Ауыл тарихы Бұдан ертерек біздің ата-бабаларымыз Ақсу және Қарасу өзендерінің бойында Көлкент пен Ақтан ата көл жағасында Теспе (Жоңарық) канал арық маңында



бет10/10
Дата07.01.2022
өлшемі31,21 Kb.
#17833
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Құрметті азаматтар
Түркістан (ОҚО) облысының «Құрметті азаматтары» жерлестеріміз Оразалы Омаров (Ордабасы ауданының әкімі ОҚО әкімінің кеңесшісі) генерал майор Молдияр Оразалиев ( ішкі істер министрінің орынбасары )
Бүгінгі ауыл келбеті
2017 жылы 500 адамға арналған ас және жиын өткізуге бастырма және жаңа футбол алаңы салынды. Бүгінде ауыл жастарының ынтымақ бірлігінің арқасында көптеген мәдени іс-шаралар ауыл халқына қажетті құрылыс нысандарын салуда кәсіпкер азаматтар Қаражанов Ержан, Қаражанов Нұржан, Аманов Жасұлан, Мырзагелдиев Батырбек, Дүйсенбеков Абілхан, Садыков Ержан т.б ауыл жастарына алғысымыз шексіз.

2018 жылы №41 М.Оразалиев жалпы орта мектебінде жаңа жылу қазандығы пайдалануға берілді.

2019 жылы мамыр айында Борас Баба кесенесінің қазығы қағылды шілде айынан бастап құрылыс жұмысы жүргізілуде. 2019 жылы Қызыл -Қазақстан жаңа медициналық пункті ашылды. 2019жылы орталық мәдениет үйі (клуб) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.2019 жылы табиғи газ желісі барлық көшелерге тартылды.2019 жылы Абай көшесіне электр жарығы орнатылды.

2020 жылы 23 ақпанда Ақсу беткейінде жаңа зираттың қазығы қағылып орны белгіленді.Бүгінде ауылда 184 шаңырақ, ауыл халқының саны 1040-тан аса адам бар. «Алтын алқа» аналар -21, «Күміс алқа» аналар-18 Көп балалы аналар -67



(15. 03. 2021жылғы соңғы мәлімет)


Мәлімет бергендер
Ауыл тарихы жайлы мәліметтер берген марқұм ауыл ақсақалдары Науат Сыпатаевқа және Дахан Сұлтанбековке, ауылдың ардақты азаматтары Мұстафа Ізбасаров, Мырзахан Аманов, Алпысбай Демеуовке алғыс айтамыз.
Жинақтаған тарих маманы Қаныбек Қыпшақбаев




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет