Ауыр науқастарды тамақтандыру



бет1/3
Дата24.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#96430
  1   2   3
Байланысты:
508552.pptx (6)


Ауыр науқастарды тамақтандыру
Ауыр науқастарды күту мейірбикеден сабырлылықты, шеберлікті және мейірімділікті талап етеді. Әдетте, ауыр науқастар ренжігіш, талап қойғыш, шыдамсыз болып келеді. Науқастың мүндай тәртібі оның өзінен емес, оның ауруының психикасына эсер етуінен болады. Мүны аурудың әсері деп қабылдау керек. Мүндай науқастар көбіне тамақ ішуден бас тартады.
Ауыр науқасты тамақтандыру үшін алдына кішкене үстел орнатылған арнайы төсек қолданылады. Ал мүндай арнайы төсек болмаса, оның орнына тумба қоюға болады. Науқастың кеудесін арнайы сүлгімен, керек болса кленкамен жабу керек. Тағам жартылай сүйық және жылы болуы шарт. Науқасты қасықпен не арнайы сусындатқышпен тамақтандырады. Асықпай, науқастың тағамды дүрыс қабылдауына жағдай жасау керек. Тагам аз-аздап беріп түрылуы қажет. Тағамның әр түрлі және тәбет ашатындай болғаны дүрыс.
Жасанды тамақтандыру
Кей жағдайда ауыр науқастарды ауыз қуысы арқылы тамақ-тандыру мүмкін болмайды (ауыз қуысы аурулары, асқазан, іш-қүрылысы, ес-түссіз жағдайларда). Мүндай жағдайларда жасанды тамақтандырады.

Жасанды тамақтандыруды
былай іске асыруға болады: гастротома арқылы ауыз немесе мүрын қуысынан зондтын, көмегімен;
клизманың көмегімен тағамдың сүйықтық ертіндін іенгізу:
тағамдық ертіндіні парентеральдық жолмен (тамыр ішінетамызу).
Науқасты зонд кѳмегі арқылы асқазанға
енгізілген гастростоманың (түтіктің)
көмегімен тамақтандыру

Гастростоманы (асқазанға қойылатын түтіктің) ас жүру жолдарынан тамақ өтпей қалғанда асқазанға тікелей қояды. Алғашқы күндері, ас жүру жолы қалыптасқанша, түтікті қою ыңғайсыздың тудырады, түтік іш қүрылысқа өтіп, оны қабындыруы мүмкін. Асқазан ішіндегі сүйықтың сыртқа ағып кетпес үшін түтікті бүтін резеңкемен не қысқышпен қысып қояды. Кейін түтік орны қалыптасқаннан кейін мейірбике немесе науқастын, өзі тамақтану түтігін өзі-ақ қоя алады. Тамаңтанар алдында түтіктің аузына воронка орнатылады. Тагам жоғары калориялы, сүйық не жартылай сүйық, жылы болуы керек.
Көп сырқаттарға зонд жұтқызу өте қиын, мұның негізгі себебі жұтқыншақ пен өңештің шырышты қабаттарының өте жоғары сезімталдығы және жөтелу мен құсу рефлекстерінің артуы. Көп жағдайларда өондпен тексеру шараларының нашар өтуі «тексеруден қорқу» немесе теріс психологиялық бағдарламадан болады. «тексеруден қорқу» шаралары болмас үшін сырқатқа сыпайы, байыпты, құрметті түрде тексеру шараларының мақсатын, оның пайдасын түсіндіре білу қажет. Зондпен тексеру кезіндегі медицина қызметкері мен емделуші арасындағы әңгіменің қысқаша мазмұны: «Қазір біз зерттеу шараларына кірісеміз, бұл кезде көңіл-күйіңіз өзіңіздің тәртібіңізбен тікелей байланысты.
Бірінші және негізгі шарты: күрт қимылды жасамау, әйтпесе жөтел мен лоқсу пайда болуы мүмкін, ол үшін денеңізді бос ұстап терең және баяу тыныс алыңыз, аузыңызды сәл ашық ұстап, қолыңызды тізеңізге қойыңыз, зондтың соңын жұтып жіберуге тырысыңыз. Егер мұрныңызбен тыныс алу қиын болса, аузыңызбен тыныс алыңыз да, зондты ақырын қозғаңыз. Егер басыңыз айналғандай болса, қалыпты тыныс алыңыз. Сіз зондты жақсы жұттыңыз, егер барлық науқастар осылай жұта білсе ғой» - деуді де ұмытпаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет