калька тәсілі. 
Жаңа бастаған аудармашылардың көпшілігіне тән болып 
келетін ортақ кемшілік – түпнұсқаның аясынан шыға алмай осынау 
калька тәсілімен, яғни сөзбе-сөз аудару.
Калька дегеніміз – белгілі бір сөз тіркесінің, сөйлемнің, түрлі 
фразеологизмдердің, ғылыми формулалар мен анықтамалардың 
бір тілден екінші тілге аударылған дәл көшірмесі, басқаша 
айтқанда түпнұсқа нысанының екінші тілде сөзбе-сөз қайталануы.
Академик жазушымыз, қазақ тілінің білгірі Ғабит Мүсірепов пен 
тіл білімі саласындағы академик ғалымымыз Ісмет Кеңесбаевтың 
осы калька жөнінде айтқан мынадай бір пікірі бар.
«Сөзді дәлме дәл аударуды нысана тұтып, калька тәсіліне 
шамадан тыс әуестенуден тілдің ғасырлар бойғы қалыптасқан 
заңды жүйесіне қиянат келтіретін де жайы жоқ емес. Кальканың 
аудармашыға көмекке келер, шылбыр ұшын берер жерін іздеуіміз 
ұтымды: ана тілі қорынан аудармақ болған сөзімізге сай келетін 
балама таба алмаған жерде ғана калька қажеті келіп шығады. Зәру 
болған кезде асығыстық жасамай, байыппен іздестіре, қармана 
білсек, ана тіліміздің қалтарыс-қатпарында елеусіз жатқан талай 
сөздерді әлі де табарымыз анық. Ізденудің қиындығынан қашып, 
жалаң калька қуу салдарынан кейде жасандылыққа ұрынып 
қалатынымыз да жасырын емес» («Сөз талғамы – өрелі ой кепілі», 
«Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған мақаладан). 
Үлкен жазушымыз бен ірі ғалымымыздың бұл пікірі әрбір 
аудармашыға ой саларлық ортақ нәрсе. 
Осы орайда бірер мысал келтіре кеткен жөн болар. 
1. «Волков бояться – в лес не ходить». Осыны калька тәсілімен 
аударсақ: «Қасқырдан қорқу – орманға бармау» болар еді. Ал 
мұның тілімізде сәтті баламасы бар: «Қасқырдан қорыққан тоғай 
араламас» дейді халық.
 «Не приметить слона» – «Пілді байқамау» дер едік. Мұның 
дұрысы: «Көрмес түйені де көрмес».
Калька жасау жолымен орыс тілінен қазақ тіліне ауысып, 
жарасымды, қонымды болғандықтан тілімізге сіңіп кеткен 
фразеологиялық тіркестер де бар. Мысалы:


272
«Кулик кулика видит издалека»«Балықшы балықшыны 
алыстан таниды».
«Лучше поздно, чем никогда» – «Ештен кеш жақсы»
«Беречь как зеницу ока» – «Көздің қарашығындай сақтау»
«Ловить рыбу в мутной воде» – «Лай судан балық аулау»
Осы сияқты бірен-саран болмаса, жалпы калькадан туған 
нұсқалар қазақ тілінің нормаларына қайшы келеді. Бір мысал:
«Много воды утекло» – Осыны «Көп су ағып кетті» деп аударар 
болсақ, мәні де, мағынасы да жоқ бірдеңе болып шығатынын көріп 
отырмыз. Бұл жерде әңгіме сөз болып отырған кезеңнен бері біраз 
уақыттың, мерзімнің өтіп кеткені жайында ғой. Мысалы, «одан 
бері бірталай уақыт өтіп те кетті» немесе «одан бері не заман» 
деген сияқты етіп, оқиғаның мән-жайына қарай үйлестіріп айту 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет