Симптом - бұл аурудың белгісі. Симптомдар екіге бөлінеді.
1. Субьективті симптом - ауру белгілерін науқастың өзінің сезінуі.
2.Обьективті симптом- ауру белгілері тексеру кезінде анықталады. Аурудың даму барысында пайда болу мерзіміне қарай симптомдар ерте, кеш байқалатын симптомдар және спецификалық, спецификалық емес болып екіге бөлінеді.
Синдром - бұл патогенезі бір симптомдар жинағы.
Клиника - бұл ауру белгілерінің көрінуі.
Патогенез - аурудың және патологиялық процесстердің даму механизімі туралы ғылым.
Анамнез (anamnesis - воспоминание - еске түсіру) бұл науқас және оның ауруы туралы мәліметтер жинағы. Анамнездің екі түрі болады.
1. Ауру анамнезі.
2. Өмір анамнезі.
Анамнезді жинау науқаспен, науқас туыстарымен, таныстарымен сұқбаттасу арқылы жүргізіледі.
Диагноз (diaqnosis - распознавание-анықтау) медициналық
терминмен айтқанда ауру туралы қысқаша корытындылау.
Медициналық қорытынды «диагноз» ауру, өлімнің себебі немесе
физиологиялық жағдай, жүктілік туралы берілетін мәлімет.
Диагноз құрамына:
- аурудың түрі;
- негізгі аурудың аты;
- этиологиясы;
- патологиялық процесстің жайылуы;
- егер созылмалы ауру болса ремиссия, рецидив кезеңдері;
- асқынудың бар жоқтығы;
- қосымша аурудың аты;
- функциональдық жетіспеушілік дәрежесі;
- ағым ерекшелігі туралы мәлімет кіреді;
Диагноз түрлері: 1. Болжам диагноз - емханаларда, аурухананың қабылдау бөлімінде науқас шағымына, анамнез мәліметтеріне және обьективті тексеру мәліметтеріне қарай қойылады.
2. Клиникалық диагноз- науқасқа тексерулер жүргізіліп, мәліметтер
жинақталып, емді бастағанда қойылатын диагноз.
3. Қорытынды диагноз - науқастың ауруы жан жақты толық
тексеріліп, мәлімет толық жинақталғаннан кейін қойылатын диагноз.
Бұл диагноз өзгертілмейді.
4.Дифференциальдық диагноз кейбір симптомдары бойынша негізгі аурумен ұқсастығы бар болжам диагноздарды тізімнеи шығару әдісі болып табылады.
5.Патологоанатомиялық диагноз - мәйітті жару барысында анықталатын науқастың ауруы туралы қорытындылау.