Ауру (morbus) бұл организмде патогендік факторлардың ағзалар мен ұлпаларды зақымдауына байланысты дамитын процесс.
Ауру екі түрге бөлінеді; 1. жедел (өткір).
2. созылмалы ауру.
Өткір ауру белгілі бір уақыт көлемінде дамиды.
Созылмалы ауру адам өмірінің соңына дейін дамуы мүмкін, бірақ кейбір аурулар толық сауығумен аяқталады.
Әр бір аурудың дамуы мына кезеңдерге бөлінеді:
1.Жасырын (инкубациялық, латентті) немесе симптомсыз клиникаға дейінгі кезең: бұл кезеңде науқас ауруын анықтау қиын, себебі науқас организмдегі патологиялық процесстің дамуын сезбейді.
2.Продромальді кезең- аурудың бірінші белгілерінің көрінуі.
3. Аурудың толық дамып айқындалган кезеңі, Аурудың осы кезеңі өліммен, асқынумен, сауығумен немесе оозылмалы түріне өтуімен аяқталуы мүмкін.
4. Сауығу - реконвалесценция кезеңі.
Өткір ауру сауығумен, сирек жағдайда өліммен аяқталады.
Созылмалы аурудың дамуы жоғарыда аталған кезеңдер түрінде өтеді,бірақ толық сауығу болмайды, себебі аурудың белгілері толық жойылмайды. Созылмалы аурудың дамуы фазада өтеді.
1. рецидив - аурудың өршуі немесе қайталауы
2. ремиссия - науқастың жағдайының біршама жақсарып, жұмысқа жарамдылықтың өз қалпына келуі.
Созылмалы ауру нәтижесі өлім, бірақ өлім аурудан емес басқа себептен де болуы мүмкін.
Этиология - бұл аурудың себебі туралы ғылым.
Ауру себептері. 1.Физикалық факторлар: қоршаған орта температурасының өзгеруі (жоғары және төмен температура, атмосфералық қысым).
2.Химиялық факторлар: химиялық заттар (қышқылдар, сілтілер синтетикалық заттар).
З.Механикалық факторлар: жарақаттар, мидың шайқалуы, сүйектің сынуы мен шығуы.
4. Биологиялық факторлар: қоздырғыштар (вирустар, микробтар) қан
сорғыштар, гельминттер, қарапайым микроорганизмдер.
5. Тамақтанудың бұзылуы: мөлшерден артық немесе жеткіліксіз
тамақтану семіздікке, гиповитаминозға, авитаминозға әкеледі.
6. Психогендік факторлар: Өткір немесе созылмалы түрде
психикалық жарақаттардың орталық жүйке жүйесіне әсер етуінен
ішкі ағзаларда әр түрлі аурулар дамиды.
7. Әлеуметтік факторлар: тұрмыс және жұмыстағы жағдайдың
нашарлығы организм реактивтілігінің төмендеуіне әкеледі.
8. Тұқымқуалаушы факторлар: Бір отбасындағы отбасы мүшелері
және олардың туыстары белгілі бір аурумен ауыруы мүмкін м;
гипертония, буын аурулары, бронх демікпесі т.б. Кейбір отбасындағы
осындай аурулар тұқым арқылы берілмейді, тұқым арқылы ауруға
деген бейімділік беріледі. Әрбір ауру өзіне тән белгілермен
айқындалады.