Емдеу терапия (грек тілінде therapia) -бұл адам организіміндегі патологияны жоюға және адамның денсаулығын өз қалпына келтіруге бағытталған іс шаралар комплексі. Науқасты емдеу диагноз қойылған соң жүргізіледі және ем кешенді болуы тиіс яғни ем құрамына дәрі дәрмекпен емдеуден басқа;
- еңбек және тұрмыс режиміи дұрыс қалыптастыру,
- тамақтану тәртібіп дұрыс ұйымдастыру, физиотерапевтік және басқа дәрісіз емдеу әдістерімен емдеу,
- диетотерапия - ем дәммен емдеу кіреді.
Түрлі ауруларда қолданатын 15 ем дәм бар. Емдеу әдістерінің негізгі түрлері;
- консервативтік емдеу, - хирургиялық емдеу - екі әдіспен қатар емдеу. Дәрі дәрмектермен емдеудің бірнеше түрлері бар;
А). этиологиялық ем Б). патогенездік терапия- патологиялық процесстің даму барысында ағзаның қызметіне әсер ететін ем.
В). симптоматикалық терапия - патологиялық процесстің әр бір симптомдарына бағытталған терапия,.
Г). физиотерапиялық ем - бұл диатермия, ультрадыбыспен емдеу, сумен емдеу, ультракүлгін сәулемен,емдеу, гелиотерапия.
Д). психологиялық ем - науқасқа емделудің маңызды екендігін түсіндіру керек. Науқастарды емдеу - емдеу профилактикалық мекемелерде (ЛПУ) жүргізіледі. Амбулаторияларда жүргізілетін ем амбулаториялық, стационарларда жүрізілетін ем стационарлық ем, саноторияларда жүргізілетін ем саноториялық курорттық ем деп аталады.
Профилактика - аурудың ошағын, себептерін жою арқылы адам денсаулығын сақтап қалуға, ішкі ағзаларда патологиялық процесстердің дамуының бастапқы сатысында арнайы тексеру «скрининг» көмегімен анықтауға және аурудың өршуінің алдын алуға бағытталған іс шаралар комплексі.
Профилактика түрлеріне; жеке бас профилактикасы, арнайы
профилактика, санитарлық профилактика, қоғамдық профилактика,
біріншілік және екіншілік профилактика, диспансерлеу
(диспансеризация), скрининг жатады.
Арнайы профилактика - белгілі бір ауруға қарсы, оның алдың
алу үшін жүргізілетін іс шара. Іс шаралар: вакцинация, ревакцинация жасау, химиопрофилактика.