Ауыз әдебиетінің жауһары – лиро-эпостық жыр «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры дүниеге келген. Ең алғаш бұл жырды зерттеушілердің бірі Шоқан Уәлиханов болды. Г.И.Потанин оны: «Бұл – жер жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма», - деп бағалаған. Бұдан басқа қазақтар арасында ғашықтық жырлар «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» кең тарады.

Жазба деректер ХІV-ХV ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестердің нәтижесінде қазақ хандығының құрылғанын хабарлайды. Қазақ хандығының құрылуын Мұхаммед Хайдар Дулати хижраның 870 жылына – 1465-1466 жылдарға сәйкестендіреді. Міне, осы шамада тарих сахнасына шыққан қазақ хандығының түркі тілдес тайпалары өзінен бұрынғы ноғайлы – қазақ мәдениетін жалғастырушы болды. Осы кезде халық арасында Жиембет, Марқасқа, Бұқар, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Көтеш, Шал, Жанкісі жыраулардың шығармалары кең тарады. Аталмыш жыраулар толғаулары ноғайлы-қазақ жырауларының шығармаларымен астасып, үндесіп жатты. Елін, жерін сүю идеясы, жауынгерлік рух әдебиет өкілдерінің шиыршықтай, барынша шарықтата, иін қандыра жырлаған тақырыбы болды.

Бұл дәуірдегі ақын, жыраулар батырлық жыр шығарып, жыр, толғаулар айтумен ғана қанағат тұтпаған. Олар сонымен бірге ауыз әдебиетінің алуан жанрын дамытуға күш салды. Соның ішінде тұрмыссалтқа байланысты жырлар, мақал-мәтелдер, ертегілер, ғашықтық жырлар шығарды, әрі оларды мазмұн, көркемдік жағынан жетілдіріп, толықтырып отырды.