Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет48/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

… қосымша қаржы бөлінді; қаулы қабылданды; …байланысты 
іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр; …қауіпсіздігі қамтамасыз 
етіледі; 
қысқа мерзімде ұйымдастырылады; …күнделікті қатаң 
бақылау қойылды; қатысты мәлімет қолма-қол жіберіледі; 
құжаттар сіздің мекенжайыңызға жіберілді; шара қолданылуда; 
мәліметтер құпия сақталады; орын алған кемшіліктер жойылды 
т.б. 
Сондай-ақ, мәселенің шешілмейтіндігін немесе орындалмай-
тындығын білдіру үшін:
… байланысты сіздің өтінішіңіз орындалмады; өкінішке орай 
сіздің талабыңызды қанағаттандыра алмаймыз; өкінішке орай 


148
сізге қажетті ақпаратты бере алмаймыз, себебі; мекеменің 
аталған тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ сияқты 
құрылымдар қолданылады.
Хабарлау, мәлімдеу мақсатында …туралы сізді хабардар етеміз; 
…ұйым хабарлайды; …сізге хабарлаймын; …туралы сізге мәлімет 
жеткіземін; …туралы баяндаймын; …туралы мәлімдеймін т.б. 
қалыптасқан стандарт тілдік бірліктер қолданылады. 
Стандарт тілдік бірліктер мағыналық жақындығы бар, бір 
топтың құрамында қарастырылатын ісқағаздарында ғана емес
ісқағазының жеке түрлерінде де қалыптасады. Бұған да жоғарыда 
келтірілген факторлар, яғни біртектес жағдайлардың қайталанып 
келуі, уақыт үнемдеу, тәжірибе жемісі, ресми ісқағаздарын дұрыс 
жазудағы басы артық сөздерді қолданбау қағидасы т.б. факторлар 
себеп болады. Мәселен, арыз, өтініш, шағым мәтіндерінде: 
өтінемін, сұраймын, ауысу, рұқсат ету, бөлу, қабылдау, 
қабылдауыңызды сұраймын, жіберу, босату, пайдалану, тіркеу, 
тіркелген, кезекті демалыс, кезектен тыс демалыс, жұмысқа 
қабылдау, жұмыстан босату, демалыс сұрау, жалақыны көтеру, 
материалдық көмек, өтінішті қарау, өтінішті қанағаттандыру 
және т.б. сөздер мен сөз тіркестері жиі қолданыла келіп стандарт 
тілдік бірліктерге айналған. 
Арыз, өтініш жазуға себеп болып отырған жайттарды атап 
көрсету мақсатында қалыптасқан стандарт тілдік бірліктер: үй-
жайым болмағандықтан, басқа жұмысқа ауысуыма байланысты, 
отбасы жағдайына байланысты, денсаулығыма байланысты, 
баспаға дайындалуына байланысты, …қызметкерінің заңсыз 
әрекеттеріне байланысты, …қатысты (туралы) байқау 
ұйымдастырылуына байланысты және т.б. Өтініштің талап-
мақсаттарын көрсететін қалыптасқан стандарт тілдік бірліктер: 
жатақханадан орын бөлуіңізді сұраймын, кезектен тыс демалыс 
беруіңізді сұраймын, академиялық демалыс беруіңізді сұраймын, 
жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын, жұмыстан босатуыңызды 
сұраймын, басқа жұмысқа ауыстыруыңызды сұраймын, рұқсат 
етуіңізді сұраймын, материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын, 
тұрғын үймен қамтамасыз етуіңізді сұраймын, жер бөлуіңізді 
сұраймын және т.б.
Ісқағаздарын жазуда қалыптасқан норма бойынша кез келген 


149
өтініш, арыз мәтінінің соңында күнделікті қызмет этикасын сақтау 
сөздерін қолдана отырып адресаттан қандай шешім күтетіндігі 
жазылады. Ол көбінесе төмендегідей стандартқа айналған тілдік 
бірліктер арқылы беріледі: Айтылғандарды ескере отырып 
шара қолдануыңызды сұраймын, Нұсқау беруіңізді сұраймын, 
Өтінішімді орындауыңызды сұраймын т.б. Мінездеме жазуда жиі 
қолданылатын стандарт тілдік бірліктер: ұлт, отбасы, лауазым, 
қызмет, азамат, білім, жоғары білімді, орта білімді, аяқталмаған 
жоғары білімді, тәжірибелі, тәжірибелі маман, жоғары білімді 
маман, өз ісін жетік білетін маман, беделді, үлгілі, әріптестері 
арасында сыйлы, қызметке жоғарылату, аспирантураға түсу, 
оқыды, бітірді, меңгерді, аяқтады, жұмыс істеді, берілді, өтті, 
үйленген, үйленбеген, тұрмыс құрмаған, тұрмыста, атқарып 
отырған қызметіне лайық, қызмет бабында жоғары қызметке 
ұсынуға лайық және т.б.
Ресми қарым-қатынас барысында кез келген адам индивид 
ретінде емес, қоғам мүшесі ретінде, белгілі бір қызмет иесі 
ретінде, қоғамдағы белгілі бір міндеттерді атқарушы азамат 
ретінде көрінеді. Сондықтан олардың бәріне ортақ сипаты бар 
қызметі мен міндеттері, іс-әрекеттері болады. Әрине, құжаттардың 
көпшілігі жеке адамға қатысты болғанымен, түптеп келгенде олар 
барлық адамға арналған, сондықтан құжат жеке адамға да барлық 
адамға да түсінікті болуы керек. Осы себептен де ортақ сипаттағы, 
қоғамның кез келген мүшесі қолдана алатын, қоғамның кез келген 
мүшесіне түсінікті стандарт формалар қалыптасады. Адам өз іс-
әрекетінің барлық деңгейінде мүмкіндігінше аз күш жұмсап көп 
нәтиже шығаруға тырысады. Адам өмірінің кез келген процесінде 
үнемділік принципі жұмыс істейді. Іс қағаздар тіліндегі стандарт 
бірліктердің қалыптасуы да нәтижеге аз күш жұмсау арқылы қол 
жеткізу, үнемділік принципін ұстану мақсатынан туындаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет