Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


аvіасаnа және т.б. қазақ сөздерімен үйлестірілетін болсын. Қазақ тілінде тек аударылып қолданылып жүрген диктатура



Pdf көрінісі
бет62/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

аvіасаnа және т.б. қазақ сөздерімен үйлестірілетін болсын.
Қазақ тілінде тек аударылып қолданылып жүрген диктатура, 
революция, совет, теория, практика, контрреволюция, 
милитаризм және т.б. терминдер аудармасыз интернационалдық 
формасында қабылдансын. 
10. Қазақ сөзжасамының практикасына Қазан төңкерісі кезінен 
бері қазіргі орыс тілінде кеңінен қолданылатын қысқарған күрделі 
сөздерді (политэкономияроlіjtекоnоmijа, райисполком – 
аvаtkоm және т.б.) енгізіп, оларды төңкеріс жетістіктері енгізген 
үлес деп санау керек. 
Алайда мұндай қысқартуларды жасағанда оларды қазақ әдеби 
тілінің заңдарымен ұштастырып, практикада Мемлекеттік терми-
нология комиссиясы қабылдағандарын ғана пайдалану керек. 
3.1.4. Академик Әбдуәлі Қайдар ұсынған қағидаттар
5
1-принцип: Егеменді ел, тәуелсіз мемлекеттің басты белгі-
лерінің (атрибуттарының) бірі − мемлекеттік тіл десек, оның 
негізгі тіректерінің бірі – терминологияны жан-жақты дамытуға, 
реттеуге, қалыптастыруға, кеңінен қолдануға сол мемлекеттің көзі 
қамқорлық жасауы керек.
2-принцип: Қазақ тілі терминологиясының жақсы дәстүрлерін 
жалғастыра, өскелең өмірдің биік талап талғамына сай жүз беріп 
отырған бұқаралық процестің тіл үшін тиімді де қажетті жақтарын 
саналы түрде пайдалану. 
3-принцип: Салалық терминдер мен атауларды жаңадан 
жасауда, өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен қазақ тілінің төл, және 
бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа 
пайдалану.
4-принцип: (қазақ терминологиясы үшін жаңа бағыт): Термин 
шығармашылығында бұдан кейін туысқан түркі тілдерінің 
(әсіресе терминология дәстүріне бай жазба тілдердің) озық 
тәжірибелерінен, терминдік өрнек үлгілерінен, оңтайлы да 
үйлесімді сөз жасау модельдерінен мүмкіндігіне қарай пайдалану. 

Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының сипаты. – Алматы, 2004. 
–135-137-беттер


176
5-принцип: (бұрынғы принциптің жаңаша баяндалуы): Тіліміз 
үшін қажет, бірақ дәл баламасы жоқ, аударуға келе бермейтін 
интернационалдық терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз 
ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау. 
6-принцип: Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген 
термин-атауларды мүмкін болғанынша қазақша аударып қолдану; 
аударуға келмейтіндерін бұрынғыдай сол қалпында емес, қазақ 
тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау. 
7-принцип: (қысқартылған терминдер мен атаулар жайында): 
Салалық күрделі терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз негізінде 
алғашқы әріптері мен буындары бойынша (сөз араластырып 
та) кеңестік-интернационалдық термин-атаулардың үлгісімен 
қысқартып қолдануды заңдастыру. 
8-принцип: Күн санап толассыз туындап жатқан терминдік 
ұғымдарға тілімізден дәл балама іздеуде де, термин-атауларды 
жаңадан жасауда да жалпы терминдерге тән талаптарды сақтай 
отыра, дәстүр мен шарттылық заңдылығын мойындау.
9-принцип: Тілімізге қабылданатын терминдер мен атаулардың 
мағыналық, тұлғалық жағынан жақындарын өзара топтастырып, 
салыстыра отырып, лексикалық байлығымызды салалық жүйе 
бойынша жіктеп, саралап пайдалану. 
10-принцип: Тіліміздегі ұлттық және интернационалдық 
термин-атаулардың сандық және сапалық арасалмағын табиғи 
қалыпта сақтаудың жолдарын іздестіру.
11-принцип: Терминдер мен атаулардың емлесін тіл заңына, 
жазу дәстүріне сәйкес реттеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет