«аудит» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Аудиторлық есеп (қорытынды). Аудиторлық есеп құрудың жалпы талаптары және оны дайындау тәртібі



бет38/56
Дата16.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68328
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
4. Аудиторлық есеп (қорытынды). Аудиторлық есеп құрудың жалпы талаптары және оны дайындау тәртібі.
«Аудиторлық қызмет туралы» заңның 15-бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандартына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қортынды есеп жасалады.
Қазақстан Республикасы қортынды есепті құруға негіз болатын нормативтік құжаттар: 700 «Қаржылық қортынды есеп бойынша аудиторлық қортынды есеп», 710 «Салыстырмалы көрсеткіштер», 800 «Арнайы мақсаттағы аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандарттары.
Аудиторлар және аудиторлық фирмалар жүргізген аудит нәтижесінде есеп жасап, оны келісім бойынша тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде өткізілуі керек. Аудитормен келісімнің орындалуы Қазақстандық 5 стандарт бойынша қаржы есебін тексерудің аудиторлық қорытындысы және сәйкес қабылдау-тапсыру актісінің аудиторлық қорытындысымен анықталады.
Аудит есебінің формасы мен мазмұны келесідей принциптерге негізделеді:

  • есептің басқалардан ерекшеленетін тақырыбы болуы керек;

  • есепте аудит мақсаты, көлемі, масштабы көрсетіліп, аудиторлық процедуралардың шекарасы мен мәселесі туралы хабарлау керек;

  • егер аудит есебі басылымға ұсынылса, оған қоса негіз болатын қаржы құжаттары да жариялануы керек;

  • есеп беру үшін пайдаланушыға қолдануға жоғары тиімділік беру үшін белгілі уақытты ұсынуы қажет.

Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде тексерудің жалпы көлемі, мазмұны көрсетіліп, оның құқықтық жақтары сәйкес стандарттарға жүргізілгендігі көрсетіледі.
Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәліметтер қаржылық есепте жіберілген қателіктердің болуы мүмкіндігін аудиторлық тәуекелдің қандай мөлшерде зиянды екендігін қарастырады. Одан кейін аудит технологиясының барысы көрсетіледі: 1. Тест арқылы талдау жасау- қаржылық есептерге құжаттар арқылы дәлелдеу; 2. Бухгалтерлік есеп принциптері, оның қаржылық есеп жасаудағы тиімділігін нақты дәлелді түрде көрсету; 3. жалпы қаржылық есепке баға беру.
Аудиторлық есептің қорытындылау бөлімінде аудит қорытындысы көрсетіледі. Оның мақсаты- субъектінің қаржылық есеп берушілігінің дұрыстығын, оның заңдарға, нормативтік құжаттарға, бухгалтерлік және аудиторлық стандарттардың талаптарына сәйкестілігін көрсету.
700 «Қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында аудитордың шолу жасауы және қаржылық қортынды есепке қатымты пікір білдіруге негіз болып табылатын алынған аудиторлық дәләлдеулер бойынша жасалынған қортындыларды бағалау қарастырылады. Аудиторлық қортынды есепке жалпы қаржылық қортынды есеп беру бойынша анық жазбаша пікір болдыруға тиісті . Сондықтан білдіретін пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қортындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:

  • Ескертусіз аудиторлық қорытынды;

  • Ескертулер бар аудиторлық қорытынды;

  • Аудиторлық қортындыны беруден бас тарту;

  • Теріс аудиторлық қорытынды.

Аудиторлық қортындының құрылымы мынадай элементтерден тұрады: қортынды есептің аты, адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масштабын анықтаушы бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың мекен жайы, аудитордың қолы.
Қортынды есептің атауы. Аудиторлық қортынды есептің тиісті атауы болуға тиісті. Аудиторлық қортынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директорлар кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы мүмкін қортынды есептердің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудиторлардың қортынды есептерінің арасында айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның тауында « Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етеді.
Адрес иесі. Аудиторлық қортынды есеп жергілікті ережелер мен келісім шарттардың талаптары бойынша лайықты түрде адрес иесіне жіберілуі тиісті.
Кіріспе бөлім. Аудиторлық қорытынды есеп кәсіпорынның тексерілген қаржылық қорытынды есебінде қарастырылған мерзімді және кезеңді кіргізе отырып, сол қаржылық қорытындыны есеппен бірдей болуға тиісті.
Қортынды есепке қаржылық қортынды есептің ақпараттарына кәсіпорын басшылары жауап беретіндігі, сонымен бірге аудитордың жауапкершілігі жүргізілген аудиттің негізінде қаржылық қоытындыны есеп жайында өзінің қортындысын беру болып табылатындығы туралы пікірлер кіруге тиісті.
Қаржылық қортынды есеп – кәсіпорын басшылығы дайындап тапсырған ақпартаттар. Ондай қортынды есепті дайындау басшылықтанелеулі есепік бағалаулар жүргізуді және пікір білдіруді, сонымен бірге қаржылық қортынды есепті дайындау екзіндепайдаланылған қолайлы бухгалтерлік принцптер мен әдістерді анықтауды талап етеді. Және оған қарама-қарсы, аудитордың міндеті сол қаржылық қортындыны есеп бойынша өзінің қортындысын беру мақсатында оған аудит өткізу болып табылады.
Аудиттің масштабын анықтаушы бөлім. Аудиторлық қортынды есептіе аудиттің Халықаралық аудит стандарттарына немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масшатабы дегеніміз – аудитордың қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орындауы болып табылады.
Аудиторлық стандарттар немесе тәжірбие ретінде, егерде тек басқа стандарттар немесе тәжірбие ескертіліп айтылмаған болса, аудитордың адресінде көрсетілген стандарттар немесе елдің тәжірбиесі есептелінеді.
Қортынды есепте аудиттің жоспарланғандығы және қаржылық қортынды есепте елеулі бұрмалаушылықтардың жоқ екендігіне саналы түрде кепілдік алу мақсатында орындалғандығы туралы пайымдар болуға тиісті.
Аудиторлық қортынды есепте төмендегілер кіретін аудиттің жазбаша суреттемесі болуға тиісті:

  • Қаржылық қортындыны есепте ашылып көрсетілген ақпараттардың сомаларын растау мақсатында дәлелдеулерді тестілеу негізінде тексеру жүргізу;

  • Қаржылық қортындыны есепті дайындау кезінде басшылық пайдаланған бухгалтерлік есеп жүргізу принцптерін бағалау;

  • Қаржылық қортынды есепті дайындау кезінде басшылық жүргізген маңызды алдын-ала бағалауларды талдау;

  • Жалпы қаржылық қортынды есепті дайындап тапсыруды бағалау.

Қортынды есепке аудиттің қортынды жасау үшін қолайлы негізде қамтамасыз ететіндігі туралы аудитордың пайымдауы кіруге тиісті.
Қортынды жасау бөлімі. Аудиторлық қортынды есеп қаржылық қортынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі жөніндіегі аудитордың қортындысын анық көрсетуге тиісті.
Аудиторлық қортындыны білдіру үшін пайдаланылатын «дұрыс және көрініс» немесе «барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілген» терминдері бір-бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қортынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғанда көрсетеді.
Қаржылық қортынды есепті дайындау тапсыру негізі Халықаралық аудит стандартымен, сонымен бірге «дұрыстық» түсінігімен сәйкес келетін елдегі жалпы тәжірибенің дамуы мен және жергілікті заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды « дұрыстық» түсінігі пайдаланылатын контекст жөнінде хабардар ету үшін қорытынды «Халықаралық аудит стандартына сәйкес» деген сөйлемді пайдалана отырып, қаржылық қортындыны есепті дайындап тапсыру негізінде көрсетуге тиісті.
Дұрыс және дәл көрініс жөніндегі қортындыға қосымша ретінде аудитордан аудиторлық қортынды есепке қаржылық қортынды есептің тиісті қаулы-қарарлар мен және заңдармен анықталатын басқа да талаптарға сай келетіндігі туралы қортынды кіргізу талап етілуі мүмкін.
Есеп беру мерзімі. Аудитордың қортынды есебінде қойылатын мерзім болып табылады. Бұл- аудитордың қаржылық қортынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғандағы туралы оқырмандарды хабардар етеді.
Аудитордың адресі. Қортынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі орналасқан пункт көрсетілуге тиісті.
Аудитордың қолы. Қортынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің атынан, егер ол қажетболса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қортынды есебіне компанияның атынан қол қойылады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді.
Халықаралық аудит стандарттары бойынша терминдер глоссарилерінде атап көрсетілгендей, аудиторлық қортынды жалпы қаржылық қортынды есеп бойынша жазбаша нысанда нақты білдірілген ой-пікірлерден тұрады.
Аудиторлық қортынды аудитор мен қаржылық қортынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар арасындағы негізгі коммуникациялық канал болып табылады. Аудиторлық қортынды есептің негізін қалаушы кейбір концепциялар бұрын қарастырылған болатын. Бұл тарауда 700 «Қаржылық қортынды есепке қатысты аудиторлық қортынды есеп» деп аталатын. Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес стандартты аудиторлық қортынды есептің толық тексті келтірілді.
Ескертусіз аудиторлық қортынды аудитор қаржылық қортынды есепті дайындап тапсырудың белгіленген негіздеріне сәйкес ол сенімді әрі дұрыс көріністі көрсетеді деген қортындыға келген жағдайда жасалынады.
Ескертусіз қортындыда сонымен бірге бухгалтерлік есеп принциптеріндегі немесе оны қолдану әдісіндегі кезкелген өзгерістер, сондай-ақ, оның себеп-салдары тиісті түрде анықталып, қаржылық қортынды есепте ашылатындығы туралы пайымдаулар көрсетіледі.
Фактіні бөліп көрсету- бұл ақпарат пайдаланушылардың назарын қаржылық қортынды есепке әсер етуші фактілерге, сонымен бірге осы позиция толығырақ түсінік беретін ескертулерге аудару тәсілі. Фактіні бөліп көрсету ескертуі бар аудиторлық қортынды болып табылмайды. Әдетте ол қортынды бөлімнен кейін көрсетіледі және аудиторлық қортындының шартты емес екендігін айқындайды. Ол төмендегі жағдайларда пайдаланылады:

  1. Кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесінекөңіл аудару үшін. Егер қаржылық қортынды есепте тексеру нәтижелері мен бірдей ашып көрсету нәтижелері бар болса, онда аудитор ескертуі жоқ қортынды жасауға және аудиторлық қортынды есепті, оған қаржылық қортынды есепке түсіндірме есептемелерге назар аудару арылы кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесі туралы фактілер енгізілетін жеке параграфты кіргізе отырып, модификациялауға тиісті. Ол фактілер төмендегі тәртіппен көрсетіледі: «Ескертусіз қортынды бере отырып біз сіздердің назарларыңызға қаржылық қортынды еспке №____ ескертпеге аударамыз. Кәсіпорын 200 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған бір жылдың ішінде *** мөлшерінде зиян шекті және осы мерзімге кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерінен *** сомаға артық болады. Бұл факторлар №___ ескертпеде анықталған басқа да факторлармен бірге кәсіпорынның үздіксіз қызметін жалғастыру мүмкіндігінің болғандығына едәуір күмән тудырады».

  2. Шешім табу кәсіпорынның тікелей бақылауында болмайтын келешектегі оқиғалармен байланысты елеулі дәрежедегі сенімсіздік жағдайында күтпеген жағдайлар бойынша ақпараттарға жүгіну қажет. Халық-аралық аудит стандарты бойынша текстің мысалы төменде қарастырылады

«Ескертусіз қортынды бере отырып, біз сіздердің назарларыңызды қаржылық қортынды есепке №___ ескертпеге аударамыз. Кәсіпорын потеннтік құқықтарды бұзу, авторлық гонорарларды иелену және зиян келтіру туралы, шағым-талап бойынша жауапкер болып табылады. Кәсіпорын қарсы талап қояды, сөйтіп қазіргі уақытта екі бірдей шағым талап бойынша алдын –ала тыңдау және соттық іс қарауы жүріп жатыр. Бұл фактіні қараудың ақырғы қортындысын бүгінгі күні анықтау мүикін емес, және де міндеттеме туындаған жағдайда қаржылық қортынды есепке оны жабатын резерв құрылған жоқ».

  1. Сондай-ақ, өткен есепті кезеңдердің қаржылық қортынды есебі елеулі бұрмаланған және тиісті сандық көрсеткіштер ағымдағы кезеңде соған сәйкес өзгеретін жағдайлар болады.

Барлық ескертулер аудит масштабының шектеулілігінің немесе келісе алмаушылықтың нәтижесі болып табылады.

Аудиторлық қортынды жасау үшін ескетулерді жіктеу



Ескертулердің себептері

Елеулі ескетулер

Маңызды ескетулер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет