Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет9/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103
Шендестіре аудару (Антонимический перевод). Шендестіре 
аудару дегеніміз – түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз 
түрмен я, керісінше, болымсыз мағынаны болымды түрмен 
жеткізу. Мысалы: 1) Я серьезно говорю. – Мен ойнап айтып 
тұрған жоқпын. 2) Вспомнил я об этом, когда мы уже проехали 
почти весь парк. – Мен мұны бақтан өткенше есіме түсірмеппін. 
Болымдыны болымсыз түрмен жеткізуге мысал: Астронавты 
вернутся на землю не раньше, чем февраля. – Астронавтар ақпан 
болмай жерге оралмайды.


18
Компенсация (өтеу, орнын толтыру). Бұл тәсіл түпнұсқа 
тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы 
болмауына байланысты аудармашының оны басқаша тәсілдермен 
және сол сөйлемнің ішінде емес, мәтіннің басқа бір жерінде 
түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Мұндай жағдайда 
кейбір сөз суреттеле, сипаттала аударылуы мүмкін. 
3. Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не 
элементтің айтылмай тұруы, көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда 
сол элементті көрсетуге тура келетін жайттар болады, міне, осыған 
байланысты қосу тәсілі пайдаланылады. Мысалы: Слава народам 
Казахстана! – Қазақстан халықтарының даңқы арта берсін! 
Решения сессии – в жизнь – Сессия шешімдерін жүзеге асырайық.
Қосуға байланысты тағы бір байқалғаны – аударма мәтін 
оқырманының түпнұсқадағы берілгендер туралы хабары болмауы. 
Мәселен, Олар Припятьке таяды деген сөйлемді осы тәсілмен 
Олар Припять өзеніне таяды деп беру ұтымды болуы мүмкін, 
өйткені қазақ оқырманы «Припятьтің» өзен, қала, әлде село 
екенін айыра алмауы ықтимал. Тағы бір мысал: Ол шіркеуге 
баратын күні келді. –Ол жексенбіде, шіркеуге баратын күні, келді 
(Христиандардың шіркеуге жексенбі күні баратынын қазақтың 
бәрі біле бермейді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет