Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы

бет1/7
Дата30.12.2022
өлшемі15,45 Mb.
#60223
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ауыз әдебиеті

АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ БИЛЕР МЕН ЖЫРАУЛАРДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

Орындаған: Құсайнов Әділет

ҚАЗАҚТАРДЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ.

Қазақтың ауыз әдебиетінің қазынасы ұшан-теңіз. Ол қазынаның құрамына ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауыз екі жеткізіліп отырған батырлар жырлары, аңыздар, әпсаналар, ертегілер, шешендік сөздер, нақылдар, мақалдар, мәтелдер, махаббат жырлары, салттық әндер, жарапазандар, қоштасу жырлары т.б. кіреді. Бұлардан басқа әртүрлі эпикалық, лирикалық толғаулар, дастандар, тарихи әндер біздің заманымызға дейін жетті. Әсіресе, қазақ халқының жат-жұрттық басқыншыларға қарсы ғасырлар бойы ерлік күресін бейнелейтін батырлар жырлары кең тарады.

ХV-ХVІІ ғасырларда, одан кейінгі кезеңдерде халық арасында ауыз әдебиетінің аса көрнекті өкілдері жыршылар, жыраулар, ақындар, шешендер, ертекшілер, т.б. жемісті еңбек етті. Олар өз шығармашылығын дамытумен қатар, өздерінің арттарынан өнерін жалғастыратын шәкірттер дайындауға ерекше мән берді. Соның нәтижесінде ауыз әдебиетінің асыл мұралары біздің заманымызға шашау шықпастан, жоғалмастан, қаймағы бұзылмаған күйінде жетті.

Батырлар жырлары

  • Батырлар жырлары бір ауыздан екінші ауызға, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіліп отырды. Халықтың арасына кең тараған бұл жырлар уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырап, бірнеше түрге айналып, кейде біреуі, екіншісіне мазмұны жағынан ұқсамайтындай күйде жеткен. Ондай жырларға «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр» жырлары жатады.
  • Қазақ эпосының кейіпкерлері әртүрлі рулардың өкілдері болған. Мысалы, Қобыланды – қарақыпшақ, Алпамыс – қоңырат, Қамбар – ноғайлы руының өкілі болатын.
  • Қазақ батырлар жырларының екінші ерекшелігі – халықтығы.
  • Халықтың күші бірлікте екендігі батырлар жырларынан мол орын алған.
  • Жас ұрпақтарды өз Отанын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеуде батырлар жырының күні бүгін де мәні зор.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет