14
Түпнұсқа мәтін құрамындағы аяқталған сөйлемдердің аударма
мәтінде орын тәртібінің, яғни мәтіндегі орнының өзгеруі немесе
басқа абзацқа көшуі мүмкін. Бұған мысалды М.Әуезовтің Джек
Лондонның «Волк» әңгімесін аударуынан келтіруге болады:
Аударма мәтіндегі ең алғашқы тұрған екі сөйлем:
– Қасқыр! Қасқыр! Кә! Кә! Қасқыр! –
деп Медж итін шақырып
тұр еді. Ирвин екі саусағын аузына сұғып тұрып, қатты ысқырып
жіберді.
Мұндағы бірінші сөйлем түпнұсқада алтыншы абзацта тұр:
– Волк! Волк! Сюда! –
позвала Медж.
Ал екінші сөйлем сегізінші абзацта тұр:
Ирвин сунул себе в рот оба мизинца, и его пронзительный
свист присоединился к зову Медж.
Бір қараған адамға бұл ауыстыруда мән жоқ сияқты болып
көрінуі мүмкін, бірақ аудармашының байқампаздығы сонда, ол
кейінгі сөйлемдегі «...
свист присоединился к зову Медж» деген
бөліктің қасқырды шақырумен ілесіп тұруының заңды екенін,
аударма мәтінге табиғилық сипат беретіндігін жасампаздықпен
түйсінген (Бұл айғақтар Джек Лондонның Алматы, «Жалын»
баспасынан 1991 жылы «Екі тілде еркін сөйлейміз» айдарымен
шыққан «Қасқыр–Волк» атты кітабының 1, 2-беттерінен алынды).
Достарыңызбен бөлісу: