Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет70/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
– «қару-жарақ» – «құрал-сайман»; жент – «кітаптың қатты 
мұқабасы» - «тары жармасына май мен бал қосып жасалған 
тәтті тағам; қоспа» және т.б.
Метафора арқылы шығу тегі мен қолданылуы жағынан 
мүлдем басқа екі заттар бір белгісі негізінде жақындастырылып, 
әдетте сыртқы бейнелерінің бір ұқсастығы негізінде ауыспалы 
мән жасалады. Мәселен: «Ұғымдардың сыртқы пішіндерінің 
ұқсастығына қарай сөздің метафоралану жолымен терминденуімен 
келесі мысалдан көреміз: сырға – асыл тастардан жасалған, сән 
үшін әйелдердің құлағына тағатын затты айтса; биологияда сырға 
термині – «кейбір құстардың алқымындағы екінші жыныстық 
белгісі болып табылатын салпыншақ теріні» білдіреді [84, 123-б.].


193
Мұнда әшекейлі бұйым мен құстың салпыншақ терісінің 
арасында ешқандай қызмет ұқсастығы жоқ. Сөздің алғашқы мағы-
насының метафоралануына екі ұғымның сыртқы формаларының 
ұқсастығы негіз болған дей келе, мынадай қорытынды жасайды: 
«Деректі ұғымдардың атауы болатын сөздердің метафоралану 
тәсілі арқылы терминденуінің себебі – дерексіз ұғымдарға 
қарағанда, оларды көзбен көріп, қолмен ұстап, өзара салыстыру 
мүмкіндігінің молдығынан болса керек» [84, 156-157-бб.].
1. Семантикалық өзгерістердің метафораға негізделген түрлері 
сөздердің парадигма аралық байланыстарынан туындап, бір 
сөздің орнына басқа лексика-семантикалық парадигма сөзінің 
қолданылуымен сипатталады. Бірақ бұл екі сөзді бір семантикалық 
элемент, дифференциалды сема жақындастырады. Мысалы, 
тығырық – «ілгері жүруі, өтуі қиын айналма, тұйық жер» 
®жаңадан жасалған арнаулы атаулардың ішінен қажетті, ұтымды 
терминдерді іріктеп алу;
2. оларға дәл белгіленген анықтама беріп тіркеу;
3. терминнің бірмағыналылығы ескеріліп, қажетсіз синоним-
дерден шектеу. Осындай терминдер арқылы салалық терминология 
жүйелері нығайып, бұл саладағы бүкіл өзгерістерге үнемі 
бейімдеуге мүмкіндік береді.
Сөздер өзінен-өзі жасалып, бірден тілдік қолданысқа ене 
салатын бірлік емес. Сөздер оған нақты қажеттілік туындаған 
жағдайда ғана жасалады. Мәселен, жалпы лексикада сөздер, 
әдетте, белгілі сөйлеу жағдаятына байланысты жасалып, оған 
түрлі ассоциациялар негіз болса, ал арнаулы салада атау беруші 
сол затты ойлап тапқан адам немесе оған жақын шағын бір топ 
адамдар болуы мүмкін. Жалпы тілдік аталымның терминологиялық 
аталымнан айырмашылығы жалпы лексикалық аталымның сөйлеу 
барысында пайда болған атаулар қоғамдық тәжірибе тұрғысынан 
іріктеліп, олардың кейбіреулері ғана тілдік нормаға еніп
қолданысқа түседі. Ал, арнаулы лексикада, керісінше, бастапқыда 
ұсынылған атаулардың барлығы қабылданып, сол сала ішінде 
қалыптасып, тең дәрежеде пайдаланылуы мүмкін.
Сондықтан да аударма терминдер қатарындағы варианттылық, 
жарыспалылық құбылысы заңды құбылыс болып табылады. 
Мәселен, ең алғашқыда төмендегідей терминдердің мынадай 
варианттары тең дәрежеде қолданылған:


194
Снегурочка – ақшақар, қарханшайым, қаршақыз;
Коляска – бесікарба, қолкүйме, күймебесік;
Личный счет – бетесеп, жеке есеп;
Экстрасенс – болжамгер, емгер;
Консолидация нации – ел болып ұю, ұлт болып ұю;
Патриот – елжанды, ұлтжанды, отансүйгіш;
Боеголовка – құстұмсық, ақтұмсық, оқбасы;
Опекун – қорғаншы, қамқоршы;
Тратуар – аяқжол, жиекжол, жаяусоқпақ және т.б. 
Қазіргі қазақ тілінде приватизатор терминінің аудармасы 
ретінде жекешелендіруші сөзі қалыптасқан. Егер аударма сөздің 
құрылымы мен смеантикасына назар аударатын болсақ, онда бұл 
сөзді қабылдауды, ұғынуды қиындататын элементтерді байқауға 
болады: Приватизатор – приват (лат. privat – жекеменшік), -из 
(іс-әрекетті білдіруші жұрнақ), -атор (іс-әрекетті атқарушы); 
жекешелендіруші – жекеше (дербес, бөлек, өз алдына), -лен 
(пассивация), -дір (каузация), (іс-әрекет), -ші (іс-әрекетті 
атқарушы). Семантика және құрылымы тұрғысынан бұл терминге 
негізінен қазақ тілінің жекеменшікжекеменшіктеуші сөздері 
лайық болып келеді. Бірақ жекешелендіруші сөзі кеңінен таралып, 
тіл фактісіне айналды. Яғни узуалдану процесінің барысында кез 
келген окказионалды атау узуалдыға айналуы мүмкін. 
Ал жалпы узуалдану процесі дегеніміз – бір атаудың бірнеше 
варианттарының ішінен біреуінің іріктеліп, сол ұғымның 
болашақта атауы болатын варианттың таңдалып алынуы. 
Мысалы, кезінде медсестра терминінің сөйлеу тілінде 
қолданылған мынадай бірнеше варианттары болған: мейірбике 
(«Ана тілі» газеті), медбике, емші бибі (Ө.Айтбайұлы), медбибі 
(Т. Жанұзақов, Ө. Айтбайұлы), шипагер, аяжан, емшібике, 
медайым («Ана тілі» газеті), медицина бикесі («Алматы ақшамы» 
газеті). Осы варианттар арасынан бекітілгені медбибі нұсқасы. 
Бұл ретте, біздің ойымызша, аталған терминнің узуалдануына 
мынадай факторлар себеп болды: 1) атаудың қолданылу жиілігі; 
2) варианттардың басқа атаулардың орнына қолданылуы (врач – 
шипагер), (сестра милосердия – мейірбике) («Ана тілі» газеті); 3) 
аталған вариантты қолданған авторлардың маман ретіндегі беделі 
(Т.Жанұзақов, Ө.Айтбайұлы). 


195
Сонымен, ғылыми мәтіндерде, ресми құжаттарда вариантты 
терминдердің 
мүмкіндігінше 
Мемлекеттік 
терминология 
комиссиясы тарапынан бекітілген немесе ресми, ғылыми тілде 
стандартталған, сондай-ақ жазба тілде қолдану жиілігі жоғары 
(нормаға айнала бастаған) тұлғасы пайдаланылуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет