Ауыл тарихы Бұдан ертерек біздің ата-бабаларымыз Ақсу және Қарасу өзендерінің бойында Көлкент пен Ақтан ата көл жағасында Теспе (Жоңарық) канал арық маңында


Ауған соғысы (27.12.1979-15.02.1989 жж)



бет9/10
Дата07.01.2022
өлшемі31,21 Kb.
#17833
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ауған соғысы (27.12.1979-15.02.1989 жж)

Ауған соғысының ардагері жерлесіміз Жақсыбай Құралбекұлы Төрегелдиев. 1983 жылдары Ауған соғысына қатысты.




Ауыл 1993-2019 жылдары аралығында
1993 жылы қазан айында Қызыл-Қазақстан сегізжылдық мектебіне ұлағатты ұстаз Молыбай Оразалиевтің есімі берілді.

1995 жылы 25- мамырда « Фрунзе» совхозына Қазақстан халық әртісі өнер қайраткері Құрманбек Жандарбековтың есімі берілді. Есполай Рысқұл 1996 – 1997 жылдары «Жандарбеков» атындағы АҚ президенті.1997 жылы Құрманбек Жандарбеков акционерлік қоғамы таратылды. 1998 жылы ауылда екі жеке «Қызыл Қазақстан», «Ақ маржан» өндірістік кооперативтері құрылды. Жекешелендіру саясаты ауылдың дамуына кері әсерін тигізді...2003 жылы аталған кооперативтер таратылып, әр отбасы жеке жер үлесін алып, бүгінде бау – бақша өсіріп егін егіп еңбек өтуде. 2000 жылы 16 қыркүйекте жаңа мешіт ашылды. 2001 жылы М.Оразалиевтың 90 жылдығына мектептің сыртқы ауласында есерткіш мүсіні ашылды. 2001 жылы мешітке белгілі кәсіпкер марқұм Молдабек Молыбайұлының есімі берілді. Мешіт Кувейт мемлекетінің қаржылай көмек қолдауымен салынды. Мешітті ауылға соғуына ұйытқы болған М.Аманов, М.Оразалиев, Р.Есполай. Мешіттің алғаш қазығын қаққандар Қ.Қарманов, Ж. Есполаев. Ауыл ақсақалдырын ұйымдастырып мешіт мамандарына кездесуге апарған П.Исабеков. 2001 жылы ауылдан алғаш қажылық сапарға барған қажы Қаражанов Үсентай атамыз.


2005 жылы 7-мамырда Ұлы Жеңістің 60 жылдығына Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарға «Ер есімі -ел есінде» мемориал тақта ашылды. Ұйымдастырушылар: сол кездегі ауыл биі Ә.Махатаев, ауыл азаматтары Р.Есполай, А.Ортаев, Қ.Қыпшақбаев. Құрылыс жетекшілер: Ш.Исабеков, Ш.Сыдықов, Б.Сейдалиевке және жұмысшы азаматтардың еңбегімен ауыл халқы сырттағы бауырлар қаржылай көмегімен жүзеге асты. 2005 жылы 7- мамырда Қайнарбұлақ жақтан ауылға кірер тұста Оразалиевтер отбасының демеушілігімен «Алтын қақпа» (Арка) салтанатты түрде ашылды.

2007 жылы 11 маусым күні ОҚО ( қазіргі Түркістан) ономостика комиссиясының № 199 қаулысымен Қызыл-Қазақстан ауылының аты өзгертіліп, Молыбай Оразалиев атымен аталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет