18
Компенсация (өтеу, орнын толтыру). Бұл тәсіл түпнұсқа
тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы
болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен
және сол сөйлемнің ішінде емес, мәтіннің басқа бір жерінде
түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Мұндай жағдайда
кейбір сөз суреттеле, сипаттала аударылуы мүмкін.
3. Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не
элементтің айтылмай тұруы, көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда
сол элементті көрсетуге тура келетін жайттар болады, міне, осыған
байланысты қосу тәсілі пайдаланылады. Мысалы:
Слава народам
Казахстана! – Қазақстан халықтарының даңқы арта берсін!
Решения сессии – в жизнь – Сессия шешімдерін жүзеге асырайық.
Қосуға байланысты тағы бір байқалғаны – аударма мәтін
оқырманының түпнұсқадағы берілгендер туралы хабары болмауы.
Мәселен,
Олар Припятьке таяды деген сөйлемді осы тәсілмен
Олар Припять өзеніне таяды деп беру ұтымды болуы мүмкін,
өйткені қазақ оқырманы «Припятьтің» өзен, қала, әлде село
екенін айыра алмауы ықтимал. Тағы бір мысал:
Ол шіркеуге
баратын күні келді. –Ол жексенбіде, шіркеуге баратын күні, келді
(Христиандардың шіркеуге жексенбі күні баратынын қазақтың
бәрі біле бермейді).
Достарыңызбен бөлісу: