Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Енді құрмалас сөйлемдерде кездесетін калька тәсілінен



Pdf көрінісі
бет96/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

Енді құрмалас сөйлемдерде кездесетін калька тәсілінен 
бірер мысал келтірейік:
1. «Прежде пребывание без работы было, как правило, 
временным состоянием, которое прерывалась трудоустройством 
на более или менее длительный срок. Теперь пребывание вне 
производственного процесса продолжается долго и грозит 
превратиться для многих в постоянное времяпрепровождение».
Осы сөйлемді бір аудармашы былай тәржімалаған:
«Бұрын жұмыссыз жүру, әдетте, уақытша жағдай болатын, 
оны азды-көпті ұзақ мерзімге жұмысқа орналасу бөліп 
отыратын. Енді өндіріс процесінен тыс қалу ұзаққа созылады 
және көптеген адамдар үшін тұрақты уақыт өткізуге айналу 
қаупін туғызуда».
Осындағы біз астын сызған тіркестер нағыз кальканың өзі. 
Бір қарағанда барлық сөз орнында тұрған сияқты көрінеді, бірақ 
қазақша емес, сондықтан да ұғыну қиын.
Бұл үзінді «Международные отношения» баспасынан 1986 
жылы шыққан «Пути и перепутья «потерянного поколения»» 
деген кітаптың аудармасынан алынған. Өйткені кітаптың тілі өте 
күрделі және саяси, экономикалық, философиялық терминдер мен 
сөз тіркестері жиі кездеседі. Сондықтан да мұны аударудың оңай 
шаруа болмағаны көрініп тұр.
2. Военные не на шутку струхнули - әскерилер қалжыңы жоқ 
шошып кетті.


273
Бұл сөйлемнің дұрыс аудармасы былай болуы керек: Әскери 
адамдар кәдімгідей-ақ шошып қалды.
3. Он чувствовал себя прескверно – ол өзін жаман сезінді (оның 
көңілінің хошы жоқ еді).
4. Смотри за собой и береги детей – өзіңе қара және балаларды 
сақта (өзіңді күт және балаларға бас-көз бол).
Мағынасына қарай аударуға мысалдар
Кез келген аудармаға қойылатын басты талап біреу: аударма 
материал оқыған адамға түсінікті болуы керек. Осыған орай сәтті 
шыққан аудармалардан (сөз тіркестерінен, сөйлемдерден) бірер 
мысал: 
1. Общество всеобщего благоденствия – Барша жұртты 
жарылқайтын қоғам.
2. Соперничество и конкурентная борьба – Бақастық пен 
бәсеке күресі.
3. Действительные результаты воспитания – Тәрбиенің 
шынайы нәтижелері.
4. Некоторые работники допускали благодушие и медли-
тельность – Кейбір қызметкерлер арқасын кеңге салып, 
жайбарақаттық көрсетті.
5. Мы проявляем серьезную заинтересованность – Біз мейлінше 
мүдделі болып отырмыз.
6. Он ставит палки в колеса – Ол тегершікке таяқ қыстырып 
отырады.
7. Они не остановятся на достигнутом – Олар қол жеткен 
нәтижені місе тұтпайды.
8. На началах обоюдной выгоды – Екі жаққа да тиімді негізде.
9. Умный смиряется, глупый надувается – Ақылды келіседі, 
ақымақ керіседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет